Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1827

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


295

Генерациялау әдісінде ("идея әдісі") ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолын қарастырады. Мұны америкалық психолог А.Осборн ұсынған Бұл әдісте (мозговая атака) 5-6 адамнан құрылған топ әрекет жасайды. Бұл топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын және өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға алынатын, топтық эксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының өзіне тән көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты айқын, анықтағыш міндеті болады. Бұл әдіс тек қана идеяны бірлесіп талқылау мәдениетіне үйретпейді, ол сондай-ақ адамның шығармашылық потенциалын ашуға жәрдемін тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.

Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына 1950 жылдардың соңы мен 1960 ж. басында америкалық психолог У.Гордонның талқылауымен ұсынылған қатысушының ауыспалы (метафоралы) сезімді-бейнелі ойлауына тұтастай бағытталған ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет пен оқу зерттеушілік әдісі синектика негіз болды. Синектика жұмысын ұйымдастыруға келесі кезеңдер кіреді: 1) Мәселенің алғашқы қойылымы.

2) Мәелеге анализ жасау және қажетті хабарларды хабарлау. 3) Мәселені шешу мүмкіндігін түсіндіру. 4) Әрбір оқушының өз түсінігінде мәселені қалыптастыру. 5) Қалыптасқан мәселелердің ішіндегі біреуін бірлесе отырып талдау. 6) Бейнелі ұқсастықтың қозғалысы - синектика үшін шешуші кезең. 7) «Қиыстыру» мәселеге талап қоюда белгілі топтың дайын шешімі. Бірлескен жұмыс кезіндегі эксперттің рөлін мұғалім не дайындалған оқушы орындайды және олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.

Дискуссиялық оқыту. Бұл әдіс батыс еддерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің

пікірін бекітіп, көз қарасын дэлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы- бақылау.

296

Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.


Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама- қайшылықты және шашыраңқы. Сондықтан алдымен оппоненттерді сендіру керек. Мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етеді.

Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды

этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқа да пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуына бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі.

Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.

Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері - дербес, фронтальді, тығыздалған сауалнамалар жатады. Соңғысы дара жұмыстардың кателіктерін жоюға негізделген. 15-20 минут аралығында кішкене топтың оқушылары тақтага қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса,

кейбір оқушылар жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал мұғалім бүкіл осы жұмыстарды үйлестіріп тұрады.

297

Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады.

Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызбаларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса, мұны білімді тексерудің графикалық әдісі деуге болады. Бақылау кезінде оқушыларға кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графикалық жұмыс жасау ұсынылады.

Бағдарламалы оқыту әдісі. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене бөлшектерге бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған.



Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы әр түрлі ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясын игергеннең кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың үйымдастырылу тәсілі машинамен жэне машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да бағдарламалап оқыту тиімді.

Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Бағдарламалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу ұсынылады. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте өндіре алады.

Білімді беруді бақылау.

а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.

б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.

в) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс- тәжірбиелер өткізуде,

298

эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.

г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.

д) Текстік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.

е) Өздік бақылау-жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.

Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу күрделі, индикативты қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылықты оқушылардың өздігінен білімді

игеру мен оқу практикалык даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, окушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің шығармашылықтық ерекшелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.


Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы

мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының көлемінің күрделілігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы, сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі, психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының кұрылымы, өзара қарым-катынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқада өлшемдер,

299

көрсеткіштер, талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

І.Қазіргі дидактика «оқыту әдісіне» қандай анықтама береді.

2.0қыту тәсілдері деген не?.

З.Оқыту әдіснің негізделген классификациясын көрсет?

4.Әрбір оқыту әдісі қандай белгілермен сипатталады?.

5.0қыту әдісінің тарихи сипаты неге негізделеді?

б.Барлық оқыту әдістері қандай жалпы функциялар атқарады?

7.Мұғалім мен оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісін қолданды механизмін айтыңыз?

8.0қу танымдық іс-әрекетті қызықтыру мен ынталандырудан әдістің ерекшелігі неде?

9.0қу-танымдық іс-әрекетін тиімділігін арттырудағы бақылау мен өзін-өзі бақылауға сипаттама бер?

10.Мұғалім тиімді оқыту әдісін таңдауды қалай іске асырылады?

Әдебиеттер

1. Дидактика средней школы/Под.ред. М.М. Данилова., М.Н.Скаткина, М.1975.Гл.5

2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1976

3. Махмутов М.И Проблемное обучение. М., 1975

4. Паламарчук В,Ф Школа учить мыслить. М., 1986

5. Пуйман С.А. Педагогика. Основные положения курса. Мн., 2002

6. Сорокин Н.А. Дидактика, 1974 Гл.6

7. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. М.,1975

300

Өзіндік бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Мұғалімнің нақты бір сабақта оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда әр түрлі оқыту әдістерін таңдауын жазбаша түрде дәлелдеңіз.

2. Мұғалімнің күнделікті оқу жұмысында сөздік, көрнекілік, практикалық, индуктивтік, дедуктивтік және проблемалық- ізденіс сияқты оқыту әдістері қалай жеке неге үйлесетіндігін дәлелде.


3. Мұғалімнің күнделікті оқу жұмысында ұтымды әдістерді пайдалануын негіздеңіз.

4. Оқыту әдістеріне әр түрлі жіктемесіне салыстырмалы баға беріңіз.

5. Дамыған шет елдердегі орта мектепте қолданатын әдістерінің схемасын келтіріңіз.

6. Нақты бір тақырыпқа сәйкес оқыту әдісіне мысал келтіріңіз.

7. Оқушылардың танымдық мүмкіншілігіне қарай видеоматериал арқылы мұғалімнің шығармашылық ізденімпаздығының ерекшелігін көрсетіңіз.