ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 349
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
*жедел гломерулонефрит
*+жедел пиелонефрит
*бүйрек амилоидозы
*несеп – тас ауруы
#108
Дәрігердің қабылдауына 24 жастағы жүкті әйел келді. Қарап тексеру кезінде шағымдары жоқ. Анамнезінде – темір тапшылықты анемия. Тері жабындылары бозғылт түсті. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, пальпацияда ауру сезімінсіз. Зәр шығаруы және несеп шығаруы қалыпты. Әйелдің қолындағы ЖЗА: 1 мл зәрге 105 бактерия, белок – жоқ, ураттар. Ең ықтимал диагноз?
*+симптомсыз бактерурия
*жедел пиелонефрит
*бүйрек туберкулезі
*несеп – тас ауруы
*созылмалы циститтің рецидивті ағымы
#109
28 жастағы әйел жиі зәр шығаруға, зәрін ұстай алмауға, әлсіздікке, іштің төменгі жағындағы тартып ауру сезіміне, кейде белдегі ауру сезіміне шағымданып келді. ЖЗА: лейкоциттер жоғарылаған, белок жоғарылаған, бактерурия – E.coli 1мл зәрде 105 – тен көп. Ең ықтимал жүргізу тактикасы?
*амоксиклав
*котримаксазол
*гентамицин
*+фосфомицин (монурал)
*меропенем
#110
28 жастағы әйелде 4 жыл бұрын жүктілер пиелонефриті болған. 2 апта бұрын тұмаудан кейінгі белдің оң жағындағы ауру сезімі, жиі ауру сезімді зәр шығару, әлсіздік, қызба 39 С. Амбулаторлық тексеру кезінде протеинурия 0,125 г/л, лейкоцитурия көру аймағында 25 – 30, эритроцитурия 8 – 10 көру аймағында, зәрдің массалық үлесі 1016. Қандағы лейкоцит 13,6×10/л, СОЭ – 30 мм/сағ. Тәулігіне 1 г эритромицин тағайындалған, нәтиже болмаған. Температурасы субфебрильді сандарға дейін түскен. Осы жағдайда қандай жүргізу тактикасы ең ықтимал?
*цитрофурандар
*ампициллин
*ибупрофен
*доксициклин
*+цефалоспориндер
#111
20 жастағы ер кісі ангинадан кейінгі бел тұсындағы екі жақты ауру сезіміне, қабақтарының, алақандарының ісінуіне шағымданды. АҚҚ 160/100 мм.с.б. Пастернацкий симптомы екі жағынан да оң. ЖЗА: тығыздығы 1018, белок 1,066 г/л, эритроциттер 10 – 12 көру аймағында, лейкоциттер 7 – 8 көру аймағында. ЖҚА: гемоглобин – 130 г/л, эритроциттер – 3,8×10/л, лейкоциттер – 9,2×10/л, СОЭ – 28 мм/сағ. Нечипоренко бойынша зәр анализі – 6000 1 мл – де, лейкоциттер – 2000 1 мл – де, цилиндрлер жоқ. Қандағы креатинин – 102 мкмоль/л. Берілген диагноздардың ішінде қайсысы ең ықтимал?
*жедел цистит
*жедел пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
*тубуло – интерстициальды нефрит
*+жедел постстрептококкты гломерулонефрит
#112
34 жастағы әйел созылмалы гломерулонефрит, үдемелі ағымы бойынша ем алып жатыр. Иммуносупрессивті терапия тағайындалған. Осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісі қандай?
*үлкен дозадағы глюкокортикоидтар
*үлкен дозадығы цитостатиктер
*аминохинолин туындылары
*+глюкокортикоидты цитостатиктер
*аминохинолинді глюкокортикоидтар
#113
23 жастағы ер адамда 1 апта бұрын катаральды белгілер, субфебрильді температура пайда болған. Ауру басталғаннан 3 күннен соң зәр түсінің өзгеруін – қызыл болғанын байқаған. ЖҚА: массалық үлес – 1018, белок – 0,18 г/л, лейкоцит - 1-2-3 көру аймағында, эритроциттер- көру аймағында көп, гиалонды, түйіршікті цилиндрлер; ЖҚА – ерекшеліксіз. Иммуноглобулиндерге қан анализі: Ig G – 14 г/л (N), Ig A – 5,3 г/л (жоғарылаған). Қандай диагноз ең ықтимал?
