Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 812

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдiстемелiк жұмысының мақсаттылығы оқу тақыры­бындағы әрбiр сабақтың мәндiлiгiн арттырады, са­бақтың нәтижелiгiне және мазмұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арт­тырады, осы сабақтың берiлген мақсаттың мeңгеpi­луiндегi орнын нақтылай түседi, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

2. Берiлген тақырыпты мақcaттapғa бөлiп алған­нан кейiнгi жұмыс осы қойылған мaқcaттapғa байла­нысты оқушылар бiлiмiн болжау жұмысын құру.

Бiз бiрiншi рет оқушыға жеке тұлға ретiнде қарай­мыз, себебi оқушы өз деңгейiн өзi таңдайды, яғни өзiнiң бiлiм мөлшерiне қарай болжаудағы қажеттi тапсырмалар мөлшерiн таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты мeңгepyiн aнықтayғa арналған өздiк жұмыс.

3. В.М.Монаховтың оқыту технологиясы бойынша болжауды құру аксиомалары

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жетi аксиома орындалу керек:

l-аксиома. Өзiндiк жұмыстың (ӨЖ) eкi түpi бар: бiлiм беру стандарты (программа) деңгейiндегi тап­сырма, көтеріңкi деңгейдегi тапсырма.

2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы eкeyi стандартты деңгейiнде, cоңғы eкeyi көтepiңкi деңгейде.

3-аксиома. ӨЖ - тың жалпы түpi:

1) бiлiм беру стандарты талаптары деңгейiндегi тапсырма;

2) бiлiм беру стандарты талаптары деңгейiндегi тапсырма;

  1. «Tөpттiк» баға деңгейiндегi тапсырма;

  1. «Бестiк» баға деңгейiндегi тапсырма;

4-аксиома. Алғашқы eкi тапсырма қиындығы жөнiнен бiрдей оқушыларға түciніктi әpi қарапай­ым болу керек.

5-аксиома. Бiлiм беру Заңына (әрбiр 3 оқушы стандарт деңгейiне жетуге мiндеттi, одан әpi ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әpi қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз epкi) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берiлген тәртiп бойынша және екiншi тапсырма орындалмай тұрып, үшiншi сол сияқты төртiншi тапсырманы орындауға болмайды.

6-аксиома. «Tөpттiк» бағаға берiлетiн №3 тап­сырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу ке­рек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсат­тың мазмұнына байланысты.

7-аксиома. «Бестiк» бағаға берiлетiн №4 тапсыр­ма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

Mіне, осы аксиомалар талаптары толық сақтал­ғaндa болжау жұмысының тапсырмалары алдына қой­ғaн мақсатқа толық жеткiзедi.

Осы аксиомаларға нақтырақ түсiнiктемелер бе­рейiк. 3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетiледi. Онда бiлiм беру стандарты талаптары деңгейiндегi тапсырма саны екеу eкeнi айтылған. Оның себебi «егер оқушы алғашқы eкi тапсырманы ешқандай қатесiз орындаса, онда оның бiлiмi «мем­лекеттiк талаптарына» сай келедi және ол сынақтан өттi деген белгi алуына толық, мүмкiндiгi бар. Егер тапсырманың eкeyi де орындалмаса, онда оқушы тү­зету (коррекция) тобына түседi. Erep eкi тапсырма­ның бiреуi дұрыс, ал екiншiсi қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкiндiгi бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетiмен орындайтын тапсырмалар» бөлiгiндегi тап­сырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын то­лық орындаса, келесi кезекте «бестiк» деңгейiн анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгiсiн құрады. «Бестiк» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3 тапсырманың («төрттiк» баға деңгейiнiң талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдiң арасындағы аралық деңгей болып шығaды. В.М.Монахов эксперименттiк зерттеу нәти­желерiнiң қорытындысы бойынша «төрттік» деңгей­дегi бағаның оқу орнының түpiнe қарай мынадай мөлшерiн ұсынады: егер гимназия немесе лицей бол­са, онда «төрттiк» бағаның деңгейi «бестiк» бағаның деңгейiне, ал жалпы орта бiлiм беретiн орта мектеп­те «төрттiк» бағаның деңгейi стандарттың деңгейiне жақындатып алу тиiмдi болады.


3. Оқушылардың сабақтан тыс бетiмен орын­дайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлiгi. Бұл бөлiктiң практикалық мақсаты - оқушылардың бол­жау тапсырмаларына дайындығы.

Адамгершiлiк мақсаты - оқушыға бiрiншi рет «бiлiм туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік берiледi, яғни қойылатын баға деңгейiндегi тапсырмалар жиынтығын таңдау. Негiзгi мақсат - артық тапсырмадан арылу.

Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланыс­ты, әрбiр мақсатқа үш деңrей бойынша тапсырмалар жиынтығы берiледi. Технологиялық жобаның авто­ры - сабақтан тыс өз бетiмен орындайтын тапсырма­ларды мөлшерлеу бөлiгiнде оқушыға тексеру жұмысы кезiнде өзiнің таңдаған деңгейiндегi бағаны алуға кепiлдiк беретiн тапсырма көлемiн орындап дайын­далуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үр­дiсi кезiнде де әдеттегi үйге берiлетiн тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсы­сының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейiн орындауды таңдауын оқушылардың өз epiктepiнe беру қажет. Технологияның үш элементi: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз бай­ланыста, олардың арқайсысы екiншiсiнiң мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұ­ны, онда анықталған оқушыларды дамыту мiндеттерi тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрай­ды. Мұнда әрбiр мақсатқа жетудiң уақытша ұзақтығы берiлiп, сабақтың негiзгi және көмекшi құрал­дары анықталады, оқушыларды дамыту бағарлама­сы құрастырылады.

Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсат­қа жетуге жеткiлiктi болатын тақырыпқа берiлетiн сағат санымен анықталады. Әдeттeгi күнтiзбелік жос­парлаудан айырмашылығы, мұғалiм оқу үрдiсiнiң субъективтi жағдайларға байланысты болатын сабактың үйлесiмдi үдемелiлiгiн кәсiпкерлiк шеберлiгi, сы­ныптың бiлiм деңгейi және көмекшi құралдарын құрастыру өзара байланыста болатын жаңа 6iлiм эле­менттерінiң тiзбесiн және негiзгi тақырыпты өту 6а­рысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тiз6еciн анықтауды қажет етедi. Көмекшi құрал ретiнде қайталау тақырыптарын алу мақсатқа сай болдады. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгiзу 6а­рысында, оның түсінікті болуы үшiн және жаңа ұғымды iлгерiде өткен ұғымдармен 6айланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жекеше ерек­шелiктерiне байланысты оқу үрдiсiнiң логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабiлетін, есте сақ­тау, сөйлеу мәнepін, ынтасын дамыту енгізіледі.

ІV

Оқу үрдісінің логикалық құрылымы

І

Мақсат қою

М1

ІІ

Болжау

Б1

V

Түзету


М2

Б2




М3

Б3




Сыныптан тыс өз бетімен орындалатын тапсырмалар

Стандарт (қанағат) ІІІ төрт

1........... 1............ 1.............

2........... 2............ 2.............

3........... 3............ 3..............


Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынықтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікке негізгі үш жағдай қамтылады

Бiрiншi – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.

Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.

Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар.

Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады.

Осы айтылғандарды қорыта келіп технологиялық картаның жалпы құрылымын төмендегі сызбадан керуге болады.

Сызбада технологиялық картаны толтыру peтi Рим цифры мен көрсетiлген. .

Технология негiзiнде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау. САК – технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады. САК – пәнді оқытушы мұғалімге арналған әдістемелік құрал болып табылады және оның саны тақырыпқа берілген сағат санына байланысты болады. Яғни, егер қандайда бір тақырыпқа айталық 20 сағат берілсе, онда осы тақырыпқа арналған САК-тың саны да 20 болады. Педагогикалық технология бойынша пән мұғаліміне оқулықтағы материалдың көлеміне немесе өзі толықтырып өтуіне мүмкіндік беріледі.

САК-тың келесі бөлімі «Мұғалімнің әдістемелік құралы» болып табылады. Ол мұғалімнің берілген сабақ процесінің міндеттерін жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Мұнда сабақ процесіндегі мұғалімнің қызметін, әр түрлі кезеңдердегі оқушылардың міндеттерін, оқытудың түрі мен әдістерінің қысқаша сипаттамаларын, қолданылатын құралдар, сыныпта орындалатын тапсырмалар жиынтығы көрсетіледі.
Лекция №17 Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

Мазмұны:

1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту –педагогикалық технология

2. Инсерт стратегиясы

3.Джиксо әдісі.

4. Венн диаграммасы


1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту –педагогикалық технология
Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі, математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және жүйелік негізде оқыту технологиясы , шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясы , блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.

Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Жаңашыл педагогтар « шәкіртке үйрету керек пе , әлде шәкірт үйренуі керек пе ? » сұрақтарына назар аударуда . Қазіргі кезде « өзім үйреніп аламын » , « маған жолын көрсет , бағдар бер » деуші шәкірттер көптеп табылады .

Олай болса , оқушылардың жаңалықтарды игеру үшін ой талпынысы күшейген , сондықтан математика сабақтарында ойлауға мәжбүр ететін . қызықтыратын технологиялар кіріп келді .Солардың бірі : Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
жобасы (RWCT жобасы ) .

Бұл жобаның құрылуы төмендігідей:

  1. Оқуда білімді өзбетінше іздеу;

  2. Білімді терең ұғыну ;

  3. Теориямен практиканы біріктіру ;

  4. Бір – біріне құрметпен қарау , мәдениетті қарым қатынаста болу ;

  5. Өз пікірін жақтау , дәлелдей білу ;

  6. Ізденіс , еркін таңдау , жеке пікір , топпен талқылау ;

  7. Қажет жағдайда көзқарасын өзгерту .

Сыни ойлау жобасының авторы американдық ғалым Ч.Тэмпл . Ол мынадай әдістерді ұсынады :

  1. Күтілген нәтижелерді нақты айқындайды ;

  2. Жазба жұмыстарды жиі орындау ;

  3. Оқушылардың ой -өрісін белсендіретін сұрақтар қою;

  4. Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану ;

  5. Оқыту пәндері әлемімен күнделікті өмірбен байланысын орнату .

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы математика сабақтарында мынадай жүргізілгені дұрыс болар еді .

  1. Математика пәніне қызығушылықты ояту .

Мысалы , « арифметикалық прогрессияның мүшелерінің қосындысын үйрету » тақырыбын төмендегідей қызығушылықты оятуға болады .

Көбінесе , математика пәнінде қызығушылықты ояту үшін ұлы математиктердің өмірімен творчестволарынан алынған тарихи деректер , қызықты есептер , сонымен бірге ғажайып есептерді пайдалану керек.

1+2+3+4+5+......+100=101*50=5050

2. Мағынаны тану немесе INSERT стратегиясы .

3. Тақырып бойынша ой толғаныс стратегиясы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.