ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2463
Скачиваний: 1
3) Бақылаудың оқытушылық міндеті: ағымдық бақылау оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстың маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің деңгейін тексеру үрдісі арқылы көрініс табады. Сынақ тапсырмаларын орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін-өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.
4) Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті: ол оқушыны одан әрі оқу жұмысына, өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Мұғалім оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің деңгейін анықтап қана қоймай, оқушыны жеке жұмыс істеуге бағыттап, қосымша мүмкіндіктер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады. Ағымдық бақылау оқу үрдісіне тікелей негізделіп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тексеру мен дамытуға әр сабақта жүзеге асырылады. Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.
Ағымдық тексерудің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпті болуға, сынып және үй тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға, жүйелі еңбекке үйретуге, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым-қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі және дұрыс бағалау тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен дамыту, оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей: Ағымдық бақылау үрдісі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту - оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.
Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар.
Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тестіні пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тесттік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.
Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады (3-5 жауап), яғни кез – келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз.
Тест тапсырмалары және олардың түрлері. Тесттің нақты, біріңғай қабылданған анықтамасы жоқ. Тест - ерекше формалы, бірте-бірте күрделеніп отыратын тапсырмалар жүйесі. Тест белгілі бір стандартқа сәйкес жасалынатын, үйренуші білімін анықтаудың сенімді құралы болып табылады. Құрастырушы адам тест мазмұнын оқу бағдарламасына сәйкес жасайды. Тесттің басты ерекшелігі оның көпфункционалдығында. Тест бақылаушы, бағалаушы тетік қана емес, ол арқылы материалдың берілуінін дұрыстығын да аңғаруға болады.
Тестілеу - білім деңгейін бағалау әдісі. Бұл әдістің пайда болып, дамуына әсер еткен себептер:
-
оқушының бағасының субъективтілігі;
-
оқушының психикасының емтихан тапсыру кезіндегі кұлдырауы.
Тестілеудің артықшылықтары:
-
студенттің, оқушының жетістіктерінің объективті бағалануы;
-
студенттің, окушының білімінің бағасының дәлдігі, сенімділігі;
-
студенттің, оқушының негізгі білімін тексеруге ыңғайлылығы;
-
студенттің, окушының білімінің бағалануы жедел түрде өткізілуі
(компьютер арқылы).
Тестілеудің жақсы қасиеттерімен қатар кемшіліктерін де атап өтейік:
-
білім дәрежесін, тереңдігін, толықтығын тексеруге мүмкіндігігің жеткілікті болмауы;
-
жақсы тестілік сұрақтарын құрастырудың қиындылығы;
-
тестілеудің ұйымдастыру қиындықтары:
-
дұрыс жауаптың кездейсоқтығы .
Тест сұрақтары төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет.
-
Әрбір тесттің мақсаты болуы керек. Тапсырма түрлері сол мақсатқа сай кұрылады.
-
Тест тапсырмаларында нақты бір қиындық болуы қажет.
-
Тестте біржақты шешілетін тапсырма беріледі. Екіұштылық,
анықсыздық болмауы керек. -
Тест тапсырмалары үйренушіге таныс, оқу бағдарламасында берілген
мәселелерді қамтуы тиіс. -
Тест тапсырмалары айқын және қысқа берілгені дұрыс.
-
Тест сұрақтарын бағалауда да айқындылық, бірізділік болуы қажет.
-
Тест тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп отырады.
Осыған қосымша тест құрастырушылар мына талаптарды да ескерген жөн:
-
Тексерілген дағды түрінің мазмұнын дәл анықтау керек;
-
Тест сұрақтары оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұнына сәйкес
келуі тиіс; -
Тест тапсырмасы бір ғана сұраққа жауап беруді талап етуі тиіс;
-
Жауаптарда бірін-бірі қайталайтын түрлері болмауы керек;
-
Тест жүргізу оқыту үрдісінің жалғасы болуы қажет.
Тест, оның түрлері туралы АҚШ, Англия, Голлландия, Дания, Жапония, Францияда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, диссертациялар жазылды.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.
Оқыту үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бақылау өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалымен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпаратты алумен қамтамасыз етеді.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабаққа тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар игеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесінде бағалау арқылы көрсетіледі.
Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады. Үлгерімді бағалаудың нәтижесінде жақсы білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбекқорлық, қайырымдылық, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу; баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;
ә) әрбір баға – бұл тек білімге есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабынан оқу қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білім жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.
Есеп беру – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:
Оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек; әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.
Дидактикада бұл (үрдіс) алған білімді меңгеру деңгейін оқыту бағдарламасында жазылған этолондық деңгейлерді салыстыру үрдісі.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Бастауыш мектепте АКТ-ны қолданып бақылау.
-
Шетелдерде бағалау түрлері.
-
Тестіні оқу үрдісінде тиімді қолдану.
Негізгі әдебиеттер /4-6,11/,
Қосымша әдебиеттер/12,20/.
2 ТАРАУ: Информатика курсының негізгі тарауларын оқыту әдістемесі
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Сабақ - бұл логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгіленген уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі.
