Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 811

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көрсеткіш жағынан тағы бір таралатын іс-әрекет әрбір дарынды баланың жеке жұмысының ұдайы дамытылуына ұстаз білім мазмұнын бейімдеп, деңгейліктерін оқушы қабілетіне ыңғайлап, тапсырмаларды сол жіктемемен ұсынуы көзделеді. Көрсеткіш қатарынан дарынды оқушының ішкі бағалау мүмкіндігін есепке алынуы ескерілсе, өлшемдік жағына синкретті және аналитикалық бақылау іс-әрекеті жүзеге асырылады. Осы екі қатардың нәтижесі бір нүктеге түйісіп, дарынды оқушының білім алу іскерлігінің қарқыны, тереңдігі, ауқымдылығы айқындалып, дарынды мәртебеге қолы жеткен баланың өзі аталған қасиеттердің өзін өздігінен бақылай алатын дәрежеге жетеді. Тақырып бойынша құрастырылған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі ол оқушының ойлауын, елестету және есте сақтау қабілетін, ынтасы мен белсенділігін арттырады.Ұстаз әр жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушыларға оны өздігінен меңгеруге мүмкіндік береді. Ол үшін оқушылар алдымен тірек тапсырмаларды үйде орындау арқылы дайындалып келеді. Бұл олардың оқулықпен жұмыс жасап үйренуін және өз бетімен іздену дағдысын қалыптастырады, білім сапасын арттырады. Алғашқы үш деңгей мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін құрайды: бірінші деңгейдегі тапсырмалар мемлекеттік стандарт деңгейінің ең қажетті минималды көлемін қамтыса, келесі екі деңгей оқушылардың осы алған білімін тереңдетіп дамытуға, жүйемен қорытынды жасауға арналады. Үшінші деңгей (кері байланыс) – төрт деңгейдегі тапсырмалардың орындалуы. Төртінші шығармашылық деңгейдің тапсырмаларын ұстаздар жеке баланың қабілетіне қарай өзі құрастырады, сондықтан олар жұмыс дәптерлерінде қарастырылмайды. Деңгейлік саралау оқушылардың білімін әдіспен, яғни, рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін бір шетіне оқушылардың тізімі ілінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы тақтада ілулі тұрған тізімге өз атының тұсына және өзінің жұмыс дәптерінің соңында сәйкес таратылатын оларды «+» белгілеп отырады. Қалған тапсырмаларды үйде орындап, оларды «V» белгісімен белгілейді. Бұл құралы өздік жұмыстарды ұйымдастыруда, оқушылардың білімін тиянақтау және тексеру мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.

Лекция №24 Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. ҚР МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны

Жоспар:


1.Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары

2.Оқу және жаңашылдық дағдылары

3. Ақпарат және технологияны қолдану дағдылары
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.

ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.

Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.

ОҚУ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫ

Оқу және жаңашылдық дағдылары күн сайын күрделеніп жатқан ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге дайын оқушыны осыған дайын емес оқушыдан айыруға көмектесетін дағды ретінде мойындалып отыр. Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.

Шығармашылық және жаңашылдық

Шығармашылықпен ойлау

• Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)

• Жаңа және құнды идея ұсыну

• Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау.

Басқа адамдармен шығармашылықпен жұмыс істеу

• Жаңа идея тудыру, іске асыру және басқаларға тиімді хабарлай білу

• Әртүрлі жаңа мүмкіндіктерге ашық болу, жұмыс барысында топтың үлесі мен пікірін ескеру

• Жұмыста бірегейлігін және бірнәрсені ойлап шығара алатынын көрсету және жаңа идеяларды қабылдауда шынайы өмірдің мүмкіндігі шектеулі екенін түсіну



• Қателіктен сабақ алу; шығармашылық пен жаңашылдық табыс пен әттегенайы кезектесіп келетін ұзақ мерзімді циклді үдеріс екенін түсіну

Инновацияларды қолдану

• Жаңа идеялар қолданылатын салаға қомақты және пайдалы үлес қосу мақсатында шығармашылық идеялармен жұмыс істеу.

Сын тұрғысынан ойлау және проблема шешу

Дұрыс пайым жасау

• Жағдайға байланысты түрлі ой тұжырымдау (пайым жасау) (индуктивті, дедуктивті т.б.)

Жүйелі ойлау

• Күнделі жүйенің жалпы нәтижесін шығару үшін бүтіннің қандай бөлшектеріне бір-бірімен ықпалдасқанын талдау

Қорытынды жасау және шешім қабылдау

• Негіздемелерді, дәлелдемелерді, пайым-пікірлерді тиімді талдау және бағамдау

• Негізгі баламалы көзқарастарды талдау және бағамдау

• Ақпарат пен дәлелдер арасында байланыс орнатып, оларды жинақтау

• Жақсы сараптама негізінде ақпаратқа түсініктеме беру және қорытынды шығару

• Оқу тәжірибесі мен үдерісі жөнінде сын тұрғысынан ойлану.

