Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 810

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Икемділік және бейімделушілік

Өзгерістерге бейімделу

• Алуан түрлі рөлдерге, жұмыс жауапкершілігіне, кестелер мен жағдайларға бейімделе білу

• Түсініксіздік орын алып, басымдықтар өзгеріп жатқан ортада тиімді жұмыс істеу.

Икемді болу

• Кері байланысты тиімді түрде ұсыну

• Мақтау, сәтсіздік пен сынға жағымды қарау

• Оңтайлы шешімге (әсіресе көп мәдениетті ортада) қол жеткізу үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді түсіну, ескеру және теңгеру

Бастама және өзін-өзі бағыттау

Мақсаттар мен уақытты басқару

• Материалдық және материалдық емес табыс критерийлері бар мақсат қою

• Тактикалық (қысқа мерзімді) және стратегиялық (ұзақ мерзімді) мақсаттардың арасында теңгерім сақтау

• Уақытты тиімді қолдану және жұмыс көлемін тиімді басқару

Өз бетінше жұмыс істеу

• Сырттан тікелей бақылаусыз тапсырмаларды қадағалау, анықтау, басымдық белгілеу және орындау

Өзін-өзі бағыттайтын оқушы болу

• Адам өзінің білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алуы үшін дағдыларды және/немесе оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмеу

• Дағдыларын кәсіби деңгейге дейін жетілдіруге ұмтылатынын көрсету

• Оқуды өмір бойы жүретін үздіксіз үдеріс ретінде қабылдайтынын көрсету

• Келешектегі алға ілгерілеуді түсіндіру үшін өткен тәжірибе жөнінде сын тұрғысынан ойлану

Әлеуметтік жән мәдениетаралық дағдылар

Басқалармен тиімді түрде өзара әрекет ету

• Қай жерде тыңдап, қай жерде сөйлеу керектігін білу

• Өзін әдепті, кәсіби түрде ұстау

Кез келген топта тиімді түрде жұмыс істеу

• Мәдени ерекшеліктерді құрметтеу және әртүрлі әлеуметтік және мәдени топ өкілдерімен тиімді түрде жұмыс істеу

• Әртүрлі идеялар мен құндылықтарға ашық болу

• Жаңа идеяларды жүзеге асырғанда әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді ескеру және жұмыс инновациясы мен сапасының екеуін де жетілдіру

Нәтижелілік пен жауапкершілік

Жобаларды басқару

• Кедергі мен бәсекелестік қысымға қарамастан, мақсат қойып, оған қол жеткізу

• Көзделген нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыста басымдық белгілеу, жоспарлау және басқару


Нәтижелерге қол жеткізу

• Жоғары сапалы өнім өндірумен ассоциацияланатын қасиеттерге ие екенін көрсету, соның ішінде:

- Позитивті және әдепті болу

- Уақыт пен жобаларды тиімді басқару

- Бірнеше тапсырманы бір уақытты орындау

- Белсенді түрде қатысу, сондай-ақ адал және ұқыпты болу

- Өзін кәсіби тұрғыдан және тиісті мәнерде көрсету

- Басқа топтармен тиімді түрде бірігу және топтасу

- Топтың алуантүрлілігін құрметтеу және бұның құнды екенін түсіну

- Нәтиже үшін жауапкершілік алу.

Көшбасшылық және жауапкершілік

Басқаларды бағыттау және жетелеу

• Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану

• Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану

• Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру

• Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту

Басқалар үшін жауапты болу

• Жалпы қоғам мүддесіне жауапкершілікпен қарау.

Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Лекция№25-26 Тиімді оқыту және оқу тәсілдері.

Жоспар:

1.Бүкіл сынып орындайтын жұмыс

2.Шағын топтардағы жұмыс

3.Жеке жұмыс

4.Ширату жаттығулары

5.Жалпы сабақтар

Бүкіл топ орындайтын жұмыс

- Сараланған сұрақтарды қолданыңыз.

- Күтілетін нəтижелерді саралаңыз.

- Оқуда ерекше қажеттіліктері бар жəне қабілетті оқушыларға, мəселен, айрықша қажеттіліктері бар қабілетті оқушыларға бағытталған сұрақтарды жоспарлаңыз жəне əзірлеңіз.

- Оқушылардың өз бетінше оқи алатынынан жоғары деңгейдегі мəтіндер жəне тапсырмалар əзірлеңіз.

- Басқалардан гөрі қабілетті оқушыларға шамадан тыс көп тапсырма жүктемеуге тырысыңыз.



- Анағұрлым қабілетті оқушыларды интербелсенді пікірталасқа тарту үшін ашық сұрақтарды қолданыңыз.

- Қабілетті оқушыларды өтілген материалдар бойынша тұжырым жасауға ынталандырыңыз.

- Өзіңіз іштей барлық оқушыларға ауызша кері байланыс беріңіз.

- Қажет болған жағдайда оқушыларды модельдеуге қатыстырыңыз.

- Қабілетті оқушылардың түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айтуын сұраңыз.

- Қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар мен тапсырмалар, ал қабілеті төменірек оқушылар үшін төмен деңгейлі қарапайым сұрақтар əзірлеңіз.

- Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін модельдеуді пайдаланыңыз.

- Түрлі деңгейдегі проблемаларды шешудің үлгісін көрсетіңіз.

- Метатанымды қолдау үшін қажетті терминологияны қолданыңыз.

- Қабілеті жоғары оқушылар білуі тиіс мəселелерді модельдеңіз.

- Бүкіл сыныпқа арналған мақсат қойыңыз.

Шағын топтағы жұмыс

- Ең қабілетті оқушылардың мұғалімнің өзіне назар аударуын көбірек қалайтынын есте ұстаңыз.

- Оқушылардың жəне соған сəйкес топтың ортақ қажеттіліктерін анықтаңыз.

- Топтарды жұмыс түріне қарай құрыңыз.

- Күтілетін нəтижеге сəйкес топ мүшелерін ауыстырып отырыңыз.

- Кейде ең қабілетті оқушылар бірігіп жұмыс істейтін жағдайлар болатынына көз жеткізіңіз.

- Барлық оқушылардың басқаларды басқару жəне топта жұмыс істеу мүмкіндігі болуына назар аударыңыз (бұл жерде мұғалім тарапынан ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға назар аударылуы тиіс).

- Ерекше қабілеті бар оқушыларға топтық жұмыста олардың қабілеттерін ашатын рөлдерді бөліңіз.

- Бүкіл топ үшін ғана емес, шағын топ/жеке оқушы үшін де мақсат белгілеңіз.

- Өзін-өзі бағамдауды қолдаңыз.

- Оқушыларды тек сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақты дұрыс тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

- Оқушылардың мəдени дəстүрлерін ескеріңіз.

- Бірлесіп проблеманы шешу жаттығуларын қолданыңыз.

- Оқушылардың алдына қойылатын мақсаттарды бірлесе отырып белгілеңіздер.

- Бүкіл сыныпқа арналған таныстырылым жасау мүмкіндіктерін талқылаңыздар.

- Топтық жұмыстағы маңызды рөлдерді бөліңіз, мысалы, талқылауды өткізуге жауапты топ көшбасшысы жəне т.б.

- Өзара түзету немесе өзара бағалауды қолданыңыз.

- Оқушылардың дамытуды қажет ететін салаларын жəне жақсартуға қатысты ұсыныстарын тұжырымдауын талап етіңіз.

- Оқушының «толығырақ» жауап беруін емес, «басқаша» жауап беруін күтіңіз.


- Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесіңіз.

- Сапалық нəтижелерді назарда ұстаңыз.

- Үдерісті жеделдету жағдайларын зерделеңіз.

- Барлық оқыту мерзімдерін белгілеңіз, бірақ мерзімдер мүмкіндіктерге сəйкес болуы тиіс.

- Тапсырманың ауқымын тарылтып, мағына тереңдігіне біршама мəн беріңіз.

- Топтық кері байланысты жоспарлаңыз.

Жеке жұмыс жəне оқу

- Бағалау марапаттауға ғана емес, қалыптастырушы мақсатта болуы тиіс жəне нақты бағалау критерийлеріне бағдарлануы тиіс.

- Сараланған бағалау критерийлерін алдын ала хабарлаңыз.

- Əрекет ету стилін өзгертіп отырыңыз жəне оқушыларға шамадан тыс қысым жасауға жол бермеңіз.

- Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандырыңыз, өзін-өзі бағалауға арналған парақшаларды қолданыңыз.

- Пəн аясында оқушылардың өз бетінше оқуы жəне пәнді меңгеруін қадағалаңыз.

- Күтілетін жоғары нəтижелерге бағдарлай отырып, есептерді жəне жаттығуларды оқушылардың қабілеттерімен сəйкестендіріңіз.

- Оқушылар жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

- Зерттеуге негізделген, проблема шешуге бағытталған тəжірибелік тапсырмалар дайындаңыз.

- Оқушылардан дербес кері байланыс алуды жоспарлаңыз.

- Барынша кең ауқымдағы тəжірибелік жəне зерттеушілік тапсырмалар мен жаттығулар орындауға мүмкіндік жасаңыз.

- Сабақта АКТ қолдануды жоспарлаңыз.

- Ересек оқушылардың өзінен кіші оқушыларға көмектесуін ойластырыңыз, мысалы, тəлімгерлік жасау.

- АКТ-ның тиісті дəрежеде қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіз.

Ширату жаттығулары

- Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында зерттеулерді жоспарлаңыз.

- Ширату жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды таңдап алыңыз.

- Түрлі деңгейдегі жаттығуларда жəне есептеулерде белгілі бір ортақ мақсаттың қарастырылуын қадағалаңыз.

- Жұпта жəне топта тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін ескере отырып, жұптық жұмыстар мен шағын топтағы жұмысты қолданыңыз.

- Түсінуді нақтылау үшін ережелерге немесе үлгілерге сəйкес кері байланыс болжамдаңыз.

- Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін тапсырма беріңіз немесе мысал келтіріңіз.

- Сараланған немесе ашық сұрақ қойыңыз.

- Тұжырым жасаңыз жəне оның дұрыстығын дəлелдеуді сұраңыз.

- «Сіздің бұлай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақтың түрлерін қолданыңыз.

- Белгілі бір химиялық заңдылыққа негізделген жаттығулар тізбегін өткізіңіз.


- Қабілетті оқушылардан нақты тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды тұжырымдауын сұраңыз.

Топ болып талқылау

-Оқушыларды мəселемен таныстырып қана қоймай, оған түсініктеме беруге ынталандырыңыз.

-Олардың рөлдері бойынша өздерін таныстырып, жұмыстары бойынша есеп беру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

-Оқушыларға кері байланыс үшін өздерінің ескертпелерін жазып отыруды ескертіңіз.

-Оқушылардың кері байланыс үшін əртүрлі мерзімдерді белгілеуіне рұқсат етіңіз.

-Тиісті лексика мен терминологияны қолдана отырып, меңгерілген тақырыпты қарастыруға назар аударыңыз.

-Күрделі міндеттерді шешіңіз.

-Оқушылардың өздерінің оқуы туралы ойланатынына көз жеткізіңіз.

-Күрделі (маңызды) идеялар туралы түсінік қалыптастырыңыз.

-Оқушылардың қабілеттері жағынан ұқсас сыныптастарымен бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.

-Топтық ықшам талқылау ұйымдастыруды қарастырыңыз.

Зерттеуге негізделген оқудың тұжырымдамасы

Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады. Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды. Зерттеу барысында болжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларды бағалау нәтижелеріне байланысты кезеңдер қайта қарастырылады.

Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі

Кезеңдер

Жаттығулардың негізгі тақырыбы

Сұрақ түрлері

Алғашқы дайындық

Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік беру.

Тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын мәселелерді анықтау.

Тақырып қандай?

Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет?

Зерттеуге дайындық

Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау.

Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу.

Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу.

Біз ілгеріден бұл тақырып туралы не білеміз?

Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?

Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың?

Зерттеу

Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру.

Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну.

Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну.

Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру.

Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу.

Біздің нақты нені білгіміз келеді?

Мұны істеудің ең тиімді жолы қандай?

Ақпаратты қалай жинаймыз?

Сұрыптау

Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну.

Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру.

Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру.

Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз?

Қандай байланыс орната аламыз?

Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз?

Алға ілгерілеу

Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру.

Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну.

Біз қандай қорытындыларға келдік?

Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?

Алынған нәтижелермен не істейміз?

Біз келесі әрекеттеріміз қандай болу керек?

Байланыс орнату

Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауына көмектесу.

Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беру.

Біз қандай қорытындыға келдік?

Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?

Нәтижелерді қалай пайдаланамыз?

Әрекетке көшу

Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу.

Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер жасау.

Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеру.

Біз қандай әрекет жасай аламыз?

Тақырып туралы енді не ойлайсыз?