Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 865
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
1976-1984 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А.Т. Лукьяновтың жетекшілігімен С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің мамандандары мектеп оқушыларын программалау мен ЭЕМ-де жұмыс істеуге үйрету жұмыстарын жүргізді [99, 100]. Бұл жұмыстардың бір ерекшілігі модельдеуге, математикалық модельдеуге көңіл бөлінуінде екендігін атап өткен жөн. Осыған ұқсас жұмыстар Ядролық ғылыми зерттеу институтында, тағы басқа жерлерде де жүргізілді.
Программалау саласындағы мамандықтары бар мектептер қатарының дамуы оқушыларға программалауды оқыту мәселелеріне арналған көптеген мақалалар мен әдістемелік зерттеулердің, құралдардың шығуына үлкен ықпал жасап, барынша маңызды оң рөл атқарды. Мысалға, 1960 жылдардың басынан шыға бастаған «Математика в школе» журналы үшін оғаштау программалауды оқыту бойынша материалдарды (С. И. Шварцбурд [72, 74]), сонымен қатар, математикаға мамандандырылған мектептер үшін арнайы материалдарды (мысалы, 1965—1970 жылдары шыққан «Проблемы математической школы» атты тамаша сериясының алғашқы мақалалары жинағын [59] атап өтсе де жеткілікті) айтуға болады.
Осы жылдары математикаға мамандандыратын мектептер үшін дайындалған А.Л.Брудноның [15,69] мазмұнды белгілеулердегі программалау жүйесіне негізделген оқу құралы кеңінен танымал болды. Жоғары әдістемелік деңгейде жазылған бұл кітаптар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуына да елеулі рөл атқарды.
1980 жылдардың басында Қазақстан мектептерінде программалау тілдері бойынша арнайы курстар жүргізілді, ал Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатында 8-10 сынып оқушыларына программалау тілі ретінде ФОРТРАН тілі оқытылып, мектеп бітіргенде оқушыларға бірінші разрядтағы есептеуші-программалаушы куәліктері берілді.
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
Мектеп информатикасының мазмұндық-әдiстемелiк желілерінің ішінде келешегі зор екендігі тәжірибелер негізінде анықтала отырып, оқушыларға кибернетика элементтерін оқыту 1960 жылдардың басынан бастап дами бастады. Бұл зерттеу бағытының көш басында 1961 жылдан бастап орта мектепке арнайы жасалған кибернетиканың жалпы негіздері курсын тәжiрибе ретiнде оқытуды қолға алып, кибернетика негіздерін жалпы білім берудің базалық (мiндеттi) құрылымы ретінде орта мектептің оқу жоспарына енгізудің қажеттілігін табандылықпен дәлелдеген В.С.Леднев болды.
Кейіннен бұл жаңа ғылыми-әдістемелік зерттеу бағытына В.С.Ледневтің [51, 54] шәкірті А.А.Кузнецов белсене араласты. Қолға алынған зерттеулер кең көлемде, мектепте жалпы білім беруге көзделе жүргізіліп, жалпы орта білім берудегі бірқатар маңызды ортақ мәселелердi, атап айтқанда, жалпы орта білім беру мазмұнындағы кибернетиканың алатын орнын, орта мектеп оқушыларының білім алуында оның маңыздылығын, оны мектепте оқыту жолдары, кибернетика курсын оқыту әдістемесі мен мазмұнын қамтығандығын атап өткен жөн [53]. Осыдан ширек ғасыр бұрын В.С.Леднев пен А.А.Кузнецов жалпы орта білім үшін кибернетика негіздерінің жалпы білім беру және политехникалық мәні туралы бұлтартпас қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дәйектерді тұжырымдады. Солардың ішінен кейбіреулерін ғана келтірейік: «Кибернетика табиғаты әртүрлі жүйелерге тән ақпараттық байланыстар туралы түсінікті, барлық мақсатқа сай әрекет ететін жүйелердiң басқару ұйымдары құрылымының ортақтығын енгізе отырып әлемнiң бірлігі туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқу пәндері, оның ішінде, кибернетика арқылы да әр тұрғыдан оқылып, зерттелетін құбылыстар мен үдерістер түсіндірмесі оқушылардың әлем туралы терең, жан-жақты, шынайы ғылыми түсініктердi қабылдауына әкеп тірейді».
Кибернетиканы оқып үйрену негізгі дүниетанымдық идеяларды барынша жүйелі түрде баяндауға мүмкіндіктер жасап, орта мектептегi оқуды қоршаған ортаны диалектикалық-материалистік тұрғыдан түсінуге әсер ететiн маңызды тұжырымдар мен жалпылаулармен аяқтауға мүмкiндiк туғызады. Кибернетика адамзат танымының ауқымын кеңейтіп, бұрын ғылым мүлде ене алмаған салаларға енеді, ал бұл, сонымен бірге, адамзат танымы шектеулi деген алуан түрлі агностикалық көзқарастарды жоққа шығаратындықтан, үлкен дүниетанымдық мағынаға ие болады.
