Файл: Лекция Жеіл дегей (20 пай) ылымны азіргі оамдаы ролі мен маызын крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 297

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

5.Индуктивті және дедуктивті зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін бағалаңыз.

Теория негізінен деректерді жинау және сараптауға ықпал ететін бағыттаушы және ықпал етуші ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, зерттеу теориялық ұғым тұрғысынан құралған сұрақтарға жауап беру мақсатында жұргізіледі. Баламалы нұсқа ретінде, теорияны жобаға катысты жартылай немесе толық жиналған және сарапталған деректер нәтижесінде пайда болуын қарастыруға болады. Осы арада теория мен зерттеу арасындағы байланысқа қатысты екінші фактордың индуктивті және дедуктивті теорияның маңызын байқаймыз. Дедуктивті теория (жалпыдан жекеге), теория мен зерттеулер арасындағы байланыстың ең қарапайым түрі. Зерттеуші, жеке бір сала жайлы айқын мәліметтер мен осы салаға байланысты теориялық ұғымдар негізінде гипотезаны (ғылыми болжам) немесе гипотезаларды анықтайды, ӛз кезегінде гипотезалар эмпириялық зерттеуден ӛтілуі талап етіледі. Гипотезаны зерттеу барысында, зерттеу шарттарына бейімделген жаңа ұғымдар пайда болады. Зерттеуші гипотезаны асқан шебелікпен дәлелдеп, оны қолданысқа енгізе білуі тиіс. Демек, гипотезаны анықтау үшін зерттеуші осы ұғымдарға байланысты деректерді жинақтау тәсілін алдын ала анықтауы тиіс. Осыдан келіп шығатын теория мен гипотеза деректерді жинақтауға бірінші болып қолайлы жағдай туғызады.

Дедукция үдерісі – гипотеза - деректер жинау – нәтижелер - қабылданған немесе қабылданбаған гипотезалар - теорияны қайта қарастыру.

Дедуктивті зерттеуге мысал ретінде Келли және Де Грааф (1997) жүргізген бірталай зерттеу жұмыстары адамның діни сенімдеріне оның қасында жүрген ата-анасы, мектептегі немесе айналасындағы басқа достарының да әсер ететінін кӛрсеткенін айта келе, адамның туылған мемлекетінің де мәдени фактор ретінде алар орны маңызды екеніне дәлел келтіріп отыр. Олар осы кӛзқарастар негізінде туындаған «теорияны» құрастырды және сол теорияға сүйене отырып зерттеулер жүргізіп, осылайша гипотеза тұжырымдап шығарды: діни сенімді қатты ұстанатын мемлекет азаматтары, олардың ортодокс (жалғастырушы) дініндегі отандастарымен салыстырғанда, зайырлы мемлекеттің адамдарынан да көбірек ортодокстық көзқарасты қабылдайды (Келли және Де Грааф, 1997: 641).


Индукция (жекеде жалпыға) бұл дедукцияға карсы бағытта жүргізілетін зерттеу, зерттеуші осы зерттеуді жүргізуге себеп болған деректер жинағын енгізіп, ары қарай теорияға айналдыруға ұсынады. Бұл нәтижелер теорияға айналып және зерттеу нәтижелері бірталай салалардың талаптарына сай қолданыс халіне келтіріліп, кері қайтарылады. Алайда белгіленген тәсілде міндетті түрде индукциялық бӛлшек болса да, әдетте, дедуктивті бағыт басым болып келеді. Сонымен қатар, әдетте сандық зерттеумен байланыста болатын дедуктивті тәсіл қолданылғанда, үдерістердің шынайы реттілігі жоғарыда кӛрсетілген түрінде сақталмайтынын ескерген жөн.

Дедуктивті тәсіл- теория, бақылаулар, нәтижелер.

Индуктивті тәсіл- бақылаулар, нәтижелер, теория

Индуктивті зерттеуге мысал ретінде келесі зерттеуді кӛрсетсе болады: Чармэз (1991, 1997) созылмалы ауруға шалдыққан адамдардың тәжірибе аспектілеріне қатысты зерттеу жүргізді. Зерттеу кезеңінің бір бөлімі осы ауруға шалдыққан тек қана ер адамдарды зерттеумен байланысты болды және ол ӛзінің бір баяндамасында (Чармэз 1997) созылмалы ауруға шалдыққан жиырма ер адам арасында жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі жайлы айтып ӛтті. Зерттеу барысында ол деректерді кӛбіне жартылай стандартталған сұхбат жүргізу арқылы жинаған. Ер адамдардың жауаптарының айқындығын растау үшін, ол сонымен қатар осы ауруға шалдыққан әйел адамдар арасында да сұхбат жүргізіп, алынған жауаптарды салыстырды. Ол ер адамдардың жауаптарында олар үшін ӛзін-ӛзі қорғау стратегиясы маңызды орын алатынын байқағанына дәлел келтірді. Алайда созылмалы ауруға шалдыққан адамның өмірі үнемі өзгерістер енгізіп отыруды талап етеді, бұл өз кезегінде адамның жеке қасиеттерін, дағдыларын өзгертуге себеп болары сөзсіз. Дегенмен, ер адамдар «ӛз ӛткендеріндегі елеулі қасиеттеріне, ерекшеліктеріне сүйене отырып, ӛз санасезімдерін сақтап қалуға барын салған» (Чармэз 1997: 49). Керісінше, әйел адамдар жеке қасиеттерін сақтап қалуды ойламайтын және ӛзін-ӛзі қорғау стратегиясына тәуелсіз болып шықты. Ол ӛз нәтижелерінің теориялық тұжырымдамасын сауалдарға жауап берген ер адамдардың пікірімен байланыстырды. Оның ӛзін-ӛзі қорғау пікіріне екпін жасауы, созылмалы ауруға шалдыққан ер адамның «позитивті жеке ӛміріне оралу немесе жабығып, сарыуайымға түсу» факторларын анықтауға мүмкіндік туғызады (Чар-мэз 1997: 57). Егер ӛткенін сезінуге мүмкіндік беретін істерін болашақта жалғастыра алмайтын болса (мысалы, жұмысын жалғастыру), олардың сарыуайымға салыну қаупі басымдырақ болған. Осы зерттеуде теория мен зерттеу арасындағы индуктивтік сипат, Чармэздің теориялық пікірлері (мысалы, «ӛзін-ӛзі қорғау» ұғымы) оның жинаған деректерінен туындағанын кӛреміз, ал деректер жинақталмай тұрып, мұндай пікірлері болмаған. Яғни индукция жаңа табылған деректерге байланысты бір тұжырым немесе теория құрастыруды меңзейді.



4 лекция

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

1.Зерттеу жобасын жасау мәні мен маңызын көрсетіңіз.

Маңызды іс әрекет бастамас бұрын оның дұрыстығын тексеру мақсатында жобасы жасалынады. Мысалы: заң шығармастан бұрын заң жобасы дайындалады, талқыланад және сосын барып қабылданады. Сол сияқты зерттеуге дайындық ретінде алдын ала зерттеу жобасы дайындалады. Зерттеу жобасы деректер жинақтау және талдаудың негізін құрайды.

Зерттеу жобасын жасау - нақты зерттеуді жүзеге асырмастан бұрын алдын ала кейбір жағдайларды пысықтап алу мақсатында жүзеге асырылады. Зерттеу жобасы мақсатының бірі зерттеу әдістерін дұрыс таңдау болып табылады. Зерттеу әдісі дегеніміз - деректер жинақтау техникасы. Яғни зерттеуші зерттеу барысында қолданатын ӛзінің ерекше құралдарының жиынтығы десе де болады. Мысалы: зерттеушінің эксперимент немесе басқаларды тыңдау немесе бақылау арқылы жүргізе алатын ӛз бетінше сауалнама толтыру

немесе стандартталған сұхбат кестесін толтыру немесе жай ғана қатысушыларды бақылау тағы басқа әдістердің ішінен таңдауы. Зерттеу үдерісі ӛлшемдерінің ауқымын таңдалып алынған зерттеу жобасынан кӛруге болады. Зерттеу жобасы сұрақтарына келесілер

жатады:

• айнымалылар арасында себеп байланысын білдіру және сынау;

• зерттеуге қатысушылардың қатарын құрайтын адамдардан басқа жеке тұлғалардан топ құру;

• ерекше зерттеуге байланысты әрекетті түсіну және ол әрекеттің мағынасын түсіну;

• зерттеу барысында орын алуы мүмкін құбылыстардың және олардың өзара әрекеттестігіне алдын ала баға беру.

Зерттеудің әртүрлі зерттеу жобаларына кӛңіл бӛле отырып, деректер жинақтау мен оларды талдаудың бірнеше құрылымдарына назар аудар қажет. Зерттеу жобасы - зерттеуді бағалауда қолданылатын критерийлерге жатады. Сондықтан ол - зерттеуші үшін маңызды

критерийлер мен зерттеу сұрақтарының тиісті жиынтығына сай тиімді дәлелді анықтауға арналған құрал.

2. Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдерінің мәні және түрлерін кӛрсетіңіз.

Зерттеуші ӛз зерттеуінің сапалылығын арттыру мақсатында зерттеу сапасын бағалау ӛлшемдерін ескеру тиіс. Зерттеудің сапасын бағалау үшін кӛбіне келесі ӛлшемдер қолданылады:

- сенімділік ӛлшемі (зерттеу мәліметтері қаншалықты сенімді);

- қайталама зерттеу ӛлшемі (жүргізілген зерттеуді басқа ғалымның қайта жүргізу немесе қайталу мүмкіндігі бар ма, яғни дәл сондай мәліметтер алады ма?);


- заңдылық ӛлшемдері (зерттеудің басқа заңдылықтармен үйлесімділігі).

Сенімділік ӛлшемі бұл - зерттеу нәтижелерінің қайталанбалы болып немесе болмауын қадағалайтын мәселемен байланысты. Термин кӛбіне ӛлшемдердің тиісті түрде қолданылып немесе қолданылмағанын тексеретін мәселелерде қолданылады. Сенімділік, әсіресе сандық зерттеулермен кӛп байланысты. Сандық зерттеуді жүргізуші қолданылған ӛлшем тұрақты ма, емес пе деген мәселені де тексеріп қарауы керек. Ӛлшемнің сенімділігін тексеруге қатысты үш кӛрнекі фактор бар: тұрақтылық, ішкі сенімділік және бақылаушы аралық жүйелілік.

•Тұрақтылық. Бұл түсінік біршама уақыт бойы ӛлшемнің тұрақты болып тұратынын тексереді, осылайша, қатысушылар іріктемесіне қатысты ӛлшемінің нәтижесі ауытқымайтынына кӛз жеткізе аламыз. Демек, егер біз белгілі бір топқа ӛлшем қолданып, әрі қарай қайталап тағы қолдансақ арадағы уақытты ескере отырып нәтижелерде азғантай айырмашылықтың болатынын кӛреміз. Мысалы: 2010 жылы Ұлыбритания статистикалық мәліметтерінде, ауыр қылмыстың анықтамасы ӛзгертілуіне байланысты және соның салдарынан статистика нәтижесінде ауыр қылмыс негізгі кӛрсеткішінен 35% артық болып шыққан. Дәл осы жағдайда уақыт ӛте келе үлкен айырмашылықты кӛрсеткенін назарға алатын болсақ, ауыр қылмыстың ӛлшем бірлігі сенімді емес болып табылады.

•Ішкі сенімділік. Осы арада қарастырылатын маңызды мәселе – индексті кӛрсететін индикаторлардың тұрақты немесе тұрақсыз екенін, басқаша айтқанда, қатысушылардың кез келген кӛрсеткішіне берілген ұпайы олардың басқа кӛрсеткіштеріне берілген ұпайларымен байланысатынын немесе байланыспайтынын анықтау болып табылады. Мысалы: Қазіргі таңда кӛбіне ішкі сенімділіктің коэффициентін ӛлшеу үшін Кронбах альфасы атымен белгілі тестілеу түрін таңдайды. Сапалық деректерді талдау мақсатында компьютерлік бағдарламамен байланыстырылып жетілдірілгеннен бері бұл тәсілді қолдану артып отыр. Кронбах альфасы - бұл барлық ықтимал бӛлшектенген сенімділік коэффициенттерінің орташа есебін шығарады. Компьютерленген альфа коэффициенті 1 (толық ішкі заңдылықты кӛрсетеді) мен 0 (ішкі заңдылықтың сақталмағанын кӛрсетеді) арасында ӛзгеріп тұрады. Тәжірибелерден кӛріп отырғанымыздай, 0.80 коэффциент саны ішкі сенімділіктің ұйғарынды деңгейін кӛрсетуде қолданылады, дегенмен кӛптеген зерттеушілер бұл кӛрсеткіштен де аз деңгейді (0.60 коэффциенті қанағаттанарлық деңгейі) қолданатынын кӛруге болады.

•Бақылаушы аралық жүйелілік – зерттеудегі бір ізділікті білдіреді. Бақылау жұмысына жазба жүргізу немесе деректерді категориялар түрлеріне келтіру тәрізді істерде бірқатар субъективті пайымдаулардың болуы және осындай істерге бірден кӛп «бақылаушы» қатысқанда, кӛбінесе олардың шешімдеріңде жүйеліліктің болмауы орын алып жатады. Мұндай нәтижені кӛптеген зерттеулерде кездестіруге болады, мысалы: мазмұндық талдауда үнтаспа жазбасындағы деректерді категорияларға бӛлу туралы шешім қабылдау; қажет деп табылған жағдайда ашық сұрақтардың жауабын категорияларға бӛлу немесе стандартталған бақылауда бақылаушылардың субъектілердің әрекеттерін топтастыру жайлы шешім қабылдау.


Қайталама зерттеу өлшемі – зерттеуші басқалардың жұмыс нәтижелерін қайталауды таңдап жатқанда қолданылады. Бұлай етулеріне белгілі себептер де бар, мысалы, түпнұсқа нәтижелері қарастырылып отырған сұрақтың басқа аспектілеріне сай емес деген пікірдің туындауы. Қайтара зерттеу жүргізу үшін зерттеу жұмысы қайталауға бейім болуы керек, басқаша айтқанда зерттеу жұмысы қайталап жүргізуге мүмкіндіктер қарастыруы керек. Осы арада туындайтын ӛте айқын ой: егер зерттеуші ӛз ойын ерекше ашып кӛрсетпеген болса, қайталау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, тұжырымдаманың сенімділігін бағалау үшін, осы бағалау басқа біреулер тарапынан берілуі тиіс. Бірақ зерттеулерде қайталама зерттеу аса кӛп танымал емес. Себебі әрбір зерттеулер оригиналдылығымен құнды. Мысалы: Буравой (1979) АҚШ зауытында тақырыптық зерттеу жобасын жүргізіп жатқанда, осы зауытта отыз жыл бұрын басқа бір зерттеуші (Дональд Рой) тарапынан зерттеу жүргізілгенін біледі, ол ӛз жұмысын ары қарай қайтара зерттеу ретінде жүргізуді ойлады. Алайда академиялық ӛмірде қайтараның тӛмен бағаланатынын ойлап, бұл пікірінен айныды. Ол жазбаларында былай дейді: «Ройдың зерттеу жұмысын қайталау маған алдағы уақытта жұмысқа орналасуымды есепке алмағанда, тіптен диссертацияны ойдағыдай қорғауыма да кӛмектеспейтінін білдім... Академияда шынайы марапат қайталама жұмыстарынан емес, жұмыстың ӛзіндік ерекшелігіне қарай беріледі!» (Буравой, 2003: 650).

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3.Сенімділік өлшеміне жататын тұрақтылық және ішкі сенімділік факторларын салыстырып талдаңыз.

•Тұрақтылық. Бұл түсінік біршама уақыт бойы ӛлшемнің тұрақты болып тұратынын тексереді, осылайша, қатысушылар іріктемесіне қатысты ӛлшемінің нәтижесі ауытқымайтынына кӛз жеткізе аламыз. Демек, егер біз белгілі бір топқа ӛлшем қолданып, әрі қарай қайталап тағы қолдансақ арадағы уақытты ескере отырып нәтижелерде азғантай айырмашылықтың болатынын кӛреміз. Мысалы: 2010 жылы Ұлыбритания статистикалық мәліметтерінде, ауыр қылмыстың анықтамасы ӛзгертілуіне байланысты және соның салдарынан статистика нәтижесінде ауыр қылмыс негізгі кӛрсеткішінен 35% артық болып шыққан. Дәл осы жағдайда уақыт ӛте келе үлкен айырмашылықты кӛрсеткенін назарға алатын болсақ, ауыр қылмыстың ӛлшем бірлігі сенімді емес болып табылады.

•Ішкі сенімділік. Осы арада қарастырылатын маңызды мәселе – индексті кӛрсететін индикаторлардың тұрақты немесе тұрақсыз екенін, басқаша айтқанда, қатысушылардың кез келген кӛрсеткішіне берілген ұпайы олардың басқа кӛрсеткіштеріне берілген ұпайларымен байланысатынын немесе байланыспайтынын анықтау болып табылады. Мысалы: Қазіргі таңда кӛбіне ішкі сенімділіктің коэффициентін ӛлшеу үшін Кронбах альфасы атымен белгілі тестілеу түрін таңдайды. Сапалық деректерді талдау мақсатында компьютерлік бағдарламамен байланыстырылып жетілдірілгеннен бері бұл тәсілді қолдану артып отыр. Кронбах альфасы - бұл барлық ықтимал бӛлшектенген сенімділік коэффициенттерінің орташа есебін шығарады. Компьютерленген альфа коэффициенті 1 (толық ішкі заңдылықты кӛрсетеді) мен 0 (ішкі заңдылықтың сақталмағанын кӛрсетеді) арасында ӛзгеріп тұрады. Тәжірибелерден кӛріп отырғанымыздай, 0.80 коэффциент саны ішкі сенімділіктің ұйғарынды деңгейін кӛрсетуде қолданылады, дегенмен кӛптеген зерттеушілер бұл кӛрсеткіштен де аз деңгейді (0.60 коэффциенті қанағаттанарлық деңгейі) қолданатынын кӛруге болады.