ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1042
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Суспензиялар – Suspensiones
(Суспензия – Nom.sing. Suspensio, Gen.sing.Suspensionis)
Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.
Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.
Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді.
Суспензияның дисперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы – Suspensionis (суспензия) сөзімен басталып, әрі қарай дәрілік заттың атауы, суспензияның мөлшері, қолдану тәсілі мен жиілігі, сонымен қатар «Қолданар алдында шайқаңыз!» деп көрсетілуі тиіс.
Рецепт үлгісі
10 мл 0,5% гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisoni acetas) бар суспензияға жазыңыз. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.
Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis 0,5%-10 ml
D.S. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызуға
Қолданар алдында шайқаңыз.
Кейбір сыртқы тәнге және ішуге арналған суспензиялар официнальды, яғни фармацевтикалық өндірістерде дайын күйінде шығарылады. Мұндай суспензиялар тек қысқартылған түрде жазылады, суспензияның концентрациясы (әртүрлі концентрацияда шығарылған суспензиялардан басқалар) көрсетілмейді.
Рецепт үлгісі
100 мл гризеофульвин (Griseofulvinum) суспензиясына жазыңыз. 1 орта қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.
Rp.: Suspensionis Griseofulvini 100 ml
D.S.1 орта қасықтан күніне 3 рет
Қолданар алдында шайқаңыз.
Ішуге арналған эмульсиялар
Emulsa ad usum internum
(Эмульсия-Nom.sing.Emulsum, Gen.sing.Emulsi)
Эмульсиялар – бір –бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa seminalia) деп ажыратылады. Майлы эмульсиялар сұйық майлардан: майсана (Oleum Ricini), бадам (Oleum Amygdalarum) және балық майынан (Oleum jecoris) және т.б. дайындалады. Май мен судан эмульсия түзілу үшін, майда тамшы пайда болғанша майдан эмульсия түзу қажет. Осы мақсатта майды арнайы зат – эмульгатормен араластырады. Эмульгатор ретінде шайырлар; мысалы, шабдалы шайыры (Gummi Armeniacae), сонымен қоса желатоза (Gelatosa) қолданылады. Эмульсия түзу үшін 2 бөлік май, 1 бөлік эмульгатор және 17 бөлік су алу қажет. Егер рецепте майдың мөлшері көрсетілмесе, онда 10 бөлік майдан 100 бөлік эмульсия қажет болса, 20 мл май, 10,0 желатоза және 170 мл су алу қажет. Майлы ерітінділер жазылымның қысқартылған және толық түрінде жазылады.
Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте дәрілік түрден Emulsi (Эмульсиялар) сөзінен соң майдың аты, мөлшері (сызықша арқылы) және эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі.
Жазылымның толық түрінде майдың, эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң M.f. emulsum (Misce ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр.) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.
Рецепт үлгісі
30 мл балық майынан (Oleum jecoris) тұратын 200 мл эмульсияға жазыңыз. Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге.
Жазылымның қысқартылған түрі
Rp.: Emulsi olei jecoris 30 ml-200 ml
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
Жазылымның толық түрі
Rp.: Olei jecoris 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae destillatae ad 200 ml
M.f. emulsum
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
Эмульсияның құрамында әртүрлі дәрілік заттар болуы мүмкін. Егер эмульсияның ингредиенттері стандартты болса (2:1:17), онда концентрациясын көрсетпей тек қана эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі. Тұқымды эмульсиялар тәтті бадам, жер жаңғақ, асқабақ тұқымдарынан және т.б. сумен ысқылау арқылы дайындалады. Мұндай тұқымдардың құрамында жай және эмульгирлеуші қасиеттері бар белок текті шырышты заттары бар. Тұқымды эмульсиялардың концентрациясы (тұқым мөлшері мен жалпы эмульсия көлемнің қатынасы) 1:10 тең. Тұқымды эмульсиялар сирек қолданылады.
Тұнбалар мен қайнатпалар – infusa et Decocta
(Тұнба-Nom.sing.infusum, Gen.sing.infusi;
Қайнатпа-Nom.sing.Decoctum, Gen.sing.Decocti)
Тұнбалар мен қайнатпалар – дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.
Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен: қабықшадан, тамыры мен тамырсабағынан, кейде жапырақтарынан (мысалы, аюжидек жапырағы) дайындайды.
Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.
Жазылымда дәрілік түрдің атауы ілік септігінің жекеше түрінде Infusi (Тұнба), Decocti (қайнатпа) деп көрсетіп, дәрі дайындалатын өсімдік атауы (бас әріппен), өсімдік шикізатының мөлшері және тұнба мен қайнатпаның жалпы мөлшеріне қатынасы сызықша арқылы жазылады. Соңынан D.S. (Бер. Белгіле.) көрсетіледі. Сигнатурасында тұнба немесе қайнатпаның бір рет қолданылатын мөлшері, қолдану әдісі және жиілігі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
0,6 термопсис шөбі (herba Thermopsidis) тұнбасының 180 мл жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6-180 ml
D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
МФ-да қатынас түріндегі тұнба мен қайнатпалардың концентрациясының тізімі көрсетілген.
Рецепт үлгісі
1:30 жалынгүл шөбінің (herba Adonidis Vernalis) тұнбасын 3 күнге жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 4 рет белгілеңіз.
Есептеу:
1 ас қасық = 15 мл 1-30 мл
15 мл х 4 рет = 60 мл х – 180 мл
60 мл х 3 күн = 180 мл х=180/30 = 6,0
Rp.: Infusi herbae Adonidis vernalis 6,0 – 180 ml
D.S. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.
Кейде рецепте дәрілік шикізаттың мөлшері көрсетілмеуі мүмкін. Ондай жағдайда 1:10 қатынасы бойынша есептейді.
Рецепт үлгісі
Емен қабығының (cortex Quercus) қайнатпасының 200 мл жазыңыз. Шаюға белгілеңіз.
Rp.: Decocti corticis Quercus 200 ml
D.S. Шаю үшін.
Дәріханада 200 мл қайнатпа дайындау үшін 20,0 емен қабығын алады.
Тұндырмалар – Tincturae
(Тұндырма - Nom. sing. Tinctura, Gen. sing. Tincturae)
Тұндырмалар - әртүрлі өсімдіктерді спиртте тұндыру арқылы алынатын мөлдір сұйықтықтар. Барлық тұндырмалар (барлығы фармацевтикалық өндірістерде дайындалады) официнальды, тұнбалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік түр болып табылады. Тұндырмалар тығындалып жабылған шыны ыдыста, қалыпты бөлме температурасында қараңғы жерде ұзақ сақталынады.
Тұндырмалар официнальды болғандықтан, рецепте өсімдік бөлігі мен тұндырманың концентрациясы көрсетілмейді. Рецепте дәрілік түрдің атауы Tincturae (Тұндырмалар), одан соң өсімдіктің атауы мен тұндырманың мөлшері көрсетіледі. Тұндырмаларды тамшымен мөлшерлейді, тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы
5-тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.
тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы 5 тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.
Рецепт үлгісі
25 мл шүйгіншөп (Vаіегіаnа) тұндырмасын 25 тамшыдан күніне 3 - 4 рет қабылдауға жазып беріңіз.
Rр.: Тіnсturае Vаlеrіаnае 25 ml
D.S. 25 тамшыдан күніне 3-4 рет.
Күрделі тұндырмалар жай тұндырмалар сияқты, тек қана барлық ингредиенттер жазылғаннан кейін Міысе (Араластыр) сөзі көрсетіледі.
Сығындылар – Ехtracta
(Сығынды - Nom. sing. Ехtractum, Сеn. sing. Ехtrасtі)
Сығындылар -өсімдік шикізатынан спирттің көмегімен алынатын қоюланған сығынды. Консистенциясына қарай сұйық, қою және құрғақ деп бөлінеді. Сұйық сығындылар (Ехtractum fluidum) боялған сұйықтық, қою сығындылар (extractum spissum)- құрамында ылғалдылығы 25% дейін болатын тұтқыр масса,
құрғақ сығындылар (Ехtractum siccum)- құрамында ылғалдығы 5% дейін болатын сусымалы масса. Сұйық сығындыларды алу үшін экстрагент ретінде этил спиртін (көбінесе 70%), ал қою сығындылар үшін - су (хлороформ, аммиак ерітіндісін қосып), этил спирті, эфир қолданылады. Құрғақ сығындыларды қою сығындыларды кептіру жолымен алады.