Оқушыларды кәсіби білім алуға дайындауда кибернетиканың орны, ең алдымен, кәсіби мектепте жүзеге асырылатын бiрқатар практикалық ғылымдарды оқыту кибернетиканың негіздерiн оқып үйренуге тура не жанама түрде негізделгендігімен анықталады. Жалпы орта білім кез-келген бағыттағы кәсіби білім алудың негізі болатындықтан, кибернетиканы оқып үйрену қазіргі уақытта орта мектеп оқушыларын кәсіби білім алуға дайындауға және оларда жалпы еңбектегі біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына қажет болып табылады» [53].
Ұзақ мерзiм жүргiзiлген теориялық–тәжiрибелiк жұмыстардың негізінде бір мәндi қорытынды жасалды: «… кибернетиканы оқып үйрену жалпы орта білім берудің мазмұнына жеке пән ретінде енуі керек» [53]. Бірақ та, зерттеушілердің сол кездегi барынша қол жеткізгені – бұл 1970 жылдардың ортасында жалпы көлемі 140 сағат болатын «Кибернетика негіздері» курсын жалпы білім беретін орта мектептің факультативтік курстарының қатарына енуі (9-10 сыныптарда 70 сағаттан) [54]. Ұсынылған оқу материалының мазмұны туралы түсінік алу үшін төменде факультативтің негізгі бөлімдері келтірілген.
Кіріспе
1. Алғашқы түсiнiктер 6 сағат
2. Кибернетика нені оқытады 2 сағат
3. Модель 6 cағат
4. Кибернетикалық жүйеде ақпараттың
өрнектелуі (берiлуi) 6 сағат
Түрлендiру және информатика түрлендiрушiлері
-
Алгоритм және ақпаратты түрлендiру 12 сағат -
Ақпаратты логикалық түрлендiрушiлер 24 сағат -
Шектеулі автоматтар 14 сағат -
Цифрлық есептеу машиналары (ЦЕМ) 18 сағат -
ЦЕМ үшін программалау 14 сағат
Сигнал және ақпарат
-
Ықтималдықтар теориясының элементтері 8 сағат -
Энтропия және ақпарат 8 сағат -
Кодтау және хабарлардың берілуі 8 сағат
Басқару жүйесін құру принциптері 12 сағат
Қорытынды 2 сағат
Осы зерттеуде айқын келтіріліп қарастырылған басқару, автоматтандыру, сонымен қатар ақпаратты сақтау, тарату, түрлендiру мен пайдалану сияқты кибернетикалық категориялар мен ұғымдар кейіннен алгоритмдеу мен программалау негіздерiмен қатар мектеп информатикасы курсының негiзгi компоненттерінің қатарына енгендіктен, атап айтқанда, осы теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибелік жұмыс үдерісінде әдістемелік тұрғыдан сынақтан өткен кибернетиканың жалпы білім беру курсының негіздері (қазіргі атымен атағанда – информатиканың) қазіргі мектеп информатика курсының іргелі компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттарын жасады деп есептеуге болады.
Математикалық логиканы оқитын оқушылардың оқу бағдарламасына кибернетика элементтерін енгізу бойынша тәжірибе жұмыстары біршама басқа тұрғыда – 1960 жылдардың басында, «факультативке» дейінгі кезеңде Ялта қаласының мектебінде және оқушылардың «Ізденуші» Кіші Ғылым Академиясының базасында В.Н. Касаткиннің басшылығымен жүзеге асырылды [31]. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған жаңа оқу әдебиетінің шығуына және кең таралуына мүмкіндік туғызған бұл бастамалар [33, 34] сәйкес факультативтік курстардың енуіне ғана емес, сонымен бірге, жалпы орта білім берудің мазмұнына кибернетика элементтерін енгізу идеясын белсенді түрде қолдауға да негіз болды.
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу
Жалпы білім беретін білімді тереңдету және оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттіліктерін дамыту мақсатында орта мектептерге факультативтік сабақтар (1966 ж.) – оқу жұмысының жаңа түрі ретінде енгізілгеннен кейін математика мен оның қосымшалары бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Олардың қатарында қандай да бір дәрежеде ЭЕМ-дi қолдану ұйғарылған үш факультативтік курс болды: «Программалау», «Есептеуіш математика», «Векторлық кеңістік және сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың, әсiресе, соның ішінде «Программалау» курсының енгізілуі орта мектепке программалау элементтерінің ілгерілмелі түрде енуінің ұзақ та, бірқилы кезеңінiң басталуына түрткi болды. Бұл үдерістің математикалық мамандандырылуы бар мектепке қарағанда өзгешілігі - программалау бойынша факультативтік сабақтардың, көбінесе, «машинасыз» оқыту жағдайларында өткізілуінде,
айта кету керек, бұл алгоритмдеу мен программалаудың жалпы білім берудегі мәнін ашуға негізделген, тіпті, әдістемелік тұрғыдан, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдерді іздеуге жиі алып келдi.
Ақырында, сол жылдардағы математикалық орта білім берудi қайта құруды жүзеге асыруға сәйкес факультативтік сабақтарды жүйеге келтіруге байланысты, мектепке ұсынылған факультативтік курстардың қатарына «Есептеу жүйесі және ЭЕМ-нің арифметикалық құрылымы» (7-сынып), «Алгоритмдер және программалау» (8-сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10 сыныптар), «Программалау тілдері» (10-сынып) сияқты жаңа таңдаулы тақырыптар енгiзiлдi.
