Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3001
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жағдаят. Сен сыныбыңмен робот жасадыңдар деп есептейік. Оны сатылымға шығару үшін жасаған роботқа анотация немесе нұсқаулық жаса.
ІІ- нұсқа
1- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Төмендегі тапсырманы орындаңыз
«Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жаубыңызды білдіріңіз.
Массачусетс технология институты таныстырған GelSіgһt құрылғысы негізінде жұмыс істейтін құлтемір кез келген ілулі тұрған USB кабельдерді өздігінен қосып-ажырата алады. Сондай-ақ, құрылғы механикалық өлшеммен объектіні анықтаудың жаңа әдісін меңгерген. Назарға іліккен кез келген затты анықтап, соған сәйкес дене қимылын орындайды. Бұл жаңа технологияның сезгіштік қасиеті адам саусағының сезімталдығынан 100 есе күшті көрінеді.
Адам әрқашан өз деңгейінде әңгімелесе алатын, жалғыздықты сезінбеуге мүмкіндік туғызатын досты іздейді. Жапондар мұның жолын тапқан сияқты. Жақында олар адамның көңіл-күйіне қарай сөйлесе алатын құлтемірлер жасап шығарды. Қол, көз, бет-әлпетінің қимыл ишарасы арқылы адамның көңіл күйін тез анықтап, әңгімелесетін көрінеді. Құлтемір адаммен әңгімелесу барысында 5 мыңға жуық сөз тіркесін қолданады екен. Және адамдардың қарапайым сұрақтарына жауап береді. Pepper деп аталған бұл құлтемірдің «Махаббат, адамдар қарым-қатынастары» тақырыптарында әңгімелесуі көрермендерді таңқалдырған. Құны 2 мың доллар тұратын бұл құлтемірдің әзірге 200 тәжірибелік үлгісі шығарылған. 2015 жылдың ақпанында оны жаппай сатылымға шығармақ.
«ПОПС формуласы»
Менің ойымша,.......
Оны былай түсіндіремін:..................
Оны мына фактілерімен , мысалдармен дәлелдеймін:.................
Ойымды былай қорытындылаймын:.................................
2- тапсырма. Берілген тақырып бойынша анотация жазыңыз.
Жағдаят. Массачусетс технология институты таныстырған GelSіgһt құрылғысы негізінде жұмыс істейтін құлтемірді сатылымға шығару үшін жасаған роботқа анотация немесе нұсқаулық жаса.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Ұпай |
Білім алушы | |||
Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды | 1 | Мәтіндегі өзекті мәселені анықтайды | 1 |
Себебін түсіндіреді | 1 | ||
Мәселенің өзектілігіне дәлел келтіреді | 1 | ||
Мәселе бойынша қорытынды жасайды | 1 | ||
Мәтіндердің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтап, анотация , нұсқаулық жазу. | 2 | стильдік ерекшелігін сақтайды; | 1 |
аннотация талаптарын сақтайды; | 1 | ||
құрылымды сақтайды; | 1 | ||
жұмысқа өзінің бағасын береді; | 1 | ||
мәтіндегі ақпаратты қолданады | 1 | ||
| | | 9 |
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі).