*+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма
*жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром
*несеп – тас ауруы
*жедел пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром
#114
Тағамдық аллергиямен (цитрусқа, шоколадқа, жұмыртқаға) зардап шегетін 35 жастағы әйел жедел бронхитке байланысты сульфаниламидты препараттарды күніне 2 г өз бетінше қабылдаған. Біраз уақыттан кейін терісінде бөртпе, бетінің ісінуі, балтырларының ісінуін, зәр мөлшерінің азаюын байқаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер науқаста сульфаниламидтерді қабылдағаннан кейінгі аллергиялық нефропатия деп болжамдады. Осы науқаста ең ықтимал емдеу тактикасы?
*+аллергияға қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды тағайындау
*сұйықтық мөлшерін тәулігіне 3 – 4 л дейін көбейту
*леспенефрил тағайындау
*госпитализация, қатаң төсектік режим
*диуретиктер тағайындау
#115
66 жастағы ер адам дәрігерге күндізгі уақыттағы ұйқыға, тез шаршағыштыққа, таңертеңгі бас ауруына шағымданып келді. Тексеру кезінде патологиялық күндізгі ұйқының себебі науқастағы обструктивті апноэ синдромы екені анықталды. Науқасқа қандай емдеу тәсілін ұсынуға болады?
*+CPAP – терапия
*новопассит
*амитриптилин
*құрамында кофеин бар препараттар
*феназепам
#116
57 жастағы әйелді жақында жүрек тұсындағы басып және қысып ауру сезімі, ұзақтығы 40 минуттан көп, аралас ентігу, өлімнен қорқу сезімі, кенет әлсіздік мазалаған. Анамнезінен: бронхиальды астманың жеңіл ағымымен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Бас жағы көтерілген мәжбүрлі қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесінде төменгі екі жақты майда және орташа көпіршікті сырылдар, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ – 110/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. ЭКГ – да ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі, III, AFV тіркемелерінде. Ең ықтимал болжам диагноз қандай?
*ИБС. Алғаш рет пайда болған стенокардия
*астматикалық статус
*сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының Q - миокард инфаркті
*+сол қарыншаның артқы қабырғасының Q – миокард инфаркті
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#117
Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 56 жастағы ер адам, төс артындағы басып және ашып ауру сезіміне, ауру сезімінің 200 м жүргеннен кейін және баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгеннен кейін сол қолға берілуіне шағымданып келді. Ауру сезімі нитроглицеринмен басылады. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс емес ритм. ЭКГ – да – синусты аритмия, ЖСЖ 85 – 110 рет минутына, қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Нитраттар, статиндер, антиагреганттарды қабылдағаннан кейін 1,5 ай көлемінде стенокардия ұстамаларынң болмағанын айтты. Физикалық жүктемеге толеранттылықты анықтау үшін қандай тексеріс жүргізу қажет?
*коронароангиография
*электпокардиография
*+тредмил – тест
*сцинтиграфия
*эхокардиография
#118
62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерде ИБС, СН, ФКЗ, ХСН ФК II диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінде – жиі стенокардия ұстамалары бар. ҚБХ – жалпы холестерин мөлшері – 8,8 ммоль/л. Қандай гиполипидемиялық препараттарды тағайындау тиімді?
*өт қышқылдарының секвестрлері
*никотин қышқылы және оның туындылары
*фибраттар
*+статиндер
*антиоксиданттар
#119
63 жастағы ер адам ИБС СН ФК II диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Амлодипин және биспрололды тұрақты түрде қабылдайды. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіледі, ұзақтығы 7 – 9 минутқа созылды, басу үшін бірнеше таблетка нитроглицерин қабылдаған. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қандай тактикасы ең тиімді?
