ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2461
Скачиваний: 1
Сабақта оқу үрдісін құрудың дидактикалық негіздері. Сабақтың тиімділігі құрылымдық құрауыштарды дұрыс анықтауға және олардың үйлесімділігіне тәуелді болады.
-
Ынталық-мақсатты құрауыш. Мұғалімнің оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсатына жетуі, сабақтың міндеттерінің орындалуы.
-
Мазмұнды құрауыш. Сабақ мақсаттарына сәйкес келу. Ғылымилық. Қол жетімділік. Логикалық және бірізділік. Практикалық бағыт алу. Тәрбиелеуші потенциал. Дамытатын мүмкіндіктер.
-
Операциялық-әрекетшілдік құрауыш.
-
Оқытудың тәсілдері:
Алған білім көздері бойынша: ауызша, көрнекілік, практикалық.
Танымдық әрекетті ұйымдастыру тәсілі бойынша: суретпен сипаттау-түсіндіру, репродуктивті, жартылай іздестіру, мәселелік, зерттеушілік.
Оқытудың әдістері сабақ үстінде келесілерге сәйкес келу керек:
-
сабақ тапсырмаларына;
-
оқу материалының өзгешелігі мен мазмұнына;
-
оқушылардың білім деңгейіне, біліктілігіне, дағдыларына;
-
сабақтың материалдық қамтамасыз етілуіне;
-
мұғалімнің жеке басының қасиеттеріне, оның дайындығына және әдістемелік шеберлігінің деңгейіне;
-
оқушылардың жеке басының ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне және дайындықтарына;
-
уақыт тәуелділігіне.
-
Тәрбиелеудің әдістері: Жұмысты ұйымдастыру, көзқарасты қалыптастыру, жұмыс істеуге жағдай жасау, бақылауды, өзара бақылауды, өзін-өзі тексеруді іске асыру.
-
Оқыту түрлері: жеке, топтық, ұжымдық.
-
Бағалау-нәтижелік құрауыш: жедел бақылау жүргізу, қатені түзету, қол жеткізген нәтижелерге бірлесе отырып баға беру.
Сабақты жоспарлаудың құрылымы.
I. Тақырып.
-
Сабақтың мақсаты: білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық;
-
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру сабағы, меңгерілген білімді жалпылау және жүйелеу сабағы, білімді, біліктілікті бақылау және түзету сабағы, білімді, біліктілікті тәжірибеде қолдану сабағы.
-
Оқытудың әдістері ( жоғарыда көрсетілген).
-
Оқыту түрлері.
-
Техникалық құрал жабдықтар.
II. Өзектілігі.
а) сүйемелдейтін білімдер; б) қызығушылықты қалыптастыру тәсілдері;
в) бақылаудың түрлері.
III. Әрекеттердің жаңа түсініктері мен тәсілдерін қалыптастыру.
а) жаңа түсініктер көрсетіледі; б) білімдегі дағдылар қалыптасады; в) өз бетімен жұмыс жасаудың түрі анықталады.
IV. Қолдану.
а) қандай біліктер мен дағдылар қалыптасады; б) кері байланысты алудың тәсілдері анықталады.
V. Үй тапсырмасы.
Қазіргі заман сабағының негізгі буындары:
- Оқушылардың сабаққа сыртқы және ішкі (психологиялық) дайындығымен сипатталатын ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Жаңа тақырыпқа дайындық ретінде оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін тексеру;
- Оқушылар алдында сабақтың мақсатын қою.
- Жаңа ақпаратты қабылдау және ұғынуды ұйымдастыру, яғни негізгі білімді меңгеру;
- Алғашқы түсінікті тексеру;
- Білімді шығармашылық түрде қолдану және іздеп табу, бұрынырақта меңгерілген білім мен біліктілік негізінде тапсырмаларды шешу тәсілін меңгеру;
- Келесі сабаққа үй тапсырмасын беру;
- Сабақты қорытындылау.
Информатика кабинетіне қойылатын талаптар
Информатика кабинеті көтеріңкі деңгейдегі шумы бар үй-жайлардан (компьютер залы, гимнастика залы, шеберхана) оқшауланған болуы керек.
