Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 195
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар сұрақтарда бірнеше жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдап алады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін оқу мақсаты | Ойлау дағдыларыны ң деңгейі | Тапсырма саны* | Тапсы рма №* | Тапсыр ма түрі* | Орында уға берілеті н уақыт* | Балл* | Бөлім бойынш а жалпы балл |
Қазақ-жоңғар соғыстары | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 1 | ТЖ | 8 | 4 | 15 |
7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 2 | ТЖ | 10 | 5 | ||
7.4.1.1 Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау | Қолдану | 1 | 3 | ТЖ | 8 | 6 | ||
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы | 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау | Қолдану | 2 | 4-5 | ҚЖ | 14 | 10 | 10 |
Барлығы | | | 5 | - | - | 40 | 25 | 25 |
Еcкерту:*-өзгерісенгізугеболатынбөлімдер |
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
-
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына әсер еткен факторларды талдаңыз.
Саяси фактор | Экономикалық фактор |
| |
Әлеуметтік фактор | Мәдени фактор |
| |
[4]
-
Қарақұм мен Ордабасы құрылтайларының ерекшеліктерін талдап, маңыздылығына баға беріңіз.
Қарақұм құрылтайының ерекшелігі | Ұқсастығы | Ордабасы құрылтайының ерекшелігі |
| | |
Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының маңызына баға беріңіз: |
[5]
-
Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз
«Қайда барса да, қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық тұрық малын, үй-мүлкін шашып, түстікке барып, қойып кетті. Орта жүз – Самарқанның түбіне, Кіші жүз Хиуа мен Бұқар барып паналайды… Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына жүз салып, олардан қолдау мен қолғабыс іздейді»
Ш. Уәлиханов
-
Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдайға әсері
-
Жоңғар шапқыншылығының егін шаруашылығына зардабы
-
Жоңғар шапқыншылығының мал шаруашылығына зардабы
-
Жоңғар шапқыншылығының сауда-саттыққа әсері
-
Жоңғар шапқыншылығы қаншалықты ауыр болды?
[6]
-
Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясына қосудағы мақсаттарын анықтаңыз.
[4]
-
Деректі және өз біліміңді пайдаланып, Абылай ханның сыртқы саясатын түсіндіріңіз.
А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отырып, ол өз
қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды»
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымшаақ парат |
1 | Саясифактор: Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі үш жүз арасында алауыздық болды. | 1 | Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады |
Экономикалықфактор: Жоңғарлардың шапқыншылығы және жұттың болуы дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсер етті | 1 | ||
Әлеуметтікфактор: Шапқыншылықтың әсерінен халықтың жағдайының нашарлады. Халық саны азайды. | 1 | ||
Мәденифактор: Халықтың қиын жағдайынан хабар беретін “Елім-ай” әні осы кезеңде дүниеге келді. | 1 | ||
2 | Қарақұмқұрылтайы 1710 жылы өтті, Үш жүздің басы қосылды. Тәуке ханның кезінде болды. | 1 | Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады |
Ордабасықұрылтайы 1726 өтті. Оны Кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан жинады. | 1 | ||
Ұқсастығы Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру мәселесі осы құрылтайларда қарастырылды. | 1 | ||
Екіқұрылтайдыңмаңызы Осы құрылтайларда қазақтар қол біріктіріп, жоңғарларды жеңіп қазақ жерін ХVIII ғасырдағы ең қауіпті жаудан қорғады. | 2 | ||
3 | Демографиялық зардабы: Халықтың бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшырады. | 1 | Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады |
Егіншаруашылығы . жоңғарлар егін алқаптарын қиратты, көктемде егіс егілмей, халық ашаршылыққа ұшырады | 1 | ||
Малшаруашылығы:шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды, жоңғарлар малды айдап әкетті | 1 | ||
Саудаға-сауда-саттықбайланысы тоқтап, қалалар қирады | 1 | ||
Жоңғар шапқыншылығының зардаптары өте ауқымды болды, себебі, халық өзінің күн көрісін қамтамасыз еткен шаруашылықтарынан айырылып, “Ақтабан шұбырынды” атанған қаралы күндерін басынан кешірді. | 2 | ||
4 | Ресей империясынан әскери қолдау табу, жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алу | 1 | Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады |
Ресеймен сауда байланыстарын дамыту арқылы экономикалық ахуалды жақсарту | 1 | ||
Ресеймен тату тұруды, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтату, керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру | 1 | ||
Әбілқайыр ханның өз мүддесіде болды, себебі, үш жүздің басын біріктіріп билік еткісі келді | 1 | ||
5 | Ресейдің бодандығын қабылдады, бірақ дербес саясат жүргізді. Сауда-саттық қатынастары дамыды, қолөнерді, | 2 | Білім алушының |