Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1787

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орнымен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік конференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында «оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.

Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, өздігінен білім алуға, жүмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жүмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі - үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал

331

жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект - жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі бағыттан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық және шығармашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермен жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада, қазіргі әлеуметтік құбылыста, мектептің аса маңызды мәселесін шешуде «жеңіліске ұшырап қалуы» мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтын шығу жолын табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.


Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдары қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.

Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның

332

мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшше сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.

Осылайша, кешенді тұрғыда келу ғана оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Қазіргі заман мектебіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін

белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.

2) «Оқушылардың танымдық белсенділігі», «оқушылардың танымдық іс-

әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәнін, олардың өзара байланысы

мен өзгешелігін ажыратыңыз.

3) Оқушының танымдық белсенділігінің құрылымдық компоненттерін

атаңыз.

4) Оқушылардың танымдық белсенділігінде оқу мотивациясының қандай

манызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?

5) Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы

біліктерді меңгерумен байланысты екенін дәлелдеңіз. Басты, жалпы оқу

біліктерін атаңыз.

6) Оқыту процесіндегі субъект-субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту

процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?

7) Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық іс-әрекетін

қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың пәні бойынша репродуктивтік

және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.

8) Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігін қандай

белгілер арқылы білуге болады? Оларды қандай әдістер көмегімен

өлшеуге болады?

9) Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдерін,

формаларын, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздыз пәні

бойынша мысалдар келтіріңіз.

10)Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі

дидактикалық әдістерін атаңыз.

333

Өзіндік жұмыска арналған тапсырмалар

1) Оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру мәселесі бойынша

әдебиеттер тізімін жасаңыз.

2) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша жеке даралық тапсырмалар

құрастырыңыз.

3) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыратын екі-үш ойын құрастырыңыз.

4) Оқытылатын пәннің біреуі бойынша (математика, физика, биология,

тарих т.б.) мәселелік жағдайлар құрастырыңыз.

5) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша дарынды балаларға арналған

зерттеу тапсырмаларын құрастырыңыз.

Реферат тақырыптары

1. Іс-әрекет - оқушы жеке тұлғасының қалыптасуының негізі.

2. Танымдық іс-әрекет - жеке тұлғаның дамуының құралы.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық

сипаттамасы.

4. Таным мәні, оқьпу процесіндегі оқушы белсенділігі мен іс-әрекетін


белсендіру.

5. Л.В.Занков, В.В.Давыдов еңбектеріндегі дамытып оқыту идеясы.

Әдебиеттер:

1. Аристова Л.П. Активность учения школьника. М., 1988

2. А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын

қалыптастыру. Алматы, «Білім», 1994

3. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., 1980

4. Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной

деятельности с учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989

5. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников. /Под

редакцией И.В.Первина. М., 1985

6. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университеттер

студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998

334

7. Педагогический поиск. М., 1987

8. Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М.,

1999

9. Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в

обучении. М., 1965

10. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы,

1997

11. Харламов Й.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс,

1975

12. Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982

13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся

учебном процессе. М., 1979

14. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 19862.

335

2.15. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау

Мақсаты: оку-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалаудың негізгі әдістерінің сипатымен танысу.

Міндеттері:

а) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау ұғымын құру.

ә) Мектеп ішілік бақылау туралы ұғым беру.

б) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалаудың әдістерін пайдалану білігін қалыптастыру.

Жоспар

1. Бақылау мен есепке алудың мәні. Мектеп ішілік бақылау.

2. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.

3. Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.

4. Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, бақылау, бағалау, өзін өзі бағалау, өзара бағалау, мектеп ішіндегі бақылау, білім, білік және дағдылардың сапасы, оқушының тәрбиелілігі, психологиялық бақылау мен диагностика.

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, жеке әдіснамалық пәндер.

Бақылау мен есепке алудын мәні. Мектеп ішілік бақылау. Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдаларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.


Оқыту нәтижесін тексерудің мәні - оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.

336

Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда "педагогикалық диагностика" атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелілік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиагностикаға жақындай түседі. Оқыту процесіне қатысты "педагогика диагностикасы" атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды. "Бақылау", "педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу" сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады.

Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Оқушылардың білім, білік және дағдылары тексеруге жатады деп есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғаңдықтан, мектеп жетістіктерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек.

Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есепке алу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.

Мектептерде педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау - қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау -күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сиякты заңды тәртіп ретінде, бір бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан түрады.

Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:

1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді; ал талаптар жоғары