Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 807
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Сондықтан нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ескеру қажет.
Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға келесілерді жатқызуға болады: «Математика 5-11 классы. Практикум», «Все задачи школьной математики», «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики», Ұлттық ақпараттандыру орталығының «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.
Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметтерімен қатар педагогика ғылымында оқудың ынталандыру және ұйымдасу қызметтері өз алдына қарастырылуда. Оқу процесін шәкірттерді алдағы оқу ұжымдық жұмыстарға еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дәрежеде құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір – бірінен құбылыстар емес, олардың бәрі өзара шартты байланысы әрі сабақ бөліктері мен кезеңдерінің бәрінде бірдей орындалып жатады.
Ұсынылып отырған әдістеменің маңызы төмендегі екі режім бойынша педагогикалық сценарий құрастыруда, олар: ұсынылған жауап нұсқаларының ішінен бірнешеуін таңдау режимі (1-режим) және оқушының жауапты еркін түрде жазу режимі (2-режим).
Алдымен ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларының эксперименттік пакетін жасауда пайдаланылған автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) негізгі сипаттамаларын қарастырайық. АОЖ – бағдарламалауды білмейтін мұғалім оның көмегімен оқыту курстарын, оларды кейінгі уақытта оқыту процесіне пайдалана алатындай етіп жасауға арналған құрал. Аталған жүйе сұрақнамалар пакетінен тұрады. Сұрақнама файлын іске қосқаннан кейін рұқсатсыз өзгертуден қорғау мақсатында қолданушыдан құпия сөз талап етіледі. Құпия сөзді енгізу туралы нұсқау мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта берілген. Егер құпия сөз дұрыс енгізілсе, Сұрақнама пакеті терезесі ашылады. Сұрақнама пакеті үш сұрақнама редакторынан тұрады. Әр редактордың өзіндік ерекшелігі бар. Сұрақнама редакторлары
ашық интерактивті тапсырмалар мен ашық тест сұрақтарын енгізуге арналған компьютерлік бағдарлама.
Редакторларда мұғалім келесі әрекеттерді орындайды: сұрақтың мәтінін, дұрыс жауапты, жауаптар нұсқаларын және жауапқа деген әрекетті, яғни көмекті енгізу, дұрыс жауап нөмірін немесе көрсеткішін енгізу (2 а, ә-суреттер).
-
2а сурет – 2-режімнің 2 ә сурет – 2-режімнің
«Сұрақ» бөлімін толтыру «Кеңестер» бөлімін толтыру
Мұғалімнің «Квадрат теңдеу» тақырыбы бойынша жаттықтырушы-бағдарлама сценарийінің үзіндісін құру кезіндегі жұмысын қарастырайық.
Қазіргі кезде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтағы «Квадрат теңдеудің дискриминанты» (КТД) деген пункттегі материалды бекіту үшін төмендегі типті интерактивті тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады:
-
ax +bx+c=0 квадрат теңдеуінің а 0 болғанда, екі шешімі болады егер... -
5х -2х-3=0 теңдеуін шешпей-ақ, оның түбірлерінің санын көрсетіңдер -
р-нің қандай мәндерінде х +2х+р=0 теңдеуінің түбірлері болмайды? -
2х +7х-11=0 квадрат теңдеуінің дискриминантын есептеңдер.
Бірінші типтегі тапсырмалар төмендегідей жалпы ережені меңгеруді көздейді: D>0 болғанда теңдеудің екі түбірі болады, D=0 болғанда теңдеудің бір түбірі болады, D<0 болғанда теңдеудің шешімі болмайды.
Екінші типтегі тапсырмалар нақтылы жағдайда дискриминанттың таңбасын анықтау арқылы, түбірлер санын анықтауды іздеуге меңзейді. Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын дискриминантты есептемей тұрып-ақ табуға болады, сондықтан берілген пункттің материалын бекіту үшін осы типтегі тапсырмаларды беруге болады.
Үшінші типтегі тапсырма зерттеу сипатына ие.
Төртінші типтегі тапсырмалар квадрат теңдеудің дискриминантын есептеуді талап етеді.
Дискриминанттың таңбасы бойынша квадрат теңдеудің түбірлер санын зерттеуге арналған бірінші және екінші типтегі тапсырмаларды орындағанда, оқушылар дискриминанттың таңбасын көп жағдайда дұрыс анықтай алмайды. Үшіншіге ұқсас тапсырмаларды орындағанда кең тараған қателердің бірі – дұрыс құрастырылмаған теңсіздік болып табылады, сондықтан жауап дұрыс болмаған жағдайда оқушыға ұқсас мысал ұсынылады, одан кейін ол негізгі тапсырманы орындауға қайта оралады. Соңғы тапсырманы орындаудағы қателік оқушыға дискриминантты есептеу формуласын еске түсіреді. Бір тапсырманы мысалға ала отырып «КТД» тақырыбы бойынша бағдарлама сценарийінде жауаптар нұсқасының қалыптасуын сипаттайық.
5х –2х–3=0 теңдеуін шешпей тұрып, оның түбірлерінің санын анықта деген сұраққа мүмкін болатын жауаптардың нұсқаларын қарастырайық.
Әдеттегі әдістерді пайдаланып бұл материалды оқып-үйрену кезінде кездесетін қателерді талдау, ең көп тараған қате дискриминантты есептегенде «-» белгісін «+» белгісіне ауыстырып алу болып табылатындығын көрсетті. D=b – 4ac-ның орнына D=b +4ac-ны есептейді. Сол себепті де, жауаптың мүмкін нұсқаларының бірі «түбір жоқ, себебі D=-56» болады.
Болмашы, яғни зейінсіздіктен пайда болатын кең тараған қателердің бірі «4» коэффициентін ескермеу, яғни D=b –ac-ны есептеу болып табылады. Осылайша «екі түбір, себебі D =19» деген жауап нұсқасы шығады.
«Бір түбір, себебі D=64» деген жауаптың нұсқасы дискриминанттың формуласын қалай меңгергенін тексеру үшін қойылатын қосымша жауап.
Қарастырылған сұрақтың дұрыс жауабы « екі түбір, себебі D=64 ».
Сөйтіп, осы жағдайда бағдарламаның бір сұрағына жауаптардың бес нұсқасы қарастырылған.
Тұжырымдалған жауаптың нұсқаларына әрекет ретінде мұғалімнің әдеттегі оқытудағы жауаптары ұсынылады. «Кеңес» бөліміндегі хабар оқушының жіберген қателеріне байланысты болады, ал жауап ол қателерден өзгеше болса, онда бағдарлама квадрат теңдеудің дискриминантын есептеу формуласын және квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтау үшін оның дискриминанты бойынша зерттеудің алгоритмін ескеру қажеттігіне назар аударады.
Бағдарлама сценарийінде қарастырылған сұрақтың бейнеленуі келесі түрде болады:
Сұрақ: 5х2-2х-3=0 теңдеуін шешпей-ақ, оның түбірлерінің санын анықта.
2 кесте – Дискриминанты шешу кезіндегі компьютерде орындалатын алгоритм
Жауаптар нұсқалары | Дұрыстығы | Оқушы жауабына берілетін әрекет | |
Түбірлер саны | Дискриминанттың мәні | ||
2; | D=64 | + | Дұрыс |
Түбірлері жоқ; | D=-56 | - | D-ны дұрыс есептемедің. Формуладағы таңбаға мән бер. |
2; | D=19 | - | D-ны дұрыс есептемедің. 4 коэффициенті ескерілмеді. |
1; | D=64 | - | Дұрыс емес. Егер D>0 болса, теңдеудің қанша түбірі бар? |
Басқа жауаптар берілген жағдайда | - | Дискриминант D=b2 – 4ac Егер D=0 болса, теңдеудің бір түбірі бар; Егер D>0 болса, теңдеудің екі түбірі бар; Егер D<0 болса, теңдеудің түбірлері болмайды. D-ны қайта есепте |
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, мұғалімнің ашық интерактивті тапсырмалардың бағдарлама сценарийін жасау кезіндегі жұмысының негізгі кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін деп айтуға болады:
а) осы тақырыпта (параграфта, пунктте) енгізілетін негізгі түсініктерді бөліп қарастыру үшін тақырыптың логикалық-дидактикалық талдауын жүргізу;
ә) оқушылар арасында көп жіберілетін қателерді анықтау мақсатында оқушылардың тапсырмаларды орындау процесіне жеткілікті түрде талдау жасау;
б) тапсырмаларды іріктеу және әрбір тапсырма үшін оқушылардың жауапқа арналған мүмкін деген нұсқаларын және оларға сәйкес әрекеттерді қалыптастыру керек.
Сабақта оқып-үйренген материалды бекіту (пысықтау) бағдарламаның ойланып жасалған интерактивті тапсырмаларының арқасында, қарастырылатын сұрақты мүмкіндігінше түсіндіруді алдын-ала ескеріп, мұқият жасалған жоспар бойынша жүзеге асады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру — ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.
0>0>
Лекция №13-14 Модульдік оқыту технологиясы
Жоспар
1. Жаңа модульдік технология бойынша математиканы оқыту мәселелері.
2. Модульдік технологиямен жұмыс істеуге негізделген оқулықтар мен оқу құралдары
3. Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану
4. Модульдік технологиямен жұмыс істеудің басты мақсаты және оқу жүйесін басқару ерекшеліктері
1. Жаңа модульдік технология бойынша математиканы оқыту мәселелері.
Модульдің ерекшелігі және басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Бұл модуль жекелеген тақырыптарға бөлінген бағдарлама бойынша өтіледі. Әр тақырыпқа 4-тен 7-ге дейін сағат саны тағайындалады. Модуль үш бөліктен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлігі немесе модульге, тақырыпқа ену (1-2 сағат көлемінде), екінші, негізгі бөлім немесе сөйлеу арқылы оқушылардың біліктілік, іскерлік сияқты қабілеттерін ұйымдастыру (3-4 сағат көлемінде), үшінші бөлігі оқушылардың алған білімдерінің сапасын тексеру (1-23 сағат көлемінде).
Мұғалім бір модульдің сағат санын мөлшерлеп белгілеген соң өз жұмысының нәтижесін көру үшін сабақтың жоспарын, мақсатын, мазмұнын болжап, жоба құрып алады.
Мұғалімнің алғашқы дайындығы келесі әрекеттерден тұрады.
1-әрекет. Математика бағдарламасында қарастырылатын бөлім, тақырыптар блогы немесе жеке тақырып бойынша оқушының алатын шартты білімін, дағдысын, сонымен қатар оқыту мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
2-әрекет. Ұсынылып отырған модуль бойынша оқу материалының барлық мазмұнын талдау.
3-әрекет. Тақырып бойынша белгіленген негізгі информациядағы бұл модулдің мазмұнын сипаттайтын басты ұғымдарды іріктеу. Олардың бір-бірімен байланысын, тәуелсіздігін анықтау.
4-әрекет. Барлық тақырыптар бойынша тірек-сызбалар жасау. Анықталған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, барлық тақырыптар бойынша тірек боларлықтай сызба құрастыру.
5-әрекет. Оқу модулінің мазмұны бойынша 15-20 тест сұрақтарын әзірлеу.
6-әрекет. Бұл модуль бойынша сынақ өткізу үшін оқу материалының барлық мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блоктарын құрастыру (пән ерекшелігіне қарай диктант, бақылау жұмысы арқылы да сынақ алуға да болады).
7-әрекет. Диалогтық бөлімге жете дайындық жасау.
Әрі қарай мұғалім сабақтың түрлерін ойластырады. Өтілген сабақтың мазмұнына қарай үш деңгейде тапсырма дайындайды.
Ал енді модульдің әр бөлігіне қысқаша түсіндірме жасайтын болсақ, кіріспе бөлігінде оқу модулі бойынша мұғалімнің атқаратын қызметтері төмендегідей.