ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1784
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
337
болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
2. Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы мен анықтығы.
3. Оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі.
4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:
а) жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді;
ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас цедагогикалық ұжымның іс-әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Бақылаудың үш түрі бар:
1. Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу.
2. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу;
3. Қортынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесінде педагогикалық процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасыңдағы балалардың барлығына толық білім беру туралы белгіленген талаптарды _ орындау; мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау;
338
оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықталады); оқушьшардың тәрбиелілік деңгейі.
Аталып кеткен қортындыға байланысты мектеп құжаттарын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқыту процесінің даралануы (мектеп исихологінің қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.
Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты окушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есепке алу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтығы мен ғылымилығы -белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; білімдерді меңгеру саналылығы - оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға кешіре алуы; білімдер жүйелілігі - жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік - жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеггерінін қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері де тән.
Оқушылар білімінің, білік және дағдалырының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:- білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау
339
деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім санын еске түсіре алуын тексеру (бұл көбінесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);
- білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;
- білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру.
Оқушылардың білімінің, білік және дағдаларының сапасын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады:
1. Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
2. Тәжірибелік білік пен дағдаларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.
3. Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.
Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесі қалыптасқан: "5" -толық меңгерген (өте жақсы); "4" - жеткілікті меңгерген (жақсы); "3" - жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық); "2" - мүлдем меңгермеген (өте нашар).
Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады: k=Z/п, Z - "4" және "5" бағалары бар оқушылар саны, п - оқушылардың жалпы саны.
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесіне объективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетіне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.
Бақылау әдістері - оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мүғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы жүйелі, толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз
340
етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері бар: ауызша бақылау әдістері, жазбаша бақылау әдістері, тәжірибелік бақылау әдістері, дидактикалық тестер, бақылап-зерттеу. Кейбір зерттеушілер нәтижелерді зерттеудің басқа да әдістерін ұсынады.
Ауызша бақылау әдістері - бұл сұқбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжірибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негізін оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда бұл толығырақ, жүйелі баяндама) немесе мұғалім сұрақ қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы - сұқбаты құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нактырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлык оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді. Оқытудың белгілі бір уақыт аралығындағы білімді тексерудің ең тиімді де толық түрі сынақ (зачет) пен емтихан болып табылады.
Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) білімді меңгерудін терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді. Жазбаша жұмыста оқушы теориялық білімін де, оларды нақты бір міндеттер мен мәселелерді шешуде қолдана алуын да көрсетуі керек. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы оқушының жазба тілін игеру дәрежесі, мәтінді мәселеге сай, қисынды етіп сөйлем құрап, баяндай алуы, шығармаға, экспериментке, мәселеге баға бере алуы көрінеді.
Тәжірибелік бақылау әдістері көбінесе кәсіптік мектептерде (техникалык, медициналык, педагогикалық білім беретін) қолданылады, өйткені бұл әдіс негізінде оқушылар лабораториялык сынақтар жүргізеді, бұйымдар жасайды, аппарат монтаждайды.
Дидактикалык тестер оқыту нәтижелерін тексерудің ең жаңа әдісі (амалы) болып табылады. Дидактикалық тест дегеніміз -белгілі бір материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесін анықтайтын стандартты тапсырмалар жиынтығы. Тестердің артықшылығы оның шынайылығында,
341
яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:
- Оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек деректерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
- Алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
- Өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
- Білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерін ашуға мүмкіндік береді. Оқушының артта қалу себептерінің үш тобын ажыратуға болады:
1) Әлеуметтік-экономикалық - жанұя әл-ауқатының нашар болуы, жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйі де балаларға әсер етеді, бірақ ең бастысы - жанұя өміріндегі кемшіліктер.
2) Биопсихикалық сипаттағы себептер - мүрагерлік ерекшеліктер, қабілеттілік, мінез-құлық белгілері. Алғы шарттардың ата-ана арқылы берілетінін, ал қабілеттілік, әуестік, мінез-құлықтың осы алғышарттар негізінде өмір жолында дамитынын ескеру керек. Дені сау болып туған балалардың бәрінің әлеуметтік, жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкіндіктері бірдей екені дәлелденген.
3) Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбінесе қателіктердің, мектеп жұмысының төмен деңгейінің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалім жұмысы - оқушы дамуындағы шешуші фактор. Педагогтың өрескел қателігі оқушының оқыту процесінде алынған және кейде тіпті арнайы психотерапиялық көмек керек ететін психикалық дамуына әсер етеді.
Алайда бұл оқудағы сәтсіздіктің жалғыз себептері емес, оның басқа да себептері бар, мысалы, оқытудың қатал да бірбеткей жүйесі, оқытудың әдістері мен формаларындағы біркелкілік пен стереотиптілік, эмоциялардың бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелерді бақылаудың тиімді жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстіртін сабақ жүргізу.
342
Осылайша мұғалімнің дидактикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан жете білмеушілігі оқудағы сәтсіздіктерге әкеледі.
Үлгермеушіліктің дидактикалық себептерін жоюдың да амал-тәсілдері бар:
а) Педагогикалық алдын алу - орынды педагогикалық жүйелер іздеу, соның ішінде, оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
ә) Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерін жүйелі бақылау мен бағалау, қиыншылықтарды дер кезінде айқындау ретінде.
б) Педагогикалық терапия - оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
в) Тәрбиелік ықпал ету - жеке-дара жоспарлы тәрбиелік жұмыс.
Артта қалушылық - дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, медициналық және әлеуметтік-педагогикалық аспектісі бар күрделі мәселе екенін айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделі болу керек.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы білімін бағалау процесіне қатысты белсенді орынға қоятын әдістерді қолданады. Білім, білік және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзін өзі бағалау, бірін бірі бағалау. Өзін өзі бағалауда оқушы өз еңбегін өз бетінше тексеріп, бағалайды, бірін бірі бағалауда - сыныптастар бір бірінің жұмыстарын тексеріп, баға қояды.
Тексеру әдістерін таңдау тексерушінің өз алдына қойған мақсатгары және міндеттерімен анықталады. Оқу жұмысы жүйесінде қажетті жүйелілік пен окушылардың үлгерімі сапасын терең бақылауды қамтамасыз ету үшін білімдерді тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтірілген әдістерінің барлығы да қодданылуы керек.
Тәрбие жұмысыныңнәтижесін бағалау. Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болуы керек, бұл талдау негізінде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде жемісті екенін біле алады, ұйымдастыру шараларын жетілдіріп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға бйаланысты түзетулер енгізе алады. Педагогикалық талдау - бұл
343
тәрбиенің мәндік элементтерін бағалай отырып қарастыру.
Тәрбиелік процесті бақылау, ең алдымен, оқу процесінің барысында жүзеге асырылады, өйткені негізгі тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.