Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 809

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Оқу модулінің жалпы құрылымы және мазмұны мен оқушыларды таныстырады.

  2. Осы оқу модулі бойынша оқушылардың танымдық әрекеттерінің мақсат-міндеттерін анықтайды. Бұл әрекет барысында мұғалім әр оқушының көңілін белгілеп отырған мақсат – міндеттерді қабылдауына бейімдейді.

  3. Оқылатын пәнінің ерекшелігіне, оның мазмұнына, тақырыбына қарай қайталау немесе болжау әдістерін қолдана отырып, жаңа ғылыми информация енгізеді.

  4. Оқушыларды бұл модуль бойынша оқу әрекеті барысында жететін нәтиже үлгісімен таныстырады.

Оқу процесіндегі бұл модульдің ең жауапты екінші сатысы – диалогтық бөлім деп аталады. Диалогтық бөлім мынадай маңызды бөліктен тұрады:

І деңгей. Информацияны ұғыну және орынды пайдалана білу;

ІІ деңгей. Информацияны қолдану және талдау;

ІІІ деңгей. Информацияны қабылдау және түсіну.

Мұғалім модульдің диалогтық бөлімін дайындау кезінде оқу материалының жалпы жобасы мен мазмұнын бірнеше бөліктерге бөліп алады.

  1. Оқу барысы бір жүйедегі оқушының білім алу бағытындағы әртүрлі жеке, топтық және ұжымдық жұмыстардың түрлері іспетті қарастырылады. Олар оқушының ойлап көз алдына елестету, қисындық ой туғызу, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталады, әрі білімдік мақсатын айқындайды.

  2. Психологиялық тұрғыдан қарағанда оқушының жеке тұлға ретінде өз қажеттілігін қанағаттандыру, қабілетіне сендіру және алға қойған мақсаттарына жету үшін жағдай жасау.

  3. Математиканы үйрету үшін оқушыға математикалық атмосфера ортасын қалыптастыру, математикалық тіл қорын игеру үрдісіне жетекшілік жасау, математикалық тілді игеру сатыларына байланысты ұйымдастырылады да, үшінші сатыға келгенде ол жалпыға бірдей сипаттама алу керек.

  4. Оқу үрдісін басқару оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс.

Барлық оқушыларға сынып бойынша үш деңгейде тапсырма беріледі. Олар: І деңгей – стандарттан жоғары деңгейдегі тапсырмалар; ІІ деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейдегі тапсырмалар; ІІІ деңгей – жеңіл стандарт деңгейдегі тапсырмалар.

Әр деңгейдің тапсырмасы әр түрлі.

ІІІ деңгейдің тапсырмасы өте қарапайым, тек қана тақырыппен танысу болса, ІІ деңгейдің тапсырмасы одан ұлғайып күрделене түседі.

І деңгейдің тапсырмасы білімі жоғары, дарынды оқушыларға арналған. Ол шығармашылық жұмысты талап етеді. Оқушылар өз күшіне, білім деңгейіне қарай тапсырмаларды өздері таңдайды. Бұл оқушылардың өз білім деңгейін сынауға қабілетін байқауға өзіне деген сенімділік жүктеу мақсатын бағалауға, сыйластық, сүйіспеншілік қажеттілігін арттыруға көмек жасайды.

2. Модульдік технология негізінде жазылған оқулықтар мен оқу құралдарынан пайдалану.

Қазінгі уақытта озат математика пәні мұғалімдері мен педагог ғалымдар заман талабына сай жаңа буын оқулықтарын жазып практикаға ұсынып жүр. Модульдік технологияға орналған оқулықтың негізгі атқаратын қызметі мынадай бірнеше маңызды бөліктерден тұрады:

  1. Ақпараттық-оқытушылық;

  2. Ынталандырғыш (мотивация)

  3. Бағыттаушылық

  4. Дамытушылық

  5. Тәрбиелік

  6. Үйлестірушілік

  7. Жүйелеушілік

  8. Бақылаушылық

Оқулық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай жазылуға тиіс. Осылай математика стандарттында мектептің әрбір сатысындағы «Математика» пәнін оқытудың басты мақсаттары көрсетілген.

Ал математика пәнін оқытудың басты міндеттері де сол стандартта айқын көрсетілген.

Аталған мақсаттарға жетіп, міндеттерді орындау үшін Қазақстан республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында жалпы білім беретін оқу орындары оқытудың әртүрлі технологияларын қолдана алады, белгіленген талаптарды, нақта жағдайларды сапалы жүзеге асыру үшін оқытудың, тәрбиелеудің оқу процесін бақылаудың түрлерін, құралдарын және әдістерін өздері таңдауға құқылы деп атап көрсеткен.

Біз осы жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді орындау шеңберінде модульдік технологиясына бағытталып жазылған оқулықтардың жоқтың қасы екендігін ескеруді қажет деп ойлаймыз.

