Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1764

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


396

тәсілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жаңашылдық ынтасы мен озат тәжірибесіне қолдау көрсету керек. Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.

Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы. Әдістемелік жұмыс - ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген, әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің; оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің бқсқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруге (педагогтардың кәсіби өзідігінен білім алуды, өзін өзі тәрбиелеуді, өзін өзі жетілдіруді басқару бойынша , шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты білім берудің, тәрбиелеудің, дамытудың үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шараларының, қызметтерінің жүйесі.

Әдістемелік жұмыс - педагогикалық кадрлердің идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талабы Негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі - білім беру тәжірибесіндегі оқушылардьщ танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнекті өкілдері Н.К. Крупская, А.В. Луначарский педагогикалық тәжірибені өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Макаренконың, С.Т. Шацкийдің, С.М. Ривестің, В.Н. Сорока-Росинскийдің және көптеген басқа да көрнекті педагогтардың ұлы гуманистік идеялары ңегізінде құралған тәжірибелері тәрбиенің теориясы мен практикасының бірлігі, мектептің қоғамдық мақсат-мүдделері негізінде қызмет етіп, осы

397

мақсат-мүддеге жетудің дұрыс жолдарын табудың үлгісі бола бермек.

Әдістемелік жұыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіби-адамгершілік мәдениеті, жалпы мәдениеттілігі, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқару мәдениеті ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің дара стилінің қалыптасуына жағдай туғызады.


Қазіргі уақытта педагог-практик ғалыммен авторлық бірлестікте бола алады, олардық қатынасы екі жақты құқығы мен міндеттерін айқындайтын арнайы келісім-шартпен анықталады. Зерттеуші педагогтар мен жалпы білім беру мекемелерінің белгілі бір бөлігі арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттігі туындады, ал ол, өз кезегінде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерінде ғылыми лабораториялар құру процесіне жағдай жасайды. Сөйтіп, Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы № 12, Тараз қаласындағы № 58 мектеп-лабораториясы, Өскемен қаласындағы дамытушы білім беру Орталығы жанындағы мектеп-лабораториясы құрылды. Осылайша педагогикалық қоғамдастық өз назарын ғылыми бағыттағы практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.

Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне ғылыми оқытудың нақты бір бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжірибе, біріншіден, баяндаудың әртүрлілігін нақтылай түсуге, екіншіден, жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін зерттегеннен кейін кемшіліктерді түсінуге көмектеседі: оқыту процесінде оқу материалының мазмұны мен оқушылар білімін есептеу мен бақылаудың кері байланысы да бар.

Қазіргі жағдайларда қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірибесін арнайы зерттеу керек: олардың тәжірибесіндегі жаңа білімнің мазмұны қандай (сапасы, деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшін педагог жаңашылдардың қосар үлесі қандай.

398

Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірибелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет.

Тәжірибеде жаңа білім болса (оқыту теориясы) тәжірибенің мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетістіктері деңгейінде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткені, ғылымда іске асырылып жатқан, бір біріне қарсы, сондай-ақ бірін бірі толықтырып тұрған әртүрлі тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазіргі заманғы және моральдық тұрғыдан ескірген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсініктер, нақты білімдер мен белгі-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсіндіріп, негіздегенде терең және кең көлемде ғылымның- өзіндік рефлексиясы, шынайы, "әрекеттегі" білімді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжірибе дамудың бастауына айналады.



Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгеріп, жаңарады, олардың негізгілері: мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, оларды жеке тұлғалық және кәсіби-қызмет көрсеткіштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдістемелік сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралдық-психологиялық жағдай, әдістемелік жұмысты' ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері; мектеп ішіңдегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, мұғалімдердің жаңашылдық ашықтығы мен белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты орындауға кәсіби дайындығының деңгейі; мектеп ұжымындағы нақты моральдық жағдай (мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы, мұғалімдер мен басшылық арасындағы қатынастар).

Осылайша, әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің өзекті міндеттерімен анықталады. Бұл міндеттер мұғалімдердің әдістемелік жағынан жетілуі және олардың өздігінен білімін көтеруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуінің барысында жүзеге асады.