Информатика кабинеті - көтеріңкі деңгейдегі шумы бар үй-жайлардан (компьютер залы, гимнастика залы, шеберхана) оқшауланған болуы керек.
Мұғалімнің жұмыс орны - үстелмен және принтер мен мультипроекторға арналған екі тумбамен жабдықталады.
Педагогикалық бағдарламалық құрал – курстың белгілі бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу бағдарламасына көрсетілген практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Мультимедиалық технология - бұл әр түрлі табиғаты бар (мәтін, дыбыстық, графикалық, анимация, видео) құру әдістерінің және ақпаратты тиімді қолданудың жиынтығы.
Дидактика принциптері – сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары.
Ақпараттық мәдениет – информатикадағы қысқа, түсінікті, қызықты, тез, әмбебап алгоритмді көре білу, бағалай білу және құра білу, қорытындыны (қағаз және экран бетінде) әдемі безендіріп, графикалар және түстерді тиімді қолдана білу.
Оқытудың компьютерлік технологиясы - оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Раіnt графикалық редакторы - графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама.
Еxсel бағдарламасы - кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтерді сұрыптауға, математикалық операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Microsoft ACCESS - кез-келген мәліметтерді қолдануға ыңғайлы мәліметтер қорын құруға, алуан түрлі операцияларды, командаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Power Point бағдарламасы - оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
MS Front Page бағдарламасы - қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі.
PageМaker - столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.
Телекоммуникациялар - (грек тілінінен аударғанда tele–алыс, шалғын, communicatio–араласу) деп аталуда.
Дәріс -9.
Дәріс тақырыбы: Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуы.
Дәрістің мақсаты: Сабақты ұйымдастыру шарттарымен информатика кабинетіне қойылатын талаптарды қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Сабақты ұйымдастыру шарттары.
2. Информатика кабинетіне қойылатын талаптар.
Дәрістің тезисі: Сабақ - бұл логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгіленген уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
-
білім міндеттерін бүтіндей және оның құрамдас элементтерін нақты тұжырымдау, олардың дамыту және тәрбие беру мақсаттарымен байланысы.
-
сабақтардың оқу жүйесіндегі орнын анықтау;
-
оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсаттарына сәйкес сабақтың негізгі мазмұнын оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау;
-
оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін, біліктілігі мен дағдыларының сабақта және оның арнайы кезеңдерінде ұйымдастырылуын болжау;
-
анағұрлым тиімді әдістер мен тәсілдерді сабақта дұрыс таңдау.
-
танымдық белсенділікті, сабақта ұжымдық және жеке жұмыстардың әр түрлі формаларының үйлесімділігін және оқуда оқушылардың жеке жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-
сабақта барлық дидактикалық принциптерді іске асыру;
-
оқушылардың ойдағыдай білім алуларына жағдай жасау.
Сабақты ұйымдастыру шарттары: әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-дидактикалық.
Әлеуметтік-педагогикалық шарттарға мыналар жатады:
-
мамандандырылған, шығармашылық түрде жұмыс істейтін, жақсы дидактикалық және әдістемелік дайындықтағы шарттың болуы;
-
дұрыс қалыптасқан құндылықты бағыт-бағдары бар оқушылардың біріккен, тату ұжымының бар болуы;
-
оқулықтың, оқу және көрнекілік құралдарының, сәйкес түрде жабдықталған сынып бөлмесінің бар болуы;
-
қолайлы психологиялық климаттың, өзара сыйластық пен педагогтың балаларға деген махаббатына негізделген мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынастың бар болуы.
Психологиялық-дидактикалық шарттарға мыналар жатады:
-
оқытудың нақты уақытқа, кезеңіне сай оқушылардың білімділігінің жоғарғы деңгейі;
-
мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен танымдық қызметке қызығушылығын қамтамасыз ететін білім мен еңбек мотивтерінің қалыптасуының жеткілікті деңгейінің бар болуы;
-
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері мен ережелерін сақтау.
Сабақты ұйымдастырудың ережелеріне мыналар жатады:
-
мақсатты анықтау (неге қол жеткізу керек);
-
оқу материалының мазмұнын дайындау, яғни алға қойылған мақсат пен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оның көлемі мен күрделілігін анықтау; өмірмен, тәжірибемен, бұрында меңгерілген материалмен байланыс орнату; оқу тапсырмалары мен өздік жұмыстарының жүйесін анықтау; сабақтың құрал-жабдықтарын, сонымен қатар ақпараттың негізгі және қосымша көздерін орнату;
-
барлық мақсаттарға қол жеткізетін сабақтың дидактикалық тапсырмаларын анықтау;
-
алға қойған мақсаттарға, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың білімділік деңгейі мен дидактикалық тапсырмаларға сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің анағұрлым тиімдісін таңдау;
-
оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне сәйкес келетін сабақтың құрылымын анықтау;
-
барлық дидактикалық тапсырмалар үй жұмысына қалдырылмай сол сабақта шешімін табу керек.