Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1797

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Реферат тақырыптары

1. Оқыту әдістерін іріктеу мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен негізделеді.

2. Дарынды балаларды оқытудың проблемасы.

3. Үлгермеушіліктің жолын болдырмау.

4. Тәрбиесі кем балалардың диагностикасы және оқуда оларға көмектесу шаралары.

5. Оқушыларды сабақта артта қалдырмаудың психо-педагогикалық бағыттары.

6. Сабақта мұғалімнің оқыту іс-әрекеті және оқушылардың белсенді танымдық жұмысы.

7. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына педагогикалық басшылық.

8. Мұғалімнің оқыту әдістерін шығармашылық түрде таңдауы.

301

2.13. Оқушылардың ұжымдық- танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту үшін педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды кұралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудын қажеттілігін негіздеу.

Міндеттері:

а) жеке тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтардың және оларды шешетін механизмдердің рөлін қорғаушы күш ретінде көрсету.

э) ұжымдық - танымдық іс-әрекеттің мәнін ашу.

б) ұжымдық-танымдық іс-әрекеттердің әлементтеріне жұмыстың негізгі түрлеріне сипаттама беру.

Жоспар:

1. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттер

жөнінде түсінік.

2. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің тәрбиелік

мүмкіндіктері.

3. Оқу белсенді топтарының жұмысы.

4. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдар: даму, қарама-қайшылық, дамытудың қозғаушы күштері, біріккен іс-әрекет, ұжымдық танымдық іс-әрекет, ынтымақтастық, жұптар, топтық жұмыс, кеңес беруші, ассистент, қоғамдық байқау.

Пәнаралық байланыстар: философия, психология, педагогика

тарихы, әлеуметтану.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік. Дилатиканың қарама-қайшьшықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар


302

бұл қарама­қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.

Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Ильенков). Қарама-кайшьшық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда больш "адам-адам" жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

Оқу процесінің субъектлерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесіңде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі.



303

Бұл мәселелердің теориялык әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Казіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін

жұмыстар, интеллектуалдық құңдылықтармен алмасу мүмкіңдіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объекгілері тұрғысындғы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекет-тердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъекг позицияларьш қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы окушылардың біріккен іс-әрекеті.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі,

Окушылардьщ ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамьпуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөніңде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмекгесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық

іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіңдік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргзілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89 %-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оку іс-әрекеттерін ұйымдастырудың


304

мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздык танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Казіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың ингелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділікгерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекгі дидакгикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдьгқ танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмекгеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар «барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті онды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтык мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты Қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекгі позициясының қалыптасуына көмектеседі.


305

Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысыңда пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Оқу-танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіңдік және біріккен іс-әркеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:

- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының коғамдық

маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің

біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды

меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға

тиімді бөлініп берілуі;

- іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің

және тәуелділіктің пайда болуы;

- бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың,

оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау

жасауларының қажеттігі;

- бірыңғай кеңістіктің' болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-

әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

- жалпы нәтижелердің болуы.

Алайда күңделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдык

жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасыңдағы қарым-қатынастың өзіңдік сипаты мен әр алуандығы байқалады.

Оқу белсенділерінің жұмысы. Ұжымдык танымдық іс-әрекет

сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсеңділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсеңді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсеңділердің, оку ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсеңді тобының қызметін оқу ісінін меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек,