Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 813
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Болған топтардың жұмыстарын қорытындылап бағалары жарияланады. Негізгі бұл сабақтың мақсаты оқушы білімін тексертумен қатар, өздерін және жолдастарын қаншалықты әділ бағалай білетіндігін анықтау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын материалдарды тиянақты тапсырмаларға қарай топта, талда, меңгерген білімді бағала, өзара білім деңгейінді бағала, қорыт деп оқушылардың өз бетінше, қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулерін мүмкіндік туғызу. Модульдік оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Олар белсенді сөздік қоры, яғни ауызша сөйлесу мәдениетіне үйренеді, өзара көмек және өзара қолдану процестерін бірге бастап өткізіп келеді, бағдарламада көрсетілген материалдар меңгеріледі.
4. Модульдік технологиямен жұмыс істеудің басты мақсаты және оқу жүйесін басқару ерекшеліктері
Модульдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейдi: бiлім алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануды; оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтап, модулдiң түзету тәсiлiн пайдалана отырып көмектесудi; оқытудың түрлi формалары мен әрқилы әдiстерiн кiрiктiрудi; оқу материалының құрылған бiрлiгiн икемдi түрде пайдалануды; кәсiби ic-әрекет деңгейiне бiлiм алушының жоғары дайындығы арқылы жетудi; пәнаралық байланысты орнатып, мәселенi пәнішілік өзара байланыстық аркылы шешудi; оқудың сапасына бiлiм мен бiлiктi жүйелеу арқылы жетудi және т.б.
Модульдiк оқытудың басты мақсаты - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы cәттeгi қажеттiлiктi қанағаттандыруда кепiлдiк беретiн әpi жаңа қажеттіліктi анықтайтын икемдi бiлiм беретiн құрылым құру.
Модульдiк оқыту теориясының басты ұғымы модул ұғымы болып табылады. Модульдiк оқытудың бiраздан берi қолданып келе жатканына қарамастан оны түсiнуде, оның мазмұн құрылымын түрлендiруде, оқыту әдiстерi мен түрлерiн өндеуде әлi күнге дейiн әр түрлi көзқарастар бар.
Модульдiң көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлi бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
- модул - бiлiктiлiк мiнездемесінің талапmарына жауап берiп, мамандық, бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;
- модул – пәнаралық әдістемелік ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді.
- модул – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Бiздiң модулге берген анықтамамыз үшiншi тәсiлге саяды. Модул деп бiз өзiне дидактикалық мaқcaттapды, оқу материалының логикалық аяқталған бiрлiгiн (пәнiшiлiк және пәнаралық бaйланыстар сақталған), әдiстемелiк нұсқауды (дидактикалық материалды қоса) және бақылау жүйесiне eнетiн оқу пәнiнің дараланған ұйымдастыру-әдiстемелiк құрылымын түсiнемiз.
Оқытудың модульдiк тәсiлi оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсендiлiктi басқару әдiстерiн өзгертудi қалайды.
Оқытудың мақсаты оқу-тәрбие үрдiсiнiң барлық бөлiктерiн бiр жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады. Мақсаттар маман даярлау жүйесiнiң барлық жалпы бағытын айқындайды.
Модульдiк оқытудың кәсiби бiлiм беру жүйесiнде кең түрде танымды болуын түсіну қиын емес, өйткенi модульдiк бағдарламалардың операциялық типi кәсiби икемдiлiктi қалыптастыруға бағытталған.
Модульдiк оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жiктелуi деңгейiне қарай (кешендi, кiрiктiрiлген дербес) және түpi жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеудi ұсынады.
Одан әpi кешендi мақсатқа сәйкес оқыту мазмұны қайта қарастырылады, кiрiктiрiлген және дербес мақсаттар оның құрылымдығын және негiздемесiн бiлiм беру мазмұнын ұйымдастыру негiзiмен және таңдап алу өлшемiмен айкындайды.
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әcipеcе, бұл оқу мазмұнын дербес модульдерге жіктеудегі модульдік оқытуға байланысты.
Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқа да дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Модульдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбағы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.
Модульдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту мазмұнынан ғана тұрмайды. Оқыту үрдісі, сонымен қатар басқару болып табылады. Онда меңгеруші және бағынушы жақтары бар, яғни, мұғалім және білім алушы оқушы. Оқушылардың оқу іс-әрекетттерін басқару тәсілдері олардың ойдағыдай оқуына әсер етеді және модульдік оқытуға мүмкіндік туғызады.
Педагогикалық үрдісті басқару – модульдік оқыту теориясының өзекті мәселелерінің бірі.
Оқыту үрдiсi - әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар мен оқушылар белсендi түрде әрекет етедi. Педагогикалық үрдiстi басқару кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.
Көптеген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудың түрліше нұсқаулары талданып, қолдануға ұсынылған. Мысалы, оқу үрдісін басқарудың жалпы кибернетикалық жүйесі негізге алынады.
Модульдiк оқытуда модул мен модульдік бағдарлама арқылы циклдiк басқару жүзеге асырылады, яғни, басқарушы жүйенің басқарылуын жүйеге кеpi әсер ету үрдісі арқылы да асыруы мүмкін. Kеpi байланыс - модульдiк оқытуда басқарудың басты құралы. Kеpi байланыстың іске асырылуы кеpi байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру сапасының диагностикасын көрсететін модульдік бағдарламалар арқылы орындалады.
Жеке тұлғаның даму мақсаты жөнінде сөз болғанда тек қана кибернетикалық ұстанымға сүйенуді басшылыққа алған дұрыс емес. Басқарудың иерархиялық қағидасына сүйеніп, жүйенің әрекет етуінде басқарушы функцияларын оның жоғары бөліктері, ал жекелеген басқару әрекетін төменгі бөліктері орындауы керек. Оқыту үрдісінде басқарудың иерархиялық жоғарғы бөлігі педагог, ал төменгі бөлігі оқытушы мен бақылаушы құрылғылар, оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеті болады. Осы қағидаға байланысты модульдік оқытуда ұстаз өзінің басқару функциясының біраз бөлігін модульдік бағдарламаға береді де, бұл функциялар білім алушының өзін-өзі басқару функциясына ауысады.
Сонымен, модульдiк оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модульдiк оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертедi. Ендеше модульдiк оқыту жағдайында оқу үрдiсiн басқару мәлiмет беру үрдiciне бағытталған циклдiлiгiмен, бiлiм алушының өздiгiмен жұмыс істеуі және белсендiлiгiн арттыратын өзiн-өзi басқару мен басқарудың тиiмдi арақатынасын орнатумен ерекшеленеді.
Лекция № 15-16 Аксиоматикалық оқыту технологиясы
Жоспар:
1. В.Монаховтың оқыту технологиясы және оны математиканы оқытуда пайдалану
2. Технологиялық картаның құрамды бөліктері
3. В.М.Монаховтың оқыту технологиясы бойынша болжауды құру аксиомалары
1. В.Монаховтың оқыту технологиясы және оны математиканы оқытуда пайдалану
Қазiргi заманғы ғылыми техникалық прогрестiң өте шапшаң қарқынмен дамуы және информация көлемiнiң әр 3-5 жылда 2 еседей өсiп отыруы, әсiресе ой еңбегiн және оқыту үрдiсiн айрықша сапалық түрде жетiлдiрудi талап етiп отыр.
Мұндай дүниежүзiлiк күрделі проблеманы шешудiң бiр жолы, жастарға үздіксiз білiм берудiң жаңа түрлерiмен әдiс-тәсiлдерiн тауып, олардың өздiгiнен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ондай жаңа оқыту тәсiлдерiнiң бiрi академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қарастырайық.
Көптеген мұғалiмдер технология мазмұнын жете түсiнбейдi, оны әдiстемеден ажырата алмайды. Егер әдiстеме көбiнесе оқу процесiн ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ұcыныcтapдың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзiне тән ерекшелiгi бар. Бiрiншiден, технология - бұл coңғы нәтижеге берiлетiн кепiлдiк; екiншiден, технология - бұл болашақ оқу үрдісінің жобасы. Өзiнiң педагогикалық технологиясында В.М.Монахов мынадай анықтама бередi; педагогикалық технология – оқу үрдісін жоспарлаудың жүйелiк әдiсi; оқытудың тиiмдi түpiнe жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкiл оқушымен бiлiмдi меңгеру процесiн жүргiзу, оны бағaлау.
Fылыми тұрғыдан негiзделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалiм қызметiн eкi кезеңге бөледi. 1. Оқу үрдісін жобалау кезеңi; 2. Осы жобаны iскe асыру кезеңі.
Бiрiншi кезеңде мұғалiм оқу материалын шағын мақсаттар жүйесi ретiнде көрсетедi. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуiн жазбаша жұмыстар арқылы тексередi, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтyi үшiн, мұғалiм оқушылаpғa өз бетiмен жұмыс істeyгe алдын-ала тапсырыстар бередi. Екiншi, яғни жобаны іскe асыру кезеңiнде мұғaлiм оқу үрдісінiң нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оку үрдісін жобалаудағы негiзгi объектi - оку тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемi, тақырыптың күрделiлiгiне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейiн болуы мүмкін.
2. Технологиялық картаның құрамды бөліктері
Технологияда оқу үрдісін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөлiктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық карта
Логикалық құрылым | ||
Мақсат қою | Болжам | Түзету |
Үй жұмысын мөлшерлеу(түзету) |
Технологиялық картаның әр бөлшектерi қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.
1. Мақсат қою. Берiлген тақырыпқа қойылатын бiлiм стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар құрастырылады. Тақырыптар көлемiне және оның күрделiлiгiне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке дейiн болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзiндiк жұмыс құрастырылады.
2. Болжам.
Бұл өзiндiк жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелiгi мынада: тексерудiң және оқушылардың жетiстiктерiн бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам eкi түрлi тапсырмадан тұрады: бiлiм беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-шi және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейiмен сәйкес қарастырылады, ал 3-шi тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-шi тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар берiледi.
3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде бiраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезiнде көзге бiрден түседi. Мұғалiм сәйкес түзету жүргiзу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлiк тапсырмадан тұрады.
l-шi деңгей. Болжамның l-шi, 2-шi тапсырмасына.
2-шi деңгей. Болжамның 3-шi тапсырмасына.
3-шi деңгей. Болжамның 4-шi тапсырмасына сәйкес болуы керек.
4. Логuкалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшiн. Оқушыға қанша уақыт керек eкeнiн, болжамды, түзетудi қайталауды, қай кезде өткiзу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалiм өзiнiң әдістемелiк тұжырымдарына суйене отырып, оқу үрдісін тұтас және логикалық көpнeктi модельге көшipедi.
5. Түзету. Түзету негізгi үш бағытта жүргiзiледi:
l)Жаңа оқу материалын меңгеру кезiндегi оқушыларға тиетiн қиындык,.
2) Оқушылардың жұмысында жиi жiберiлетiн қателiктер.
3) Оқушыларды стандарт деңгейiне жеткiзетiн педагогикалық әдicтер жүйесi.
Технологиялық карта нәтижесi әр болжамнан кейін тексерiлiп, талдау жасауды қажет етедi, яғни интеграция жүзеге асырылады.
Оқу үрдiсiн педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады.
Технологиялық картаның құрамды бөлiктерiн және олардың атқаратын қызметтерiн қарастырайык.
1. Технологияның негiзi жоғарыда айтып өткенiмiздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
Мақсатты нақты және анық көре бiлу, яғни тақырыптың негiзгi cұрағын анықтай бiлу, мұғалiмнiң әдicтемелiк шеберлiгін көрсетедi. Қойылатын мақсат мұғалiмге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әpi түciнiктi болуы кажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалiм болашақ оқу үрдiсiн мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшiн оның бiлiмi мен бiлiктiлiгіне қойылатын талаптар жүйелi түрде берiлуi керек.
Iлгерiде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбiз. Оның себебi мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәнi жойыла бастайды.