Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 198

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Түсіну:

Қолдану:

Талдау:

Жинақтау:

Бағалау:

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны - 25

Жиынтық бағалаудың құрылымы

«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Балл қою кестесі

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі

СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 25

Жиынтық бағалаудың құрылымы

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі



«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

7-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

1

МАЗМҰНЫ

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7-сынып 3

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

7. Модерация және балл қою 5

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12

  2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18

  3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

    1. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7-сынып Білу:


  • отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;

  • тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;

  • тарихи деректердің түрлерін.



Түсіну:


  • тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;

  • Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;

  • Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.




Қолдану:


  • тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;

тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.




Талдау:


  • себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;

  • жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;

  • тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;

  • Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;

  • проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;

  • бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;

-түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.

Жинақтау:


  • жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;

  • қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.


Бағалау:


  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;

  • әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.



    1. Ойлау дағдыларының деңгейі


      Ойлау дағдыларының

      деңгейі

      Сипаттама

      Тапсырмалар түрлері

      Білу және түсіну

      Ресей империясының отарлық саясатының себеп- салдарын анықтау, капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау, ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау

      ҚЖ - Қысқа

      жауапты қажет ететін

      тапсырмалар

      Қолдану

      Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау, ,дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау, қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау, Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау, халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

      ҚЖ - Қысқа

      жауапты қажет ететін

      тапсырмалар ТЖ - Толық

      жауапты қажет ететін

      тапсырмалар

      Жоғары деңгей дағдылары

      Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау, Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру, халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау,ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру,Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау,Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

      ҚЖ - Қысқа

      жауапты қажет ететін

      тапсырмалар ТЖ - Толық

      жауапты қажет ететін

      тапсырмалар

    2. Тоқсандарға_ойлау_дағдыларының_деңгейіне_байланысты_тексерілетін_мақсаттарды'>Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

0%

50%

50%

II

0%

75%

25%

III

0%

50%

50%

IV

20%

20%

60%

Барлығы

5%

49%

46%



    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан жұмыстарын тоқтатып,