Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 808

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Лекция №27-28 Белсенді оқыту әдістері

Жоспар:

1. Белсенді оқу әдістерін қолдану.

2. Диалогтік оқыту.

3. ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

4. STEM-білім берудің дамуы. STEM-білім беру дегеніміз не?
1. БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ

Нұсқау беру жəне айту: Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу. Мысалы, химиялық тәжірибеде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай баяндау немесе кестені қалай құру.

Көрсету жəне модельдеу: Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну, мысалы, химиялық есепті қалай шешу керектігін, кестені түсіндіру, компьютерлік бағдарламалық жасақтама қолдану.

Түсіндіру жəне сипаттау: Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, химиялық есепті шығаруда есептеу тəсілін баяндау жəне бұл неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, қолданылған шамалардың, математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру.

Сұрақ қою жəне талқылау: Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.

Зерделеу жəне зерттеу: Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.


Бекіту жəне қолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы химиялық есептерді шешуде математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.

Рефлексия жəне бағамдау: Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.

Қорытынды шығару жəне есте сақтау: Сабақта жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; пәннің басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.

Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың басым бөлігінде оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың мұғаліммен қарым-қатынасын барынша арттырып, əр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді.


2. Диалогтік оқыту арқылы демократиялық сыныптарды дамыту

Бразилиялық педагог Паулу Фрейре (Paulo Freire), әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып,басқа адамдармен диалогтік әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фрейре теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр. Педагог Фрейре білім мынадай болуға тиіс деп санайды:

1. Бірлескен – интерактивті және ынтымақтастыққа дайын.

2. Сыни - өздік рефлексті және әлеуметтік рефлексті.

3. Демократияшыл – мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп жасауы арқылы құрылған.

4.Диалогтік – диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін проблемаларға жинақталған.

5.Зерттеуге бағытталған – мұғалімдер мен оқушылар тәжірибеге, қоғамға және оқу материалына байланысты проблемаларды белгілейтін зерттеушілер болады.

6.Аффективті (эмоционалды) – сезімдерді дамыту мен әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық білдіріп,қайғыға ортақтасу.

Фрейре, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды (2007 ред., 43-б). Осы мақұлдау жаңашыл болып табылмайды: ең алдымен Л.С.Выготский оқытуда диалогқа басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» түсінігі (сілтеме) мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15-бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фрейре осы теорияны әрі қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтің мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген. Осындай типтегі диалогті бақылау кезінде Фрейренің назары ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағытталмай, негізінен оқушыларға бағытталды. Шор саясат «сыныптың тілдік қарым-қатынасы» арқылы анықталатынын еске салады. Мұғалімдер мен оқушылардың бір-бірімен сөйлесуі, ұялмай ескертулерді айтуы, өз пікірлерін қысылмай білдіріп, сөз алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілі демократияшыл сыныптың қандай болу керектігін көрсетеді. Демократияшыл сыныпты құру белгілі бір тәуекелмен түйіндес. Тәуекел мен жауапкершілік осындай оқыту түрінің басты және аса маңызды құрылымының бірі болуы мүмкін. Бұл жағдайда, екі жақта да, мұғалімдер мен оқушыларда, олардың құқықтары және уәкілеттіктері сенімділік принциптеріне негізделіп, тең бөлінсе, оқыту процесінде үлкен проблемалар мен қатерлердің болуы ықтимал.


Оқушыларға көшбасшылыққа нақты мүмкіндіктерді ұсынуда үлкен тәуекел бар, бірақ, сонымен қатар, оның оқытуда үлкен әлеуеті де бар. Оқытудың эмоционалдық негізі проблемалар оқушылар үшін маңызды болуына әкеледі. Фрейре оқытуда қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті. Осыған байланысты келесі міндеттер белгіленеді:

“Әр түсінік ерте ме кеш пе әрекетпен ілеседі. Адам проблеманы қабылдаған соң, оны түсініп, шешу мүмкіндігін мойындаған сәттен әрекет жасай бастайды. Осы әрекеттің сипаттамасы түсіну сипаттамасына сәйкес келеді. Сыни түсінік сыни әрекетке әкеледі …” (с.41)

Дьюи (1997) еркіндікті «ақылды бақылау мен талқылаудың көмегімен дамитын мақсат» деп анықтайды (71-б) және мұғалімдер оқушылардың ойлау еркіндігін қамтамасыз етіп, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы басқаратын өз ролін ойнауға тиіс екенін айтады. Ол мұғалімнің міндеті тәжірбиенің нәтижесі бойынша жаңа проблемаларды қоятын, ары қарай зерттеуге арналған бақылаулар мен талқылаулардың жаңа тәсілдерін ынталандыру үшін келешегі мен шамасы бар қорытындыларды таңдауда дейді. (75-б). Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етті.

Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Инновациялық оқу ортасының салыстырмалы талдауы (ЭЫДҰ):

«мұғалімдер ақпараттық технологиялар саласында және оларды оқытудың тиімді құралы ретінде қолдану әдістемелері бойынша білікті, атап айтқанда, оқыту үдерісінде сандық ресурстарды тиімді пайдалана алуы, сондай-ақ, оқушылардың оқу үдерісін қадағалау үшін автоматтандырылған басқару жүйесін қолдана білуі тиіс».

Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық процестер өркениеттің дамуының негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үдерісі білім берудің сипаты мен мазмұнын өзгерту қажеттілігін тудырып білім беру жүйесіне әсер етеді.

АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаттары

1) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, негізгі оқу дағдыларын қалыптастыру, бейінді және бейіналды даярлықпен қамтамасыз ету;

2) АКТ артықшылықтарын жүзеге асыру арқылы білім, білік және дағдыларды меңгеру сапасын арттыру, танымдық қызметті белсенді қылу мақсатында ынталандыру, ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарын пайдалану негізінде пәнаралық байланыстарды тереңдету;


3) білімділіктің жоғары көрінісі деп танылатын және жеке адамның қасиеттері мен кәсіби біліктілігінен тұратын жалпы мәдениет құраушылардың бірі ретінде ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;

4) оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру, белгілі бір бағыт бойынша оқушылардың қабілеттерін дамыту;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларды өз бетінше оқу-танымдық қызметке даярлау;

6) оқушы тұлғасын дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, зерттеу ісіндегі шеберлігін ашу;

7) аппараттық құралдар, бағдарламалық жүйелер, сондай-ақ, заманауи технологиялық шешімдер негізінде жүзеге асатын және ақпараттық сұраныстармен қамтамасыз етуге арналған мазмұндық толықтырулар, оқушылардың қызметіне байланысты және де оларға қажет оперативті қарым-қатынас үшін ақпараттық ағындарды ұйымдастыру ретінде біртұтас ақпараттық орта құру;

Жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры заманауи мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі, заман талаптарын ескере отырып, жастарды қазіргі қоғамға даярлаудағы өзіндік тәсілдерін оперативті түрде өзгертіп отыруы тиіс. Түпкі мақсаты технологияларды пайдалану емес, оқушыларды оқытуда ойлау мен дербестікті қолдау және ынталандыру мақсатында сынып пен мектеп мәдениетін өзгерту. Сынып мәдениеті өзгерместен тұрып қалмай заман талабына бейімделіп дамуына, мұғалімдердің үнемі ізденісте болып кәсіби біліктілігін арттырып дамуына қол жеткізу керек.

Мұғалім ақпаратпен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақтарда қолданылатын АКТ-ға негізделген оқу стратегиялары оқушыларға икемді болуды және инновациялық ойлауды үйретуде, тиімді бірлескен жұмыс жасауда, оңтайлы, құнды пайымдаулар жасау шеберлігіне көмек көрсетуі тиіс. Компьютерлік технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіби мәдениетінің элементіне айналуы тиіс.

Мұғалімге өз пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру үшін АКТ-ны қолдануды үйрену маңызды.

Мұғалім АКТ-ны (интерактивті тақта, электронды оқулықтар мен құралдар, электрондық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, жаттығулар және тестілеу бағдарламалары, Интернет желісінің білім беру ресурстары, бейне және аудиотехника, интерактивті сабақтар, конференциялар мен сайыстар, қашықтықтан оқыту) пайдалану оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік беріп, ақпаратты қабылдауын, зейінін жетілдіріп, материалды түсіну мен есте сақтауын жақсартатынын, орындалған әрекеттердің нәтижесінің көрінісін көрсетіп, қызықты зерттеу жұмыстарын, жобаларды жасауға мүмкіндік беретінін білуі тиіс.