Файл: А 1 в 2 с 3 д 4 е 5 шарты орындалатын болса, А, В, С, Д, е сандарын салыстырыыз.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 335
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отбасының әр адамы бірдей мөлшерде су жұмсайды.
Берілген уақыт аралығында отбасының әр мүшесі қанша су жұмсайды?
А) 2000 л. В) 1800 л. С) 2900 л. D) 2600 л. Е) 1720 л.
Шешуі.
Алты айдағы жұмсалған су мөлшерін қосып, адам санына бөледі:
(1800+2000+2600+2200+2100+2300): 5 = 13000:5=2600 л.
Жауабы: 2600 л.
қыркүйек | қараша | қазан | желтоқсан | ақпан | наурыз |
1800 л | 2000 л | 2600 л | 2200 л | 2100 л | 2300л |
Жанұяда үш бала бар – екі ұл және бір қыз. Олардың есімдері А, Ә және Б әріптерінен басталады. А, Ә әріптерінен басталатын есімдерде бір ұлдың есімі бар. Ә, Б әріптерінен басталатын есімдерде де бір ұлдың есімі бар. Қыздың есімі қай әріптен басталады?
А) Қыз есімі А немесе Б әрпінен басталады .
В) Қыз есімі Ә әрпінен басталмайды.
С) Қыз есімі А әрпінен басталады.
D) Қыз есімі Ә әрпінен басталады.
Е) Қыз есімі Б әрпінен басталады.
Шешуі: А, Ә және Ә, Б әріптерінен басталатын есімдердің әрқайсысында бір ұлдың есімі бар, онда біреуі қыздың есімінің бас әрпі. Екі парда да бар әріп Ә, онда қыз есімі
Ә әрпінен басталады.
Жауабы: Қыз есімі Ә әрпінен басталады.
vk.com/dostykteam
Қорапта 10 көк және 10 қызыл қалам бар. Қорапқа қарамай ішінен арасында міндетті түрде бір түсті 4 қалам болуы үшін неше қалам алу керек?
А) 8.
В) 6.
С) 7.
D) 5.
Е) 9.
Шешуі.
Ең қолайсыз жағдайды қарастырамыз, алғашында 3 көк және 3 қызыл қалам алуымыз мүмкін. Жетінші қалам не көк, не қызыл болады. Сонда бір түсті 4 қалам ала аламыз.
Жауабы: 7
vk.com/dostykteam
Боялған ауданның боялмаған ауданға қатынасын табыңыз.
А) 1:3.
В) 1:2.
С) 2:1.
D) 5.3.
Е) 1:4.
Шешуі:
-
5 бөлігі боялған, 3 бөлігі боялмаған.
Олай болса, боялған ауданның боялмаған ауданға қатынасы 5:3.
Жауабы: 5:3.
vk.com/dostykteam
Жасыл түске боялған үлкен текшені 27 бірдей кіші текшелерге аралады. Бір жағы боялған неше кіші текше бар?
А) 6.
В) 18.
С) 9.
D) 12.
Е) 8.
Шешуі:
Үлкен текшенің бір жағында 9 кіші текше бар, бір жағы боялған текшелер жағының ортасындағы текшелер. Ондай текшелер бір жағында біреу болады. Текшенің 6 жағы бар, онда бір жағы боялған текшелер саны
Жауабы: 6
vk.com/dostykteam
Айгүл қыры 3 дм ағаш кубты қызыл түске бояп, оны қыры 1 дм болатын кубтарға бөлді. Қыры 1 дм болатын кубтардың нешеуінің екі жағы боялғанын анықтаңыз.
А)18.
В) 6.
С) 12.
D) 9
E) 3
Шешуі:
Қыры 3 дм ағаш кубты қыры 1 дм болатын кубтарға бөлгенде 33=27 куб алынады. Екі жағы боялған кубтар қырындағы, екі төбенің ортасындағы, кубтар болады, бір қырында екі жағы боялған 1 куб. Кубтың 12 қыры бар, онда 12 кубтың екі жағы боялған.
Жауабы: 12
vk.com/dostykteam
Төрт жарым таяқтың неше ұшы бар?
А) 10.
В) 9,5.
С) 4.
D) 9.
Е) 8.
Шешуі:
Бір таяқтың 2 ұшы бар, төрт таяқтың 8, жарты таяқтың да 2 ұшы бар. Барлығы 10.
Жауабы:10
vk.com/dostykteam
Мектеп қоршауының периметрі бойына ағаштар отырғызылған. Марал және Жанат бір-біріне қарама-қарсы жүріп, ағаштарды санады. Бірақ санауды әр түрлі ағаштан бастады. Марал 12 деп санаған ағашты Жанат 42 деп санады. Маралдың 1-ші деп санаған ағашы Жанатта 7-ші болды. Барлығы неше ағаш?
А) 49. В) 54. С) 43. D) 46. Е) 52.
