ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.08.2021

Просмотров: 3537

Скачиваний: 32

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мазмұны

ТАҚЫРЫП 1: Графикалық көрініс негізінде медициналық-биологиялық мәліметтерді талдау.

ТАҚЫРЫП 2. Таңдама әдісі. Тарамдалудың дискретті статистикалық қатары

ТАҚЫРЫП 3. Кездейсоқ шаманың қалыпты тарамдалуы туралы болжамды тексеру.

ТАҚЫРЫП4.Биомедициналық мәліметтерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі

ТАҚЫРЫП 5. Сенімділік интервалы

5.1 Генеральды орташаның сенімділік интервалы

5.2 Екі тәуелсіз топтың генеральды орташасының айырмасы үшін сенімділік интервалы

5.3 Екі тәуелді топтың генеральды орташасының айырмасы үшін сенімділік интервалы

ТАҚЫРЫП6. Биостатистикадағы салыстырмалы шамалар бағасы

6.1 Салыстырмалы көрсеткіштің сенімділік интервалы

ТАҚЫРЫП 7.Статисткалық болжамды тексерудің параметрлік емес критерийі.

ТАҚЫРЫП 8.Сапалық белгілерді талдау. Қиысу кестесі

«Кездейсоқ шамалардың негізгі статистикалық сипаттамаларына» бақылау тапсырмасы

«Статистикалық болжамдарды тексеру теориясы» тақырыбы бойынша бақылау тапсырмалары

ТАҚЫРЫП9. Сызықтық корреляция. Спирмен корреляцисының рангтік коэффициенті

ТАҚЫРЫП10. Сызықтық регрессия

ТАҚЫРЫП 11. Дисперсиялық талдау. Бірфакторлы дисперсилық талдау әдісі.

ТАҚЫРЫП 12.Өміршеңдікті талдау әдісі

As ассиметриясы коэффициентінің критикалық мәндері

Ех экцесс коэффициентінің критикалық мәндері

Стъюдент t-критерийінің критикалық мәні

χ2 критикалық мәні

Манна-Уитнидің U-критерийінің критикалық мәні, α = 0,01. Екіжақтылық критерий

БАӨЖ бойынша тапсырма

Аралық бақылауға тапсырмалардың мысалдық нұсқалары

Статистикалық көрсеткіштерді санау формулалары

БАӨЖ бойынша тапсырма

«ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫ ТАЛДАУ»

Сабақ мақсаты: «Биостатистиканы» оқу барысында алған дағды және білімдерін практикалық сабақта қолдану және қорыту.

Сабақ міндеті:

1. Медициналық мәселенің сол және басқа шешімдері бойынша ғылыми зерттеудің үлгісінің адекваттылығын бағалау.

2. Келтірілген зерттеудің технологиясын талдау.

3. Алынған нәтиженің бағасы.

4. Алынған нәтиженің практикалық қолданылуы.

Өздік жұмыс үшін тапсырма

Медико-биологиялық зерттеу нәтижесін көрсететін соңғы жылдары кезеңдік медициналық басылымға шыққан мақаланы табыңыздар.

Мақала толық мәтінді мектте көрсетілген болуы қажет – тезистер және рефераттар алынбайды! – және «Резюме (реферат)», «Кіріспе», «Материалдар және әдістер» (немесе «Зерттеу әдістемесі»), «Нәтиже», «Талқылау», «Қорытынды» бөлімдерінен тұруы қажет.

Мақаланы көшіріп алып, пәнді оқу соңына дейін сақтау қажет.

Мақаланы оқып, келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

«Резюме (реферат)» және «Кіріспе» бөлімдері бойынша:

1. Қандай ғылыми немесе практикалық мәселеде, және қандай нақты тақырыпта мақала жарияланған?

2. Зерттеу объектісін және оның мақсаты мен міндетін анықтаңдар?

3. Зерттеу болжамы қандай? Қашан жасалынған: зерттеуге дейін, зерттеу кезінде немесе зерттеуден кейін?

4. Зерттеу үлгісін схемалық түрде көрсет.

«Материалдар және әдістер» («Зерттеу әдістемесі») бөлімі бойынша:

1. Зерттеуші топтарды анықта, олардың зерттеуінен критерийдің қосылуы және алынып тасталуы.

2. Оны өткізу уақытын және әрекетін жоспарлауы қандай?

3. Таңдама көлеміне түсінік берілген бе?

4. Қандай рандомизация әдісі қолданылған?

5. Қандай шағылыстыру (соқырлық)тәсілдері қолданылған?

6. Зерттеуге қосылғандардың денсаулық жағдайын бағалау үшін авторлармен қандай көрсеткіштер қолданылған?

7. Егер мақалада клиникалық зерттеу нәтижесі сипатталса, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

- Авторлар қандай тиімділік әрекеттер критерийін қолданған?

- Біздіңше критерий оптималды бола ала ма? Зерттеудің мақсатына сай тағы қандай тиімділік әрекетінің баға критерийін қолдануды ұсына аласыз?

8. Статистикалық мәнділік айырмашылығының минималды деңгейі көрсетілген бе?

9. Қандай статистикалық талдау әдісі және бұл үшін қандай компьютерлік бағдарламалар пакеті қолданылған?

«Нәтиже» бөлімі бойынша:

1. Зерттеу нәтижесінің көрсетілу үлгісін бағала (зерттеу схемасы, топтар бойынша науқастар қозғалысы, әр топтағы науқастар саны, жүргізілген әрекеттер әр топтағы өлшеу көрсетілген бе).

2. Жүргізілген статистикалық талдау нәтижесін бағала (көрсеткіштер түрін таңдау (мысалдар, орташа, мода, медиана және т.б.)олардың интервалдығының және нақтылығының болуы ( мысалы, орташа қате, СИ), статистикалық әдістерді және критерийлерді қолдану(оларды қолданудың адекваттылығы, қосымша қандай әдістер қолданылуы мүмкін еді).



«Талқылау» бөлімі бойынша:

1. Нәтижелерінің интерпретациясын бағалаңыз нәтиженің ішкі маңыздылығын(жалпылығын).

2. Зерттеудің себебі не және салдары не. Себеп салдар байланысының болуы ( немесе болмау) туралы авторлар қорытындысы дәйектелген бе?

3. Мақалада сипатталған зерттеу нәтижесінің практикалық мәнділігін және нақтылығын бағала.



Аралық бақылауға тапсырмалардың мысалдық нұсқалары


  • Бөлім 1. Берілген бөлімде тестік сұрақтарға жауап беру қажет, әрбір дұрыс жауапқа - 2%

1

Функцияның тарамдалу тығыздығын бағалау үшін қандай график қызмет етеді

  1. экспоненциалдық

  2. логарифмдік

  3. гистограмма

  4. параболалық

  5. қалдықтар графигі

2

Өзара ерекшеленетін объектілерден құралған 2 топың орташасын салыстыру үшін қандай статистикалық талдау әдісі қолданылады?

  1. дискриминанттық анализ;

  2. сипаттамалы статистика;

  3. тәуелді таңдама үшін t-критерий

  4. тәуелсіз таңдама үшін t-критерий

  5. корреляциондық талдау

3

Тарамдалу қатарындағы медианабұл:

  1. ең көп жиілік;

  2. бәрінен жиі кездесуші белгі мәні;

  3. тарамдалу қатарын тең екі бөлікке бөлетін белгі мәні;

  4. бәрінен сирек кездесуші белгі мәні;

  5. тарамдалу қатарын тең төрт бөлікке бөлетін белгі мәні;

4

Кейбір кездейсоқ шама мәндерінің вариациялық қатары берілген:

2 3 3 3 5 5 5 5 7 7 7 7 7 8 8 9

Медиана неге тең?

  1. 7

  2. 2

  3. 5

  4. 6

  5. 6,5

5

Тәуелсіз таңдамалар үшін күтілетін және бақыланатын жиіліктер қатынасын талдау кезінде хи-квадрат критерий оның критикалық мәнінен үлкен екендігі алынды. Альтернативті болжамға қатысты қорытынды жасаңыз.

  1. альтернативті болжам қабылданады;

  2. альтернативті болжам теріске шығарылады;

  3. альтернативті болжам не қабылданбайды, не теріске шығарылмайды;

  4. хи-квадрат критерийі бұл есеп үшін қолданылмайды;

  5. қорытындыны тұжырымдау үшін мәліметтер жеткіліксіз.


  • Б
    өлім
    2.Гистограмманы сипатта. Берілген кездейсоқ шаманың функциясының тарамдалу тығыздығына( қалыпты және қалыптан тыс) сапалы баға бер. (максималды 25%)


  • Бөлім 3.

Кестеде егде жастағылар және жастар дың пульс жиілігін салыстыру нәтижесі көрсетілген:

Талданатын шама

тарамдалу

Топтар

n

Критеридің есептелген мәні

альфа

Пульс, соғу/мин

қалыпсыз

Жастар

25

73

1

0,01

Егде жастағылар

20

78


1. Нөлдік және альтернативті болжамды жаса.

2. Болжамды тексеру үшін қандай критерий қолданғанын анықта. Өз жауабыңды түсіндір.

3. Салыстыру нәтижесі туралы дәйекті және толық қорытынды жаса.

(Дұрыс және толық жауапқа 20%)


  • Бөлім 4

Тапсырманы шешу(Дұрыс және толық жауапқа 20%)

Эпидемия кезінде бақылауда 50 науқас болды. Олардың ішінде 25 жаңа емдеу затын қолданды. Нәтижесінде 15 адам сауығып, 10 өлді. Бұрынғы дәрмекпен емделген 25 адамдар ішінен 16 сауығып, 9 өлді. Жаңа емдеу затының нәтижелілігіне қатысты қорытынды жаса. 0,01 мәнділік деңгейінде статистикалық болжамды тексеруді орында.


Бөлім5. х және y кездейсоқ шамалары арасындағы корреляция коэффициенті

r= -0,82. Осы байланысты сипатта. (максималды 20%)


Статистикалық көрсеткіштерді санау формулалары


Орташа мән

Орташаның стандартты қатесі

Дисперсия

Орташа квадраттық ауытқу

Вариация коэффициенті

Квартиль аралық қадам

ΔQ=Q75-Q25.

Төменгі квартилді анықтау үшін нөмер

Жоғарғы квартилді анықтау үшін нөмер

ассиметриия коэффициенті

Эксцесс

коэффициенті

Тәуелсіз таңдама үшін Стъюдент критерийі

f =n1 + n2 – 2


Тәуелді таңдама үшін Стъюдент критерийі

f =n – 1


Генералды орташа үшін сенімділік интервалы

Біріктілген орташа квадраттық ауытқу

Екі тәуелсіз топтың генералды орташасы үшін сенімділік интервалы

f =n1 + n2 – 2

Екі тәуелді топтың генералды орташасы үшін сенімділік интервалы

f =n – 1



Жиілік қатынасы (бөлік)

Генералды бөліктің стандартты қатесі

Генералды бөліктерді салыстыру үшін Стъюдент критерийі

Генералды бөліктер үшін сенімділік интервалы

f =n – 1

Екі бөліктердің айырмасы үшін сенімділік интервалы

f=n1 + n2 – 2

Хи-квадрат Пирсон критреийі

f=(m-1)(n-1)

Хи-квадрат

Макнимар критреийі

f=(m-1)(n-1)

Спирмен рангтерінің корреляция коэффициенті

Юла ассоциация коэффициенті

Регрессия теңдеуіндегі бос мүше

Регрессиия коэффициенті

Топаралық дисперсия

Топішілік дисперсия

Фишер критерийі

,


8