Файл: Сауат ашу негіздері дістемелік нсау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 373

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жұмбақ:

Маңдайы бар, тілі жоқ,

Құлағы бар, үні жоқ.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

Қос қолға киемін,

Жып-жылы жүремін.


  1. Негізгі кезең:


– Балалар, сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, мен сендерге ертегі жазылған үнтаспа сыйлаймын.
Балалар Жұмбақбай атаның жұмбағының шешулері қандай дыбыстан басталады? Өткен тақырыбымыз "Қ" дыбысы болатын. Айтыңдаршы, "қ" дыбысы қандай дыбыс, қандай түспен белгілейміз?
– Балалар, "Қ" дыбысы – қазақтың төл дыбыстарының бірі. "Қ" дыбысын анық, таза айтуға тырысайық.
Тіл ұстарту:

Қа-қа-қа –

Бақылайды бақа.

Қа-қа-қа –

Атам берді соқа.

Ақ-ақ-ақ –

Басыңа қонсын бақ!
Гүлденіп кетті бақ.

Әжем маған жақ.

Боларсың әркез сақ.

Секіреді лақ.

Шұнаңдайды лақ.

Сылдырлайды бұлақ.

Дидактикалық ойын:"Жалпы атауын ата".
Педагог балаларға допты лақтырып, сөздер айтады, допты қағып алған бала сол сөздердің жалпылама атауын айтады. Қ дыбысының нешінші тұрғанын табады.
30

Мысалы: Қызыл, жасыл, сары, көк – түстер.

Қоян, қасқыр, түлкі –

Қас, көз, қол –

Қызғалдақ, түймедақ, раушан –

Май, шай, нан –
Сергіту сәті:

Қанатымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жұлдыздай жылдам ағамын.
– Балалар, қазір мен Қ.Мырза Әлидің «Құттықтау» өлеңін оқимын. Өлең жолдарында "қ" дыбысы естілсе, қол шапалақтай отырыңдар.
Қуанышы баланың –

Қуанышы ананың.
Қуанышы ананың –

Қуанышы баланың.

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын "апатай",

Құтты болсын мерекең!

Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:

Ұнды қолмен аламыз,

Бетіне тұз саламыз.

Жылы суды құйып ап,

Араластырып қоямыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс. №15 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Бізге қонаққа кім келді? Жұмбақбай атаның жұмбақтары сендерге ұнаса, бәріміз бірге қол шапалақтайық.

17 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі:Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «М» дыбысы

Мақсаты: "М"дауыссыз дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Буындарды және қысқа сөздерді айтқызу. Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Саусақ моторикасын дамыту. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

жасайды: дыбыстық талдау жасайды;

түсінеді: дыбыстардың жасалу жолын;

қолданады:сөздерді буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
жұмыс дәптері, қолайна, малдардың, мысықтың суреттері.
Сөздік жұмыс: мөңірейді.

Билингвалды компонент: мысық – кошка, марғау – котенок, маса – комар.
ҰОҚ барысы:
31

  1. Ұйымдастыру кезеңі


– Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Ол өзімен бірге бір дыбыс ала келіпті. Бірақ, ол бізге қандай дыбыс алып келгенін айтпаймын дейді. Ол үшін біз оның тапсырмаларын орындауымыз керек. Қоржынның бірінші басында тапсырмалар, екінші басында асықтар бар. Сұраққа жауап берген балаларға бір-бір асықтан беріп отырады.

2. Негізгі кезең:

– Мына қоржын ішінде бірнеше тапсырмалары бар.

– Мынау не?

– «Мысық» сөзі неше буыннан тұрады?

– Мысық қалай дыбыстайды?

– «Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
– Дұрыс айтасыңдар, «М» дыбысын естіп тұрмыз. «М» – дауыссыз дыбыс. Кәне, қолайнамызды алып бәріміз бірге «М» деп айтайық.
«М» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады. «М» дыбысының жасалу жолы осындай.
– Енді «М» дыбысынан басталатын сөздер айтып көріңдер.

– Сол сөздерді буынға бөлейік.