Шешуі: Жанаттың 1-ші санаған ағашын Марал 7-ші деп санайды, сосын 4 ағаштан кейін 12-ші ағашты санайды, бұл ағаш Жанаттың 42-ші ағашы, Жанат тағы да 4 ағашты санағанда соңғы ағашқа келеді:
42 + 4 = 46 ағаш.
Жауабы: 46
vk.com/dostykteam
Алғашында үш топтың асықтарының санының қатынасы 7:6:5 қатынасындай болды, ал ойын соңында асықтар санының қатынасы 6:5.4. Басқасынан 12 асық ұтқан топ ойынды неше асықпен бастаған еді?
А) 380. В) 240. С) 420. D) 432. Е) 120.
Шешуі:
7+6+5=18, 6+5+4=15. Топтар асықтарының бөліктерін қосқанда ойынға дейін де, ойыннан кейін де 2-ші топ асықтары барлық асықтың үштен бірі. Демек , 2-ші топ ұтылмады да, ұтпады да, асықтарының саны өзгермеді. 1-ші топ 3-ші топтан 12 асық ұтып алды. Ойын басталарда асықтары 7х, 6х, 5х , аяқталғанда 6у, 5у, 4у болсын. Онда
⟹
Теңдеулерді қосып х = 60 өрнегін аламыз.
7х = 420
Жауабы: 420
vk.com/dostykteam
Марат және Жанат кітап сатып алғылары келді. Маратқа 70 теңге , ал Жанатқа 80 теңге жетпеді. Олар кітапты бірігіп сатып алмақшы болды, бірақ ақшаларын қосқанда да жетпеді. Кітаптың бағасы бүтін сан болса, оның бағасын табыңыз.
А) 60 тг . В) 70 тг. С) 35 тг. D) 40 тг. Е) 50 тг.
Шешуі:
Кітаптың бағасы х тг болсын, онда Маратта (х – 70) тг, ал Жанатта (х – 10) тг болды. Олардың ақшаларын қосқанда (2х – 80) тг болды. Сонда да олар кітапты ала алмады.
Демек, 2х – 80 < х, х < 80.
Маратта 70 тг жетпегендіктен кітап бағасы 70 немесе 70-тен үлкен
70≤ х ≤ 80 болу керек. Жауаптарына қарасақ 70 тг бар
Жауабы: 70
vk.com/dostykteam
Сұрақ белігісінің орнындағы санды табыңыз.
А) 56. В) 63. С) 42. D) 49. Е) 28
Шешуі:
Төртке бөлінген квадрат 7-ге тең, үлкен фигура осыңдай 8 квадраттан тұрады,
онда 7 ∙ 8 = 56.
Жауабы: 56.
vk.com/dostykteam
Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынады?
А) 8.
В) 6.
С) 10.
D) 7.
Е) 9.
Шешуі:
Бір бөренені х рет кескенде бөлгенде, бөліктер саны
х + 1 болады. Сонда әрбір бөрене үшін + 1 бөлік аламыз. Демек бөренелер саны мен кескеннің санының қосындысы бөліктер санына тең болады
25 – 18 = 7
Жауабы: 7
vk.com/dostykteam
Үш таңбалы екі бүтін санның қосындысы 368 •k санына, ал бөліндісі 3 санына тең болса, сол сандарды анықтаңыз
123 және 245
184 және 552
158 және 210
184 және 434
315 және 421
Үш таңбалы екі бүтін санның қосындысы 495 • k санына, ал бөліндісі 4 санына тең болса, сол сандарды анықтаңыз.
А) 158 және 337
В) 315 және 675
С) 184 және 311
D) 245 және 250
E) 198 және 792
Шешуі:
⟹ 5у = 495 • k
у = 99 •
k
Варианттар арасында тек 198 бен 792 сандары 99-ға еселік.
Жауабы: 198 және 792
vk.com/dostykteam
Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны – М, көк шар саны – К болса, онда
A) М = К – 16. В) М > К. С) 2М < К.
D) 3М = 2К. Е) М = 20, К = 34
Шешуі:
Қызылдан басқа шарлар саны 94 болса, онда қызыл шарлар
Қызыл = 123 – 94 = 29
Көктен басқа шарлар 89, онда көк шарлар
Көк =123 – 89 = 34. К=34.
Жасылдан басқа шарлар саны 81 дегені көк, сары және қызыл шарлар саны 81, онда сары шарлар
М = 81 – (34+29) = 81 – 63 = 18.
М = 18, К = 34. М = К – 16.
Жауабы: М = К – 16.
vk.com/dostykteam
Қанша үш таңбалы санның цифрлары (орналасу реті бойынша) геометриялық прогрессия құрайтынын анықтаңыз.
А) 4. В) 6. С) 3. D) 1. Е) 5.
Шешуі.
Бірінші цифры 0 болмайды, бірінші цифры 1 болсын. Үш таңбалы санның цифрлары геометриялық прогрессия құрауы үшін еселігі 2 немесе 3 болады. Сонда 124, 139. Осы сандарды кері ретпен алсақ, олардың да цифрлары геометриялық прогрессия құрайды. 421 және 931 еселігі сәйкес , .
Бірінші цифры 2 болсын. Еселігі 2 болғанда 248. Осы санды кері ретпен алсақ : 842, еселігі . Басқа
сандар есеп шартын қанағаттандырмайды.
Сонда барлығы : 124, 139, 421, 931, 248, 842 – 6 сан.
Жауабы: 6
vk.com/dostykteam
Қанша төрт таңбалы санның цифрлары (орналасу реті бойынша) геометриялық прогрессия құрайтынын анықтаңыз
A) 4. B)1. C)3. D) 2. E) 5.
Шешуі:
Бірінші цифры 0 болмайды, бірінші цифры 1 болсын. Төрт таңбалы санның цифрлары геометриялық прогрессия құрауы үшін еселігі 2 болады. Сонда 1248. Осы санды кері ретпен алсақ, оның да цифрлары геометриялық прогрессия қүрайды: 8421, еселігі - .
Басқа сандар есеп шартын қанағаттандырмайды.
Екі сан.
Жауабы: 2.
vk.com/dostykteam
Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштар нешеу?
А) 6. В) 5. С) 8. D) 4. Е) 7.
Шешуі: Самат тоғанға бара жатқанда тақ нөмірлі ағаштарды қызыл таспамен белгіледі, сонда белгіленбеген 8 ағаш қалды.
Қайтарда ол 17, 14, 11, 8, 5, 2 нөмірлі ағаштарды белгілейді. Үш жұп ағаш белгіленді, сонда белгіленбеген 8 – 3 = 5 ағаш қалды.
Жауабы: 5
vk.com/dostykteam
Балым мен Жәния төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:
1 ; 3; 7; 8; 9; 11; 14; 25; 32.
Әркім өзіне төрт санды алды және бір сан артық қалды. Балымның сандарының қосындысы Жәнияның сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.
А) 3. В) 32. С) 11. D) 14. Е) 8.
Шешуі:
Берілген сандар қосындысы:
1 + 3 + 7 + 8 + 9 + 11 + 14 + 25 + 32 = 110.
Жәнияның сандарының қосындысы х болса, онда Балымның сандарының қосындысы 3х болады. Сонда олардың алған сегіз санның қосындысы 4х болады, демек 4-ке бөлінеді. Қосынды жұп сан, жұп саннан тақ санды алғанда тақ сан болады, тақ сан 4-ке бөлінбейді. 110-нан 8 және 32-ні алғанда, айырма 4-ке бөлінбейді. 110 – 14 = 96 саны 4-ке бөлінеді.
Артық қалған сан: 14.
Жауабы: 14
vk.com/dostykteam
Апам бір қорап шақпақ қант сатып алды. Балалары оның жоғарғы қабатын яғни 77 шақлақ қантты жеп қойды. Бұдан кейін олар енді бүйір қабатын яғни 55 шақпақ қантты жеп қойды. Соңында олар алдыңғы қабатты да тауысты. Қорапта қалған шақпақ қанттың санын анықтаңыз.
А) 264. В) 420. С) 240. D) 300. Е) 350.
Шешуі.
Қораптың жоғарғы қабатында 77 шақпақ қант болған,
77 = 7 ∙ 11 болғандықтан қораптың енінде 7 қант, ұзындығында 11 қант болған.
55 = 5∙11 болғандықтан қораптың биіктігі 5 + 1=6 қант болған.
Қорапта барлығы 6 ∙ 7 ∙ 11 = 4 62 шақпақ қант.
Алдыңғы қабатында 5 ∙ 6=30 шақпақ қант.
Қалғаны: 462 – (77 + 55 + 30) = 462 – 162 = 300.
Жауабы: 300
vk.com/dostykteam
Есен мен Айгүл бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Есеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Айгүлдің ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар?
A) 6. B)3. C)4. D) 5. E) 7.
Шешуі:
Ұлдар саны – х, қыздар саны – у болсын.
Ұлдар санынан Есенді алсақ, ұлдар мен қыздар саны теңеседі:
х – 1 = у
Қыздар санынан Айгүлді алсақ, қыздар саны ұлдар санынан екі есе кем болады: х = 2 ( у – 1)
Қалыптасқан теңдеулер жүйесін шығарайық:
⟹ 2у – 2 – 1 = у,
у = 3
х = у + 1 = 4
х + у = 3 + 4 = 7
Жауабы: 7
vk.com/dostykteam
Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол неше есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
А) 6. В) 5. С) 7. D) 8. Е) 12.
Шешуі:
5 ∙ 10 = 50 – максимум
х – қате шығарылған есептер саны. Сонда максимумнан қате шығарылған есеп үшін берілген ұпайларды және алынатын ұпайларды азайтамыз:
50 – х ∙ 5 – х ∙ 3 = 26
8х = 24
х = 3
10 – 3 = 7 – дұрыс шығарылған есептер саны.