Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 3003

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Алаш идеясы мен қайраткерлері


Өзің қалаған алаш зиялысының атынан бүгінгі ұрпаққа тіл туралы өсиет хат жаз.

  1. Болашақ энергия көздері

«Болашақ энергиясының адамзатқа қандай пайдасы бар?», - деген тақырыпта облыстық байқауға эссе жаз. [10]
Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог құрап, мазмұндаңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Қазақстан -2050 стратегиясы

  2. Биотехнология жаңалықтары

  3. Баламалы энергия көздері

  4. Тұңғыш президент [10]



ІІ-НҰСҚА
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақстан жаһандану кезеңінде үлкен бастамалар көтеріп отыр. Оның негізгі көріністерінің бірі – Астана қаласында өткен Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесі.

Бұл көрме Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша өтті. Оның тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталды. Көрме энергияның экологиялық таза әрі жаңартылған мақсатында өтті. Көрме әлем ғалымдарының күш-жігерін біріктірді. «ЭКСПО-2017» Қазақстанды тағы да бір қырынан танытты.

Мемлекет басшысы көрменің жабылу салтанатында сөз сөйледі. Ол: «Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде әрі табысты өткенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл- Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі.«ЭКСПО – 2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам аралап көрді. Дүниежүзі көз тіккен «ЭКСПО» беделімізді биіктетіп, рухымызды көтерді»- деді.

Қазір заман талабы ғылым мен білімдегі бәсекелестікті тудырып отыр. Көршілес отырған мемлекеттердің арасында достық пен бәсеке қатар жүріп келеді. Өйткені олардың экономикалық дамуы өте тығыз байланысты. Сондықтан әр елдің үкіметі бағыт-бағдары мен даму жолын дұрыс анықтауы керек. Олар баламалы энергия көздерін, өзге де табиғи ресурстарды табуға тырысады. Сол мақсатта ірі инвесторлар мен демеушілерді іздейді.

2017 жылы Астанада өткен «ЭКСПО» көрмесі көршілес елдердің ғылым мен білім деңгейін танытты. Өмір бойы білім алу арқылы әрбір қоғам мүшесі өзінің де, елінің де деңгейін көтереді. «ЭКСПО»- іскерлік пен дамудың көрсеткіші.

  1. «ЭКСПО-2017» көрмесініңжетістігінеде?

  1. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату

  2. Қазақстан басқа елге тәуелді болуы

  3. Қазақстанның абыройын асқақтаты

  4. балама энергияны зерттеуге грант жариялау [1]




  1. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.


A. Көрме энергияның ______________________________ әрі жаңартылған мақсатында өтті. [1]


B.Көршілес отырған мемлекеттердің арасында _________________________________ қатар жүріп келеді. [1]
C. «ЭКСПО»- _________________________________________ көрсеткіші. [1]


  1. Сіздің ойыңызшаЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның дамуына үлес қосты ма? Неге?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.

1 мәтін

2 – мәтін

«Алаш» сөзі көне түркі тілінде «бауырлас, қандас, туыс» дегені білдіреді. «Алаш» - көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған кезде қалыптасқан ұғым. Сондықтан ол ең көне атау болып саналады. «Алаш»-қазақтың өз алдында ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Моңғол, татар, қазақ шежірелерінде Алаш ханы туралы айтылады. Алтай тауының Сібір жағында Алаш деген өзен, тау сілемдері бар. «Алаш» атауы бүгінде түркімен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтарда сақталған.

Кеген тас жазуындағы «Алты бөріг» тіркесінің «Алты алаш» деген мағынаны беретінін туралы ғылыми болжамдар бар.


Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың.

Күн туды күлімдеп
Асылдар аңсаған.
Ұрпағы бүгін кеп,
Ақ таңын қарсы алған.
Қыранды көк байрақ
Биікке көтерді.
Елтаңба - қос пырақ,
Алысқа жет енді!

Ғабиден Қожахмет



Берілген кестені толтырыңыз.


А мәтіні

Ә мәтіні




Стилі, себебі ...










