Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1792

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістіктікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардын өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардын арасында барынша белсенді байланыс орнайтыңдығына көз жеткізілді.

Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.

Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізіне сабақтардағы окушылардың өзара ықпаддастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:

1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылған фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т.б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдьгқ принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауаддар, кеңесші тарапынан қойылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабакқа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнін қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау, тіддік сабақтарда диалог жүргізу, топтық сабақтар, әңгімелесу — "дөңгелек үстел", пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс-диалог және т.б.)

3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше

312

орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т.б.

4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.


5. Оқушылар кездесуі.

6. Білімді қоғамдық байқауы.

Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекілі білім беру формаларының бірі болып табылады. Алдайда оның (форманың) мүмкіңдіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істемейді. Бұл объективті мұмкіндіктер оқушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады, өйткені олардың білім алу және өзара

қарым-қатынастарының сипаты жеке түлға, іс-әрекет субъектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып абылады, Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әекет элементтерін пайдалану маңызды.

Ұжымдық оку жұмыстарын ұйымдастырудьщ психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінле қалыптасырып дамытуға мүмкіңдік жасайды.

Бұл педагогикалық процесті құра білудегі іскерлік пен білімділікті меңгерген, оның мүшесі ретіңдегі ынтымактастықты ескерген ұжымдық танымдық іс-әрекет технологиясын пайдалана алатын мұғалімге байланысты.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1) "Дамыту" ұғымы мазмүнын ашып көрсетіңіздер.

2) Дамытудың қайнар көзі, қозғаушы күші не?

3) Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашьш- . көрсетіңіздер.

4) Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшыльгқтарға сипаттама беріндер.

5) Ұжымдық танымдық іс-әрекет мәнін ашыңыздар.

6) Ұжымдық таньгмдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беріңіздер.

7) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамьпушылық, тәрбиелік мүмкіңдіктерін негіздеңіздер.

8) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белсенді оқу топтарының рөлін көрсетіңіздер

313

9) Оқушылардың социометриялық статусын, өзін-өзі бағалауын түзету үшін ұжымдық сипаттағы жұмыстар түрлерін пайдаланудың маңыздығын дәлелдеңіздер.

Әдебиеттер

1. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки

учения школьников. М., 1984.

2. Виноградова М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная



деятельность и воспитание школьников. Из опыта работы.М., 1977.

3. Дежникова Н.С., Первин И.Б. Товарищеская взаимопомощь

школьников. М., 1981.

4. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе

учебной работы. М., 1991.

5. Загвязинский В.И. Движущие силы учебно-воспитательного процесса.

Тюмень, 1978.

6. Лийметс Х.Й. Групповая работа на уроке. М., 1975.

7. Маргулис Е.Д. Колективная деятельность учащихся. Киев, 1990.

8. Совместная деятельность: методология, теория, практика. М., 1988.

9. Хан Н.Н. Научно-практическая основы сотрудничества и его

реализация в педагогическом процессе школы. Алматы, 2000.

10. Цукерман Г.А. Зачем учиться вместе? М., 1985.

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

1) Ұжымдық жұмыстар түрлері бойынша қысқаша түсініктері бар

картотека жасаңыздар.

2) Кеңесшінің және басқа да белсенді топ мүшелерінің жұмыс істеу

ережесін дайындаңдар.

3) Белгілі бір пән бойынша сабақтан тыс ұйымдастырылатын ұжымдық

танымдық іс-әрекеттер үшін тапсырмалар таңдап жинақтаңыздар.

4) Нақты пән бойынша жалпы және арнайы біліктер тізімін дайындандар

және олармен ұжымдық танымдық іс-әрекеттермен айналысатындардың

білуінің тиімділігін негіздеңіздер.

5) Ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтері мен оның түрлерін

пайдалана отырып қайталау қорытыңды сабағының жоспар-

конспектісін жасаңыздар.

6) Топтық жұмыстардың және олардың түрлері пайдаланьшған

сабақтардың фрагменттерін дайындаңыздар.

314

7) Сынып оқушыларының социометриялық статусын анықтаңыздар және жеке оқушылардын социометриялық статусына түзетулер енгізудің мүмкін тәсілдерін жобалау.

8) Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұжымдық танымдық іс-әрекеттерге байланысты тапсырмалар тандап алыңыздар. Ұжымдык танымдық іс-әрекетті пайдалана отырып сабақтың конспектісін жасап, оны қорғаңыздар.

9) Педагогикалық процестегі ұжымдық танымдық іс-әрекет бойынша жаңа жарық көрген басылымдар бойынша ақпараттар дайындаңыздар.

Реферат тақырыптары

1. Халықтық дәстүрлердегі педагогикалық ынтымақгастық ретіндегі

біріккен іс-әрекет.

2. АС.Макаренко еңбектеріндегі педагогикалық ынтымақтастықтың

дамуы.