Информатика кабинетіне кіре берісте оқушылардың портфельдері мен сөмкелеріне арналған шкаф қарастырылуы қажет.
Информатика кабинетінің ауданы 1 жұмыс орнына кемінде 6 шаршы метр есеппен қабылданылуы керек.
Дербес компьютер саны кемінде 10 болатын информатика кабинетінің жанындағы зертханалықтың ауданы кемінде 18 шаршы метр, үй-жайдың биіктігі кемінде 4 метр болуы керек.
Оқушылардың жұмыс орны бір орындық үстелден және 1 немесе 2 орындықтан тұруы тиіс. Дербес компьютерді, оқулықты орналастыру үшін үстел бетінің өлшемі 1300 х 700 мм. болуы керек және оқулықпен жұмыс істеуге арналған орны болуы қажет. Оқушының үстелінде барлық шалғай құрылғыларымен бірге ДК орнатылады. Ені - дәптер қоюға және жауырынның бұлшық етіне күш түсірмеу үшін шынтақты тіреп тұруға арналған пернетақтаның алдын 30 см. орынмен қамтамасыз етуі керек. Мониторды орналастыруға арналған үстелдің беті жазық, ал пернетақта тұратын бет көлбеу (12-15° бұрышқа) болуы керек. Бейнемонитормен жұмыс істеуші жақтағы үстел жиегінің және еден үстіндегі орындықтың биіктігі оқушының бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелге электр қорегі мен жергілікті желілер кабелі тартылады. Информатика кабинеті үшін электр қорегінің жалпы электрлік сызбасы КҚЕТ-ге арналған электр жабдықтарының кешендерімен қойылатын құжаттарға қосылады.
Еденнің беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және тазалауға ыңғайлы антистатикалық қасиеттері бар болуы қажет.
Оқушы бойына жиһаздар биіктігінің сәйкестілігі
Оқушы бойының биіктігі (см) |
Еден биіктігі (см), кем өлшеммен алғанда |
||
Үстел |
Аяқ қоятын орын |
Орындық |
|
145-160 |
650 |
530 |
380 |
161-175 |
700 |
590 |
420 |
175 және одан жоғары |
760 |
650 |
460 |
Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және принтер мен мультипроекторға арналған екі тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700 мм. Тумбада керек-жарақтарға: магниттік тасымалдағыштарға, ағымдағы сабақ күніне есептелінген транспаранттарға арналған кемінде 350х500х100 мм. өлшемдегі 1-2 жәшік қарастырылуы керек. Үстел ДК-ні орнату және жазу жүргізу үшін пайдаланылады. Онда дәптерге, сынып журналына және т.б. арналған қалташа болуы мүмкін. Сабақ процесінде оқушылардың жұмыс орындарына электр қоректерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізеді.
Информатика кабинетінде жұмыс орнының орналасуы сабақ уақытында оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс орнына емін-еркін өтуін қамтамасыз етуі қажет. Дербес компьютері бар жұмыс орындарының орналасуы үш нұсқада болуы мүмкін:
жағалай (периметриалдық);
қатарлық (1-3 қатар);
орталық.
Оқушылар мен мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және жұмыс кезінде тұрақты жарықтандыру деңгейін жасау тұрғысынан алғанда ДК-і бар жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.
Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі жабдықтарға жауап беретін, информатика курсын және жалпы білім беретін жекелеген пәндердің тақырыптарын зерделеу процесінде компьютерлік техниканы қолдану бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.
Кабинет меңгерушісі:
- жабдықтардың сақталуына;
- инвентаризациялық жазу журналын жүргізуге;
- құрылғыларды әрдайым пайдалануға дайын күйінде ұстауға, есептеуіш техникаларға алдын-ала техникалық қызмет көрсетудің уақытылылығына және ұқыптылығына, машиналардың істен шығуын тіркеу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеп отыруға;
- жазатайым уақиғалар кезінде пайдаланылатын өрттен сақтану құралдарының және алғашқы көмек көрсету құралдарының дұрыстығына;
- оқушыларға техника қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе және кезекті нұсқаулардың уақытылы өтілуіне;
- оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;
- әрбір сабақтың басталған және аяқталған уақытын, электр қорегінің қосылғандығын және ажыратылғандығын журналға тіркеуге жауапты.