Мұндай оқулықтар жекелеген модульдерден құрастырылады. Әр модульді құрастыруда мұғалім оқушылар нені үйренуі керек? Нені білуі керек? деген екі маңызды сұрақты қойып, оларға жауап іздеп, олардан шығудың нақты жолдарын іздеу мақсатын өз алдына қоюы қажет.

Ал оқулықтың мақсаты – мемлекеттік стандартта көрсетілген жалпыға бірдей мақсаттар мен міндеттерді орындап қана қоймай, әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның мүмкіншілігімен санаса отырып, жан-жақты білім беруге негізделген болуы керек. Оқулық тақырыптары оқушыны қоршап тұрған ортаға байланысты математикалық теория мен өмірлік тақырыптардың үйлесімді біріктірілуі арқылы практикалық жолмен әр тақырыпты оқушының санасына , оның мүмкіншілігін ескере отырып жеткізуді көздейді. Оқулықтар оқушыларға білімді меңгеру, ұғыну, есте сақтау, ой-пікір дамыту, қисынды ойлау қабілетін күшейту, оқушыны шығармашылық деңгейге көтеру кезеңдерін қатаң сақтауы тиіс. Сол сияқты оқулық оқушыға математикалық білімдерді өмірмен тығыз байланыстылықта қарастыру арқылы қоршаған орта, табиғат, өнер, қазақ халқының мақал-мәтелдері жөнінде танымдық білім беріп сыныптан сыныпқа күрделендіріліп барылуы керек. Сонымен қатар әр тақырыпта оқушының ізденіп, ой-өрісін дамытуына өз ықпалын тигізуі қажет.



Математиканы үйретуде осы кезеңдерді ескергенде ғана оқушылардың қабілетін арттырып, олармен қолайлы қарым-қатынас жасауға болады.

Ал, енді математика пәнін модуль арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталайық.

Оқыту мақсаты оқушыға алдын-ала түсіндіріледі, оқыту міндеті де айқындалады. Мазмұны модульмен беріледі. Модульдер әр түрлі үлгіде құрылып, әрі модуль жеке оқушыға да арналуы мүмкін. Оқушыға берілген материал курделі болса, ол өзгертіледі. Себебі модуль материалы өзгертуге икемді, онтайлы жасалады. Оқушының қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі. Оқыту материалын өзгертуге күш пен уақыт аз жұмсалады. Оқу әдістері оқушы мен сыныптың белсенді әрекеттеріне бағытталған болады. Мақсатқа жету үшін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған әртүрлі әдістер кешенді түрде қолданылады. Оқыту құралдары оқу мақсатына, түріне, оқушылар үйренуінің мүмкіншілігіне, білім деңгейіне сай сараланады. Әдетте оқу құралын оқушы таңдайды әрі қалауына қарай өзі ауыстырып отырады. Сабақтың ұйымдастырылуы жүйесі әртүрлі болуы мүмкін, яғни ұжымдық, үлкен топ, шағын топ, жұппен, жекелей жұмыс түріне бөлінеді. Өзінің қабілетіне, қызығушылығына, жеке мүмкіншілігіне байланысты оқу уақытын оқушы реттейді. Модульдер шағын және көпшілікке түсінікті құрастырылған болуы керек. Оқушылар білімді игеруде өздерінің жеке қарқынымен алға жылжитындай етіп модулбдер құрастырылады. Олар белгілі бір модульді жіберіп, оны кейін өз бетімен игеруге ерікті болатындай мүмкіншілікке ие болуы керек.

Алған білімдерін бақылау мен бағалау жүйесі төмендегідей. Білім деңгейі әр модульден жіберілген кемшіліктер нақтылы түрде анықталып, оны түзетуге күш пен уақыт аз жұмсалады. Оқушы әртүрлі себептермен өзі жіберген модульді қайталайды, әрі пысықтайды. Оқушылар материалдарды үлкен белсенділікпен толық игереді. Білім деңгейі балмен анықталады. Сондай-ақ жауаптар эталон үлгісі бойынша да бағаланады. Оқушының білімін бағалауда тест түрінде берілетін тапсырмалар уақытты үнемдеуге өте қолайлы болып есептеледі.

Қорытындылай келе, математика пәнін үйретуді, оқытуды жақсы жолға қоюдың бірден-бір амалы ол заман талабына сай оқушы мен ұстаздардың мүддесінен шығатын модульдік технология бағытымен жазылған оқулық тарды жазу десек, осы оқулықпен жұмыс жүргізуде орта мектеп ұстаздарының қосатын үлесі өте көп болмақ, олар әрі оқулықты саралап, әрі салмақтап практикада қолданулары тиіс. Бұл сынақтарға көп уақыт керек.

3. Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану
Сабақтарда модульдік оқыту технологиясын қолдану үшін пәннің белгілі бір тарауындағы оқу материалын бірнеше модульдерге бөлеміз(оларды блок деп те айтуға болады). Мысалы 8-ші сыныптағы геометрия пәніндегі «ұқсас үшбұрыштар» тарауын алып оны модульдерге бөлуді көрсетейік.Мұндай модульдерге бөлуде әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескеру, әрбір оқушы үшінде модульдер алынуы мүмкін. Біз төменде жалпы сынып үшін алынуы мүмкін болған жағдайларға тоқталмақпыз. Мысалдар келтірейік:

VІІ –тарау. Ұқсас үшбұрыштар. §1,2,3

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

1-2 сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Қайталау

  2. Ұқсас үшбұрыштардың анықтамасы

  3. Үшбұрыштардың ұқсастық белгі-лері

  4. Үшбұрыштың орта сызығы

  5. Үшбұрыштар ұқсастығының практикада қолданылуы


10 мин.

10 мин.

30 мин.
15 мин.

25 мин.

Сөйлеу бөлімі.

3-5 сабақ

Оқулық кітаппен жұмыс

135 мин.

6-7 сабақ

Жұптық жұмыс

90 мин.

8 сабақ

«Қарлы кесек» ойыны немесе топтық жұмыс

45 мин.

9-10 сабақ

Деңгейлік тапсырмалар

90 мин

11 сабақ

Тесттік жұмыс

45 мин.

Қорытынды

12 сабақ

Бақылау жұмыс

45 мин.


Жоғарыдағы модульдерден пайдаланып жүргізілетін сегізінші сабақтан үзінді(фрагмент) келтірейік.

Сабақтың тақырыбы: «Ұқсас үшбұрыштар».

Сабақтың мақсаты: 1) Білімдік-үшбұрыштың ұқсастық белгілерін, орта сызығын, тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен жүргізілген биіктіктің қасиеттерін есептер шығарғанда қолдана білу;

2) Дамытушылық – оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

3) тәрбиелік – алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, өзін және жолдасын бағалай білуге үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы, сабақ модулі, топтық жұмысқа дайындалған үлестірме материалдар, магнитофон, интерактивтік тақта.

Сабақ модульде белгіленген 8- сабақ, яғни топтық жұмыс.

І. Тірек сызбасы бойынша қайталау жұмысы.

1) Ұқсас үшбұрыштардың анықтамасы;

2) Ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы;

3) Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері,

4) Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышынан жүргізілген биіктіктін қасиеті;

5) Үшбұрыштың орта сызығы;

6) Үшбұрыштар ұқсастығының өмірде іс жүзінде қолданылуы.

Бірнеше оқушыдан сұралады.

Тірек сызбасы. 8- сынып, геометрия. Ұқсас үшбұрыштар §1,2,3

Тірек сызбасы бірінші сабақтан бастап дайындалып тақтада ілулі тұрады, сабақ сайын сұралады. Осымен сабақтың І-бөлімі аяқталып, ІІ-негізгі бөлімге көшеміз.

ІІ. Сыныптағы барлық оқушылар 4-5 оқушыдан А, В, С, Г, Д топтарына бөлінген.Топтағы оқушылар № 1, 2, 3, 4, 5 деп нөмірленген. Әр топқа 5 есеп жазылған бетте беріледі, есептер бәрінде бірдей.

1-ші есеп. № 1 оқушы

2-ші есеп. № 2 оқушы

3-ші есеп. № 3 оқушы

4-ші есеп. № 4 оқушы

5-ші есеп. № 5 оқушы

Барлық оқушыларға жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Егер есеп шығару барысында көмек қажет оқушы болса, бір-біріне көмектесе алады, бірақ шығарып бермейді. Барлығы шығарып болған соң есептерін бір-біріне түсіндіреді. Бұрын шығарып болған топтарға қосымша тапсырма беріледі, Мысалы: №=581, 582.

Барлық топтар жұмыстарын орындап болғаннан кейін №1 есебі бар оқушылар бір орынға... №5 есебі бар оқушылар бір орынға ауысады. Бұл оқушылардың есептері бірдей. Есептерін салыстырады. Есептердің шығарылуы графопроектордан көрсетіледі, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып алып өздері баға қояды.

Сабақ одан әрі «Брейн-ринг» ойынымен жалғасады.

Оқушылар өз қалауларынша 4 оқушыдан топтасып отырады, әр топқа бағалау парағы және 4 ширекке бөлінген дөңгелек беріледі. Әр ширекте екі ауызша сұрақ, бір есеп қойылады. Отырған оқушылар әрқайсысы өз ширегін таңдап алады, І-ширектен бастап кезектесіп жауап береді, әуелі барлығы 1-ші сұраққа, содан кейін екінші сұраққа, содан кейін есеп, бағалау 0, 1, 2, 3, 4, 5 балл мен бағаланады. Егер оқушы сұрағын білмесе басқа оқушы жауап беріп өзіне балл оқушы дәл жауабын айтып баллдармен бөліседі. Бағаны оқушылар өздері қояды.




Оқушының аты-жөні

І-тапсырма

ІІ-тапсырма

ІІІ-тапсырма

Ортақ балл

1
















2
















3
















4