ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1767
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның
389
жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г.И. Щукинаның пікірі бойынша, басқару- мектеп ішіндегі "психология-лық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек ,баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен тәжірибенің талдауы -болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады.
М.М. Поташник былай дейді: "Басқару - мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс,-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленетініне. К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару - нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер,
390
мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару -оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару, Педагогикалық басқару теориясы - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.
"Педагогикалық басқару" ұғымы "білім беруді басқару" ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген "адам -адам" жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады - педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі -жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама - мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқару субъектісінің қызметтер жиынтьгғын басшылық дейді.
Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: "Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ". М.И. .Кондаков,''Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады", -дейді.
391
Білім беру жүйесінің белгілі бір ретпен жасалған (иерархиялық) құрылымының әрбір элементінде, министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы ұйым (департаменттер, білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлері кездеседі, мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: "Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек: басқару - адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуте көнбейді" * деп, дұрыс айтқан.
Егер білім беру жүйесін қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерінің үлес салмағы мен қатынасы әртүрлі екенін байқауға болады. Мысалы, министрлік, облыстық, аудан және қалалық білім беру басқармасы деңгейінде кешенді процесс ретіндегі басқару жүйенің арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетіне қажетті материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлік және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, деңгейінде педагогикалық басқарудағы мұғалімдер практикалық қызмет-әрекеттеріндегі педагогикалық талаптарды тікелей жүзеге асыру ретінде тольгғырақ көрінеді. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептің материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бірақ бағынушылық мәнге ие.
Әдетте, білім беру жүйесіндегі басқару туралы сөз өткенде, көбінесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлікті, облыстық, аудан, қалалық білім беру басқармалары бірінші болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылатыны жиі ұмытылып қалады. Мектепті басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалык іс-әрекет ретінде объектілері, басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде айырмашылықтар бар.
Мектепті басқару теориясының объектісі - оның барлық құрамды элементтерімен алынған процес болып табылады. Практиканың объектісі - мектептің әртүрлі құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).
392
Практикалық басқару іс-әрекетінің қүралдары - басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің құралдары - ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсілдер, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.
Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетінің нәтижесі - тәжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие процесінің қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі - практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары, құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орында болу керек.
Осылайша, педагогикалық басқару практикалық іс-әрекет ретінде - ол педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды үйымдастыруы (Сурет 1.).
Сурет 1. Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
393
Мектеп директоры оку-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілік атқарады. Оның міндеттеріне кіретіндер:
- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруте жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;
- оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұңы мен ұйымдастыруын бақылау;
- оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;
- оқушылардың өзін өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау;
- Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықта) мен нақтыландыру;
- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
- жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату;
- мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, оқушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау;
- мектептің қазіргі заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;
- мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;
- мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.
Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы
394
білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
Білімнің бұл саласының міндеттері - педагогикалық басқаруды зерттеу, оңың теориялық және практикалық мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді.
Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша кызметтері.
Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді.
Төменде тұтас педагогикалық прбцееті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген (Сурет 2).
Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметі мен міндеттері көрсетілген:
- мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;
- оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;
- әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);
- оқушылардың оқу көлемін реттеу;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру;
- оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуьга бақылау;
395
Сурет 2. Педагогикалық кеңестің қызметтері мен міндеттері.
- оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарлату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;
- мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндеттері:
- оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру;
- оқушылар тәрбиесін жетілдіру бойынша сынып жетекшілері мен ұзартылған күн топтары тәрбиешілерімен әдістемелік жұмысты жүргізу;
- оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;
- мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік талдау, озат педагогикалық тәжірибені қорытындылау және ендіру.
Мектепті жаңарту мен оған өзгерістер енгізу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық білімділігі, адамгершілік мәдениеті болуы, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетулері, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің