Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 2981
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. -
Мәтіндегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда пайдаланады
Сөйлесім әрекеттері: Тыңдалым. Айтылым
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут
І-нұсқа
Тыңдалым.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә . Назарбаев «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деп жариялады.
Қазақстанның болашағын артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтастырады. Жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» идеясы Орхон- Енесей жазуларынан бастау алған.
Тоныкөк тасындағы жазуда «Қасиетті еліме иелік еткендігім үшін ел де ел болды.,халық та халық болды» деген сөздер бар.
«Мәңгілік ел» идеясы дүниеге келгеннен кейін Н,Ә. Назарбаев «Қазақ елі», «Ұлы дала елі», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді стратегиялық , этномемлекеттік ұғым - түсініктерді елдің ішкі-сыртқы саясатына, теориясы мен практикасына енгізді. Қазақ хандығынығ 550 жылдығын әлемге танытты. Қазақ елінің, ділінің беріктігін, жүрегінің ашықтығын көрсетті. / Х. Әбжановтан/
1. Мәтінің мазмұнына сай мәтінге ат қойыңыз
2. Мәтіннің идеясы айқын көрініп тұрған сөйлемдерді тауып, жаз.
Айтылым .
2-тапсырма. Мәтіндегі «Мәңгілік ел» идяеясын пайдаланып, «Мен де еліме үлес қосар ұрпақпын» тақырыбына мәтін құр, мәтінде көңіл-күйіңді білдіретін айшықты сөздерді пайдалан.
ІІ-нұсқа
Тыңдалым.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деп жариялады.
Қазақстанның болашағын артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтастырады. Жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» идеясы Орхон- Енесей жазуларынан бастау алған.
Тоныкөк тасындағы жазуда «Қасиетті еліме иелік еткендігім үшін ел де ел болды.,халық та халық болды» деген сөздер бар.
«Мәңгілік ел» идеясы дүниеге келгеннен кейін Н,Ә. Назарбаев «Қазақ елі», «Ұлы дала елі», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді стратегиялық , этномемлекеттік ұғым - түсініктерді елдің ішкі-сыртқы саясатына, теориясы мен практикасына енгізді. Қазақ хандығынығ 550 жылдығын әлемге танытты. Қазақ елінің, ділінің беріктігін, жүрегінің ашықтығын көрсетті. / Х. Әбжановтан/
1. Мәтінің мазмұнына сай мәтінге ат қойыңыз
2. Мәтіннің идеясы айқын көрініп тұрған сөйлемдерді тауып, жаз.
Айтылым .
2-тапсырма. Мәтіндегі «Мәңгілік ел» ияеяны пайдаланып, «Менің өз еліме қосар үлесім мол» тақырыбына диалог құр, диалогта көңіл-күйіңді білдіретін айшықты сөздерді пайдалан.
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Ұпай | |
Білім алушы | ||||
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. | 1 | Мәтінді түсінеді, тақырып қояды | 1 | |
Мәтіннің идеясын анықтайтын сөздерді табады | 1 | |||
Мәтіндегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда пайдаланады. | 2 | Тақырыпқа сай мәтін құрады | 1 | |
Мәтінде өз эмоциясын білдіретін сөздерді қолданады | 1 | |||
Мәтін құру барысында тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланады | 1 | |||
Өз ойын тыңдалым мәтінімен сабақтастыра алады | 1 | |||
Өз ойын еркін жеткізе алады | 1 | |||
Барлығы | 7 |
8-сынып, ІV-тоқсан
БЖБ №2 «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 8.3.2.1. Публицистикалық стильдің / мақала, интервью/ тілдік
ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтау.
8.2.6.1. Кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда
берілген ақпаратты талдау, баға беру
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Публицистикалық стильдің / мақала, интервью/ тілдік ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды. -
Кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға береді
Сөйлесім әрекеттері: Оқылым Айтылым
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты
: 15-20 минут
І-нұсқа
Тыңдалым.
1-тапсырма.
Мәтінді оқы, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
- Надежда апай, сіздің келін боп түскен шаңырағыңыз – қазақ отбасы. Сізді өзіне ғашық еткен - қазақтың қай қасиеті еді?
