ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1782
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі. Оқушы тәрбиелілігі - оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижелілігін анықтау - оқушылардың тәрбиелілік деңгейін айқындау деген сөз.
Тәрбие жүмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелілік өлшемдер анықтау арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер екі үлкен топқа бөлуге болады, оның біріншісі жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқындаумен байланысты болса, екіншісі жекелеген белгілер мен қасиеттердің қалыптасуымен, тәрбиелік ықпал етудің белгілі бір әдістерін қолданумен байланысты аралық, жиі-жиі нәтижелерді тексеруге қатысты.
Аралық немесе қортынды кезеңдегі тәрбиелік процестің қортындысы мен нәтижесін талдау үшін қолданылатын бірінші топтың өлшемдері негізінде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкін. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесінде өзгеріп отыратын әлеуметтік тапсырыс анықтайды.
Екінші топ өлшемдерін келесі топтарға бөлуге болады:
а) Тәрбие нәтижелерінің сыртқы түрпішінде -пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрініс табуымен байланысты өлшемдер.
ә) Тәрбиешінің көзінен таса құбылыстармен, яғни сөзінде, қылықтарында, іс-әрекеттеріндегі сыртқы көріністерімен сәйкес келмейтін адамның себеп-саддарларымен, ішкі ұстанымымен байланысты өлшемдер.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет жемісі, немесе оның нәтижесі балалардың тәрбиелілігі болып табылады. Балалардың тәрбиелілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, педагогтің кәсібилігінің бағасы соғұрлым жоғары
344
болады. Алайда мәселенің мұндай қойылуы әділетсіз көрінуі мүмкін, өйткені педагог алдына келген балалардың өзінің мектепке дейінгі өмірінің нәтижесі ретіндегі тәрбиелілігінің деңгейі әртүрлі болады: бір топта -ақылды, мейірімді, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта - дамымаған, агрессивті, күтім көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арқауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесі де әртүрлі болады.
Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы - тәрбиелік процесті бағалау өлшемдерінің үшінші тобын енгізу - балалардың өзгеру мөлшерлері, "қандай болды" және "калай өзгерді", даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бір бірімен емес, тек оларды өткендегісі мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсіби әділеттілік сақталады.
Тәрбие нәтижелерін бағалау мәселесінде оларды өлшеу амал-тәсілдерін іздестіру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелілігін бағалау негізі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір түрпішініңде көрінген қандай да бір сипаттамалық немесе өзекті қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердің даму деңгейін, белгілі мағынада, баланың тәрбиелілігінің көрсеткіші деп есептеуге болады.
Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістері ретінде бақьшап қарауды, әңгіме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлі құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестіні есептеуге болады.
Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы диагностикалық әдістер арқылы білуге болады. Осындай амал-тәсілдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті таңдау" орнына қояды және бұл тандау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.
Әңгіме-сұқбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әнгіме-сұқбат жеке-жеке әрбір оқушымен, сондай-ақ топппен де жүргізіледі. Әщіме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады.
345
Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.
Әңгіме-сұқбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.
Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін бақылап қарауға болады. Олар баланың сыртқы көрінісі, мимикалық және пластикалық бейнесі, тілі мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мінез-құлқы, сайлаушылық іс-әрекеті, әлеуметтік құбылыстарға жауап беруі, оның қоршаған ортамен ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық тұрғыдан сапалылығы.
Бақылау, объективті және кірістірілген болуы мүмкін. Кірістірілген бақылау - бақылаушының өзі сырттай да, іштей де бақылап зерттейтін процестерінің қатысушысы болып келетін зерттеу әдісі. Субъективті бақылау - сырттай бақылау зерттеу, онда бақылаушының бақылау зерттеген жағдайына қатысы болмайды.
Бақылау, объектісі үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргізілуі мүмкін. Егер бақыланатын объекті өзінің бақыланып жатқанын білмесе, онда бұл жасырын бақылау деп аталады. Егер бақылау объектісі оны білетін болса, онда бұл ашық бақылау деп аталады.
Бақылау үздіксіз және дискретті болуы мүмкін. Үздіксіз бақылау кезінде зерттеуші әрдайым объектінің қасында болып, оның мінез-құлқын зерттейді. Дискретгі бақылауда зерттеуші объектінің мінез-қүлқын белгілі бір уақыт аралығында ғана, яғни әр түрлі уақытта зерттейді.
Бақылау өткізудің белгілі бір тәртібі бар:
1. Бақылаудың мақсатын, міндеттерін және объектісін анықтау.
2. Бақыланатын құбылыстың негізгі параметрлерін анықтау (бақыланатын құбылыстың көріну дәрежесін қандай параметрлері арқылы анықтауға болады).
3. Бақылаудың кестесін жасау. Ол бақылау объектісінің саны мен бақылауға бөлінген уақыт мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
346
Егер бір оқушының мінез-құлқын бірнеше сабақ бойы бақылау керек болса, онда оның кестесі былай болады:
Бақылаудың өлшемдері | 1 сабак | 2 сабак | 3 сабак |
1 көрсеткіш | | | |
2 көрсеткіш | | | |
3 көрсеткіш | | | |
Ал егер бірнеше оқушыны бір сабақ ішінде бақылап зерттеу керек болса, онда кесте өзгереді:
Бакылаудын өлшемдері | 1 оқушы | 2 оқушы | 3 оқушы |
1 көрсеткіш | | | |
2 көрсеткіш | | | |
3 көрсеткіш | | | |
4. Бақылау нәтижесіне талдау жасау (нәтижелер бақьшау кестесінде белгіленеді).
Тәрбиелілікті бағалау мәселесі әлі де жете тексерілмеген және одан әрі зерттеуді керек етеді. Алайда, терең зерттелген педагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиені жоғары кәсіби түрде ұйымдастыру өте қиын екені белгілі.
Оқу-тәрбие процесінін нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелілік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, окушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады.
Сабақтың шынайы құндылығы - оның нәтижесі: оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана
347
қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы түрінде бұл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады:
1. Мұғалім белгілеген сабақтың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабақтың қандай түрі таңдалды.
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен әдістері қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.
3. Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.
4. Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемі жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы.); оқытуда даралық әдіс қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.
5. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
6. Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
1. Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.
2. Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекі құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.
348
3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде құралатыны белгілі.
4. Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайі жұмыстың бұрыңғы нәтижелері.