Оқытушы оқушыларды информатика кабинетімен алғаш таныстырған кезде оқушылардың бойын, есту және көру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды жұмыс орны бойынша бөлуге және сол жерді бекітіп беруге, техника және жұмыс қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға міндетті. Оқушылар жұмыс орнының және оған орналасқан жабдықтардың жай-күйіне жауапты болады.
Оқушылар нұсқау және сынақ өткен күні, нұсқауды өткізген мұғалімнің тегі, аты-жөні, сынақтан өткен оқушының тегі, аты-жөні және нұсқамалықтың
мазмұны көрсетілген «Техника қауіпсіздігінің ережесі бойынша нұсқауды өткізу мен оны тіркеу журналында» белгіленетін техника қауіпсіздігі және кабинетте жұмыс істеу ережесі бойынша сынақ тапсырулары қажет. Бұл мәліметтер мұғалім қолымен бекітіледі.
Кабинет меңгерушісінің жұмысына зертханашы көмек көрсетуге тиіс.
Зертханашы информатика кабинеті меңгерушісіне тікелей бағынысты болады және оның алдында оқу жабдықтарының сақталынуы және дұрыс пайдаланылуы үшін есеп береді.
Зертханашы кабинеттегі бүкіл жұмыс жүйесін, оларды күту ережелерін және ондағы компьютерлік техника құралдарының, бағдарламалық құралдар мен көрнекі құралдардың сақталу талаптарын білуге міндетті. Мұғалімнің жоспары және оның басшылығы бойынша зертханашы сабаққа қажетті жабдықтарды дайындайды, есеп жүргізеді, инвентаризациялық тіркеу жасайды.
Зертханашы оқушылардың техника қауіпсіздігі туралы ережелерді сақтауын қамтамасыз етуге көмектеседі, өртке қарсы құралдардың және алғашқы көмек көрсету құралдарынының үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді.
Зертханашы журналға сабақтың басталу және аяқталу уақытын тіркеуді қамтамасыз етуі мүмкін, жұмыс уақытында техниканың істен шығуын тіркейді, кабинет меңгерушісінің басшылығымен істен шыққан техникаларға ұсақ жөндеу жүргізеді.
ДК-ні пайдалану арқылы жүргізілетін оқу сабақтарының режиміне қойылатын талаптар
Бейнематериалмен жұмыс істеу ұзақтығы бейнематериалдың сипатына, оқушылардың жасына, жұмыстың басталу уақытына, үзілістің ұзақтығына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, дұрыс отырғызу жағдайына байланысты анықталады және мыналардан (экран ортасындағы жарықтану нүктесі кемінде 0,4 мм. өлшемдегі бейнематериалдар үшін):
1-5 сынып оқушылары үшін - 15 минут;
6-7 сынып оқушылары үшін - 20 минут;
8-9 сынып оқушылары үшін - 25 минут;
10-11 сынып оқушылары үшін, егер екі сабақ қатар жүрсе, бірінші сабақта - 30 минут, екінші сабақта -20 минуттан аспауы керек..
Жұмыс ұзақтығы экран ортасындағы жарықтану нүктесі кемінде 0,5 мм өлшемдегі бейнематериалдар үшін 30 %-ға кемиді:
1-5 сынып оқушылары үшін - 10 минут;
6-7 сынып оқушылары үшін - 15 минут;
8-9 сынып оқушылары үшін - 18 минут;
10-11 сынып оқушылары үшін, егер екі сабақ қатар жүрсе, бірінші сабақта - 20 минут, екінші сабақта -15 минут.
ДК-ні қолданатын сабақтар саны бір күнде 10-11 сыныптар үшін 2-ден көп емес, ал 1-9 сыныптар үшін 1 сабақтан көп болмауы керек.
ДК-ні қолданатын сабақтар аралығындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы қажет.
Бейіндік курстарды өткізу кезінде күнделікті ДК-мен жұмыс істеу ұзақтығы 10-11 сыныптардың оқушылары үшін – 2-3 сағат.
ДК-ні қолданатын жоғарғы сыныптардағы факультативтік және үйірме жұмыстары аптасына 2 академиялық сағаттан аспау керек.
