Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 2993
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІ-НҰСҚА
Тапсырма
Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстанда қоқысты қайта өңдеудің өнімді шаралары.
1. Қоқысты ресурсқа айналдыру жүйесі. Қоқысты ең алдымен түрге бөліп, жинап алуды жолға қою керек. Өйткені кейінгі сатыда түрге айыру көптеген қиындықтар мен қолайсыздықтар әкеледі. Сондықтан тұрғындардың шағын аудандарына, сауда орталықтарына, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарында және басқа да жерлерде әртүрлі белгідегі қоқыс салатын орындар анықталып, азаматтарды қоқыстарды айырып салуға тәрбиелеу керек. Ақпарат құралдары мен жергілікті әкімшілік тарапынан істелетін ісшаралар жасалуы керек.
2. Қоқысты ресурстарға айналдыру техникасын пайдалана отырып, қоқысты пайдаға жарайтын затқа айналдыруды міндетке алу керек, мұндағы тетік-техникада, сол үшін осы технологияларды атқаратын инфрақұрылымдарды салу қажет. Қоқысты залалсыздандырып көму салыстырмасын 65 %, органикалық тыңайтқышқа айналдыру салыстырмасын 25 %, өртеу, жағу салыстырмасын 10 % жеткізуді іске асыруды міндетке алу керек.
3. Пайдаланудан қалған көне заттар базарын ашып, қоқысты қайта пайдалану айналымына түсу мөлшерін көтеру мүмкіндіктерін қарастыру керек. Қазақстанда бұл кәсіптің болашағы өте зор. Мәселен көне темір-терсек, әйнек, бөтелке, пластмасса, қағаздар, ескі жарамсыз авто-бөлшектер, теледидар, тоңазытқыш және т.б. сұраусыз, қалай болса солай қоқысқа тасталуда.
Дүние жүзіндегі көптеген елдердің қоқысты қайта өңдеу тәжірибесінде, негізінен, тазартып көму, өртеу, биохимиялық тыңайтқышқа айналдыру әдісі жақсы жолға қойылған.
Тазартып көму әдісі. Бұл әдісті қолданатын негізгі елдер: Ұлыбританияда қайта өңдеу мөлшері 90 %, Италияда - 74 %, АҚШ-та 67 %, Германияда - 46 %, Францияда - 45 % құрайды.
Өртеу әдісі. Бұл технологияны қолданатын негізгі елдер: Швейцарияда - 74 %, Жапонияда - 72 % , Данияда - 70 %.
Биохимиялық тыңайтқышқа айналдыру әдісі. Бұл әдісті қолданатын негізгі елдерге Үндістан қатарлы аграрлы, географиялық тұрғыда климаттық жағдайы жылы елдер жатады.
-
Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша сызбаны толтырыңыз.
-
Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
«Адамды қинауға және онымен дөрекі сөйлесуге болмайды» деген тақырып бойынша өз ойыңызды қосыңыз. Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді. | 1 | Мәтіннің негізгі ойын анықтайды | 1 |
Негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтайды | 1 1 1 (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл) | ||
2 | Мәтіннің негізгі ойына қатысты өз пікірін 3 сөйлеммен білдіреді. | 2 | |
Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дикусивті эссесі, аргументативті эссесі) | 3 | Берілген пікірдегі кілт сөзге 2-3 сөйлеммен анықтама береді; | 1 |
Пікірге қатысты өз ұстанымын білдіреді; | 1 | ||
Өз ұстанымын 3-4 аргументпен дәлелдейді; | 2 | ||
Мәселенің шешіміне қатысты нақты ұсыныстар береді; | 1 | ||
Эссе мазмұнында қолданылатын лекикалық құрылымдар мен клишелерді қолданады | 2 | ||
Барлық балл | | | 13 |
-
– СЫНЫП ІІІ-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі). Тапсырмалар_түрлері'>Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмаларға сипаттама | Тапсырма түрлері | Орындау уақыты, мин | Балл | |
1 | 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну; 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 150 сөзден артық емес тыңдалым мәтінін (прозалық шығарманы) 2 рет тыңдайды. Тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындауға; мәтін үзінділері бойынша болжам жасауға; өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыруға, сөздердің мағынасын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. | Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар | 2 | 2 | |
2 | 2 | 2 | ||||
3 | 2 | 2 | ||||
4 | 2 | 1 | ||||
5 | 2 | 3 | ||||
| | | ||||
6 | 10.3.2.1 ғылыми – көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтінді оқиды. Оқушылар мәтіннің құрылымы, рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшелігін салыстырады. | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 10 | 5 | |
7 | 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе) 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып шағын мақала жазу; 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе); 10.5.1.6 үтеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтінді құрауда орынды қолдану; 10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтінді құрауда орынды қолдану. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтау отырып, жазба жұмысын (аргументативті эссе, шағын мақала) орындайды. Мұғалім сонымен қатар оқушының мәтін құрауда үстеуді, шылауларды орынды қолдануын бағалайды. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 20 | 10 | |
8 9 | 10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу; 10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген жағдаят бойынша 4-5 минуттық монолог құрастырады. Сөйлеу кезіндегі интонацияның құрамдас бөлікері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданылуы бағаланады. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Айтылым сабақтан тыс тексеріледі | 5 | |
Барлығы | 40 | 30 |
10-сынып
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І-нұсқа
Тыңдалым
Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз.
Ол 1994 жылы Уолл-стритте қаржылық компанияда бағдарламалық жасақтаманы жасаумен айналысқан. Джеффтің бұл жұмыста тапқан ақшасы «нан мен майға» жететін. Бірақ бір күні ол бастығына жеке интернет-дүкенін ашу үшін жұмыстан шығатынын айтқанда бастығы: «Бұл шынымен де жақсы идея екен. Бірақ сен сияқты беделді дәрежесі, жұмысы бар адам үшін емес. Сен бар жұмысыңды тастап кетуге дайынсың ба?».
-
Джефф не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Джефф мақсатына жету үшін тәуекелге баруға дайын еді. Бүгінде миллиардер Джефф Безос Amazon сайтын құруға жұмсаған жылдарын есіне алып: «Мен 80-ге келгенде тәуекелге барғаным үшін өкінбейтінімді білдім. Интернеттің не екенін түсінгеннен кейін өмірімді жаңадан бастауға ұмтылдым. Мен жеңіліс тапқан күннің өзінде де, өзімді жеккөрмес едім. Себебі мен бар мүмкіндікті пайдаландым» – дейді.
-
Автор қандай мүмкіндіктерді пайдалануы мүмкін (2 сөйлем)?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Егер Amazon сайты жарық көрмегенде, қандай кәсіппен айналысатын едіңіз деген сұраққа миллиардердің екі жауабы бар. Бірінші: «Мен бақытты бағдарламашы болар едім. Бәрін басынан бастау – мен үшін қиын емес». Екінші: «Кейде өзімді өте жақсы, бірақ жұмысын баяу орындайтын бармен болатын едім деп ойлаймын. Маған коктейльді дайындаған ұнайды. Дәмді коктейль дайындай білудің өзі өнер деп санаймын. Өзім коктейльді асықпай, жасаймын. Баяу қимылдасам да дәмді коктейль дайындау қолымнан келеді. Менің барымда «Коктейль дәмді болсын ба, әлде тез дайындалсын ба?» деген жазу болатын еді».
3.Жеңіске жету үшін жеңіліс табу керек деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем).
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]
-
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.-
Қаржылық компания-______________________________________________________ -
Тәуекелге бару-___________________________________________________________ -
бағдарламашы-____________________________________________________________
-
[3]
Оқылым
Қазақстанда жыл сайын 5 млн. тоннадан астам қалдық шығарылады. Бір ғана Алматының өзінде қоқыстың жылдық көлемі 1 миллион тоннаға жуық. Ал елордада өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың жылдық көлемі 300 мың тонна болса, тәуліктік шығарылымы 800 тоннаны құрайды. Күн сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін «Астана Тазарту» ЖШС екі ауысыммен жұмыс істейді. Бірінші ауысымда жұмысқа 47 арнайы техника, ал екінші ауысымда 23 техника жұмылдырылады. Шынын айту керек, қалдықтар барар жеріне жеткенімен, бірден жойылып кетпейді. Заңнамаға сүйенсек, экологиялық кодекстің 288-бабының 3-бөлімінде қауіпсіз жағдайда сақтауға арналған орындарда тұрмыстық қалдықтар үш жыл ғана сақталуы тиіс деп көрсетілген. Осы мерзім ішінде қайта өңдеуден өткізілуі немесе жерге көмілуі қажет. Қала ішінен тонналап шыққан қалдықтардың жүйелі түрде өңделуі немесе толығымен жойылып кетуі заң талаптарына сай 3 жылдың ішінде жүзеге асырылады десек, шындықтан алшақ кетер едік. Өкінішке орай, кей полигонның жалпы пайдалану мерзімі 18 жылды құрап отыр.
Жуырда massaget.kz порталы немістің ірі өндірістік концерні Adidas компаниясының мұхиттағы қоқыстардан спорттық аяқ киім тігуді қолға алғанын жазды. Қалдықты қайта пайдалануды әдетке айналдырған елдерде бұл жаңалық сүйіншіленген жоқ. Adidas компаниясының жаңа спорттық аяқ киімі теңізшілердің мұхитқа лақтырылған балық аулауға арналған торларынан жасалады екен. «Бір-біріне оралып қалған торлар мұхиттың экологиясын бұзып қана қоймай, астынан жүзіп өткен балықтардың жойылуына да себеп болып отыр. Жаңа аяқ киім Primeknit технологиясы негізінде толығымен қалдықтан дайындалады», – дейді Parley for the Oceans мұхит экологиясын қорғау ұйымының басшысы Кирилл Гатч. Мұхитта қалып қойған торлар ағыспен келетін әртүрлі пластикалық қалдықтарды да жинайды. Мұхит бетінен алынған пластиктер дәстүрлі жолмен қайта өңделеді. Сонымен қатар, Adidas компаниясы пластиктен спорттық күртелер шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
3. Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз.
Талдау аспектілері | Жауап |
Мәтіннің стилі | |
| |
Мәтіннің жанры | |
| |
Жанрға тән тілдік ерекшеліктер | |
| |
Мәтіннің құрылымы | |
| |