Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2986

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Барлығы


[1]
ІІІ. Жазылым

Берілген 2 сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай мен шартты рай жұрнақтарын қолданыңыз.
1. Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» романы бойынша оқиға Арал теңізінің жағалауында болған.

«Шығармадағы және қазіргі Арал тағдыры» атты эссе жазыңыз.

2. Достық пен татулық – таптырмас бақыт бөлімі бойынша «Дос және шынайы достық» тақырыбында мәтін жазыңыз. [10]
ІҮ. Айтылым

Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, 8-10 сөйлемді монолог дайындаңыз. Монолог барысында ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріңіз.

  1. Нағыз достық туыстыққа айналады

  2. Болашақта кәсібіңді дұрыс таңдай аласың ба?

  3. Елімізде ауызсу мәселесі қалай шешілуге тиіс

  4. Болашақта қандай жаңа мамандықтар болады? [10]


Тыңдалым мәтіні
Досы көпті жау алмайды

Қазақ халқында «Досы көпті жау алмайды» деген мақал бар. Әрбір адам, әрбір отбасы өзінің достары, жолдастары көп болуды қалайды. Біреуге дос болу – жоғары дәреже деп есептеледі. Жолдас деген – мызғымас қорған. Жолдас деген – қолдың ұзаруы. Жолдас деген – сенімді тірек. Жолдас деген – көңіл ашып сырласатын сымбаттың. Жолдас деген – қажетіңе жарайтын көмекшің. Жолдас деген басыңа күн туғанда – құтқарушың, ауырғанда – емшің.

Жақсы жолдас табу қиын, ол кездейсоқ жолда жатпайды. Сондықтан оны құрметтеу керек, сақтау керек, қорғау керек.

Қазақтар жолдасы адамың өзіңе лайық болсын дейді. Досты, жолдасты ойланып таңдау керек. Адамды досынан таниды.

Ертеде Төле биге бір адам келіп, өзін кеңесші етіп қабылдауды өтінеді. Сонда Төле би оған:

- Досыңды ертіп әкел, маған оны көрсет, сенің қандай адам екеніңді содан білемін, - деп жауап береді.

Осыдан кейін үш айдан соң әлгі жігітке:

- Досың жақсы адам екен, сені қызметке қабылдаймын, -дейді.

Дос, жолдас – аса қымбатты адамдар.

8-сынып, ІІІ - тоқсан
БЖБ №1 «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағыжұлдызым» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты: 8.1.3.1 Оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен

тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну

8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөзаралығындағы

ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратады

  • Тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрауда үндестік заңын ескеріп айтады


Сөйлесім әрекеттері: Тыңдалым, Айтылым

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 20 минут
І-нұсқа
Тапсырма

І. Үзіндіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындаңыз
1.Берілген тұрақты тіркестер мен күрделі сөз тіркестердің мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
тілге келмей _______________________________________________________

көз алдынан өтіп ____________________________________________________

жан тәсілім қыларда _________________________________________________

жарық дүниемен _____________________________________________________

жолдың түйіні ________________________________________________________
2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мағынасын 1 сөйлеммен жазыңыз.

_______________________________________________________________________
ІІ. Ұсынылған суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз

аралығындағы, сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз.


ІІ-нұсқа
Тапсырма

І. Үзіндіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындаңыз
1.Берілген тұрақты тіркестер мен күрделі сөз тіркестердің мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
Түсі өрт сөндіргендей ________________________________________________________

Бүлінгеннен бүлдіргі алма! ___________________________________________________

ашу шақырды: _____________________________________________________________

құны _______________________________________________________________________

Жетімектеріне _______________________________________________________________
2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мағынасын 1 сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________________
ІІ. Ұсынылған суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз

аралығындағы, сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз.





Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратады

1- 2

сөз тіркестері мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсініп жазады;

5

мәтіннің мағынасын түсініп жазады;

1

Тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрауда үндестік заңын ескеріп айтады

3

тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрайды;

1

1

таңдалған суреттегі іс-әрекеттерді

түсіндіреді;

суреттің сюжетін анықтайды;

1
1
1

мәтін құруда демеулік шылауды қолданады

мәтін құрауда үндестік заңын ескеріп

айтады.

Барлығы

11



Тыңдалым мәтіні
Махамбеттің үй іші шулап қалды.

Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға дейін жүрегі дүрсілдеп, тиы шыңылдап, бүкіл өмірі көз алдынан өтіп жатты. Ақырғы сөзі «Әуес» болса, ақырғы ой «Қайран халқым!» деген екі сөзге сыйды. Жан тәсілім қыларда қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып, Қараоймен араздасты.Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет біліп бара жатты

Жаңаберген би байлаулы аттарына келе жатты.Түсі өрт сөндіргендей. Тісі опырылып қалған Ықылас:

  • Жақа, боталы түйені сіз жетектеңіз! – деп еді ашулы :

  • Бүлінгеннен бүлдіргі алма! Менің ісім бітті, - деді.

Ықылас Махамбеттің атын мінгенде би тағы ашу шақырды:

  • Е, немене, қолындағы бастың құны аз ба?! Жетімектеріне қалдыр!

  • Сұлтанның әмірі осылай, биеке!