Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 816
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білуі қажет:
-
алдын ала сенімділік туғызу; -
білімдерін бір біріне жеткізу; -
бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсері.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
| Ескілер | Жаңалар |
Оқушы | - Білім мен дағдыны игереді; - Білімдерді мүмкіндігінше көп көлемде игеру; - Материалдың көлеміне қарай бағдарлау; - Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы; - Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау; - Бақылаудан құтылуға ұмтылу. | - өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру; - білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі; - бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы; - өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою; - дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу. |
Оқу үдерісі | - тәжірибе мен білімді беру; - тұрақты білім негізінде оқыту; - еске түсіру немесе елестету, даярлық әдістерін қолдану; - білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы. | - оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру; - сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту; - өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену; - оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі. |
Нәтиже | - оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау; | - Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау; - өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру; - білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс. |
Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
-Шақыру
-Іске асыру
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің мәліметтер кестесі:
Кезеңдері | Шақыру | Іске асыру | Рефлексия |
Мақсаты | - Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету. - Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету. - Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру. - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою. | - Оқып үйренушімен Жаңа білімді алу. - Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу. - Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену. - Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау. | - Жаңа білімді беру. - Пән туралы бүтіндей көрініс жасау. - Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою. - Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы. |
Тәсілдері | - «Миға шабуыл» - Болжам (сурет, портреті бойынша) - Қажетті сөздер бойынша болжам - Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер) - Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы - Кластер - Кесте «Б–Б–Б» | - insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу - Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету | - insert таңбалау кестесі - Шығармашылық жұмыс – синквейн қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу. - Досына хат жазу, күнделік жүргізу. - Қажетті сөздерден кластерді бітіру. - Шатысқан қисынды тізбектер |
Нәтижелер | - Маңызды тәжірибе - Белсендірілген білім - Қалыптасқан уәж (негіздеме) | - Жүйелі білім - Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту. | - Берілген білім - Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс - Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер |
Аталмыш бағдарламаның ішкі қүрылымында ерекшелік бар. Бұл қүрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы. кажетке жарауын калыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
ИНСЕРТ (INSERT) стратегиясы
I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін "Ә" – әлдеқашан білгенмін;
N – noting: жүйелік белгілеу "+" – жаңа;
S – system: тиімділік үшін "–" – бас қалай ойлады;
E – effective: оқу және ойлану "?" – басқалай ойлады.
R – reading
T – thinking
Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады:
Кесте №1
V | + | - | 1 |
« Б ұ р ы н н а н білсмін» Мұнда студснт-тср лскцияда (мәтінді) ксздескен бұрынан білетін мәліметтерді келтіреді | «Жаңа ақпарат» Бүл жерде студенттер осы лекцияда (мәтінде) жаңадан біл- генін жазады | «Менің ойлағаныма қайшы. кереғар» Мұнда студенттер бұрынғы білімдеріне карама - қайшы лекция да (мәтінде) келтірілген мәліметтерді келтіреді («мен бұрын басқаша ойлайтынмын, сөйтсем олай болмай шықты...») | «Келісе алмаймын. Білгім келеді» Бұл бағанда студент тер өздері келіспей тін немесе түсініксіз болған, тағыда білгісі келетін лекцияның (мәтіннің) тұстарын жазады |