ДК-мен жұмыс істеу кезінде әрбір 20-25 минут аралығында көздің шаршағанын басу үшін арнайы жаттығулар жасалу керек. 10-11 сынып оқушылары үшін информатика сабақтарының арасында дене шынықтыру үзілісін жасау керек. Көз және дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығын айына 1 рет ауыстырып отыру ұсынылады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Стандарт емес сабақтарды информатика кабинетінде ұйымдастыру.
-
Информатика кабинетінің қазіргі заманға сай жабдықталуы.
-
Информатика сабағының ерекшеліктері
Негізгі әдебиеттер /4,20/,
Қосымша әдебиеттер/3,21/.
Дәріс -10.
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық бағдарламалық құрал.
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуін және педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуі.
2. Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері.
Дәрістің тезисі:
Педагогикалық бағдарламалық құрал.
Педагогикалық бағдарламалық құрал – курстың белгілі бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу бағдарламасына көрсетілген практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық бағдарламалық құрал әдістемесі екі ұғымда түсіндіріледі:
Біріншіден, бұл құрылған бағдарлама оқыту үрдісінде әртүрлі пәндерде қолданылады.
Екіншіден, бұл – дидактикалық әрекет, сабақта қолдану тиімді (мысалы, кез келген ұғымды кірістіру және бекіту, қайталау немесе жалпы білімді тиянақтау және т.с.с.)
Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуі:
1) Демонстрациялық бағдарламалар теориялық құралдарды оқыту үшін арналған. Олар құбылыс немесе объектіні үйретуде, демонстрациялауда мұғалімге көмектеседі, оның даму диамикасын бақылауға т.с.с. Бұл параметрлер математикалық ақпараттың негізі. Мысалы, «тірі геометрия» немесе «тірі физика».
2) Бақылаушы бағдарламалар. Бұл бағдарламаларға сәйкес кез-келген шекаралық немесе нәтижелік бақылау білімі бойынша қолдануға болады. Олармен жұмыс кезінде оқушылар сұрақтарға не пернетақтадан теру, не меню пунктінен біреуін таңдау арқылы жауап береді. Жұмыс соңында, оқушылардың жауабына талдау жасалады және құрылған алгоритм бойынша бағаланады.
3) Оқытушы бағдарламалар. Бұл бағдарламаның ерекшелігі аса нәтижелі бақылауда оқытылатын құралдарды бөліктерге бөлуге болатындығымен түсіндіріледі және соңғы кезде стратегиялық дамыта оқыту бойынша көп таралған оқыту бағдарламаларының бірі болып табылады.
4) Кәсіптік бағдарламалар. Бұл бағдарламалар оқушыларға өз-бетінше оқуға, кәсіпкерлік қызметте кездесуге тура келеді. Мектептерде есептеуіш пакеттер мен мәтіндік және графикалық редакторлары, Word, Excell электрондық кестелер қолданады.
5) Микромерлер мен компоненттік оқу ортасы. Әр түрлі тақырыптарды оқытуда, қалыптастыру дағдысына бағытталған. Оқушыларға объектіні оқытуда белгілі модель ұсынады. Мысалы: робат, сызушы, логомерлер.
6) Тәжірибе үрдісіндегі компоненттердің имитаторлары. Жеке түрде болады, бірақ көбінесе педагогикалық бағдарламалық құрал оқыту құрамына немесе ортасына кіреді. Тәжірибелік зерттеу жүргізуге, жетілген имитаторлар дербес компьютер өлшегіш құралға айналдыруға рұқсат етіледі. Мектептер де – сирек болса да қолданылады.
7) Мектептің қолданыстағы эксперттік жүйелер. Сарапшылар білім қорынын нашар формальданатынын игеруге және қарапайым қолданушыға арналған.
8) Мультимедиа жүйесі. Бұл педагогикалық бағдарламалық құрал, оқушыларға жетілген технология құралдарын беру.
9) Ойын бағдарламалары. Тиімді стратегияларды шығарып алу мақсатында оқыту жағдайын жеңуге арналған. Негізгі қолдану мақсаты: логикалық даму мен абстрактілік ойлау.