ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1044
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Herba Thermopsidis –термопсис шөбі (Б): 0,5-200 мл тұнбасы –1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Liquor Ammonii anisatus-мүсәтір әніс тамшысы: 25мл флаконда–10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Trypsinum crystallisatum- кристалды трипсин:0,01 құрғақ зат флаконда – 2-3 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп,ингаляциялау үшін белгіленеді.
Acetylcysteinum-ацетилцистеин (Б): 20% 5 мл және 10 мл еріт. амп -2-5 мл\ден тәулігіне 3-4 рет ингаляция үшін (15-20мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1мл-ден әр сағат сайын ; 0,1 таб және 0,2 капс. 2 таб. (1капс) тәулігіне 2-3 рет 10% 2 және 3 мл еріт. амп. Шығарылып б\е; 5% 10 мл еріт. амп. – тәулігіне 2 рет к\т тағайындалады.
Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі
Қақырық түсіретін дәрілер\ Муколиттер | ||
Әсері рефлекторлы Бұл дәрілердің құрамында алколоидтармен бірге өсімдік сапонинднрі бар. Дәрілер ішке қабылданғанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлығыш эпителийлердің белсенділігі жоғардайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтелмен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. Бұрын белгіленеді. Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды) Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты) Мия тамыры (сы,ынды, кеуде элексирі, Доктор Мом) Киікоттың тамыры (қайнатпа) Өгейшөптің жапырағы (тұнба) Терпингидрат Натрий бензоаты | Тікелей әсерлі Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйығырақ болып, жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K)I NaHCo3 Аммоний хлориді Кәдімгі әніс жемісі (тұнба,әніс майы, мүсәтір әніс тамшысы). Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты) Аңдыз тамырымен тамыр сабағы (қайнатпа) Жұпаргүл шөбі (тұнба) Қарағайдың бүршігі (қайнатпа) | Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да млекулалардың ыдыратып және оның тұрақтылығын төмендетеді (сұйығырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. а) ферментті препараттары: Кристалды трипсин Кристалды химотрипсин Рибонуклеаза Дизоксирибонуклеаза б) синтетикалық препарттары: Ацетилцистеин (мукосольвин) Амброксол гидрохлориді (амбробене, лазальван) Бромгексин (сольвин) |
Амп. -2-5 мл-ден тәулігіне 3-4 рет ингаляция үшін(15-20 мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1мл-ден әр сағат сайын; 0,1таб. және 0,2 капс. - 2 таб. 2-3 рет; 10% 2және 3 мл еріт. амп. шығарылып б/е; 5% 10 мл еріт. амп. - тәулігіне 2 рет к/т қайнатылады.
Ambroxini hydrochloridum-амброксол гидрохлориді: 0,03 таб.- 1таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; сироп; ингаляцияға арналған еріт.түрінде шығарылады.
Bromhexinum-бромгексин 0,008таб.-1таб күніне 2-3 рет тағайындалады.
Бронхолитикалық дәрілер
Бронхты кеңейтетін дәрілер бронх демікпесінде кешенді емнің компоненттнрінң бірі, бронхспазмды басу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілер болып табылады. Бронх демікпесінің ұстамасын басу және жүйелі терапиясында қолданылады.
Бронхолитикалық дәрілердің жіктелуі;
Шеткерлік жүцке жүйесіне әсер ететін прапараттар тақырыбын қараңыз. | әсері миотропты спазмолитиктер | |||
Β – адреномиметиктер | А-және-В\ адреномиметиктер | Симпатомимет- иктер | М- холиноблокаторлар | |
Изадрин Орцеприналин (астмопент) Сальбутамол (вентолин) Фенотерол (беротек) Тербуталин (бриканил) | Адреналин гидрохлориді | Эфедрин гидрохлориді | Атропин Метацин Селективті: Ипратропинум бромиді Тровентол | Бұл препараттар бронх бұлшық еттерін босаңсытады. Теофиллин Эуфиллин Ұзақ әсерді: Теопек Теотард Теобиолонг Эуфилонг |
Бұл екі препараттың кемшілігі карлиоқуаттандырғыш \тахикардия\ және гипертензивті әсері бар, адреналиннің әсері күшті және тез, бірақ қысқа, ал эфедринде ұзағырақ, бірақ ОЖЖ\н қоздырып, дәріге тәуелділік тудырады. |
Миотропты әсерлі спазмолитиктерге (метилксандинтер): теофиллин, эуфиллин (80% теофиллиннен, 20% этилдиаминнен тұрады) жатады. Бронх тоучын төмендетіп қана қоймай, жүрек, бүйрек, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ\н төмендетеді, кіші қан айналымының шеңберін жақсартып, диурезді жоғарлатады. Әсері ұзақ препараттары бронх спазмын алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсері: теофиллин препаратын қабылдағанда асқазанның шырышты қабықшасының тітіркенуі, эпигастрий аумағының ауырсынуы, лоқсу, құсу, дипепсия, бас
ауры мен бас айналуы, қозғыштық және ұйқысыздық, жүрек қызметінң күшеюінен жүректің оттегіге қажеттілігінің жоғарлауы, тахикардия, аритмия, (әсіресе к\т енгізгенде) байқалуы мүмкін. АҚ бірден төмендеуінде, стенокардияда, жүректің ырғағының бқзылуында, жүктілікте және эпилепсияда қолдануға болмайды.
Eyphillinum – эуфиллин (аминофиллин, диафиллин) (Б) 0,1 және 0,15таб. –1таб тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң; 0,36 супп. Түрінде шығарылады. 1супп.тәулігіне 2-4 рет тік ішекке; 24% 1 мл еріт амп-тәулігіне 3 рет б\е; 24% 10 мл+0,9%NaCl еріт баяу ағынмен немсе тамшылатып к\т енгізіледі.