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмаға сипаттама | Тапсырмалар түрлері | Орындалатын увқыты | балл |
1 2 3 4 5 | 9.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-250 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапсырмада үш дұрыс жауапты таңдап алады, ал екінші және төртінші тапсырмаларда оқушы ашық сұрақтарға жауап жазады және бесінші тапсырмада тұжырымдардың шынжалған екенін анықтайды. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 1 | 1 |
1 | 1 | ||||
3 | 1 | ||||
3 2 | 1 1 | ||||
6 7 8 | 9.3.6.1 мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру; 9.3.1.1 мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-250 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші сұрақта оқушы астарлы ойды анықтайды; екінші сұрақта мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық тұрғыдан қарастырып, сыни тұрғыдан баға береді. Ал үшінші сұрақта алты тұжырымнан мәтін бойынша сәйкес келетін екі дұрыс қорытындыны анықтайды. | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 3 | 1 |
4 | 2 | ||||
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 3 | 2 | |||
Көп таңдауы бар сұрақтар | | | |||
9 | 9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу; 9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу; 9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу; 9.5.2.1 жазба жұмыстарында (себеп бағыныңқы, қимыл-сын бағыныңқы, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген үш сұрақтың (шағын мақала, аргументативті эссе, нұсқаулық) бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді орынды қолдануын бағалайды. Сондай-ақ бағалауда оқушының себеп бағыныңқы, қимыл-сын бағыныңқы, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануы ескеріледі | Жазба толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 20 | 10 |
10 | 9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу; 9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау; 9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу | Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздар теріс қаратылады). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 6 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогте 811 сөйлем айтуы керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Айтыл ым сабақта н тыс тексері ле ді, әр білім алушы ға 3 минут берілед і. | 10 |
Барлығы | 40 | 30 |
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І-нұсқа.
Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орында.
Қазақстан халқының саны 16 миллиондық межеден екі рет «аттапты»: 1986 және 2010 жылдары. Ал 2010 жылдан бергі уақыт ішінде қазақстандықтардың саны тағы 1,6 миллионнан астам адамға өсті. Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарымыздың бірі — қазақтың демографиясы.
1986 жылы қазақстандықтардың саны тұңғыш рет 16 миллиондық межеден асты. Бірақ бұл көрсеткіште республиканың байырғы жұрты, алып аумақтың түпкі иесі — қазақтардың үлесі небәрі 40 пайыздың шамасында болды. Қайткенде де, өткенге — салауат. Өз жерімізде азшылыққа айналсақ та, КСРО тарқаған тұста өзгелермен қатар, біз де тәуелсіздігімізді алдық, отарлық қамытынан құтылып, өз алдымызға дербес ел болу бақытына жеттік. Тәуелсіздік жариялаған жылдары шетелдік сарапшылар Қазақстанға демографиялық құлдырау болжады. Бастапқыда бұл расқа шыққандай да болды. Тәуелсіздік жарияланған жылы Қазақстан тұрғындарының саны 16,8 миллион болса, он жылдан кейін 14,8 миллионға түсті. 1991-2011 жылдар аралығында елімізге сырттан 1 миллион қазақ көшіп келді. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан төмендей бастаған туу көрсеткіші 2002 жылдан кейін қайта көтерілді. Осы жылдан бастап халық саны да өсе берді. 2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан халқының саны 1 миллионға көбейіп, 16 миллиондық межеден асты. Ал кейінгі бес жылда, жоғарыда айтқанымыздай, тағы да 1,6 миллионнан астам адамға көбейді. Бүгінде, ресми деректерге сай, халықтың саны 17 миллион 631 мың адамға жетті.
Еліміз халық саны жөнінен әлем мемлекеттері арасында 64-орында.
Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 2 дұрыс ақпаратты тап
№ | Ақпараттар | Дұрыс | Бұрыс |
1 | Қазақстан халқының саны 18 миллиондық межеден екі рет «аттапты»: 1986 және 2010 жылдары. | | |
2 | Бес жылда, жоғарыда айтқанымыздай, тағы да 1,6 миллионнан астам адамға көбейді | | |
3 | 1991-2011 жылдар аралығында елімізге сырттан 5 миллион қазақ көшіп келд | | |
4 | Тәуелсіздік жариялаған жылдары шетелдік сарапшылар Қазақстанға демографиялық құлдырау болжады | | |
[2]
-
Сұрақтарға толық жауап бер
-
Қашан Қазақстан тұрғындарының саны 16,8 миллион болса, он жылдан кейін 14,8 миллионға түсті? -
Еліміз халық саны жөнінен әлем мемлекеттері арасында нешінші орында?
[2]
3. Жауаптың дұрыс нұсқасын белгіле.
Демография ... .
A. қаланың табиғи ерекшеліктерін зерттейді.
В. тұрғындардың денсаулықтарын қарастырады.
