ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1047

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қолдануға болмайды.

Diacarbum – диакарб; 0,25 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет тағайындалады.

IV. Калий сақтаушы диуретиктер спиронолактон верошпирон алъдактон, калий канкреонаты солдактон, триамтерен птерофен, амилорид. Бұл препараттар минералокортикоидты гормон альдостеронның антогонисті және калий сақтағыш әсер көрсетеді.диурездік әсері әлсіз. Гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басу үшін басқа диуретиктермен бірге қолданылады. Жанама әсері: гиперкалиемия, диспепсия, және бас ауыру байқалады.

Spironolactonum – спиронолактон (Б); 0,025 және 0,05 таб.шығарылады, әсері 1-2 күнде басталып, 2-3 күнге созылады.

Калий канкреонаты – к\т енгізіледі.

Триамтерен және амилорид «калий, магний сақтаушы» диуретик болып табылады.

Triamterenum – триамтерен (Б); 0,05 капс.- тәулігіне 1-2 рет таңғы және түскі астан соң белгіленеді.

Amiloridum – амилорид: 0,005 таб. -1-4 таб. таңертең белгіленеді.

V. осмостық диуретиктер: маннит (маннитол), мочевина –

Судың реабсорбциясын төмендетіп, қанның осмостық қысымын жоғарылатады. қышқыл негіздік тепе теңдікке әсер етпейді. Медициналық тәжірибеде негізінен маннит қолданылады. Манниттің мочевинадан айырмашылығы жасуша мембраналары мен ұлпа кедергілерінен (мысалы, гематоэнцефальды кедергіден) өтпейді. Ми, өкпе, көмекей ісінуінде, химиялық заттармен улануда және дегидратациялық (суды азайту) дәрілік зат ретінде (кейде глаукомада) қолданылады. Жанама әсері; бас ауыру, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, теріге тигенде некроз пайда болуы мүмкін. Айқын бүйрек, бауыр және жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.

Mannitum – манит: 30,0 флаконда және 15% 200 және 400 мл флаконда – к\т тамшылатып енгізіледі.

Қиыстырылған несеп айдаушы дәрілер: «триампур» (дихлотиазид, триамтерен)таб.; «Модуретик», «Тиалорид», «Гемопрес» (дихлотиазид, амилорид) таб.; «фурезис» (фуросемид, триамтерен) таб.

Өсімдік текті дәрілік препараттары: арша (можжевельник) жемісінің тұнбасы, аюқұлақ (толокнянка) жапырағының қайнатпасы, дала қырықбуын (хвощ полевой) шөбінің қайнатпасы, ортосифон (бүйрек шайы) жапырағының тұнбасы, бүлдірген (брусника) жапырағының қайнатпасы, қайың (березовые почки) бүршігінің тұнбасы құрамындағы илік заттар. Фенолгликозидтер, сапониндері антисептикалық, әлсіз несеп айдаушы және қабынуға қарсы әсер етеді.


Несеп конкременттерін жоятын дәрілер

Бүл дәрілерді бүйрек тас ауруларын емдеу ушін қолданылады. Қышқылды ортада ураттар, сульфаниламидтер, оксалаттар, ал сілтілік ортада фосфаттар, карбонаттар түзіледі. Несеп шығару жолдарында тұздардың көбейіп, түнбалануынан бітелуіне алып келеді. Несептің рН-н өзгерту үшін қрлданылатын дәрілер:

а) Қышқылдандыратындар (фосфатты және карбонатты тастарда); аммоний хлориді, сүйытылған хлорлы сутек қышқылы, аскорбин қышқылы және метионин.

б) Сілтілендіретіндер (оксалатты-уратты тастарда): солимок (уралит С, солуран), блемарен, магурлит, оксалит С - қүрамында лимон қышқылы және үшіншілік алмасқан калий және натрий цитраттары бар. Дәрілерді нусқауына сәйкес үзақ уақыт қабылдау қажет.

Өсімдіктекті препараттары спазмолитикалық, қабынуға қарсы және несеп айдаушы әсері бар. Оларға: пинабин, ависан, уролесан, олиметин, цистенал, цистон, фитолизин, леспенефрил, «Марелин. таб., қүстаран (горца птичьего) шебі жатады.

Подаграны емдеуде қолданылатын дәрілер

Подагра - несеп қышқылы секрециясының темендеуінен және пуринді алмасу бұзылуынан туатын созылмалы ауру. Ураттар шеміршектің, қан тамырлардың, несеп жолдарының және басқа да ұлпалардың синовиальды қабықшаларында бәлініп, тірек-қимыл аппаратының (подагралық артритте) қабыну езгерістеріне және несеп шығару жолдарында уратты тастардың түзілуіне алып келеді.

1. Подаграны емдеу үшін қолданылады:

а) Уриколитикалық дәрілер: аллопуринол (милурит), «Алломарон» таб., калий оротаты - ағзада зәр қышқылының түзілуін тежейді.

