Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3002
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еліміз халық саны жөнінен әлем мемлекеттері арасында 64-орында.
Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 2 дұрыс ақпаратты тап
№ | Ақпараттар | Дұрыс | Бұрыс |
1 | Қазақстан халқының саны 16 миллиондық межеден екі рет «аттапты»: 1986 және 2010 жылдары. | | |
2 | Бес жылда, жоғарыда айтқанымыздай, тағы да 1,9 миллионнан астам адамға көбейді | | |
3 | 1991-2011 жылдар аралығында елімізге сырттан 1 миллион қазақ көшіп келд | | |
4 | Тәуелсіздік жариялаған жылдары шетелдік сарапшылар Қазақстанға демографиялық құлдырау болжамады | | |
[2]
-
Сұрақтарға толық жауап бер
-
Бірақ бұл көрсеткіште республиканың байырғы жұрты, алып аумақтың түпкі иесі —кімдердің үлесі небәрі 40 пайыздың шамасында болды? -
Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан төмендей бастаған туу несі 2002 жылдан кейін қайта көтерілді?
[2]
5 . Жауаптың дұрыс нұсқасын белгіле.
Демография ... .
A. халықтың құрамын, динамикасын зерттейді.
B. халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады
C. тұрғындардың денсаулықтарын қарастырады.
D. урбандалуды, босқындар мәселесін зерттейді.
Е. қаланың табиғи ерекшеліктерін зерттейді.
[1]
Оқылым.
Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады.
1961 жылы 12 сәуірде адамза тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды. Байқоңырдан Ай, Марспен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2рет (1994,1998 жылдары) болды. «Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасның аумағына жылына 30-35 мың улы зат таралады. Ракетадан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді.
-
Сұраққа қысқа жауап беріңіз.
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет кім Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды?
[1]
2.--3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріп, сөйлем құра.
1 | әлемдегі | ғылыми ғарыш | ең ірі | Байқоңыр | жербеті | полигоны саналады. |
2 | Талғат Мұсабаев | болды | Қазақ ғарышкері | ғарышта | (1994,1998 жылдары | 2рет |
3 | түскен қалдықтар | зақым келтірді. | Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан | Ракетадан | табиғатына | облыстарының |
[2]
4-5. Берілген тақырып бойынша ассоциограма құр.
Байқоңыр- ғарыш айлағы
Жазылым.
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын жүргізіңіз. Жазба жұмысында құрмалас сөйлемдерді пайдалан.
-
«Қазақстандағы демография мәселесі» туралы публицистикалық мақала жаз. -
«Робот- ХХІ ғасыр жаңашылдығы» тақырыбына сқхбат құр. -
«Мен де туризммен айналысқым келеді» тақырыбына эссе жаз.
Айтылым.
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-11 сөйлем).
-
Демографиялық мәселе қайткенде шешімін табады? -
Үй тұрмысына роботтардың қажеттілігі қаншалықты?! -
Қазақстандағы туризм мәселелері қаншалықты дұрыс жолға қойылған?
Балл қою кестесі
Тыңдалым.
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл |
1-2 | 1,3 | 2 | 5 |
3 | Бірақ бұл көрсеткіште республиканың байырғы жұрты, алып аумақтың түпкі иесі — қазақтардың үлесі небәрі 40 пайыздың шамасында болды. | 1 | |
4 | Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан төмендей бастаған туу көрсеткіші 2002 жылдан кейін қайта көтерілді. | 1 | |
5 | А | 1 |
Оқылым.
