Файл: ТРанбаев сйеніш маСт бекзат математикалы сауаттылы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 593
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
ТҰРҒАНБАЕВ СҮЙЕНІШ МАҚСҰТ БЕКЗАТ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық! Ы. Алтынсарин
АЛҒЫСӨЗ
Білімнің негізі мектепте қаланады. Жақсы мектептен нәр алмаған оқушының болашақта жетістікке жету ықтималдығы төмендеу. Мақсатқа жетудің жолы тек дайындықпен ғана емес, дайындалатын материалдардың таңдаулы болуында. Осы мәселені негізге ала отырып, сіздердің алдарыңызға мектеп мұғалімдеріне және Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыратын оқушыларға арнап «Математикалық сауаттылық» кітабын ұсынып отырмыз. Негізгі мақсатымыз оқушылардың мектепте алған білімін нығайтуға көмектесу, пәндік білімдерін арттыру және оқып үйренгендерін бекіту. Бұл кітап – сынып ішінде немесе жеке дайындық кезінде қосымша жаттығу жұмысы ретінде пайдалануға болатын таптырмас құрал.
«Математикалық сауаттылық» кітабы біліміңізді арттыру және емтихандарда Сіздерге көмекші болу үшін жазылды. Емтихан – алған біліміңізді қорытып, бағалаудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан сынақты ойдағыдай тапсыру – барлығымыздың мақсатымыз. Емтиханнан төмен баға алу, әлбетте, тіршіліктің соңы емес. Алайда жарқын болашаққа нық сеніммен қарап, жақсы мамандық иесі болып, сүйікті ісіңмен шұғылдану үшін емтихандардағы нәтижеміз өте маңызды.
Кітапта тақырып түсіндірмелері және білімді нығайтуға бағытталған мысалдар берілген. Білімгердің білімге деген құштарлығын ашу мақсатында өз саласында жетістікке жеткен жандар мен тарихта аты қалған тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылды.
Құрметті білімгер! Білім иесі болғың келсе мына 3 жануардың сипаты бойыңнан табылсын. Біріншісі: әтештей бол! Ерте тұрып бойыңды жалқаулықпен ұйқыбастықтан сақта. Екіншісі: есек секілді төзімді де, сабырлы бол. Үшіншісі: мысық секілді кішіпейіл бол! Ширақтықпен сабырлықты, төзімділкпен кішіпейілділікті бойына жинаған жан - білім иесі!
Бұл кітаптың барлық оқушыларға және мұғалімдерге шын мәнінде пайдалы болуына тілектеспіз!
Авторлар
КІТАП БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
*тақырып бойынша видеотүсіндірмені QR код арқылы көре аласыз. QR кодты пайдалану үшін мобильді телефон камерасы арқылы немесе “QR сканер” бағдарламасын пайдаланыңыз.
М
АЗМҰНЫ
-
Сандар тізбегі. Сандар мен фигуралар байланысы 7 -
Шифрлар. Символдар 17 -
Әріпті сандар. Кестелер 23 -
Арифметикалық орта. Өзгеріс ауқымы. Медиана. Мода 31 -
Дәреже. Санның соңғы цифрын анықтау 41 -
Пропорция. Масштаб. Сандық қатынастар 49 -
Пайыз 59 -
Концентрация және пайыздық құрам 69 -
Жиын. Эйлер-Венн дианраммасы 77 -
Шаманың бір бөлігі 87 -
Экономикалық мазмұнды есептер 95 -
Оқулық бетін анықтау 105 -
Адам жасына байланысты есептер 111 -
Уақыт 119 -
Жұмыс және еңбек өнімділігі 127 -
Қозғалысқа байланысты есептер 133 -
Шартқа сәйкес жауапты табу 143 -
Функция және координата 155 -
Комбинаторика 163 -
Ықтималдық 171 -
Фигураның бұрышы 179 -
Үшбұрыш 189 -
Төртбұрыш 201 -
Шеңбер және дөңгелек 216 -
Кубқа байланысты есептер 224 -
Стереометрия 232 -
Қосымша 240
1 | САНДАР ТІЗБЕГІ. САНДАР МЕН ФИГУРАЛАР БАЙЛАНЫСЫ | |
Сандар тізбегі – санның белгілі бір ретпен, заңдылықпен, тәртіппен орналасуы. Сандар тізбегі белгілі бір санның қосылуы, азайтылуы, көбейтілуі, бөлуі және т.с.с. амалдармен жүзеге асады.
Мысал №1
Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
289; 169; 109; 79; 64; ?.
Шешуі:
289 – 120 = 169 120 : 2 = 60
169 – 60 =109 60 : 2 = 30
109 – 30 = 79 30 : 2 = 15
79 – 15 = 64 15 : 2 = 7,5
64 – 7,5 = 56,5
Жауабы:56,5
Мысал №2
Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?
Егер «14» = 4; «27» = 14; «30» = 0; «39» = 27; «175» = 35 болса, онда «145» = ?
Шешуі:
«14» = 1 ∙ 4 = 4 «27» =2 ∙ 7 = 14
«30» = 3 ∙ 0 = 0 «39» = 3 ∙ 9 = 27
«175» = 1 ∙ 7 ∙ 5 = 35 «145» = 1 ∙ 4 ∙ 5 = 20
Жауабы:20
Мысал №3
Айжан көйлектерін келесі реттілікпен киеді: 3 күн сары, 2 күн қызыл, 4 күн көк, 2 күн жасыл. Демек, 192-ші күні қандай түсті көйлек киеді?
Шешуі:
С + С + С+Қ+Қ+К+К+К +К +Ж + Ж= 11
( )
Демек, бізде 5-ші түс – қызыл,
Жауабы:қызыл
Мысал №4
Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
Шешуі: | | |
| √144 = 12 | 12 = 3 + 5 + 4 |
| √81 = 9 | 9 = 2 + 4 + 3 |
Жауабы:2 | √36 = 6 | 6 = 1 + 3 + 2 |
Мысал №5
Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
Шешуі:
4 + 6 = 10
6 + 8 = 14
24 − 10 = 14
Жауабы:14
КЕЗЕК СІЗДЕ
-
1; 2; 3; ...; 18 сандар тізбегінен барлық жұп сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталды. Сызылмаған қанша сан қалды?
A) 5 B) 7 C) 6 D) 8 E) 9
-
Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.
A
) 49 B) 81 C) 225 D) 64 E) 121
-
Тізбектес 6 жұп санның қосындысы 210 шығады. Олардың соңғы үшеуінің қосындысын табыңыз.
A) 108 B) 105 C) 114 D) 120 E) 102
-
Бір қатарға қара, ақ, көк, сары, қызыл, қара, ақ, көк, ... шарлар ретімен қойылған. 2020 орында қандай шар?
A) Қара шар B) Ақ шар C) Көк шар D) Сары шар E) Жасыл шар
-
Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.
A) 36 B) 49 C) 56 D) 80 E) 72
-
Тізбектес бес натурал санның қосындысы N-ге тең. Олардан кейінгі бес тізбектес натурал сандардың қосындысы неге тең?
A) N+5 B) N+10 C) N+15 D) N+25 E) N+30
-
Сұрақ белгісінің орнында бола алатын санды табыңыз.
A) 20 B) 19 C) 18 D) 30 E) 15
-
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз.
A
) 50 B) 80 C) 60 D) 70 E) 90