Мұғалімдерді мерзімді аттестациялау олардың әдістемелік деңгейінің өсуіне, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау -білім беру мекемелері

399

қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы. Аттестация мақсаты - білім беру қызметкерлерінің кәсіби, мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиімді жүйесін құру. Мұғалімдер аттестациясы педагогикалық еңбектің нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасының сараптамалық бағасы негізінде жүргізіледі;

Аттестацияның келесі принциптері: сараптамалык бағалардың еріктілігі, ашықтығы, жүйелілігі және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективті, дұрыс, ұқыпты және игі ниетті қатынасты қамтамасыз етеді.

Аттестация нәтижесінде мұғалімге белгілі бір категория беріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық білім алуы және ұстаздық іс-әрекеті де ескеріледі.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрактар

1) "Мектепті басқару" ұғымы нені білдіреді?

2) Мектепті басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

3) Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1) Әртүрлі оқулықтар бойынша "мектепті басқару" ұғымының түсіндірмесін оқып шығыңыз.

2) Мектепті басқару мәселесінің қазіргі әдістемелерін талдаңыз, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

3) Жаңашыл мектептің басқару тәжірибесін талдап, қортындылаңыз.

Әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. А., Мектеп, 1984,

2. Афанасьев В.Г. Научное управление обществом: Опыт системного анализа. М., 1973.

3. Файоль А. Общее и промышленное управление. М., 1992

400

4. Каракулов К.Ж. Школоведение. Алматы: Ғылым, 2005

5. Альмухамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Методическая работа с педагогическими қарами: подходы, проблемы, поиски, решения. Алматы, 1999.

6. Бабанский Ю.К. Методическая работа в школе. М., 1986.

7. Бейсенбаева А.А., Мендигалиева Г.К. Теоретические основы интеграции и практики в инновационных типах школ. Алматы, 1999.

8. Конаржевский А.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школой. М., 1988.

9. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методологи, теория и практика формирования. Алматы, 2000

10. Хайруллин Г. О понятийном аппарате педагогики // . Педагогика. 1991, № 5.

11. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

12.Худоминский П.В. Методическая работа в школе. М., 1979.

Реферат тақырыптары

1. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру.

2. Қазіргі заман мектептеріне басвдылық ету мәселелері.

3. Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі рөлі.

4. Қазіргі заман мектебінің директорына тән мінез-құлық қасиеттеріне сипаттама.

5. Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты.

401

3.3. Мектептің /сыныптың/ оқу-тәрбие процесінің

диагностикасы - басқару негізі

Мақсаты: басқару сапасын көтеру негізінде педагогикалық процестің диагностикасы туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «педагогикалық процесс диагностикасы», «педагогикалық ақпарат», «педагогикалық процестің сипаттамасы» /ауыспалы/, «педагогикалық процестің көрсеткіштері» атты негізгі ұғымдарына анықтама беру;


ә) басқару негізі ретіңде педагогикалық процестің мәнін ашу;

б) педагогикалық ақпарат түрлері және оның сұрыпталу жағдайын талдау;

в) педагогикалық процесс және оның көрсеткіштерінің негізгі сипаттамаларын айқындау.

Жоспар:

І.Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диагностикасыньщ мәні.

2. Педагогикалық ақпараттар.

3. Негізгі сипаттамалар /ауыспалы/ және педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Негізгі ұғымдар: педагогакалық процесс, педагогикалық процесті басқару, педагогикалық процестің диагностикасы, педагогикалық процестің сипаттамасы /ауыспалы/, педагогикалық процестің көрсеткіштері.

Пәнаралық байланыстар: философия, психология, әлеуметтану, оқыту әдістемесі.

Басқару негізі ретінде - педагогикалық процесс диагностикасының мәні. Ұстаз еңбегі психологиялық - педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді.

Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайыңдағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысымен кезендер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің /сыныптың/ педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.

402

Білімнің қай саласыңда болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзкарас тұрғысынан берілген. Сондықгаңда педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылырдың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.

«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді /бұл ғылымға ортақ термиң/. Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды /Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулава, Б.П. Макарова, Б.П. Битинас, В.П. Симонов және т.б./. Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.

Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық /оқу-тәрбие/ процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: «сипаттама үшін аса қажет білім