– Балалар, сиырға ұқсап дыбыс шығарып көрейікші.

– Бұл да «М» дыбысынан басталып тұр.
– Міне, сендер айтқан малдардың, мысықтың суреттері. Осы суреттерге қарап, сөйлем құрап беріңдерші?
Билингвалды компонент: мысық – кошка, марғау – котенок, маса – комар.

– Енді орнымыздан тұрып, бойымызды сергітейік.
Сергіту сәті:

Ақ лақ
Жүні жібек шудадай,

Ақ мүйізді аппағым,

Үстіңді жүр былғамай,

Баспа жердің батпағын.

Аяғыңды аңдап бас,

Тізеңді тас тілмесін.

Бөрі көрсе аямас,

Сайға сүйреп жүрмесін.

(С.Оңғарбаев)
– «Маса», «мама», «мата» сөздерін буынға бөлейік. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.
– Балалар, «маса» сөзінде неше дыбыс бар?

– Бұл сөз неше буынға бөлінеді?

– Енді дыбыстардың дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықтап алайық.
– Мен сендерге өлең оқып беремін, қай жерде «М» дыбысынан басталған сөздер бар, есте сақтап отырыңдар.
Сиыр
Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Керілген желін, сала емшек,

Сауғанда жаның сүйсінген.

Ірімшік пенен құрт, майы,

Жегенде тілді үйіреген.

(Б.Ысқақов)

«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.


32

Ойын шарты: педагог балаларға «М» дыбысынан басталатын сөздерді тез ойлантып айтқызады. Сөз айтқан сайын бір қаламнан қолдарына ұстатып отырады. Қай бала көп сөз айтса, соның қаламы көп, демек жеңімпаз атанады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №17 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі сабақта қандай тапсырма ең қызықты болды?

18 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: «М» дыбысы.

Мақсаты: "М"дауыссыз дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Буындарды және қысқа сөздерді айтқызу. Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Тілдерін, саусақ моторикасын дамыту. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:

жасайды: дыбыстық талдау жасайды;
түсінеді: қысқа сөздер қандай болатынын;

қолданады: сөздерді буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, қиылып жапсырылған аққала суреті, смайликтер.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

– Балалар, өткен оқу қызметінде бізге кім қонаққа келді?
– Алдаркөсенің сендер, бір ғана тапсырмасын орындаған болатынсыңдар. Енді қалған тапсырмасын орындаймыз.
2. Негізгі кезең:
Педагог балаларға Алдаркөсенің тапсырмасы – жұмбақты жасырады. Жұмбақ.
1.Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат.
2.Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған.
– Балалар, «мысық», «мұз» сөздері қай дыбыстан басталады? Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
«М» дыбысы қандай дыбыс, дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Педагог «М» дыбысын өткен дыбыстарға қосып, сөз құратады. Мысалы: ма, маса, Марат, арман, мысық т/б сөздерді буынға бөлдіреді.
Дидактикалық ойын: «Аққала»
Ойын шарты: Тақтаның бетіне қиылып жапсырылған аққала суреті, жетіспейтін бөлігін тауып, көздерін жұмып апарып жапсырады.
Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға

Иіліп қол созамын
33

Аяғымның ұшына.

Дидактикалық ойын: «Ұшты, ұшты»
Ойын шарты: педагог ұшатын және ұшпайтын нәрселерді айтады. Мысалы: «Ұшты, ұшты – кітап ұшты немесе қарға ұшты».
Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады.

Саусағымда сақина

Санап көрші, кәнеки.

1, 2, 3 – бір, екі, үш –

Демалайық жинап күш.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 18 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

– Бүгінгі оқу қызметі түсінікті болса, бәрің қол шапалақтаңдар, ал түсінбеген болсаңдар, ренжіген смайликті көтеріңдер.


  • 19 ҰОҚ


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы:«Б» дыбысы.

Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлгізу. Көркем сурет бойынша әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Саусақ бұлшық еттерін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: саусақ бұлшық еттерін дамыту жаттығуын жасайды;
Түсінеді: дыбыстың дұрыс айтылу артикуляциясын;

Қолданады: сөздердер құрап, буынға бөледі.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: шулайтын.

Билингвалды компонент: бақа – лягушка.
ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

– Күз мезгілінің қазір қай айы?

Күз мезгілінің соңғы айы суық, ызғарлы, болып соңы қарға ұласады.

– Бүгін аптаның қай күні?
2. Негізгі кезең:

Осы кезде сарқыраған судың дыбысы естіледі.
– Балалар, тыңдаңдаршы ненің дыбысын естіп отырсыңдар? Тағы да ненің дыбысы естіліп тұр?
Осы кезде үстел үстіне бақа шыға келеді.

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Балалар, бақа бүгін алыстағы көлден қонаққа келіпті. Сендердің ақылды, білімді екендеріңді көргісі келеді. Сондықтанда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын сендер ойланып айтасыңдар.
Билингвалды компонент: бақа – лягушка. Жұмбақ.
Алыста көлде,

Кеште де, түнде.
34

Бақ-бақ етіп,

Шулайтын ол не?
– Иә, дұрыс айтасыңдар. Бақа сөзі «Б» дыбысынан басталады. Педагог бақа сөзін екі тілде айтады.
– Кәне, бірге «Б», – деп қайталайық.

«Б»дыбысының дұрыс айтылу артикуляцсиясы.

Ерін бір-біріне жабысып тиеді, дауыс екпінімен «Б» дыбысы пайда болады.

– «Б» дыбысын ұзақ айтуға келмейді «М» дыбысына ұқсап кетеді екен?

– Сондықтан да «Б» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па ?

– Иә, "Б"дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс.

– Ал дауысты дыбыстар қалай айтылады?

– Дауысты дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз?

– Ал дауыссыз дыбыстарды ше?

– «Б» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.

– Енді осы сөздерді буынға бөлейік.

– Ба-қа, бал-ға, бал-та, бұ-ғы.
Сергіту сәті:

Саусағымда сақина
Санап көрші, кәнеки,


1, 2, 3 – бір, екі, үш –

Демалайық жинап күш.
Тілге жаттығу жасату.

Ба-ба – бақа.

Та-та – тасбақа.

Дидактикалық ойын: «Жоқ дыбысты тауып айт»

Ойын шарты: педагог өлең оқып, соңғы дыбысын айтпайды. Балалар өздері қосып айтады.

Мысалы: Көлде жүрген бақ....
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 19 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалар оқу қызметін қалай түсінгенін білдіріп, смайликтер көтереді.

20 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «Б» дыбысы

Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлгізу. Көркем сурет бойынша әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

Жасайды: сөздерді буынға бөледі
Түсінеді: әңгіме құрап айтуды;

Қолданады: өткен дыбыстарды қатыстырып, сөз құрайды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.

Билингвалды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает.
35

ҰОҚ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызу.


Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қайырлы күн, балалар!
2. Негізгі кезең

– Балалар, өткен оқу қызметінде алыстағы көлден не келді?

– Бақа қалай дыбыстайды екен?

– Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?

– «Б» дыбысы қандай дыбыс?
– Енді мына көркем суретке назар аударыңдаршы. Билингвалды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает. Суреттегі көл жағасындағы бақа суретіне әңгіме құрату. Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Ойын шарты: педагог балаларға жан-жануарлардың, жәндіктердің аттарын айтады. Балалар сол жануар, жәндіктердің дауысын салып беру керек.
Сергіту сәті:

Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз,

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

Педагог балаларға «Б» дыбысы бар сөздерден сөйлем құратады, "Б"дыбысын сөз ішінен

табуға жаттығулар жасатады.

Дидактикалық ойын: «Не жетіспейді?».
Ойын шарты: педагог гүлдің, партаның , аққаланың, үйдің суреттерін тақта бетіне жапсырып қояды. Балалар жетіспейтін жерлерін апарып қосады. Мысалы: гүлдің жапырағы жоқ, партаның бір аяғы жоқ.
Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады.