Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 2996
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[5]
Балл қою кестесі
Тыңдалым
| Сұрақ | | | Жауап | | | | Балл | | | Жалпы балл | | |
| | | | | | | | | | ||||
| | | | | | | | | | | | | |
1 | | | | | | | (әр 2 дұрыс жауап үшін | | 5 | | | ||
| | | | | | | | 1 балл) | | | | | |
| | | | 1-Ж | | | 1 | | | | | | |
| | | | 2-Е | | | | | | | | | |
| | | | 3-В | | | 1 | | | | | | |
| | | | 4-С | | | | | | | | | |
| | | | 5-А | | | 1 | | | | | | |
| | | | 6-Д | | | | | | | | | |
2 | | | Еңбек нарығы Ықтималжауаптар: - жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі | 1 | | | | | | ||||
| | | | 1 | | | | | | ||||
| | | | | | | | | | | |||
| | | | | | | | | | | |||
| | | | | | | | | | |
Оқылым
сұрақ | жауап | балл | жалпы балл |
1 | Негізгі ақпарат - «Корпорация Сайман» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отындық өнім өндіріп отырған үлкен ұжым. Қосымша ақпарат - Қазақстан нарығында 27 жылдан бері халыққа сапалы және қолжетімді электрсанауыштар (счетчик) ұсынып, тұтынушыларының сұранысына ие болып жүр Қосымша ақпарат - Газ санауыштарды кез келген жеке тұлға да, заңды тұлға да өз қалауы бойынша пайдалана алады. Білім алушылардың баламалы жауабы ескеріледі | 3 | 10 |
2 | Факті үшін сандық нақты мәліметтері бар сөйлемдер ықтимал жауаптар бола алады. Мысалы: Қазақстан нарығында 27 жылдан бері халыққа сапалы және қолжетімді электрсанауыштар (счетчик) ұсынып, тұтынушыларының сұранысына ие болып жүр Көзқарас: газды пайдаланушы азаматтар, жеке кәсіпкерлер жалпы тарифпен төлегеннен гөрі, пайдаланылған газ өнімі үшін тиісті соманы төлегенді қалайды | 2 | |
3 | Жеке кәсіпкерлікпен айналысып, халыққа өз пайдаңды әкеле аласың | 1 | |
4 | Б | 1 | |
5 | Мәтін жанры – ғылыми мақала. Жанрлық ерекшелігін танытатын аспектілер: 1. Риторикалық сұраулы сөйлем: Нарықта қандай кәсіппен айналысуға мүмкіндіктер бар? 2. Автордың қолдауын, пікіріне дәлел келтіру үшінқолданылған қыстырма сөздер: әрине, жақсы, мәселен; 3. Тұрақты тіркестер: көзге көрінбейтін, егжей-тегжейлі; 4. Публицистикалық стиль жанрына сай ауыспалыосы шақтағы етістіктердің қолданылуы; 5. Автор ойын дәлелдейтін фактілік деректер (сандық,сапалық деректер). | 3 | |
Жазылым
Балл | Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл) | Тілі (5 балл) |
5 | Өте жақсы Жауап толық, нақты негізделген және жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жқмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қортынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады. | Өте жақсы Сабақтас құрмалассөйлемдерді дұрыс және сәйкестендіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар. |
4 | Жақсы Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және күрделі мәселелерді ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументерді қолдануы мен қортынды жасау қабілеті көрінеді. | Жақсы Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық миниммумды қолдануға тырысады, сөздің қоры жеткілікті, стильдің қолданысы дұрыс.Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен,суреттеуі аз. Жазба жұмыс дұрыс жазылған, бірақ кей аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған. | Қанағаттанарлық Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздің қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған. | Төмен Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қорымен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық форрмалар қате қолданған, мағынасы түсініксіз. |
1 | Өте төмен Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жқмысының құрылымы сақталмаған және аргументтер қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз. | Өте төмен Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер келтірген, түсінуге қиындық келтіреді. |
0 | Жауап жоқ | Жауап жоқ |
Айтылым
| Жауап | Балл | | |
| мақаладағы мәселе төңірегінде пікірін білдіреді (жұбына сұрақ қояды); | 1 | | |
| пікір білдіруде (сұраққа жауап беруде) дәлелдер келтіреді, толық | 1 | | |
| сөйлемдермен жауап береді; | | | |
| | | | |
| диалог мазмұнында сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады; | 1 | | |
| тыңдаушыға әсер ететін лексикалық құрылымдарды қолданады; | 1 | | |
| сөйлеу кезінде қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады. | 1 | | |
| Барлығы | 5 | | |
10-сынып , ІІ-тоқсан
БЖБ №1 «Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит – тіршілік мекені» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
I –нұсқа
Оқу мақсаты: 10.1.2.1 Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру;
10.2.2.1 Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету.