АІІopurinolum (аллопуринол) (Б): 0,1 таб. түрінде шығарылып, 1-3 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң белгіленеді.

б) Урикозуриялықдәрілер: этамид, уродан, антуран, бензбромарон - ураттардың несеппен шығуын жеңілдетеді.

Аеthamidum - этамид (Б): 0,35 таб. түрінде шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 рет белгіленеді.

2.Подаграның жедел устамасын басу үшін стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және колхицин қолданылады.

Соlchicinum - колхицин (А): 0,0005 драже түрінде шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 3-6 рет белгіленеді. Колхицин тамаша лапыз өсімдігінің (безвременник великолепный) алкалоиды болып табылады.
Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер

Жіктелуі:

  1. Тыныс алу стимуляторлары

  2. Жөтелді басатын дәрілер

  3. Қақырық түсіретін дәрілер

  4. Бронхолитиктер

  5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер



Тыныс алу стимуляторлары (тыныс алу аналептиктері)


Тыныс алу орталығын тікелей

белсендірілетін дәрілер

Бұл препараттар сопақша ми

орталықтарын және бас миының

қыртысы астындағы

түзілулерін белсендіреді.

Тынысты рефлекторлы түрде

қуаттандыратын дәрілер

Бұл топтағы дәрілер

Синокаротидті зонадағы Н-

холинорецепторларды

қуаттандырып, одан афференті

импульстардың сопақша миға түсуін

және тыныс алу орталығының

белсенділігін жоғарылатады.

Аралас әсерлі дәрілер

Бұл топтағы дәрілердің

орталыққа әсері

каротидті шумақтағы

хеморецепторлеріне

қуаттандырушы

әсерімен

толықтырылады.


Этимизол

Кофеин натрий бензоаты

Камфора (немесе

сульфокамфокаин)

Бемегрид

Цититон

Лобелин гидрохлориді

Кардиомин

Карбоген

(5%СО2+95%О2)

көмірқышқыл тыныс

алудың физиологиялық

стимуляторы.



Тынысты қуаттандыратын дәрілер- наркотикалық анальгетиктермен, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, жаңа туған нәрестенің асфексиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегі өкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолдананды, сондықтан гипоксиялық жағдайда жасанды дем беруге тура келеді.

2.Жөтелді басатын дәрілер

Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі

Орталыққа әсер ететін дәрілер (сопақша мида

орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін

тежейді)

Әсері шеткерлік дәрілер

(жоғары тыныс алу жолдарының

шырышты қабықшаларына

жансыздандырғыш, бронхолитикалық

және

қабынуға қарсы әсерімен байланысты)

а) Наркотикалық препараттары:

Кодеин (метилморфин)

Этилморфин (дионин)

б) Бейнаркотикалық препараттары: Глауцин

гидрохлориді (глаувент)

Тусупрекс (окселадин, пакселадин)

Либексин

Битиодин

Бутамират цитраты (синекод)


Жөтелді басатын дәрілер жіті және созылмалы бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайында және бронхопневмонияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілерді жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.


Орталыққа әсер ететін дәрілер медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы күшті және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.


Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетіп, бронх тонусының төмендеуі, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендеуі, ұйқы келуі, іш қатуы және дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.

Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Codeini phosphas- кодеин фостфаты (Б): 0,01-0,02 ұнт: бірнеше қиылыстырылған препараттардың құрамына кіреді; Бахтерев микстурасы (құрамында; Жалынгүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді, және кодеин); Кодтерпин таб.(кодеин+қақырық түсіретін (NaHCO3 және терипнгидраты)) және т.б. дәрілері бар.

Этилморфин гидрохлориді морфиннен алынған синтетикалық препарат. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайтын бейнаркотикалық анальгетиктер; глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктен алынған алкалоид, ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынған препарат. Глауцин бас айналуын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін.

Glaucini hydrochloridum- глауцин гидрохлориді (Б); 0,05таб 1таб тәулігіне 2-3 рет белгіленеді.

Tusuprex – тусупрекс 0,01 және 0,02 таб шығарылып, 1-2 таб. 3-4 рет белгіленеді.

Әсері шеткерлік жөтелге либексин жатады. Ол ОЖЖне әсер етпейді. Либексин дәріге тәуелділік тудырмайды, сол себептен бейнареотикалық жөтелге қарсы дәрілерге жатқызамыз.

Libexinum- либексин (Б) 0,1таб- 1таб тәулігіне 2-4 рет.

Қиыстырылған препараттары:

Broncholytinum- бронхолитин (Б); 125мл (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы +лимон қышқылы )-1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тәулігіне белгіленеді.

Stoptussin-стоптуссин (бутамират цитраты+гуафензин)-10мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.
Қақырық түсіретін дәрілер

Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп,қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп,қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.

Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх\өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулеззінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ\ң жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.