ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1798
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өзін - езі бақылауға арналған сұрақтар.
1. "Зандылық","принцип" деген ұғымдарьшың мазмұнын анықтаңыз. Бұл ұғымдарды "тәрбие", "педагогикалық процесс" деген ұғымдарымен не байланыстырады?
2. Неге мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырудың зандылықтарын және принциптерін білуі керек?
3. Нақгылы жағдаяттар негізінде педагогикалық процестің заңдылықтарының ролін көрсетщіз.
4. Ұтаздар мен оқушьшардың іс - әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?
5. Әлеуметтік тәжирбенің мазмұы неден тұрады?
6. Адамзаттың әлеуметтік нормативтік мәдениеті қалай меңгеріледі?
7. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер
1. Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г. Костяшкин. М., 1972.
2. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т. 29.
3. Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5 М., 1958г.4.
117
Проблемы методологии педагогики, методологического исследования / Под ред. М.А. Данилова и Н.И Болдырева М., 1971.
5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы; Ғалым, 1998.
Өзіндік жұмыска арналған тапсырмалар
1. Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндық хронологиялық кестесін жасаңыз.
2. Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына жағдаяттарды талдап алыңыз.
3. Өзін талдау схемасын мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптерін басшылыққа алып жасаңыз.
4. Оқушылардың сыныптары мен өзіне қатынасын бағалау үшін керекті тапсырмаларды құрастырыңыз.
5. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама, талдау дайындаңыз.
6. Социограмма негізінде сыныптағы тәрбиелеуші тетіктердің әсерінің педагогикалық міндеттерін үішестіріңіз.
Реферат тақырынтары.
1. Педагогикалық процесте мұғалім мен оқушьшардың өзара әрекеттерінің мәні.
2. Зандылықтар және олардың педагогикалық процестегі ролі.
3. Педагогикалық процестегі заңдар мен заңдылықтардың өзара байл -ныстылығы.
4. Іс-әрекеттер тәсілдерін меңгерудің окушылардын педагогикалық процестегі белсенділігін дамытуға әсері.
5. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктерін реттеуде мұғалімнің рөлі.
118
2.3.1 Тәрбие максатынын әлеуметтік негіздері
Мақсаты: тәрбиенің әдіснамалық негізін айқындау.
Міндеттері:
а) Педагогика теориясы мен тарихвндағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсатынын дамуын ашып көрсету.
э) Тәрбие мақсатының мәнін ашу.
б) Жан-жақты үйлесімді тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұнының өзара байланысын ашу, тәрбиемен элеуметтендіру процесін үйлестіру.
Жоспар:
1. Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсатының мәселесі.
2. Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
3. Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
Негізгі ұғымдар; тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаның шымармашылық мүмкіншілігі.
Пәнаралық байланыс: философия, әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, педагогика тарихы.
Педагогика тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсщігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай
жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты джентельменді «өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адамды» қалыптастьфу. Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал
119
И.Ф. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А Дистервег «ақиқат, сұлулық және мейрімділікке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күпгі дамытан тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл ұстаным - тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тербие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын өлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты -қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. «Біз ақыл-ойдьщ дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды»- деп, КД. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты туралы тусінік. Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты - бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және
бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің
жүйесі. "
Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың,
ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді.
120
Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет
121
қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тірбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьшардьщ өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.
Қарым-қатьшастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Тәрбие және жеке тұлгалы әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
122
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі - құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.