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын
түсіндіреді;
-
Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми- көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым,Айтылым
Орындау уақыты: 25 минут
Тыңдалым.Тапсырма:
1.Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша сұраулы сөйлем түрінде сан есімдерді қолданып, жазып алыңыз.Жазғаныңызға сүйеніп,мазмұнын түсіндіріңіз.
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын.1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жібереді.Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды.Алайда ауыл шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті.Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады.Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқталмай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті.
Жергілікті халықтың арасынан ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы - ХХ ғасырдың адамының қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып,теңіз «Солтүстік Арал» және «Оңтүстік Арал» болып екіге бөлінеді.
Айтылым. 2. «Қадыр Мырза Әлі – философ, ақын» атты ауызша баяндама жаса.Ауызша
баяндамада мәтін ақпаратын қолданып, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз.
IІ –нұсқа
Тыңдалым. Тапсырма:
Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жоспар түрінде есімдіктерді қолдана отырып жазып алыңыз.Жазғаныңызға сүйеніп,мазмұнын түсіндіріңіз.
Айтылым. «Әбдіжамал Нүрпейісов – қарапайым тілді қаламгер»атты ауызша баяндама жаса. Ауызша баяндамада мәтін ақпаратын қолданып, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Ұпай |
Білім алушы | |||
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды жоспар түрінде түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді | 1 | Негізгі ақпаратты жоспар түрінде есімдіктерді қолданып жазып алады; | 1 |
Мәтін мазмұнын қысқаша өз сөзімен түсіндіреді | 1 | ||
Жазып алған ақпараттарға сүйенеді | 1 | ||
Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады | 2 | Баяндама мазмұнында ақынның өмірі туралы айтады | 1 |
Ақынның экология,табиғат шығармаларынын маңызы туралы айтады; | 1 | ||
Өз пікіріне аргументтер мен дәлелдер келтіреді | 1 | ||
Мәтін мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; | 1 | ||
Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтайды | 1 | ||
| | | 8 |
10-сынып , ІІ-тоқсан
БЖБ №2«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
I –нұсқа
Оқу мақсаты: 10.3.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымшаақпараттардыанықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтінидеясымен байланысын анықтау;
10.4.3.1 Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегішқұралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Мәтіннен негізгі және қосымшаақпараттардыанықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтінидеясымен байланыстырады;
Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып,
шығармашылық жазба жұмысын жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым
Орындау уақыты: 25 минут
Оқылым. 1-тапсырма: Мәтінді оқып, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.
Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.Ораза ұстау – ол жаман нәрседен алшақтап, нәпсіні кез келген жағдайда тию,яғни шектеу қою және Аллаға құлшық жасау. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, ниет етеді.
Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады. Айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп, олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды. Бұл күндері туған-туыстар бір жерге жиналып немесе зират басына барып өмірден озған жақындарының әруағына бағыштап құран оқиды.
Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан - береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады. Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның әдеттегілерден негізгі еркшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады