Файл: Лекция Жеіл дегей (20 пай) ылымны азіргі оамдаы ролі мен маызын крсетііз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 294
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория және зерттеу арасындағы байланыс сипаттамасы ешқашан тікелей қарастырылмайды. Бұл тақырыпта талқылануы тиіс бірнеше маңызды мәселелер бар, дегенмен осы арада екі түрін ерекше ашып қарастырамыз. Біріншіден, теорияның қандай түрі талқыланып жатқанын анықтау керек. Екіншіден, деректердің теорияны тестілеу мақсатында немесе теория құрастыру мақсатында жинақталғаны анықталуы тиіс. Яғни сіздің зерттеуіңіздің мақсаты бар теорияны тексеру ме, әлде жинақтаған мәліметтер мен дәлелдемелер негізінде жаңа теория құрастыру ма? Зерттеуші жүргізіп отырған зерттеуіне жүйелі түсініктеме беріп, оның аясын анықтап беретіндіктен теорияның маңызы ерекше. Сонымен қатар, теория - құбылыстарды түсінудің және зерттеу нәтижелерін жете түсіндірудің негізі болып табылады. «Теория» термині әртүрлі жолдарда қолданылады, бірақ зерттеуге алынған заңдылығына түсініктеме беруде қолданылуы ерекше орын алған.
Теориялар күрделігіне қарай: абстракциялы жоғары деңгейлі теориялар, қалыптасқан орта деңгейлі теориялар және бастапқы жалпылама теорияларға бөлінеді. Абстракциялы жоғары деңгейлі теорияға мысал ретінде социолог Толкот Парсонстың «құрылымдық-функционализм теориясын» келтірсе болады. Бұл теория қоғамдық дамуды жүйе ретінде, ал оның дамуына ықпал ететін факторларды элементтер ретінде қарастырған. Сонымен қатар Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясы» да жоғары деңгейлі теорияға мысал бола алады. Социолог Роберт Мертонның пікірінше, жоғары деңгейлі теориялар - зерттеушілерге эмпириялық мәліметтер жинауды қалай жүргізуге немесе қалай ықпал етуге болатыны жайлы біраз бағыт-бағдар береді. Біріақ өте жоғары деңгейлі абстрактылы пікірлердің өзі объективті болмыспен қандай да бір байланыста болуы тиіс, яғни зерттеу туралы пікірлері оның зерттеу жайлы оқығандары немесе оның оқығандарынан туындаған ойлары немесе басқалардың жазған пікірлерімен байланысты тұжырымдалған болуы керек. Дегенмен, теория тұрғысынан тексерудің абстрактылық деңгейі ӛте жоғары болуы, оларға зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізуге кедергі болып отыр. Сол себепті Мертонның айтуынша, әлеуметтік зерттеулерге қатысты кейбір маңызды теорияларды қолдану біршама шектелген. Орта деңгейлі теориялар – жайында «қоғамдық тәртіп пен ұйымның арнайы топтарынан ӛте алшақ әлеуметтік жүйенің жалпы теорияларының аралық буыны және зерделеніп отырған тақырыпқа қарай, жалпылама ұсынылмаған мәліметтерге толық, жинақы сипаттама берілуіне байланысты өзгеріп отырады» (Мертон, 1967: 39).
Осылайша, орта деңгейлі теориялар жоғары деңгейлі теориялар мен эмпириялық нәтижелер арасында орын алып отыр. Олар зерттеудің шектелген аспектілерін түсіну мен түсініктеме беруде, басқа сӛзбен айтқанда бүтіннің бөлшектерін түсіндіруде қолданылады. Орта деңгейлі теориялар бірігіп жоғары деңгейлі теорияларды қалыптастырады. Мысалы: Еңбек үдерісі теориясы: орта деңгейлі теория болып табылады. Алғашқыда Еңбек және Монополия капиталы басылымы (Брейвермен, 1974) еңбек үдерісі жайлы ойлар мен зерттеулер ағынына жол салды, әсіресе, қол еңбегі жұмысшыларын басқаруда және қол еңбегі мамандығын жоюда үздіксіз беталыстың алға басуы жайлы толассыз пікірлер айтылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың басым бӛлігі Еңбек үдерісі теориясы ретінде басылып шықты (Найтс жэне Виллмот, 1990). П. Томпсонның түсіндіруінше (1989), бұл теория тӛрт элементтен тұрады: еңбек үдерісі үстеме құн тудыратыны туралы қағида; өндіріс үдерістерін жүргізу үшін ұдайы капиталистік кәсіпкерлікті қажетсіну; еңбекті бақылауға алуға ынталану; капитал мен еңбек арасындағы елеулі шиеленіс. Еңбек үдерісі теориясы маңызды эмпириялық зерттеуге жол ашты деуге болады (мысалы, Найтс және басқалары, 1985). Сол сияқты бастапқы теориялар негізінде орта деңгейлі теориялар қалыптасады. Яғни бастапқы теориялар кішігірім зерттеулерден қалыптасады. Осы кішігірім теорияларды жинақтап орта немесе үлкен теория құрастыруға болады. Мысалы: Д.Менделеев жасаған Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бұл шағын элементтерден тұратын бір бүтін жүйе. Яғни әрбір элементтің ӛз орнын тапқан жүйе. Егер осы мысалдағы сияқты әрбір элементтер немесе бастапқы теориялар орта немесе үлкен теорияларда өз орнын тапса жаңа теория пайда болады.
2.Қарама-қайшылықтардың жаңа зерттеуге бастама процесі ретінде ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Көп ғалымдардың зерттеулері бұқаралық ақпарат кӛздерінде немесе журналдарда жарияланған бір мәселеге бірнеше түрлі қарама-қайшы пікірлер ұсынылуына байланысты жүргізген. Мысалы: АҚШ-та осыған ұқсас жасалған талдаулар аясынан және бірнеше елдердің БАҚ көздерінде жарияланған жаратылыстану ғылымдары зерттеулерінің түсінігін зерделеуден алынған. Көптеген жағдайларда тақырыпқа байланысты түпнұсқа әдебиет тиісті мақалаға немесе кітапқа назар аудартып, зерттеуде көрсетілгендей, теорияның баламасы ретінде қолданылады. Әртүрлі салаларда тақырыпқа байланысты әдебиет өзгешеліктері сұранысқа демеуші ретінде ықпал ете отырып, зерттеушіні бірнеше жолдармен жаңа зерттеуге ынталандыра түседі, оларға:
зерттеуші әртүрлі дәйектер арасындағы немесе дәйектердің әртүрлі талдаулары арасындағы сәйкессіздікті байқап, оны зерттеуді қолға алуды ойлауы мүмкін;
зерттеуші тақырыптың еленбей қалған қырын анықтауы мүмкін;
кейбір пікірлер бұрын жеткілікті зерттелмеген болуы ықтимал;
зерттеуші, тақырыпты зерттеуге арналған қолда бар зерттеулер жеткіліксіз екенін сезіп, баламалы түрлерін ұсынуы мүмкін.
Яғни осылайша жаңа зерттеуге бастама дәйектердегі қарама-қайшылық себепкер болады. Кейде зерттеушілер маңызды немесе орта деңгейлі теорияға нақты байланысы айқындалмаған зерттеулерді елемейді. Мұндай зерттеулер, көбіне, аңғырт эмпиризм немесе әлсіз эмперизм ретінде қала береді. «Эмпиризм» термині тәжірибемен тікелей байланысты және кӛптеген жолдармен қолданылуды меңзейді, дегенмен екі мағынасы ерекше атап көрсетіледі. Біріншіден, болмысты зерттеуде ортақ тәсілді анықтауда қолданылады, бұл ӛз кезегінде тәжірибе мен сезіне білу негізінде алынған білім ғана жарамды екенін білдіреді. Басқаша айтқанда, толыққанды білім ретінде ұсынар алдында, пікірлер қатаң тексеруден немесе тәжірибеден өткізілуі керек дегенді білдіреді. Терминнің екінші мағынасы да осы пікірмен байланысады және «деректерді» жинақтау өз алдына жеке заңды құбылыс екенін білдіреді.
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
3.Теория мен зерттеу арасындағы байланысты талдаңыз.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория және зерттеу арасындағы байланыс сипаттамасы ешқашан тікелей қарастырылмайды. Бұл тақырыпта талқылануы тиіс бірнеше маңызды мәселелер бар, дегенмен осы арада екі түрін ерекше ашып қарастырамыз. Біріншіден, теорияның қандай түрі талқыланып жатқанын анықтау керек. Екіншіден, деректердің теорияны тестілеу мақсатында немесе теория құрастыру мақсатында жинақталғаны анықталуы тиіс. Яғни сіздің зерттеуіңіздің мақсаты бар теорияны тексеру ме, әлде жинақтаған мәліметтер мен дәлелдемелер негізінде жаңа теория құрастыру ма? Зерттеуші жүргізіп отырған зерттеуіне жүйелі түсініктеме беріп, оның аясын анықтап беретіндіктен теорияның маңызы ерекше. Сонымен қатар, теория - құбылыстарды түсінудің және зерттеу нәтижелерін жете түсіндірудің негізі болып табылады. «Теория» термині әртүрлі жолдарда қолданылады, бірақ зерттеуге алынған заңдылығына түсініктеме беруде қолданылуы ерекше орын алған. Теориялар күрделігіне қарай: абстракциялы жоғары деңгейлі теориялар, қалыптасқан орта деңгейлі теориялар және бастапқы жалпылама теорияларға бөлінеді. Абстракциялы жоғары деңгейлі теорияға мысал ретінде социолог Толкот Парсонстың «құрылымдық-функционализм теориясын» келтірсе болады. Бұл теория қоғамдық дамуды жүйе ретінде, ал оның дамуына ықпал ететін факторларды элементтер ретінде қарастырған. Сонымен қатар Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясы» да жоғары деңгейлі теорияға мысал бола алады. Социолог Роберт Мертонның пікірінше, жоғары деңгейлі теориялар - зерттеушілерге эмпириялық мәліметтер жинауды қалай жүргізуге немесе қалай ықпал етуге болатыны жайлы біраз бағыт-бағдар береді. Біріақ өте жоғары деңгейлі абстрактылы пікірлердің өзі объективті болмыспен қандай да бір байланыста болуы тиіс, яғни зерттеу туралы пікірлері оның зерттеу жайлы оқығандары немесе оның оқығандарынан туындаған ойлары немесе басқалардың жазған пікірлерімен байланысты тұжырымдалған болуы керек. Дегенмен, теория тұрғысынан тексерудің абстрактылық деңгейі ӛте жоғары болуы, оларға зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізуге кедергі болып отыр. Сол себепті Мертонның айтуынша, әлеуметтік зерттеулерге қатысты кейбір маңызды теорияларды қолдану біршама шектелген. Орта деңгейлі теориялар – жайында «қоғамдық тәртіп пен ұйымның арнайы топтарынан ӛте алшақ әлеуметтік жүйенің жалпы теорияларының аралық буыны және зерделеніп отырған тақырыпқа қарай, жалпылама ұсынылмаған мәліметтерге толық, жинақы сипаттама берілуіне байланысты өзгеріп отырады» (Мертон, 1967: 39).
Осылайша, орта деңгейлі теориялар жоғары деңгейлі теориялар мен эмпириялық нәтижелер арасында орын алып отыр. Олар зерттеудің шектелген аспектілерін түсіну мен түсініктеме беруде, басқа сӛзбен айтқанда бүтіннің бөлшектерін түсіндіруде қолданылады. Орта деңгейлі теориялар бірігіп жоғары деңгейлі теорияларды қалыптастырады. Мысалы: Еңбек үдерісі теориясы: орта деңгейлі теория болып табылады. Алғашқыда Еңбек және Монополия капиталы басылымы (Брейвермен, 1974) еңбек үдерісі жайлы ойлар мен зерттеулер ағынына жол салды, әсіресе, қол еңбегі жұмысшыларын басқаруда және қол еңбегі мамандығын жоюда үздіксіз беталыстың алға басуы жайлы толассыз пікірлер айтылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың басым бӛлігі Еңбек үдерісі теориясы ретінде басылып шықты (Найтс жэне Виллмот, 1990). П. Томпсонның түсіндіруінше (1989), бұл теория тӛрт элементтен тұрады: еңбек үдерісі үстеме құн тудыратыны туралы қағида; өндіріс үдерістерін жүргізу үшін ұдайы капиталистік кәсіпкерлікті қажетсіну; еңбекті бақылауға алуға ынталану; капитал мен еңбек арасындағы елеулі шиеленіс. Еңбек үдерісі теориясы маңызды эмпириялық зерттеуге жол ашты деуге болады (мысалы, Найтс және басқалары, 1985). Сол сияқты бастапқы теориялар негізінде орта деңгейлі теориялар қалыптасады. Яғни бастапқы теориялар кішігірім зерттеулерден қалыптасады. Осы кішігірім теорияларды жинақтап орта немесе үлкен теория құрастыруға болады. Мысалы: Д.Менделеев жасаған Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бұл шағын элементтерден тұратын бір бүтін жүйе. Яғни әрбір элементтің ӛз орнын тапқан жүйе. Егер осы мысалдағы сияқты әрбір элементтер немесе бастапқы теориялар орта немесе үлкен теорияларда өз орнын тапса жаңа теория пайда болады.
4.Зерттеудің эпистемологиялық құраушысын анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы маңызын талдаңыз.
Байқасаңыздар кез-келген зерттеуде міндетті түрде сол зерттеуге байланысты ұғымдар немесе терминдер болады. Яғни эпистемологиялық мәселелер пән немесе зерттеу тақырыбы бойынша қандай білім қамтылады (камтылуы тиіс) деген сұрақтарды қарастырады. Эпистемология -грек. episteme - білім, logos – оқу, ұғым, таным дегенді білдіреді. Әрине зерттеуге байланысты ұғымдар ӛте кӛп, сондықтан біз олардың ішінде көп танымалыларын қарастырамыз. Зерттеуде маңызды ұғымдардың бірі - позитивизм. Позитивизм - әлеуметтік болмысты зерттеуде және одан тыс зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының қағидаларын қолдануды мақұлдайтын, эпистемологиялық кӛзқарас. Термин бұл қағидадан тыс та кең қолданылады, дегенмен құрамдас элементтері әр авторда әртүрлі. Позитивизм мына тӛмендегі қағидаларды қамтиды:
1. Тек қана жете түсіну арқылы қабылданған құбылыстар мен олардан шыққан мәліметтер ғана нақты білім ретінде расталып, қабылданады (феноменализм қағидасы).
2. Теорияның мақсаты - теориядан гипотеза шығару, бұл ӛз кезегінде тексеруден ӛтіп, дәлелденіп және қағидаларға берілген түсініктемелердің қабылдануына жол ашады (дедуктивизм қағидасы).
3. Деректер жинақтау негізінде қағидалардың пайда болуы арқылы нақты білімге қол жеткізіледі (индуктивизм қағидасы).
4. Ғылым пайымды пікірлерден тыс болуы тиіс (шамасы, бола алатын да тәрізді) (бұл мақсатқа жатады).
5. Ғылыми мәлімдемелер, нормативті мәлімдемелер және сенім арасында айырмашылық бар және алғашқылары ғылымның шынайы салалары болып табылады. Бұл соңғы қағида бірінші қағидаға байланысты туындап отыр, себебі шындық немесе нормативті мәлімдемелер сезіну
арқылы дәлелдеуге бағынбайды.
Интерпретивизм - эпистемологияның позитивизмге қарсылығын кӛрсетуге арналған термин. Интерпретивизм - онжылдықтар бойы үстемдік етіп келген позитивисттік ортодокстыққа балама ретінде қолданылатын термин. Бұл адамдар мен жаратылыстану ғылымдарының объективтері арасындағы ерекшеліктерді ескеретін стратегияны талап етуге негізделген және осыған байланысты әлеуметтанушылардан әлеуметтік әрекеттің субъективтік мәнін түсінуді талап етеді. Бұл термин жаратылыстану ғылымдарының үлгілерін әлеуметтік ӛмірді талқылауда қолдануды сынға алады және тӛменде келтірілетін әртүрлі интеллектуалды жоралардың әсеріндегі авторлардың пікірлерін жинақтап кӛрсетеді. Олардың пікірінше, әлеуметтану ғылымдарының тақырыптары - адамдар және олардың тармақтары жататын жаратылыстану ғылымдарынан мүлдем басқа. Сондықтан әлеуметтік ӛмірді зерттеу - зерттеу рәсімдерінің әртүрлі қисынынан қаралуын талап етеді және адами ерекшеліктерді табиғи тәртіпке қарсы сипаттайды.