Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1788

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек тоериялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.

- Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша іпtеrеst – мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выготский: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек» , - деген.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерінің пәнін оқушьшар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық

325

әесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әустігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

Танымдық іс-әрекетке деген қызығушьшықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауіп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.

Олардың кейбіруін нақтырақ қарастырайық.

а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік - адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта - басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.


э) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек - оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) «Тәуекелшіл-балалар» (дети риска) диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категория - «қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар - дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер

326

балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «тәуекелшіл балалар» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары байқалмайдаы. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «тәуекелшіл балалар» бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ке жуығын құрайды.

«Тәуекелшіл балалармен» жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қаматасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік ахуадын және толғаныс сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп-сыптау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой ұру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.


в) «Жасырын үлгермеушілікті» жеңу. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендейді. Ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін, егер мұғалімнің сабақ беру деңгейі олардың қабілеттілігі мен қажеттіліктерінен төмен болса, мұндай жағдай «жасырын үлгермеушілік» феномені пайда болады, яғни қабілетті баланың оқу нәтижелері оның мүмкіндіктері-мен сәйкес келмейді.

Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның «ақыл-ой күші», «ой өрісінің жоғары көрсеткіші» сияқты бірыңғай түсіндірмесінен әлдеқайда алшақтатып жібереді. Дарындылық қызығұшылық тұрақтылығы, мақсаттылық, өз күшіне деген сенім сияқты даралықтың, жеке тұлғалықтың көптеген сипаттамаларынан тұрады. Соңғы он жылда әртүрлі әдістердің көмегімен дарынды балаларды іздеу өрісі едәуір кеңейді. Жекеменшік және

327

арнайы мектептермен қоса жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды табу мен оқытудың жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатыр. Оның қалыптасуына үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де жағдай жасайды. Мысалы, 1998 жылдан бастап Қазақстанда «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығы қызмет жасап жатыр, бұл Орталық дарынды балалармен жұмыс жүйесін қарастырады.

г) Профильдік оқыту, көбінесе, профильдік саралау негізінде білім берудің жоғары сатысында жүргізіледі. Профильдік оқыту келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.

Профильдік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, көркемдік-эстетикалық т.б.) оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, сондай-ақ, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, жергілікті білім беру жүйесінің құрылымын және әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектептің жоғары сатысының кәсіптік сипаты білім берудің мемлекеттік' стандартының негізінде лайықты бағдарламалар, соның ішінде авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады.

Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру.

Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқудың мақсаты - адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алады. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны ­біздің шәкіртімізді


328

ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды бірліктерімен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіру, сондай-ақ - оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні, міне осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-адамгершілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда аталып өткеннің бәрі шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.ААмонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Бітібаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақов т.б.). Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың педагогтарының иедялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.

Әрбір педагогтың тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:

- балаларға деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;

- оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;

- оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;

- оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;

- балалар ұжымына сүйену: сабақ - ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;

- оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере білу;

- бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер т.б.);

- оқушылардың ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;

- оқушылары ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.

329

Педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасында біріктіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оны әдістемемен бекіту қажет. Балатармен ынтымақтастықты жаңа тоқсаннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдар бойы жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.


Педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы - сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептегі балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақты сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімінің өз бетінше, дербес «табыскері» ретінде көрінеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білуі; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіуі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды тандауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.

Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп, оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылатын әдістерің алуан түрін жинақтаған. Алайда олардың ара қатынасы, артықшылғы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардын танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға кою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.

330

Ауызша баяндау әдістері мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар - оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар проблемалық сипатқа ие болып келеді. Проблемалық әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсынылып, оқушылар үшін проблемалық міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі проблема қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.

Проблемалық әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық кұралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, проблемалық және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрлі талқылауларына аударады.