Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2990

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны 30
Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма

лар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушы бірінші тапсырмада тест, екінші тапсырмада сәйкестендіру, үшінші тапсырмада ақпараттарды ретімен орналастыру, төртінші тапсырмада бос орынға қажетті сөзді қою, бесінші тапсырмада сұраққа жауап беру сұрақтарын орындайды. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5

1-4

8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

8.3.2.1 публицистикалық стильдің

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 180-200 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші, екінші, үшінші тапсырмада мәтіннен бір дұрыс жауапты таңдайды. Төртінші тапсырмада мәтіннен екі мысал келтіреді.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5




(мақала,

интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау












1

8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу
8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап шағын ақпараттық мақала жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолданып, тақырыпты ашуын, тыныс белгілерді дұрыс қоюын назарға алады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту

Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі Монолог 8-10 сөйлемнен тұруы керек. Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, сұрақтарға лайық жауап беруін, орфоэпиялық, үндестік заңдылықтарын сақтай отырып, сөйлеуін назарға алады.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі.

10

Барлығы

40 минут

30


8-сынып

ІV- тоқсан бойынша жиынтық бағалау

I –нұсқа

«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш

Тыңдалым.

Біздер қазақстандықтар- бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Бабаларымыздың арманы. егеменді дамудың 22жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына "Қазақстан-2050"жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, "Мәңгілік ел" патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Cтратегиясының басты мақсатқа жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын. Әсіресе жастарымызға мынаны айтамын.Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да жемісін көретін де сіздер.Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа атсалысыңыздар! Немқұрайлы қарамаңыздар! Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

  1. Сұраққа жауап бер.

Елбасы «Мәңгілік ел» стратегиясында неше құндылық туралы сөз қозғайды?[1]


  1. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз

Алтыншыдан,

индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.

Төртіншіден,

бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Үшіншіден,

бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.


[2]


3. Мәтіндегі құндылыұтарды ретімен орналастырыңыз
Бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы




Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.




Бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы




Бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.




Бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.




Бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият.




Бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.




[2]

Оқылым.

Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады. 1961 жылы 12 сәуірде адамза тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин Юрий Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды. Байқоңырдан Ай, Марспен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2рет (1994,1998 жылдары) болды. «Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасның аумағына жылына 30-35 мың улы зат таралады. Ракетадан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді.
1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.

  1. мақала

  2. пікір

  3. мәтін

  4. эссе [1]


2. Мәтін қандай стильде жазылған?

  1. Көркем әдеби стильде

  2. Ғылыми-публицистикалық

  3. Күнделікті ауызекі

  4. Публицистикалық [1]


3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.

  1. Оқиға, оқиғаны баяндау

  2. Факті

  3. Тек қана субъективті көзқарас

  4. Автордың ішкі сезімін баяндауы [1]


4. Байқоңыр туралы екі ақпаратты жаз.

  1. _________________________________________________________________________

  2. ____________________________________________________________ [2]



Жазылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз [10]


  1. Мектебімізге өзіміз қазақ тілі мен әдебиеті сабағында өткен Ринат Зайытов келді делік, кездесу жоғары дәрежеде өтті. Сол туралы жергілікті «Егеменді Қазақстан» газетіне мақала жаз.

  2. Мектебіңізде Ғарышкерлер күніне орай көрме өткізілді. Көрмеге сен де өзіннң жобаңды ұсындың делік, сол туралы көрме ұйымдастырушысынан сұхбат ал.


Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Баяндауда сөйлеу мәніріңізге көңіл бөліңіз. Сөздерді орфоэпиялық норма мен үндестік заңдарына сай айтуға тырысыңыз. [10]

  1. Айтыс өнерінің кешегісі мен бүгіні

  2. Байқоңыр айлағына мен де үлесімді қосқым келеді

3/ Мен үшін «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»ның маңызы

ІІ- нұсқа
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш
Тыңдалым.

Біздер қазақстандықтар- бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Бабаларымыздың арманы. егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына "Қазақстан-2050"жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, "Мәңгілік ел" патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Cтратегиясының басты мақсатқа жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын. Әсіресе жастарымызға мынаны айтамын.Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да жемісін көретін де сіздер.Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа атсалысыңыздар! Немқұрайлы қарамаңыздар! Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!


1. Сұраққа жауап бер.

«Ассамблеясына "Қазақстан-2050"жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, "Мәңгілік ел" патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.» деген жолдардың авторы кім? [1]
2. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз

Бесіншіден,

бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Біріншіден,

бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Алтыншыдан,

бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

[2]
3. Мәтіндегі құндылыұтарды ретімен орналастырыңыз

Бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият.




Бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы




Бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.




Бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы




Бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.




Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.




Бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.




[2]
Оқылым.

Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов. Ол қазір ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайық қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.

Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары он күнге созылады. Қыргүйектің 2-12 дейінгі сапары барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер жасады, Арал, Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары салмақсыздықта дегустациялайды.

1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.

а/ мақала

б/пікір

с/мәтін

д/ эссе [1]
2. Мәтін қандай стильде жазылған?

  1. Көркем әдеби стильде

  2. Ғылыми-публицистикалық

  3. Күнделікті ауызекі

  4. Публицистикалық [1]