Барлық сығындылар официнальды және өндіріс жағдайында дайындалады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы Extracti (Сығындылар) өсімдік атауы мен сығынды түрі - fluidi (сұйық), spissi (қою), sіссі (құрғақ) міндетті түрде көрсетіледі. Сонан соң сығындының мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі. Сұйық сығындылар тамшымен мөлшерленеді.
Рецепт үлгісі
20 мл итшомырт (Frangula) сұйық сығындысының 20 тамшыдан күніне 3 рет ішуге жазып беріңіз.
Rр.: Ехtracti Ғrangulae fluidi 20 ml
D.S. 20 тамшыдан күніне 3 рет.
Қою және құрғақ сығындылар капсула, ұнтақ, таблетка, суппозиторий, пилюла құрамына кіреді.
Жаңа галенді препараттар
Жаңа галенді препараттар өсімдік шикізатынан алынатын балассты
заттардан толық тазартылған сұйық дәрілік түр. Сондықтан бұл заттарды тек қана ішуге ғана емес, егу үшін де қолданады. Жаңа галенді препараттар фабрика мен завод жағдайында дайындалады. Әр жаңа галенді препарат арнайы атауға ие. Жаңа галенді препараттарды егуге ампулада, ішуге арналған препараттар флаконда шығарылады. Бұл препараттар официнальды болғандықтан, рецепте тек атауы мен мөлшері көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
15 мл адонизидтің (Аdonisidum) жаңа галенді препаратына жазыңыз. 15 тамшыдан күніне 3 рет белгілеңіз.
Rр.: Аdonisidi 15 ml
D.S. 15 тамшыдан күніне 3 рет.
Микстуралар - Міхturae
Микстуралар - әртүрлі сұйық негіздеріне (суда, спиртте, глициринде, өсімдік майлары және т.б.) бірнеше қатты заттарды немесе көптеген сұйықтықтарды (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар және т.б.) араластырып алатын сұйық дәрілік түр. Микстуралардың құрамында 3 немесе одан да көп ингредиенттер бар. Микстуралар мөлдір, лайлы және де тұнбалы болуы мүмкін. Тұнбалы микстураларды қолданар алдында шайқау қажет. Ондай микстуралар Міхturae agitandae (шайқауды қажет ететін микстуралар) атауына ие. Микстуралар көбінесе ішке, кейде сыртқа белгіленеді.
Микстуралар рецепте толық түрінде жазылады. Көбінесе микстураны жартылай қысқартылған түрінде жазады. Бұл жағдайда ингредиенттердің бір бөлігі қысқартылып, бұлар ерітінділер, тұнба, қайнатпа, тұндырма т.б. келтіріледі, қалған ингредиентер толық жазылады.
Рецепт үлгісі
1. Құрамы 0,015 кодеин фосфаты (Соdeini phosphas) мен 0,5 калий бромидінен (Каlii bromidum) тұратын 180 мл микстураны 12 рет қабылдауға жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 реттен белгілеңіз.
Жазылымның толық түрі:
Rр.: Codeini phosphatis 0,18
Каlіі bromіdі 6,0
Аquae destillatae аd 180 ml
М.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Жазылымның жартылай қысқартылған түрі:
Rр.: Codeini phosphatis 0,18
Solutionis Каlіі bromіdі 6,0-180 ml
М.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
2. Мөлшері 0,05 термопсис (Тһеrmopsis) тұнбасы, 0,25 натрий бромидінен (Natrii bromidum) тұратын микстураны 12 рет қабылдауға жазып беріңіз. Ас қасықпен күніне 3 рет ішуге.
Есептеу: 0,05 х 12 = 0,6
0,25 х 12 = 3,0
15 мл х 12 = 180 мл
Rр.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 -180ml
Natrii bromidi 3,0
Міsсе. Dа. Signa. Ас қасықтан күніне 3 рет ішуге.