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы балл |
1 | Юрий Гагарин Алексеевич | 1 | 5 |
2-3 | Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2рет (1994,1998 жылдары) болды. Ракетадан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді. | 2 | |
4-5 | Ассоцограмма қүрады. | 2 |
10 –сынып. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекеттеріТыңдалым, айтылым
Оқу мақсаты 10.1.3.1оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер ментермин сөздердің мағынасын түсіну
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
Бағалау критерийі Білім алушы
Тақырыпқасәйкессөздерментерминдердіңмағынасын ажыратады
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Сөйлеу әрекеттеріТыңдалым, айтылым
Орындау уақыты15-20 минут
І-нұсқа
Тыңдалым. Тапсырма. Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бір күні осы өзен бойына көп ағаш түсірілді. Ағаштан зәулім көпір салынды, жал болып үйілген тас-топырақтың үстіне көлденең ағаштар төселінді. Қырлы жіңішке ұзын шойындар әкелініп, қатарынан осы көлденең ағашқа шегеленгенде Әліштің ойына ауылдағылардың «жол домбыраға ұқсайды» дегені түсе кетті. Жол, шынында да, домбыраның мойнына ұқсап қалды. Екі рельс екі шек те, ал шпалдар перне сияқты.
Жол бітіп поезд келерде, Әліш Үмбеталовты жол мастері Тарасов шақырып алды да:
— Сен поезд өткенше көпірдің астына жатасың,— деді.
— Менің де поезды көргім келеді, Дмитрий Степанович,— деді ол.
— Сен поезды көрмек түгіл, мәңгі сонымен бірге боласың, алғашқы поезд өткенше осында қаласың,— деді Тарасов. Сөйтіп, бірінші рет поезд өтетін көпірдің астында Әліш жалғыз қалды. Әдетте бұл кезде жұмыстағы ең озат адам поезд алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне ие болады екен. Ол кез-келген адамға ұсыныла бермесе керек.
Поезд гүрсілдеп өте шыққан соң, Әліш орнынан тұра келіп жол үстіне қарап еді, түтіні будақтап паровоз жүйткіп барады екен. Бұрын поезд көрмеген түйелі, атты қазақтар паровоздың артынан таң қалысып қарап тұр, енді біразы жарысып шауып барады. Әліш ел қуанышының куәсі болды. Кейінірек өзен жағасындағы иіннің мәнісін де түсінді, ол цементтен, тастан біржола істелетін темір бетонды көпірге қалдырылған орын болып шықты.
Түрксиб темір жолы Айнабұлақта түйісіп, жұмыс біткен күні Әліш Үмбеталов Айнабұлаққа шақырылды. Поездан түсе қалған жерде Әлішті бұрынғы өзінің жолдастары Тарасов пен Колесников қарсы алды. Олар Әлішті жол бастығына алып кірді.
— Үмбеталов деген озат жұмысшы осы, сіздің шақыруыңызбен келді, жол бастығы жолдас,— деді Тарасов.
Жол бастығы орта жастағы байсалды адам екен. Әлішпен көп әңгімелесті.
— Сізді Ауыр өндіріс Халық Комиссариатының грамотасымен құттықтаймын,— деді ол Әлішке. Бұған қоса көп заттай сыйлық тапсырды.
-
Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Түрксиб темір жолы/ домбыраның мойнына/ең озат адам.
А) Жол, шынында да, ______________________________ ұқсап қалды.
В) Әдетте бұл кезде жұмыстағы ____________________ поезд алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне ие болады екен.
С) ______________________Айнабұлақта түйісіп, жұмыс біткен күні Әліш Үмбеталов Айнабұлаққа шақырылды.
-
Ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
| | | Ақпарат | Сәйкестендіру |
1.Поездан түсе қалған жерде | А. ал шпалдар перне сияқты. | 1- | ||
2.Екі рельс екі шек те, | Б. бұған Әліштің ақылы жетпей жүрді. | 2- | ||
3.Алғашқы кезде | В.Әлішті бұрынғы өзінің жолдастары Тарасов пен Колесников қарсы алды. | 3- |
-
«Елімізде сұранысқа ие мамандықтар мен жұмыссыздық» тақырыбында өз көзқарасыңды білдіріп, жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.
ІІ-нұсқа
Тыңдалым. Тапсырма. Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Түтіні будақтап паровоз / көлденең ағаштар /Әліш Үмбеталовты
А) Ағаштан зәулім көпір салынды, жал болып үйілген тас-топырақтың үстіне ______________________________төселінді.