- Қазақтың дарқан даладай кең жүрегін, кең пейілін ұнаттым. Туыстығын, бауырмалдығын жақын тарттым. Аңқылдаған көңілі мен кір шалдырмас ар- ұятына тәнтті болдым. Інжу – маржан тілі мен жырына ғашық болдым...айта берсем, көмейімнен ағыла береді., бұл қазақты солай ұнаттым...
Айтыстың дүлдүлі – Жамбыл бабамыздың босағасына келін болып түстім. Сәмен батырдың ұрпағы - Тұрлыбек ағаларыңмен шаңырақ көтердім. Үш қызымыз – Құралай, Қарлығаш, Ләйлә, ұлымыз – Жәнібек дүниеге келді қазақ жерінде. Аллаға мың тәубе! Мен қазаққа қарыздармын...
- Бүгінгі айтыстың қоғамдағы мәселелерді шешуге қосар үлесі бар ма?
-Айтыс – қазақ халқы үшін бөлінбес бір бөлшек. Әбден терең бойлап кеткен тамырдай. Айтыста үлкен мәселелерді көтереді. Қоғамның халыққа зиянды жақтарын ашық айтады. Нәтижесінде талқыға салып, дұрыс шешім қабылдады. Міне, айтыстың рөлі!
-Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!
Сұхбаттасқан – Тұмар Алмалы
«Жебе» газеті. 2014 жылдың 6 наурызы.
*Мәтіннің жанрын анықта------------------------------------------------------------------
* Мәтіннің публицистикалық стильдің қай түріне жатады?-------------------------
* Сұхбатқа байланысты екі ерекшелікті «+» белгісімен белгіле.
көркемдік бейнлеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемделеді
сенімді ақпарат көздеріне жүгінеді
жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықа де нұсқалығы назарға алынады
жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкісезімін байқалады
Айтылым.
Диаграмманы пайдаланып, «Айтыс- сөз өнері» тақырыбына жұпта диалог құр.
2-тапсырма.
ІІ -нұсқа
Тыңдалым.
1-тапсырма.
2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Алтын домбыра» айтысын биыл Ақ Жайық өңірі қабылдайды. VIII кезекті аламан айтыс Орал қаласында өткелі отыр. Бұл туралы халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман мәлімдеді.
Жақында Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында ақындар айтысы өткен болатын. Осы кешке құрметті қонақ ретінде қатысқан Жүрсін Ерман биылғы «Алтын домбыраның» Оралда өтетінін айтып, жергілікті жұртшылықты қуантып қайтты.
Алғаш рет, 2012 жылы алты ақын Астанада бас қосып, «Алтын домбыраға» таласқан еді. Ол кезде Мұхтар Ниязовтың жолы болған. Содан бері жеті мәрте өткен аламан айтыстың қызығы мен шыжығы көп болды. Дау-дамайға қалған кезі де аз емес. Әділқазылар алқасына айтылар сын өз алдына, кейде тіпті айтысты ұйымдастырушылар мен айтысқа қатысқан ақындардың өзі жанкүйерлердің сынына қалды. Мәселен, 2017 жылы Ақтөбеде өткен айтыс төңірегінде айтылар сөз көп. Тіпті, бұл аламанға айтыстың жанашыры Жүрсін Ерманның өзі қатысқан жоқ.
*Мәтіннің жанрын анықта------------------------------------------------------------------
* Мәтіннің публицистикалық стильдің қай түріне жатады?-------------------------
Мақаланың екі түрін «+» белгісімен белгіле.
* проблеммалық мақала – шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет етеді, теориялық және практикалық мәселелерді көтереді
сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау
* публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды баяндайды
Айтылым.
Диаграмманы пайдаланып, «Айтыс- сөз өнері» тақырыбына жұпта диалог құр.
2-тапсырма.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Ұпай |
Білім алушы | |||
Публицистикалық стильдің / мақала, интервью/ тілдік ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды | 1 | Мақаланың жанрын анықтайды | 1 |
Публицистикалық стильдің түрін анықтайды | 1 | ||
Сұхбатқа байланысты бірінші ерекшелікті анықтайды | 1 | ||
Сұхбатқа байланысты екінші ерекшелікті анықтайды | 1 | ||
Кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға береді. | 2 | Жұпта диалогқа түседі | 1 |
Диалог барысында диаграмманы пайдаланады | 1 | ||
Айтыстың түрлері туралы ақпаратты кеңінен қолданады | 1 | ||
Айтыстың ерекшелігі туралы айтады | 1 | ||
| | | 8 |