2

Жанры, себебі ...








1



Ұқсастығы








1



Айырмашылығы








1




Жазылым

Берілген 2 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанатбелгісін (

) қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.

  1. «ЭКСПО – 2017» - Қазақстан белгісі

Ұсыныс –пікіріңді білдіріп қазіргі білім беру үдерісі туралы Президентке хат жаз.

  1. Биотехнология жаңалықтары

«Биотехнология- болашақтың ғылымы», - деген тақырыпта облыстық байқауға эссе жаз. [10]

Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог құрап, мазмұндаңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Өмір бойы білім алу – бәсекенің талабы

  2. Отандық медицинадағы биотехнология жаңалықтары

  3. Жасыл экономика

  4. Бес арыс [10]



Балл қоюкестесі 9-сынып

І-нұсқа

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

В

1


5

2

А) үздікәлемдік

В) баламалы энергия көздеріне

С) қазақтың көшпелі тұрмысы мен қол өнерімен

3

3

Берілгенсұраққа оқушы өз жауабын жазады.

1

Оқылым


А мәтіні

Ә мәтіні




Стилі, себебі ...




Публицистикалық стиль, себебі Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев туралы жазылған.


Көркем әдебиет стилі, себебі адамның

көңіл күйін, сезімін оятады.





2

Жанры, себебі ...




Баяндама, себебіавторбелгілібіртақырыптөңірегіндеізденіп, тексерілген, зерттелгенақпараттымақсаттыаудиторияғажеткізеді.

Өлең, себебілирикалықкейіпкердің

сезімін, ойынөлеңшумақтарыарқылыжеткізедіжәнеұйқасшумақтарыарқылықұрылады.

1



Ұқсастығы




Тақырыбында, екеуідеАлаштуралы;

1

Айырмашылығы




Қара сөз түрінде берілген;

Өлең түрінде берілген;

1



ІІ-нұсқа

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

С

1


5

2

А) экологиялық таза

В) достық пен бәсеке

С)іскерлік пен дамудың

3

3

Берілгенсұраққа оқушы өз жауабын жазады.

1

Оқылым


А мәтіні

Ә мәтіні




Стилі, себебі ...




Публицистикалық стиль, себебі «Алаш» сөзі туралы түсінік берілген.


Көркем әдебиет стилі, себебі адамның

көңіл күйін, сезімін оятады.





2

Жанры, себебі ...




Баяндама, себебіавторбелгілібіртақырыптөңірегіндеізденіп, тексерілген, зерттелгенақпараттымақсаттыаудиторияғажеткізеді.

Өлең, себебілирикалықкейіпкердің

сезімін, ойынөлеңшумақтарыарқылыжеткізедіжәнеұйқасшумақтарыарқылықұрылады.

1



Ұқсастығы




Тақырыбында, екеуідеАлашқайраткерлерітуралы;

Екі мәтінде де мақтау, мадақтау, құрметтеу айқын көрініс табады;

Екеуінің де авторлары бар

1

Айырмашылығы




Қара сөз түрінде берілген;

Тек Мағжан Жұмабаевқа арналған;

Өлең түрінде берілген;

Жалпылама Алаш баласына арналған;

1



Жазылым

Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.

Жазба жқмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қортынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы

Сабақтас құрмалассөйлемдерді дұрыс және сәйкестендіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және күрделі мәселелерді ашады.

Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументерді қолдануы мен қортынды жасау қабілеті көрінеді.



Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады.

Түрлі лексикалық миниммумды қолдануға тырысады, сөздің қоры жеткілікті, стильдің қолданысы дұрыс.Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен,суреттеуі аз.

Жазба жұмыс дұрыс жазылған, бірақ кей аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.



Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздің қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.

Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

2


Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады.

Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.



Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қорымен стильдік қолданысы жеткіліксіз.

Орфография мен негізгі грамматикалық форрмалар қате қолданған, мағынасы түсініксіз.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді.

Жазба жқмысының құрылымы сақталмаған және аргументтер қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате.

Көптеген қателіктер келтірген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