Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3004
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашу ( 5 балл) | Сөз қолданысы (5 балл) |
5 | Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлеледермен көрсетеді.Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды жіне бағалайды. | Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателер кездеседі. |
4 | Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады жәнетүсіндіреді Өз көзқарасын жақсыдәлеледермен келтіреді.Қажетті ақпаратты талдайды және бағалайды. | Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателер кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді.Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы.Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз. | Жауабы нақты, тіл қолданысында қателер кетіреді.Жалпы қателер түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізігі ойды ашуы шектеулі.Өз көзқарасын бірнеше ділелмен немесе дәлелсіз жеткізеді.Қажеттіақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз. | Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер келтіреді.Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді. |
1 | Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған.Тек негізгі ақпаратты береді.Көбіне ақпарат қажетсіз. | Жиі қате кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтіреді. |
0 | Идеясын, ойын жеткізе алмайды. | Сөз қолданысы сәйкес емес. |
9-сынып. ІҮ-тоқсан.
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлеріТыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен
термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген
ақпараттарды өзара салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
-
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді -
Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
І-НҰСҚА
ТЫҢДАЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп отыр. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық. Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар өсуi керек. Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. 2017 жылғы деректер бойынша туудың жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында replacement level (орын басушы көрсеткіш) 2,1-ден төмен болса, «халықтың өсімі болмайды» деп есептеледі. Тұжырымдама жобасында Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Шыны керек, демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Басты мәселе – медициналық қызмет көрсету сапасының артуы. ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады.
-
Төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңыз, оларды қатыстырып сөз тіркесін жасаңыз.
Демографиялық ахуал________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Табиғи өсім_________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тұжырымдама_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Экономикалық инновациялық секторларына_____________________________________
________________________________________________________________________________
Концепция_________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2- тапсырма Берілген диаграмма бойынша диалог құр. Диалогта Қазақстан аймақтарында жастардың орналасуы туралы ақпараттарды салыстыр.
______________________________________________________________________________
ІІ -НҰСҚА
ТЫҢДАЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп отыр. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық. Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар өсуi керек. Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. 2017 жылғы деректер бойынша туудың жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында replacement level (орын басушы көрсеткіш) 2,1-ден төмен болса, «халықтың өсімі болмайды» деп есептеледі. Тұжырымдама жобасында Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Шыны керек, демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Басты мәселе – медициналық қызмет көрсету сапасының артуы. ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады.
Төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңыз, оларды қатыстырып сөз тіркесін жасаңыз.
Әлеуметтiк жәрдемақылар _____________________________________
Демография ғылымында ________________________________________
_____________________________________________________________
Гендерлік саясат ______________________________________________
Экономикалық инновациялық секторларына______________________
__________________________________________________________________________________________________________________________
Ынтымақтастық ұйымы ________________________________________
2- тапсырма Берілген кесте бойынша диалог құр. Диалогта Қазақстан аймақтарында жастардың орналасуы туралы ақпараттарды салыстыр.
Қазақстанның аймақтары | Жастардың саны |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 736038 |
Алматы облысы | 510281 |
Алматы қаласы | 420842 |
Шығыс Қазақстан облысы | 348516 |
Қарағанды облысы | 343943 |
Жамбыл облысы | 281970 |
Ақтөбе облысы | 232790 |
Қостанай облысы | 226718 |
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Ұпай | |
Білім алушы | ||||
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді | 1 | Тақырыпқа сай термин сөздердің мағынасын ашады | 1 | |
Термин сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін жасайды | 1 | |||
Сөз тіркесін жасау барысында сөздердің орын тәртібін сақтайды | 1 | |||
Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді | 2 | Берілген кесте / диаграмма бойынша / жұпта диалог құрады | 1 | |
Жұбына нақты сұрақ қоя алады/жауап бере алады/ | 1 | |||
Кестеде / диаграммада/ берілген ақпараттарды орынды пайдаланады. | 1 | |||
Диаграммадағы аймақтардағы жастардың санын салыстырады | 1 | |||
Барлығы | 7 |
9 сынып. «Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Сөйлем әрекетінің Оқылым
түрлері Жазылым
Оқу мақсаты 9.3.1.1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау.
Қорытынды жасау.
9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтап,
аннотация, нұсқаулық жазу.
Бағалау критерийі Білім алушы:
-
Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды. -
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация, нұсқаулық жазады.
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей
деңгейі
І- нұсқа
1- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Төмендегі тапсырманы орындаңыз
«Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жаубыңызды білдіріңіз.
Робот
«Робот» сөзі чех тілінен аударғанда «еріксіз еңбек» дегенді білдіретін «робота» сөзінен шыққан. Роботың көптеген түрі бар. Робот жылжымайтын, жылжымалы, дербес қозғалатын немес жәндік түрінде болуы мүмкін. Роботтың жадында күрделі бағдарламасы болады. Кейбір жанды роботтар айтылған сөзді адамша түсініп, адамның бұйрығын екі етпей, мінсіз орындайды.
Роботар түрлі материалдан, көбінесе металдар мен пластиктерден жасалады. Олар мынандай негізгі үш бөлікен тұрады:
Біріншісі – бақылаушы. Ол компьютер бағдарламасымен жұмыс істейтін «ми» деген атпен бізге жақсы таныс.
Екіншісі – механикалық бөлшектер: мотор, қысқыш, дөңгелек және т.б. Бұл бөлшектер роботардың жұмы істеуіне, қимылдауына көмектеседі. Роботтар ауа, су немесе электр тоғынан, сондай-ақ Күн сәулесінен қуат алады.
Үшінші бөлігі – тетіктер (датчиктер). Олар роботқа айналасы туралы ақпарат беріп тұрады. Роботтар жан-жағына бұрылып, түрлі әрекеттер жасайды. Роботтар адамның атқаратын қызметін жартылай ғана орындай алады.
«ПОПС формуласы»
Менің ойымша,.......
Оны былай түсіндіремін:..................
Оны мына фактілерімен , мысалдармен дәлелдеймін:.................
Ойымды былай қорытындылаймын:.................................
2- тапсырма. Берілген тақырып бойынша анотация жазыңыз.