Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1796

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


306

оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытыңды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материал-дар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте

бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіңдік жасайды.

Оку белсенді тобыньгң мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безеңдіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стеңділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетеңцер, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал-жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оку кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Атап айтқанда, мұндай жұмысты жүргізу үшін компьютерлік құралды, окушылардың потенциалын белсенді пайдалану қажет.

Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистенттер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.

307

Ассистенттің рөлі

А

С

С

И

С

Т

Е

Н

Т

- сабақты даярлау бойынша пән мұғалімінің көмекшісі.

- кажетті көрнекі оқу құралдарың, техникалық, дидактикалық құралдарды дайындау.

- тақтамен жұмыс жүргізу үшін барлық қажеттілікті, материалды жазып алады, мұғалімнің көрсетуімен сабақ паспортындағы (сабақ жоспары, үй тапсырмасы, алдын-ала тапсырманы және т.б.) дайындайды.

- окушылардың жұмыс орнының дайындығын (дәптерінің бар-жоғын, күнделігін, оқулығы, бұйымдарының) тексереді.

сыныптағы жабдықтардың сақталуын қадағалайды.

- оқушылараға дидактикалық материалды таратуда және жинауда мұғалімге көмектеседі.

- таратылған дидактикалық материалдар, көрнекі оқу құралдарын дайындауда, компьютермен интернетке шығудың жұмыс кестесін құруда және т.б. кабинеттін кенес мүшелерімен бірге мұғалімге көмектеседі.

- сабаққа қажетгінің бәрін дайыңдауға мүмкіндік беретін кабинеттін жабдықтарын жақсы біледі.

- ұжымның алдында немесе оқу кабинетінің кеңесінің отырысында өзінін қызметі туралы мерзімді есеп береді.


Кеңесші - пән бойынша (тіпті жеке такырып бойынша) жақсы үлгерім көрсетуші окушы ол өз сыныптастарының оқуларына көмектеседі. Ол әдетте бір жылға ғана бекітіледі; олар тақырып бойынша, басқа оқушыларға қарағанда бұрын орындалған белгілі бір тапсырма бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Негізгі кеңесшіні оқушының жеке келісімімен, мұғалімдердің мақұлдауымен, сыныптық ұжымның ұсынысымен

оқу комитеті (немесе басқа мектепте жұмыс істейтін басқа да өзін-өзі басқару органдары) тағайындайды. Оның міндеттері - түсіндіруші қызметін атқару, оқушының немесе топтың білімін бақылау және тексеру, соңдай-ақ әртүрлі оку тапсырмаларын орындалуының дұрыстығын тексеру. Мұғалімнің берген тапсырмасын белгілеу үшін арнайы дәптер арналады және сабақтағы жұмыстар бойынша, тақырып бойынша есепке алу карточкасы жасалады және т.б.

Кеңесшінің дәптері

Тапсыр-

маны алу

мерзімі

Кіммен

бірге

дайынд-алады.

Оқушы-

ның аты-

жөні

Тапсырманың

мазмұны

(бөлім,

такырып,

тармақша,

міндеттерінің

реті және т.б.)

Сабақтың

күні және

сағаты

Кеңесш-інің бағасы

Мұғалім-

нің бағасы

Ескеру


Кеңесші жұмыстары сабақта және сабақтан тыс уақытта да жүргізілуі тиіс.

308

Нақты бір тақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның жұмысын сабақ үстінде белгілі бір тапсырманы өз уақытынан бұрын тиянақты орындаған оқушы да ұйымдастыра алады. Мұғалім оған жұмысы тексерілуі тиіс және белгілі бір көмек көрсетілуі тиіс оқушының аты-жөні жазылған карточканы береді. Кеңесші құрбысының орындаған тапсырмасын тексеріп, ол жөніңде карточкаға белгі қойып, оны мұғалімге өткізеді. Осылайша бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Сабақ соңында мұғалім міндетті

түрде кеңесшілердің немесе белгілі бір тақырып бойынша кеңесшілердің жұмыстарының сапасы және қойылған бағалар жөнінде түсінік береді.

Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс-әрекеттерінің барысына, сыныптық, мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсеңді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ- ұжымдық оқу іс-әрекеттері барысыңда қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір педагогикалық талаптарды орындағанда белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің педагогикалық тұрғыда жетекшілік етуі. Сонымен бірге белсенді оқушылар мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсетуі керек; белсеңді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіңдіктері

мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамыту бағалы, дидактикалық және тәрбиелеік міндеттерді шешуге көмектеседі.


309

Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардын көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3-8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұымдастыру формасы ретінде түсіңдіруге болады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.КДьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есптерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істетуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екеңдігін көрсетті.

Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысыңда берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құңдылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарыына барынша сәйкес келеді.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен байланысты. Зерттеушілер (И.Т.Волков, Х.Й.Лийметс, В.Оконь, А.М.Раевский) оларға топтар құру, топтық жұмыстардың нәтижелілігінің критерийлерін анықтау, оқушыларға тақырып мен тапсырмалар

таңдау, дидактикалық материалдар дайыңдау, оқу топтарындағы оқушылардың өздерін өздері басқаруының рөлі, оларды орналастыру сияқты проблемаларды жатқызады. Оку пәндеріне жасалған талдау топтық


310

жұмыстар арқылы әрбір пәннің менгерілу мүмкіндігі әртүрлі. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тақырыптары бар.
Топтық жұмыстың құрылымы

Топтық жұмыс

1

II

III

Кіріспе бөлім (мотивациялық-ұйымдастыру сұрақтары)

өзіндік топтык жұмыс (топтағы оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру)

корытынды бөлім (тұжырымдамалар, жұмыс нәтижелері)

- танымдық міндеттерді мұғалімдердін белгілеуі;

жұмыстың

бірізділігінін нұсқасы;

дидактикалық материалдарды тарату.

алынған міндеттермен танысқан сон топ жұмысын жоспарлау (мүмкін консультация, мұғалім көмегі);

-топ ішінде алынған міндеттерді бөлікке бөлу.

- әрбір оқушылар өзіндік міндеттерін жеке орындау;

жұмыс нәтижесін жеке талқылау;

- берілген міндеттерді жалпы қорытындылар.

- әрбір топтың хабарламасы (кеңесші немесе әрбір топтық мүшесі, барлық топтар);

- әрбір топтың жұмысына сараптама;

қойылған міндеттерді орындау туралы қорытындылар;

-берілген міңдеттердін нәтижелілігі.

Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы

тиіс:

- әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің

шеңберінде топтың құрамы жеке окушылардың ілгері басуын ескере

отырып анықталуының қажеттігі;

- математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша топтар

оқушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне

қарай құрылғаны орынды (гомогеңді топтар);

- әдебиет, тарих, география пәндері бойынша топтар оқу жұмыстарының

қарқыны, әртүрлі окудан тыс ақпараттардан хабардарлығы бойынша көп

жекеленбейтін оқушылардан құрылғаны орынды;

- оқу топтарын жинақтауда оқушалардың өзара қарым-қатынастары да

ескерілуі тиіс.

Әртүрлі кұрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан кұралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топтарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан

311

құрылған топта әрбір оқушының өз шкірін айтуына мүмкіндік болмайды.