*қабылдап жатқан препараттардың дозасын көбейту
*кардиолог кеңесіне жіберу
*+кардиологиялық бөлімшеге стационарлық емге жіберу
*пролонгирленген нитраттарды амбулаторлы тағайындау
*үйге стационар тағайындау
#120
57 жастағы ер адам соңғы 4 жылда АҚҚ 180/90 мм.с.б дейін көтерілуіне шағымданды. Тексеріс барысында – сол қарыншаның гипертрофиясы, торлы қабықша тамырының ангиопатиясы. Сол қарыншаның лақтырыс фракциясы 50%, қандағы глюкоза – 7,2 ммоль/л, ЖЗА – паталогиясыз. Ең ықтимал диагноз?
*АГ, II дәрежелі, қауіп II
*АГ, III дәрежелі, қауіп II
*АГ, II дәрежелі, қауіп III
*+АГ, III дәрежелі, қауіп IV
*АГ, III дәрежелі, қауіп I
#121
АГ диагнозымен тіркеуде тұрған 43 жастағы ер адам бас ауруына, қатты әлсіздікке, таңертеңгілік бетінің ісінуіне шағымданды. Қарап тексеру кезінде: пульс 85 рет, АҚҚ – 210 мм.с.б. ЭКГ – да – сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы. Қан анализінде: калий – 2,6 ммоль/л, натрий – 147 ммоль/л. Зәр анализінде: гипоизостенурия, реакция – сілтілі. Ең ықтимал қандай диагноз?
*феохромоцитома
*+Кон синдромы
*созылмалы пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
*Иценко – Кушинг синдромы
#122
47 жастағы әйелде соңғы 3 жылда АҚҚ 160/80 мм.с.б дейін көтерілген, АҚҚ түсіру үшін нифедипин қабылдаған. Соңғы 3 айда АҚҚ 170/90 мм.с.б. дейін көтерілген. Препараттарды күнделікті қабылдағаннан 20 күннен кейін жиі құрғақ жөтел пайда болған, әсіресе түнгі уақытта күшейген, әлсіздік пайда болған. АҚҚ 120/78 мм.с.б. Емханда тексерілгеннен кейін организмде қабыну процесстері анықталған жоқ. Осы шағымдарды қандай препарат шақыруы мүмкін?
*амлопидин
*бисопролол
*+периндоприл
*индапамид
*физиотенз
#123
50 жастағы әйел жоспарлы скрининг өтіп жүр. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚҚ 155/90 мм.с.б. ЖСЖ 74 рет минутына, ритм дұрыс. Көз түбінде – артериолалардың тарылуы және қан тамырлық суреттің ирелеңі. ЭКГ – да жүректің электрлік осі горизантальды. Сол қарыншаның гипертрофиясы. ЖҚА, ЖЗА, ҚБХА – қалыпты. Ең ықтимал жүргізу тактикасы қандай?
*кардиологиялық бөлімшеге жоспарлы госпитализация
*гипотензивті препараттарды жедел енгізу
*кардиологиялық бөлімшеге жедел госпитализация
*АҚҚ үш күн өлшеу, содан кейін ем тағайындау
*+антигипертензивті препараттарды тағайындау және симптоматикалық гипертензияны болдырмау
#124
Артық салмағы бар 50 жастағы әйел алғаш рет пайда болған төс артындағы ашып ауру сезіміне шағымданды. Анальгетиктермен басылады. ЭКГ – да сол қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның артқы қарыншааралық тармағының 85 % - ға тарылғаны анықталды. Қандай емдеу тактикасы ең ықтимал?
*стенттеу
*жүрек трансплантациясы
*баллонды ангиопластика
*+аорто – коронарлы шунттау
*маммарлы – коронарлы шунттау
#125
54 жастағы әйел 2019 жылы Q – миокард инфарктін басынан өткізген. АКШ жүргізгеннен 24 күннен кейін кардиомагнил мен клопидогрел қабылдағаннан ентігу мен аяқ - қолдарындағы ісінуі күшейген, жүрек мөлшері кенет өзгерген, рентгенологиялық тексеріс кезінде контур дoғасы тегістелген. Қандай асқынуды анықтауға болады?
*жабысқан перикардит
*тромбоэмболиялық асқынулар
*миокард инфарктының қайталануы
*экссудативты перикардит
*+постперикардитомдық экссудативты перикардит
#126
59 жастағы семіздігі бар әйел төс артындағы интенсивті емес басып ауру сезіміне шағымданып келді. Анальгетиктермен басылады. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. 2 жыл бұрын коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Қазіргі уақытта холецистэктомия тағайындалған. Қандай клиникалық көріністер жоспарлы жүректен тыс жедел тексеруді және емдеуді қажет ететін операцияның уақытша тоқтатылуын қажет етеді?
*тұрақты стенокардия операцияға қарсы көрсеткіш
*+ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз коронарлы жағдайлар, жүрек ритмінің айқын бұзылыстары
*антиангинальды терапия операция алдында қарсы көрсеткіш
*кез – келген дәрежедегі АГ операцияға қарсы көрсеткіш
*анамнезіндегі аорто – коронарлы шунттау немесе стенттеу
#127
Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 57 жастағы әйел метаболитикалық синдроммен келді. Бір ай бұрын алғаш пайда болған төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданды. ЭКГ – да миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының 83 % - ға тарылғаны анықталды. Коронарлы артерияның тері арқылы стенттеу операциясы жүргізілген. Осы операциядан кейін 1 жыл ішінде қандай препараттар тағайындаған дұрыс?
*тек аспирин
*+аспирин және тикагрелор
*тек клопидогрел
*варфарин және аспирин
*клопидогрел және тикагрелор
#128
48 жастағы әйелдің шағымдары:тыныштықтағы айқын ентігу, жиі жүрек соғуы, әлсіздік, аяқтың және іштің ісінуі. Объективті: акрацианоз, өкпенің төменгі жағындағы ылғал сырылдар. Жүрек тондары айтарлықтай тұйықталған, жүрекшелер фибрилляциясы. Жүрек шекарасы оңға 2 см, солға 2,5 см – ге ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см – ге шығып тұр. Аяқ – қолдардағы ісіну, асцит. ЭКГ – да жүрекшелер фибрилляциясы, ЧЖС – 79 – 138 рет минутына. Лақтырыс фракциясы 27%. Жүрек трансплантациясына қандай көрсеткіштер бар?
*жүректің үлкен размері
*созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің болуы
*коронарлы өлімнің жоғары қаупі
*+созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр, қайтымсыз көріністерінің болуы
*50 – ден жоғары жас
#129
59 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауру сезіміне және баспалдақпен бір қабатқа көтерілген кездегі ентігу, тахикардия, аритмия, аяқтарының ісінуіне шағымданды. Анамнезінде миокард инфаркті (2019 жыл). ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы – бүйір қабырғасындағы тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы 42,4%. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасында, бүйір қабырғасында, қақпақшасында гипокинезия аумағы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігін қандай симптомдар көрсетіп тұр?
*бас ауруы
*+өкпедегі ылғал сырылдар
*төс артындағы басып ауру сезімі
*ЭКГ – дағы тыртықты өзгерістер
*ЭхоКГ – дағы гипокинезия аумағы
#130
62 жастағы әйел темекі тартады, алкогольді тұрақты түрде қабылдайды. Ентігуге, шырышты – іріңді қақырықты жөтелге, бас ауруына, АҚҚ жиі көтерілуіне шағымданды. Объективті: өкпеде құрғақ шашыранды сырылдар, аортадан II тон акценті анықталды, АҚҚ 155/95 мм.с.б. Бауыр қабырға доғасынан 2 см – ге шығып тұр, балтырдың ісінуі бар. ЭКГ: миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген, жүрек қуыстарының дилатациясы. Осы науқаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қандай топ препараттарын қолданған дұрыс?