3. В.А.Сухомлинскийдің ынтымақтастық идеясының іске асырылуы.

4. Шетел педагогикасыңдағы тәрбиелеу процесіне қатысушылардың

біріккен іс-әрекетттері идеясының дамуы.


5. Жаңашыл мұғалімдердің "ынтымақтасық педагогикасы" идеясын

жүзеге асыруы.

6. Педагогикалық процесс қарама-қайшылықтарын шешу құралы ретіндегі

біріккен іс-әрекет.

7. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестегі

ынтымақтастық технологиясы ретінде.

8. Ұжымдық танымдық іс-әрекет жағдайында белсенді оқу

топтарының мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастыру.

9. Оқушылардың өздерін-өздері бағалауы және оны ұжымдық

танымдық іс-әрекет барысында қалыптастыру.

10. Ұымдық оқу жұмыстарында оқу-танымдық біліктерді

қалыптастыру.

11. Оқу кездесулерін ұйымдастыру және олардың оқушы

ұжымдарын дамытудағы мүмкіндіктері.

12. Сабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі.

13. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер арқылы оұушылардың

социометриялық статусын қалыптастыру.

14. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің білімдік және

тәрбиелік мүмкіндіктері.

315

2.14 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру

Мақсаты: білім жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау.

Міндеті: а) «Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі», «іскерлік әрекеті» ұғымдарының мәнін ашу;

э) оқушыларды мектептегі танымдык әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге шолу;

б) педагогтар тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.

Жоспар:

1. Танымдық белсенділіктің мәні.

2. Оқушылардың оқу-танымдык әрекетіндегі белсендірудің құралдары.

3. Педагогтардың оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру тәжірибесінен.

Негізгі ұғымдар: таным, іс-әрекет, танымдык әрекет, танымдық белсенділік, танымдық әрекеттің белсенділігін мотивтендіру, түрткі, модернизация - қазіргі жағдайға сәйкестендіру, алгоритмдеу, компьютерлеу, дифференциалдау, проблемалап оқыту, бағдарламалап оқыту, кәсіби мамандыққа оқыту.

Пәнаралық байланыс: білім және ғылым философиясы, психология, педагогика тарихы.

Танымдық белсенділіктің мәні. XX ғасырдың 70-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдырудағы оқу

процесін белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидактикалық зерттеулердің көлемі айрықша өсті. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына бағыттаған Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік - (қарқындылық, беріктік, төзімділік) білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру - бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті,


316

мазмынды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.

Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.

Белсенділіктің негізгі мақсаты - оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Қазіргі кезде танымдык белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белігілі болып отыр. Кейбір зерттеушілер танымдык белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері - сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдык іс-әрекет» және «танымдык белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.

Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі - терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуге МА.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты.

Оку белсенділігінің әдіснамалық негізі - таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты - жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсеңді танымның ерекшелігін

түсіну үшін, ең алдымен таным процесінің ағымдық сипаты мен субъектінің бір-бірінен ерекшеленген толық бейнесін, таным субъектінің санасындағы шынайы дүниенің бейнеленуінің (репродуктивті және продуктивті) екі деңгейін белгілеу қажет. Таным объектісі (оқу материалы) репродуктивті деңгейде сырттай қалай берілсе, онда сол күйінде қабылданады. Кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Оқушының білімді және әдістерді меңгерудегі

317

мақсатты бағытталған еске түсіру іс-әрекеті оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады (мысалы, оқушының шынайы оқу қабілеті жоғары болғанымен, оның төмен көрсеткіш көрсетуі). Сонымен бірге еске түсіру - жаңарту әрекетінің басқа элементтерінің сипаты болуы мүмкін (Т.И.Шамова). Дидактикалық тұрғыдан еске түсіру әрекеті бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануы-нан, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орыңдау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі - бұл нәтижелі белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен субъектінің (оқушының) таным объектісіне (оқу материалына) деген жаңаша қарым-қатынасы. Бұл әрекет барысында ықпал жасау объектісі ғана емес, сонымен бірге оқытудың мақсаты үшін оқушы - субъектінің ықпал жасауы өте маңызды. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып-үйреніп жатқан материаддың мазмұнына тың мәселелерді көтеріп, жаңа сұрақтар қояды, оны шешуде жаңа әдіс-амалдарды іздейді. Таным процесі оқушылардың құбылыстар туралы терең білуі ғана емес, меңгерілген білімнің және таным процесінің өзіне деген тұлғалық қатынасын қалыптастыру және оны ерекше ұғынуы. Сонымен қатар, белсенді танымдық- әрекетте, білімді, дағдыны және іскерлікті меңгеріп қана қоймай, таным нәтижесінне және процеске деген әсерлі - бағалау қатынасын орнату. Оны мына үлгіден көруге болады. (Сурет-