ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 353

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Іш қуысы ауырсынуының ЕҢ ықтимал себебі қандай?

* +Ауруханадан тыс төменгі бөлікті пневмония.

* Жедел холецистит

* Өкпе артериясының тромбоэмбалиясы

* Миокард инфаркті

* Жедел гастрит

#92

*! 75 жастағы ер адам, ЖРВИ кезінде, қарқынды жөтел ұстамасынан кейін кенеттен кеуде қуысының оң жақ жартысында қатты тесіп ауырсынулар пайда болды, тез ентігу. Жағдайы күрт нашарлады, ентігу күшейіп, терінің цианозы пайда болды, бас айналуы, жүрек жұмысындағы үзілістер. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тері жабындылары цианотикалық , беттің ісінуі. Оң жақ өкпе өрісінің үстінде тимпаникалық перкуссиялық дыбыс, аускультативті - күрт әлсіреген тыныс бар. Рентгенограммада: оң жақ плевра қуысында бос газ, средостениялық солға ығысу.


Науқаста ЕҢ ықтимал қандай асқыну дамыды?

* Өкпе артериясының тромбоэмбалиясы

* +Оң жақтық пневмоторакс

* Оң жақтық плеврит

* Ауруханадан тыс пневмония

* Оң жақтық абсцесс

#93

*! Жалпы тәжірибе дәрігері қалтырауға, әлсіздікке, терлегіштікке , кеуде қуысының оң жақ жоғарғы жартысында ауырсынуға, қиын шығарылатын қоңыр қақырықпен жөтелге, ентігуге шағымданған науқастың үйіне шақырылды. Анамнезінен: мас күйінде көшеде ұйықтап қалғаннан кейін жедел ауырады. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Жалғыз тұрады. Қарап тексергенде: нашар тамақтанған, күтімі жақсы емес, науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз, ентігу, ТАЖ минутына 32рет, оң жақта кеуде қуысының жоғарғы жартысында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар естіледі; АҚ 80/60 мм с.б. ЖСЖ 122 рет / мин.


Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай?

* +терапевтік стационарға жатқызу

* амбулаторлы емдеу

* емхананың күндізгі стационарында емдеу

* үйде аурухананы ұйымдастыру

* пульмонологтың консультациясына жіберу

#94

*!17 жастағы колледж студенті ,әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, кеуде қуысының қысылу сезіміне , қиын бөлінетін сары-жасыл қақырықты,қатты ұстаматәрізді әлсірейтін жөтелге , бас ауруына, бұлшықет ауырсынуына, суыққа төзімсіздігі (суықта қол және аяқ басы ұштарының жедел ауырсынуы) шағымдарымен дәрігерге жүгінді. Ол суық тиюдің салдарынан қатты ауырып қалды. Одан басқа топтағы бірнеше адам ауырып қалғанын атап өтті. Объективті: дене қызуы 37,5 С, тынысы қатаң , төменгі сол жақ бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі.ЖҚА : лейкоциттер - 6,7 мың, ЭТЖ - 12 мм / сағ. R-граммада: өкпе суреті күшейтілген, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перибронхиальды инфильтрация.



Қандай ем тағайындау керек?

* амоксициллин 500 мг рег os күніне 3 рет 5 күн

* +ровамицин 3 млн бірлік рег os күніне 2 рет 10 күн

* гентамицин 80 мг б/е күніне 2 рет, 7 күн

* цефазолин 1,0 г б/е күніне 2 рет 10 күн

* меропенем 500 мг т/і әр 8 сағат сайын 10 күн

#95

*! 67 жастағы ер адам , қиын бөлінетін шырышты -іріңді қақырықты жөтелге, физикалық күштеме кезінде ентігуге, дене температурасының 38С дейін жоғарылауына шағымданады. Күніне 20 темекі шегеді. Об-ті : әлсіреген везикулярлы тыныс фонында ұзартылған дем шығарумен, екі жағынан шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі, оң жақта жауырын аралық аймақта - ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Сол жерде - перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде, өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер. ЖҚА-де: лейкоциттер - 14 х 109 / л., ЭТЖ - 22 мм / сағ. Бір ай бұрын жүргізілген спирографиялық деректер: ОФВ1 - 60%, ОФВ1/ФЖЕЛ - 0,7.


Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* СОӨА, жеңіл сатысы, өршу кезеңі . Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония

* СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу кезеңі. Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу

* Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу

* Бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония

* +СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония

#96

*! 60 жастағы ер адам, әдеттегі қарқынмен жүру кезінде ентігуге, таңертең қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде : 20 жасынан бастап күніне бір қорап темекі шеккен, соңғы 5 жылда темекі шекпеген. 7 жыл бұрын оған СОӨА диагнозы қойылып, тиотропимен ем тағайындалды. Науқас тағайындалған емді ұстанбайды, ентігу ұстамасын салбутамолмен жеңілдетеді. Соңғы жылдарда ӨСОА бір рет өршіген.


Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай болуы керек?

* флутиказонның (Фликсотид)жоғары мөлшерін тағайындау

* аралас будесонидті формотерол препаратын тағайындау (Симбикорт)

* +күн сайын тиотропий (Спирива) қабылдау

* преднизолон таблеткаларының қысқа курсын тағайындау

* теофиллин тағайындау

#97

*! Науқас 60 жаста, 5 жылдан бері СОӨА ауруымен ауырады, тиотропия бромидін (Спирива) үнемі қабылдайды. 2 дәрежелі гипертензия үшін индапамид пен периндоприл қан қысымын төмендету мақсатында тағайындалды. 2 аптадан кейін науқас жөтелдің күшейгенін, әсіресе түнгі уақытта, сол мөлшерде ашық түсті қақырық бөлінетінін атап өтті. Аускультативті :қатты тыныс алу аясында өкпеде құрғақ, ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі минутына 20, пульс 88 * 109 / л.ЖҚА : лейкоциттер 5,6 мың., ЭТЖ 10 мм / сағ.




Науқасты емдеудің келесі тактикасы қандай болуы керек?

* +Периндоприлді гипертензияға қарсы басқа препаратпен ауыстыру қажет

* ӨСОА өршуін емдеу үшін антибиотиктер тағайындау керек

* Преднизолон per os тағайындау қысқа курспен

* Β-блокаторды тағайындау

* Теофиллинді қосымша тағайындау қажет

#98

*! Ер адам 62 жаста , тыныс алу және қан түкіру кезінде тынысының қатты қиындауына шағымданады. Анамнезінде : 30 жыл бойы темекі шегеді, күніне 1-2 қорап. Бұрын таңертең қақырықты жөтел байқалды, дәрігерге бармаған. Бірнеше ай бұрын қақырығында қан сызықтарын байқаған. Жарты жылдан кейін тұншығу ұстамалары қосылды, онда ол салбутамол қолданды, бірақ айтарлықтай әсер етпеді. Объективті – жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Екі жақта да қолтық асты лимфа түйіндері анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, сол жақта жауырын аралықта бірен- саран сырылдар .


ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

* +Бронх ісігі

* Бронхтың бөтен денесі

* СОӨА

* Ауруханадан тыс пневмония

* Бронхоэктаз ауруы

#99

*! 35 жастағы ер адам үйіне дәрігер шақырды. Анамнезінде: 10 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Салбутамол қабылдаған кезде ұстамалар сирек болды. Бір апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, содан кейін тұншығу ұстамалары күнделікті, күніне 3-4 ретке дейін пайда болды.. Объективті: жағдайы ауыр, қозған, мәжбүрлі позиция, бөлек сөз тіркестерінде сөйлейді, тынысы шулы, дем шығару қиын және ұзартылған. Бозарған цианоз және мойын веналарының ісінуі, ТЖ - 34 / мин. АҚ 90/60 мм с.б., жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 124 рет / мин.


Пациентті жүргізудің ЕҢ қолайлы тактикасы қандай?

* Амбулаториялық бақылау, терапияны коррекциялау

* Емханадағы күндізгі стационар

* Курорттық емдеу қажет

* Үйде аурухана ұйымдастыру

* +Ауруханаға жатқызу

#100

*! 53 жастағы әйел, тыныс шығарудың қиындауымен ентігуге, аз мөлшерде тұтқыр, аздап сарғайған қақырықты жөтелге шағымданады. Бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. 30 жасынан бастап сирек дем шығарумен тыныс алудың қысқа ұстамалары мазалай бастады,дәрігерге бармады. 30 жыл бойы күніне 5-10 темекі шегеді. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін үш апта ішінде жағдайдың нашарлауы. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, температурасы 36,7С. Өкпеде шашыраңқы құрғақ сырылдар.ЖҚА: лейкоциттер 6,2 мың, ЭТЖ - 7 мм / сағ.



Диагнозды нақтылау үшін диагностикалық шаралардың қайсысы маңызды?

* Жалпы қан анализі

* +Бронхолитиктермен спирометрия сынағы

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Коагулограмма

* Қақырықты жалпы талдау

#101

*!Ер адамға 26 жыл бұрын бронх демікпесі диагнозы қойылған. Екі апта бұрын, суық тиюден кейін, күнделікті ентігу ұстамалары пайда бола бастады, науқас аптасына екі рет сальбутамолмен (вентолин) ингаляциядан кейін басылатын тынысының қиындауы сезімінен оянды. Зерттеу барысында ОФВ1 сәйкес мәндердің 65% құрады.


Қазіргі уақытта бронх демікпесінің ағымының ауырлығы қандай?

* Интермиттерлеуші бронх демікпесі;

* Жеңіл персистирлеуші бронх демікпесі;

* +Орташа ауырлықтағы персистерлеуші бронх демікпесі;

* Персистерлеуші ауыр бронх демікпесі;

* Ауырлық дәрежесін анықтау мүмкін емес.

#102

*! Еркек С., 49 жаста, «Бронх демікпесі, жеңіл ағым» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Кейде аптасына 1 реттен жиі емес беродуальды қолданатын тыныс алудың сирек экспираторлы ұстамалары болады. Түнгі ұстамалар жоқ. Физикалық жүктемеге төзімділік төмендемейді. ОФВ1- 80-85%.


Диспансерлік бақылаудың жиілігі қандай?

* Жылына 1 рет

* +Жылына 2 рет

* Жылына 3 рет

* Жылына 4 рет

*Әр ай сайын

#103

*!42 жастағы әйел, аралас сипаттағы тұрақты ентігуге , жүрек қағуына, физикалық жүктемемен байланыссыз кеудедегі ауырсынуға, әлсіздікке, қанды түкірікке шағымданды. Анамнезінде : 7 жасында 1,5 см жүрекшеаралық ақау анықталды. Оперативті емдеу жүргізілмеген. Қазір Эйзенменгер синдромы диагнозы қойылды. ЭКГ: оң жақ жүрекшенің ұлғаю белгілері, гипертрофия және оң жақ қарыншаның шамадан тыс жүктелуі.ЭХО КГ : өкпе гипертензиясы, IV класс. Өкпе трансплантациясына бағытталған.


Операция алдында міндетті түрде қандай зерттеу жүргізу керек?

*электроэнцефалография

* +бронхолитикалық сынамамен спирография

*бронхоскопия

*трепанобиопсия

*ирригоскопия

#104

*! Науқас 18 жаста, идиопатиялық өкпе фиброзымен өкпе трансплантациясы жасалды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтеді.


Бірінші айда дәрігерге неше рет бару керек?


* +Аптасына 1 рет

* Аптасына 2 рет

* Екі аптада 1 рет

* Бірінші айда 1 рет

* қадағалау қажет емес

#105

*! 65 жастағы ер адам, ең аз физикалық жүктеме кезінде және тыныштықта болатын тұрақты ентігуге, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. 20 жыл бойы СОӨА ауырады, ауыр ағымды,ұзақ уақыт бойы жүйелі глюкокортикоидтарды қабылдайды, өршу жылына 3 ретке дейін болады. Соңғы жылы айтарлықтай нашарлау: ентігудің жоғарылауы, перифериялық ісінудің пайда болуы, бауырдың ұлғаюы байқалды. Объективті: өкпеде тыныстың әлсіреуі байқалады, бүкіл бетінде ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ- минутына 28. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жағында екінші қабырға аралықта II тонның акценті. Жүрек соғысы - минутына 106. АҚ 100/60 мм с.б. Бауыры 3 см пальпацияланады. Аяқ басының ісінуі. Спирография: аралас желдетудің 3 дәрежелі бұзылыстары.


СОӨА үшін өкпе трансплантациясы мәселесін шешуде қандай индикатор шешуші болады?

* гепатомегалия

* перифериялық ісіну, асцит

* тахикардия 100 соққыдан / мин

* +ОФВ1 25% -дан төмендеуі

* тыныштық жағдайында ентігу

#106

65 жастағы ер адам аз ғана физикалық жүктеме кезіндегі және тыныштықтағы ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. 20 жыл бойы ӨСОА (ХОБЛ) ауыр ағымымен ауырады. 2 дәрежелі АГ бар. 2 жыл бұрын Вирусты гепатит В анықталған. Осы жағдайының нашарлауын соңғы жылдары байқаған.: ентігудің күшеюі, перифириялық ісіктер, бауырдың ұлғаюы. Объективті: ДСИ 40 кг/м, өкпесінде әлсіз тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ысқырықты сырыл естіледі. ЖСЖ – 106 рет, ТАЖ – 28 рет. АҚҚ 100/60 мм.с.б. Бауыр пальпацияланады 3 см. Балтыры мен табаны ісінген. Спирография: ОФВ1 25%.


Өкпе трансплантациясын жасауға қарсы көрсеткіш?

*65- тен жоғары жас

*вирусты гепатит В

*+семіздік ДСИ 35 – тен жоғары

*артериальды гипертензия

*тахикардия

#107

42 жастағы әйел әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, белінің оң жағы сыздап ауруына, жиі ауру сезімді зәр шығаруға шағымданып келді. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Анамнезінде жиі цистит. Объективті: температурасы 38 С. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 92 рет, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, іштің тік бұлшық етінің оң жағында қабырға доғасының бойымен және шап қатпарында ауру сезімі бар. Пастернацкий симптомы оң жағында оң. Ең ықтимал диагноз?

*бүйрек туберкулезі