Сол кездегі арнайы факультативтік курстар шеңберінде ЭЕМ-ге программалау мен кибернетика элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерiн жасауға байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И.Н.Антиповтың 4,5, В.М.Монаховтың 57,58, В.С.Леднев пен А.А.Кузнецовтың 39, 38, 37, 51, 53, 54, В.Н.Касаткиннің, М.П.Лапчиктiң 40-42, Е.Ы.Бидайбековтың 87-96 және тағы басқа ғалымдардың еңбектерiнде, сондай-ақ көптеген басқа әдістемелік жасалымдарда өз шешімін тапты.
Шынын айту керек, ЭЕМ үшiн программалауды және кибернетика элементтерін оқытуға арналған арнайы факультативтік курстар кең көлемде тарала алмады. Бұл басты екі нәрсеге – мұғалімдердің курсты өткізуге дайын еместігіне және материалдық базаның жеткіліксіздігіне байланысты болды. Сонымен бірге, сол кездегі КСРО-ның ЭЕМ-ді шығару саласында артта қала бастауынан туындаған программалау бойынша әдебиеттерді идеялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың ұзаққа созылуы да әсерін тигізді. Осының салдарынан, 70 жылдардың ортасында мектептерге программалаудың ескірген тәсілдері негізінде құрылған оқу құралдары ұсынылды. Не дегенмен, табанды насихатталынып, көп жағдайда, оның ішінде, машинасыз оқыту жағдайында да практик мұғалімдердің тек ынта-ықыласының арқасында сақталынып қалған программалау бойынша арнайы факультативтік курстар, қалай болғанымен, мұғалімдер арасында жаңа қызықты және практикалық мәнi бар сала – ЭЕМ үшiн программалау туралы түсініктің таралуына мүмкіндік туғызды.
Осындай жолмен жиналған тәжірибелер, әсіресе, есептеу техникасымен жабдықталған ғылыми-өндірістік кәсіпорындар мен мектептер арасындағы байланыстардың дамуы оқу-өндірістік комбинаттары базасындағы мектептік білім беру саласына программалау мен есептеу техниканы ендірудің жаңа арнасының дамуына жол ашты.
1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері
1970 жылдардың басында сол кездегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар (ОӨК) жүйесінiң даму шеңберінде оқушыларды әртүрлi бағыттағы кең таралған жұмысшы кәсіптерге дайындаумен қатар, жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техника саласына кәсіби дайындау бойынша мамандандыру пайда бола бастады. Осыған сәйкес тәжiрибелiк-эксперимент 1971 жылы Мәскеу қаласының Первомай ауданындағы оқу-өндірістік комбинатында басталды.
Ғылыми-әдістемелік басқару қызметі КСРО-ның педагогикалық ғылымдар Академиясындағы оқытудың мазмұны мен әдiстерiн зерттейтiн ҒЗИ-дiң С.И.Шварцбурд басқаратын қолданбалы математика зертханасына жүктелiп [10], Кешенді автоматтандыру орталық ғылыми-зерттеу институтының есептеу орталығы базалық кәсіпорын болып белгіленді.
Кейінiрек, 1972 жылы Мәскеуде кең танымал болған №1 Октябрь оқу-өндірістік комбинаты құрылды. 1984 жылға дейін Октябрь ОӨК-ның базалық кәсіпорны – КСРО-ның электрондық басқару машиналары институты болса, 1984 жылдан бастап КСРО-ның Ғылым Академиясының жаңадан ұйымдастырылған информатика проблемалары институты болды [14].
Сол кезде есептеу техникасы мен программалау бойынша мамандандыру еліміздің барлық қалалық, аудандық ОӨК-тарда ашыла бастады. Қысқа мерзім ішінде, көптеген, Ленинградтың, Свердловскінің, Новосібірдің және де басқа да қалалардың ОӨК-терінің оң тәжірибелі жұмыстары белгілі болды. Қамқорға алушы қуатты кәсіпорындардан қолдау көретін ОӨК-тердегі сәйкес мамандандырулардың программалау бойынша факультативтерден айырмашылығы, әдетте, басынан бастап олар түбегейлі оқу-материалдық базамен және дайын кадрлармен қамтамасыз етілді. Осының салдарынан олар мектепке жаңа информатика және есептеу техникасы негiздерi курсын енгізудің алғашқы кезеңінде оның практикалық бөлігін қолдайтын мектепаралық орталықтарға айналды.
ОӨК-ы базасында оқушыларды есептеу техникасын оқып-үйрену мен қолдануға байланысты мамандықтар бойынша бірқатар еңбекке даярлау бағытында ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін қажетті мәліметтерді дайындайтын құралдары операторы, ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларын жөндейтiн электромеханик, электрондық аппараттарды ретке келтіруші, программалаушы-лаборант, есептеу жұмыстарының операторы сияқты мамандықтар ашыла бастады.