Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2982

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.

  1. Оқиға, оқиғаны баяндау

  2. Факті

  3. Тек қана субъективті көзқарас

  4. Автордың ішкі сезімін баяндауы [1]


4. Айдын Айымбетов туралы 2 ақпаратты келтір.

1. ____________________________________________________________

2. ____________________________________________________________ [2]

Жазылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз [10]
1. Мектебімізге өзіміз қазақ тілі мен әдебиеті сабағында өткен Ринат Зайытов келді делік, кездесу жоғары дәрежеде өтті. Сол туралы жергілікті «Егеменді Қазақстан» газетіне мақала жаз.

2. Мектебіңізде Ғарышкерлер күніне орай көрме өткізілді. Көрмеге сен де өзіннң жобаңды ұсындың делік, сол туралы көрме ұйымдастырушысынан сұхбат ал.

Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Баяндауда сөйлеу мәніріңізге көңіл бөліңіз. Сөздерді орфоэпиялық норма мен үндестік заңдарына сай айтуға тырысыңыз.

[10]
1. Айтыс өнерінің кешегісі мен бүгіні

2. Байқоңыр айлағына мен де үлесімді қосқым келеді

3. Мен үшін Мәңгілік елдің нұрлы жолының маңызы


Балл қою кестесі

Балл қою кестесі

Тыңдалым.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

Елбасы «Мәңгілік ел» стратегиясында жеті құндылық туралы сөз қозғайды

1

5

2

Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

2

3

Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Т

өртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.

Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

2


Оқылым.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

с

1

5

2

c

1

3

в

1

4

Байқоңыр – ғарыш айлағы

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады./ өзге де оқушының жауаптары назарға алынады/

2





Тыңдалым.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

Елбасы

1

5

2

Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы..

2

3

Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият. Т

өртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.

Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

2



Оқылым.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

с

1

5

2

c

1

3

в

1

4

Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы

Қыргүйектің 2-12 дейінгі сапары барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер жасады.

/ өзге де оқушының жауаптары назарға алынады/

2





Жазылым.




Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады

Өте жақсы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді

Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Жазба жұмысы дұрыс жазылған, бірақ, кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді

2

Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған

Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы сақталмаған және аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ.

Жауап жоқ



Айтылым.




Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды және бағалайды.

Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателер кездеседі.
Кішігірім қателер түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Қүрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды.

Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді.
Қателер түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы. Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз

Жауабы нақты, тіл қолданысында қателер кетіреді. Жалпы қателер түсінуге кедергі келтірмейді

2

Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі. Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз

Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді

1

Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған. Тек негізгі ақпаратты береді. Көбіне ақпарат қажетсіз

Жиі қате кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтіреді.

0

Идеясын, ойын жеткізе алмайды

Сөз қолданысы сәйкес емес.



9-сынып. 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселеніболжау9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолданаотырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндерқұрастыру

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды

  • Сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады;


Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым

Айтылым
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
І – нұсқа
Тыңдалым.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тапсырмаларды орындаңыз.

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1893 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – татар, өзбек, түрік, қазақ, әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрк» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғырқағандығыкезіндеаяусызқиратылған.


  1. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжаңыз. Себебін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды бірінші бағанға жазыңыз.

Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер: көне түркі жазуы,түрік ғалымдары, зерттеушілер,таралу аймағы, аударма, руна жазулары


  1. Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.