Бронх демікпесімен ауыратын науқастарды емдеуде тек бронхолитиктер ғана емес, сонымен қатар басқа топ препараттары да белгіленеді. Олар:
-
Мес жасушаларынан медиаторлардың бөлініп шығуына кедергі жасаушы дәрілер: кромолин натрий \интал\, неодокромил натрий \тайлед\, кетотифен \астафен, задитен\. Бронхоспазм қстамаларын тек алдын алу үшін ғана қолданылады.
Cromolyn sodium-кромолин-натрий;0,02 капс –арнайы инголятор «спингалер» көмегімен ингаляциялау қажет.
Nedocromil sodium-недокромил-натрий: мөлшерленбеген аэрозоль.
Ketotifenum-кетотифен (Б): 0,001 капс және таб -1 капс немесе таб күніне 2 рет тамақ үстінде.
-
Глюкокортикоидты препараттар- қабынуға қарсы, аллергияға қарсы иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Бронхиальды обструкция синдромында спазмолитикалық, ісінулерге қарсы әсері бар, адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар және метилксантиндер әсер етпегенде бронхты кеңейтетін әсері бар.
Глюкокортикоидтар гормонға тәуелді бронх демікпесінде және демікпе жағдайында да қолданылады.
Ингаляциялыұ глюкокортикоидтарға беклометазон дипропионаты \бекотид, бекломет, беклокарт\, будесонид \пульмикорд\: флунизолид \ингакорт\ жатады.
Қиыстырылған препараты: «Беродуал» аэрозолі, «Дитек» аэрозолі.
-
Лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары: зафирлукаст \аколат\, монтелукаст \сингуляр\- бронхспазмды басып, тамыр өткізгіштігі мен ісінуді басып, бронхиола секретінің бөлінуін төмендетеді. Глюкокортикоидтармен, бетта-адреномиметиктермен бірге және әсіресе аспиринді бронх демікпесінде қолданылады. Зафирлукасты науқас мезгилмен тәулігіне екі рет қабылдау қажет. Ұзақ қабылдағанда тиімділігі төмендемейді. Монтелукасты тәулігіне бір рет қабылдайды. Зиулетон лейкотриен синтезін тежейтін препарат болып табылады.
5.Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
өкпе ісінуі жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде, химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жұқпалы ауруларда, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін.
Келесі топ препараттары қолданылады:
-
Көбікті басатын дәрілер / этил спиртінің буын О2 арқылы дем алу\ -
Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал \фентанил дроперидолмен\ шеткерлік артерия мен күре тамырды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, АҚ\н төмендетеді. -
Дегидратациялық\сусыздандыратын\ дәрілер: маннит, мочевина-судың ісінген қлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. К\т енгізіледі. -
Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид,этакрин қышқылы-айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гепотензивті әсер етеді. -
Гипотензивті дәрілер: артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, гигронийй, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді. -
егер өкпе ісігі жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса, онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон. -
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон к\т енгізіледі.
Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер
Ас қорыту жүйесінде астың соңғы қнісдерге ыдырауы, қанға сіңірілуі, микрооргонизмдерді зиянсыз ету, метоболизммен дәрілердің сіңірілу процесі жүреді. Ас қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, баллалар арасында көп тараған. Ол асқазан ішек жолдарының иннервациясы, бездердің секрециясымен толқи жиырылу қызметінің бұзылу нәтижесінде байқалады. Асқазан ішек қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.
Жіктелуі:
-
Тәбетке әсер ететін дәрілер Тәбетке әсер ететін дәрілер -
Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер -
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер -
Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда қолданылатын дәрілер -
Өт айдайтын дәрілер -
Іш жүргізетін дәрілер
-
Тәбетке әсер ететін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.
Тәбет ашатын дәрілер. Тәбет төмендегенде тәбетті ашатын дәрілерді қолданады. Ащылар ащы дәмі анық байқалатын құрамынды белсенді заттары бар өсімдіктен алынған заттар. Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталы,ын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуің күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты вахта сабағының, батбақты иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбақ тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Ащыларды \тұнба, тұндырма, жиын\ астан 20-30 мин бұрын қабылдайды. Ащылар асқазан секрециясының жоғарлауынада, асқазан мен ұлтабар ойық жарасында және ревлюкс эзофагитте қолдануға болмайды. Ащыларды гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б тағайындайды. Ащы заттарға: бұрыш \қара,қызыл\, тұрып, желкен \хрен\, қыша жатады
. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиеті бар. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин және апилак жатады. Антигистаминді препарат ципрогептадин \апетиген, перитол\ орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.
Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30мин бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абситин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы менэфир майы бар.
Tinctura Amara – Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) тұратын 25 мл флаконда шығарылады.
Тәбетті төмендететін дәрілер\анорексигенді дәрілер\. Алиментарлы семіздік зат алмасуы бұзылуына, сонымен қатар жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тыю, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, \изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин\, мазидол \теронак, санорекс\ жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді. Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялық қан қысымның көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық, ұзақ қолданғанда үйренгіштік дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикаалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды.
Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бір жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады.
Phepranonum – фепранон (амфепранон) (А): 0,025 дражеде шығарылады. Таңертең және тәуліктің бірінші жартысында (тамақтан 1 сағат бұрын 1 дражеден тәулігіне 2 рет) қолдану қажет. Емдеу ұзақтығы 2 айға жуық.