Проблемаларды шешу

• Әртүрлі таныс емес проблемаларды дәстүрлі жолмен де, инновациялық жолмен де шешу

• Алуан түрлі көзқарастарға сәуле құйып, анағұрлым тиімді шешім қабылдауға жол ашатын маңызды сұрақтарды анықтау және қою.

Қарым-қатынас және ынтымақтастық

Түсінікті қарым-қатынас жасау

• Әртүрлі формада және жағдайда ойлары мен пікірлерін ауызша, жазбаша және вербалды емес тәсілмен тиімді түрде білдіру

• Білім, құндылықтар, көзқарас пен ниетті қоса алғанда мағынаны ұғыну үшін тиімді түрде тыңдау

• Алуан түрлі мақсатта (мысалы, хабарлау, нұсқау беру, уәждеу және сендіру үшін) қарым-қатынас жасау

• Мультимедиа мен технологиялардың тиімділігін болжау, сондай-ақ ықпалын бағамдау үшін оларды пайдалану

• Әртүрлі ортада (соның ішінде көп тілді ортада) тиімді түрде қарым-қатынас жасау.

Басқалармен ынтымақтастық жасау

• Әртүрлі топпен тиімді және байыппен жұмыс істей алатынын көрсету

• Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті ымыраға келуде ізетті болуға икемділік пен ынтызарлық таныту


• Бірлескен жұмыс үшін ортақ жауапкершілік қабылдау және топтың әр мүшесі қосқан жеке үлесті бағалау (құнды деп санау).

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ

ХХІ ғасырда адамдар технология мен мультимедиаға толы ортада өмір сүреді. Оның мынадай белгілерін атауға болады: 1) көптеген ақпаратқа қолжеткізуге болады, 2) технология құралдары жылдам өзгеріп жатады, 3) ынтымақтастық орнату және орасан зор жеке үлес қосу қабілеті. ХХІ ғасырда нәтижелі болу үшін азаматтар мен жұмысшылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алу қажет.

Ақпараттық сауаттылық

Ақпаратқа қол жеткізу және оны бағамдау

• Ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде (дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу

• Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау

Ақпаратты қолдану және басқару

• Қазіргі мәселе немесе проблема тұрғысынан ақпаратты орынды және шығармашылықпен қолдану

• Алуан түрлі дереккөзден келетін ақпарат ағынын басқару

• Ақпаратқа қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.

Мультимедиа сауаттылығы

Ақпарат құралдарын талдау

• Ақпарат құралдарындағы хабардың қалай және неге, сондай-ақ не мақсатпен құрылғанын түсіну

• Адамдардың хабарды қалай әртүрлі қабылдайтынын, құндылықтар мен көзқарастарды қалай ескеріп немесе назарсыз қалдыратынын, сондай-ақ ақпарат құралдарының адамдардың пікірі мен мінез-құлқына қалай ықпал ететінін зерделеу

• Ақпарат құралдарына қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану

Мультимедиа өнімдерін өндіру

• Мультимедиа құрудың аса қолайлы құралдарын, олардың сипаттамалары мен ережелерін түсіну және пайдалану

• Алуан түрлі, көп мәдениетті орталардағы қолайлы тұжырымдамалар мен түсініктерді түсіну және тиімді пайдалану.

АКТ сауаттылығы

Технологияны тиімді пайдалану

• Технологияны ақпаратты зерттеу, ұйымдастыру, бағамдау және жеткізу құралы ретінде пайдалану

• Білім қоғамында табысты қызмет ету мақсатында сандық технологияларды (компьтерді, планшетті, медиа-плейерді, навигация жүйелерін және т.б.), байланыс/желілік құралдарды және әлеуметтік желілерді ақпаратқа қол жеткізу, оны басқару, кіріктіру, бағамдау және құру үшін тиісті түрде пайдалану


• Ақпараттық технологияларға қол жеткізу және оларды қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.

ӨМІР СҮРУГЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР

Бүгінгі тіршілік және жұмыс жағдайлары ойлау дағдылары мен пәндік білімді ғана талап етпейді. Бүгінгі ақпараттық ғасырда күрделі тіршілік ету және жұмыс жағдайларын басқару қабілеті оқушылардан тиісті өмірлік маңызы бар және кәсіби дағдыларды дамытуға баса назар аударуды талап етеді.