Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2983

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

8-сынып , ІІІ-тоқсан
ІІІ- тоқсан бойынша жиынтық бағалау

I –нұсқа

І. Тыңдалым

1. 3 дұрыс жауапты анықтап, белгілеңіз.

Қызын тәрбиелегенде барған жерінде ....... болуын армандаған.

А) жақсы жар

В) тәртіпті қыз

С) әдепті келін

Д) аяулы ана

Е) батыл ене

Ғ) оқыған бойжеткен [1]
2. Сөйлемдерден «шын, жалған» екенін анықтаңыз.


Тұжырымды сөйлемдер

ш/ж

Бала бойына ұлттық ойындарды үйрету тәрбиенің басты негізі болған




Ана қызының тәрбиелі болуына жасынан бастап үлкеннің алдынан өтпеуден бастаған.




[1]
3. Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз.

Жігіттің бойына сіңірген қасиеттер ________________________________________ [1]
4. Сұраққа жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз.

Мәтіннің идеясы ________________________________________________________[1]
5. Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.


Қазақ халқында ұл баланы кімдер және қалай тәрбиелеген?

Қыз баланы кім тәрбиелеген және дұрыс тәрбие беру кімнің қасиеттері болған?







[1]
ІІ. Оқылым

І-мәтін

Күн жылына бастады. Бірнеше рет шағырмақ жақсы күндер болып, әр жердің қары тесілді.Ойдым-ойдым қара жерлер көріне бастады.

Жылы күн ұйқыны көп келтіреді, тамақтың артынан бойды көп сергітеді, етті шымырлатады. Ақ қасқыр да ойыншы бола бастады. Өзі келіп Көксеректі иіскеп, жалай беретін болды. Қайта-қайта Көксеректің үстіне артыла береді, ыңырсып тістелеп те қояды.

Көк молайып жаз шыққан соң, екі қасқырдан Қараадырдың елі сап болды.

Қараадыр сыртында елсізде екі үлкен ащы көл бар. Соның аралығындағы қалың шидің ішінде ескі ін болатын. Көксерек пен ақ қасқыр сонда. Жақын жерде — қамыс, одан әрі — көл. Қауіпсіз. Адам көзінен алыс жер, бастап келген — ақ қасқыр.

Бұл кезде Көксерек басқа жақтағы елді ториды. Ақ қасқыр ін маңында болады.

Бір күні екеуі бір қозыны жеп келе жатыр еді. Індерінің үстінен көп үлкен жаулар кетіп барады екен. Қамыс арасына бүқты. Жау озған соң інге келді. Бір-ақ қана күшік қалған, бүралып тұра алмайды, арт жағын баса алмайды. Ақ қасқыр тістеп әкеліп қамысқа тықты. Екеуі қайтадан Қараадырға бет қойды. Жарысып, кезек-кезек озысып отырып келіп, даладағы қойға тиді. Түн баласында құлын жеді, тай
жеді.

Тыным алмай баяғы іздерімен баяғы елді қайта қанқақсатты. Бұрынғыдан жаман құтырды.
ІІ-мәтін

Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.

Құрмаштың нағашысы Қарадыр қасқырының, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың күшігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға, алысқа кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол қасқырды оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ?

А) Ит асырап алу

В) Ауылдығ тыныс-тіршілігі

С) Қасқырдың малды жабуы

Д) Қараадыр қасқыры [1]
2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

А) Бөлтірік _______________________________________________________________

В) шалғай ___________________________________________________________ [1]
3-4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толықтырыңыз.


1-мәтін

2-мәтін

Түрі, жанры






Стилі






Тілі






[2]
5. Сұраққа жауап беріңіз.Егер сіз автор болсаңыз , әңгімеге қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________[1]


ІІІ. Жазылым

Берілген 2 сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


  1. «Табиғатқа, жануарларға, құстарға адамның қастандық жасауы» тақырыбына эссе жазу.

  2. «Отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу» тақырыбына ээсе жазу. [10]


ІҮ. Айтылым

Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем).Диалогте демеулік шылауды қолданыңыз.


  1. Тарихи тұлғалар тағылымы

  2. Наурызда өз отбасыңда қандай ас әзірлейсің?

  3. «Тәрбие басы – тал бесік»

  4. «Үкі – киелі құс» [10]


IІ–нұсқа

І. Тыңдалым

1. 3 дұрыс жауапты анықтап, белгілеңіз.

Ер баланы бес жастан бастап ..... баулыған.

А) киіз басуға

В) отын жабуға

С) аң аулауға

Д) ат жалын тартуға

Е) мал бағуға

Ғ) кеш жатуға [1]
2. Сөйлемдерден «шын, жалған» екенін анықтаңыз.


Тұжырымды сөйлемдер

ш/ж

Қазақ халқы ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы етіп тәрбиелеуге мақсат еткен.




Әкелері мен аталары ұлдарына шаруаның алуан түрін үйреткен.




[1]
3. Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз.

Қазақтың ұлттық ойын атаулары __________________________________________[1]
4. Сұраққа жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз.

Мәтіннің тақырыбы _______________________________________________________[1]
5. Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.


Қазақ халқы тәрбие үйретудің басты шарты деп нені үйретуді есептеген?

Қазақ халқы болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беруді кімнің және қандай қасиеттермен өлшеген?






[1]

ІІ. Оқылым

І-мәтін

Қысқатты.Қарқалың.Қасқырдықаркөтереді.Аттыкөтереалмайды.Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ , атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді . Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.

ІІ-мәтін

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді . Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ?

А) Ит асырап алу

В) Ауылдың тыныс-тіршілігі

С) Қасқырдың малды жабуы

Д) Қараадыр қасқыры [1]
2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

А) Тойынып _______________________________________________________________

В) жабайы ____________________________________________________________[1]
3-4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толықтырыңыз.


1-мәтін

2-мәтін

Түрі, жанры






Стилі






Тілі






[2]
5. Сұраққа жауап беріңіз.Егер сіз автор болсаңыз , әңгімеге қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________[1]
ІІІ. Жазылым

Берілген 2 сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
1.«Табиғатқа, жануарларға, құстарға адамның қастандық жасауы» тақырыбына эссе жазу.

2.«Отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу»
тақырыбына ээсе жазу. [10]
ІҮ. Айтылым

Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем).Диалогте демеулік шылауды қолданыңыз.
1.Тарихи тұлғалар тағылымы

2.Наурызда өз отбасыңда қандай ас әзірлейсің?

3.«Тәрбие басы – тал бесік»

4.«Үкі – киелі құс» [10]
Тыңдалым мәтіні
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым ...

Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі

бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.

8-сынып, ІV-тоқсан
БЖБ №1«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 8.1.4.1 Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық

шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

8.2.2.1 Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл

күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын

қолдана білу