С. урбандалуды, босқындар мәселесін зерттейді.
D. халықтың құрамын, динамикасын зерттейді.
E. халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады.
[1]
Оқылым
Туризм – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеріп, демалуы, басқа жерді көріп, қызықтауы, ерікті түрде саяхаттап, серуендеуі. Қазіргі кезде туризм – табысты әрі тез дамып келе жатқан халықаралық сауда сегменттерінің бірі. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрайды.
Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты түрде үшінші орын алады.
Туризм туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамып отырады. Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайы әлемдік туристік нарықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі туризм жыл сайын ақылы еңбек демалысымен байланысты. Бұл – адамның демалуға, бос уақытын еркімен өткізуге құқықты екенін көрсетеді. Ол жеке адам, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсінікті байқатады.
1. Сұраққа қысқа жауап беріңіз.
Туризм – адамның қашан өз еркінше көңіл көтеріп, демалуы, басқа жерді көріп, қызықтауы, ерікті түрде саяхаттап, серуендеуі
[1]
2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріп, сөйлем құра.
1 | саяхаттап | серуендеуі | ерікті | Туризм | түрде | |
2 | Туристер | баратын | жаңа аумақтар | дамып отырады | Туризм | есебінен |
3 | адамдар мен халықтар | байқатады. | Ол | арасындағы | жеке адам | өзара түсінікті |
[2]
туризм
3. Берілген тақырып бойынша ассоциограма құр.
[2]
Жазылым.
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын жүргізіңіз. Жазба жұмысында құрмалас сөйлемдерді пайдалан.
-
«Қазақстандағы демография мәселесі» туралы публицистикалық мақала жаз. -
«Робот- ХХІ ғасыр жаңашылдығы» тақырыбына сқхбат құр. -
«Мен де туризммен айналысқым келеді» тақырыбына эссе жаз.
Айтылым.
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-11 сөйлем).
-
Демографиялық мәселе қайткенде шешімін табады? -
Үй тұрмысына роботтардың қажеттілігі қаншалықты?! -
Қазақстандағы туризм мәселелері қаншалықты дұрыс жолға қойылған?
ІІ-нұсқа.
Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орында.
Қазақстан халқының саны 16 миллиондық межеден екі рет «аттапты»: 1986 және 2010 жылдары. Ал 2010 жылдан бергі уақыт ішінде қазақстандықтардың саны тағы 1,6 миллионнан астам адамға өсті. Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарымыздың бірі — қазақтың демографиясы.
1986 жылы қазақстандықтардың саны тұңғыш рет 16 миллиондық межеден асты. Бірақ бұл көрсеткіште республиканың байырғы жұрты, алып аумақтың түпкі иесі — қазақтардың үлесі небәрі 40 пайыздың шамасында болды. Қайткенде де, өткенге — салауат. Өз жерімізде азшылыққа айналсақ та, КСРО тарқаған тұста өзгелермен қатар, біз де тәуелсіздігімізді алдық, отарлық қамытынан құтылып, өз алдымызға дербес ел болу бақытына жеттік. Тәуелсіздік жариялаған жылдары шетелдік сарапшылар Қазақстанға демографиялық құлдырау болжады. Бастапқыда бұл расқа шыққандай да болды. Тәуелсіздік жарияланған жылы Қазақстан тұрғындарының саны 16,8 миллион болса, он жылдан кейін 14,8 миллионға түсті. 1991-2011 жылдар аралығында елімізге сырттан 1 миллион қазақ көшіп келді. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан төмендей бастаған туу көрсеткіші 2002 жылдан кейін қайта көтерілді. Осы жылдан бастап халық саны да өсе берді. 2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан халқының саны 1 миллионға көбейіп, 16 миллиондық межеден асты. Ал кейінгі бес жылда, жоғарыда айтқанымыздай, тағы да 1,6 миллионнан астам адамға көбейді. Бүгінде, ресми деректерге сай, халықтың саны 17 миллион 631 мың адамға жетті.