Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 529

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Н.С. Әлқожаева., Ұ.Б. Төлешова., Қ.Б. Жұмабекова

ПЕДАГОГИКА

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ


(мұғалімдерге арналған)

Оқу-әдістемелік құралы



Алматы 2020 жыл

ӘОЖ 375.169.1

КБЖ 22.5 к 73

ПЕДАГОГИКА. ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

(мұғалімдерге арналған) – Алматы: “USTAZ TILEGI”, 2020, – 144 б.

Пікір жазғандар:

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ы. Сардарова

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Д. Шағырбаева Мектептің мұғалімі

Құрастырушы авторлар:

Нұрсұлу Сейткерімқызы Әлқожаева

Ұлмекен Болатқызы Төлешова

Қырмызы Бақытқалиқызы Жұмабекова

Бұл оқу-әдістемелік құралында педагогикалық тесттер, қысқаша мәтіндер, сұрақтар, әлемдік және отандық ғалымдардың теориялық талдаулары, ұғымдық сөздер, қосымша деректер, сызбалар, кестелер, түсіндірме сөздік және тесттік тапсырмаларында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген. Оқу-әдістемелік құралы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық колледж оқытушыларына арналған.

МАЗМҰНЫ


АЛҒЫ СӨЗ .................................................................................................................4

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны ....................5

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы ........................................................5 1.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі .............................................................. 11

2-тақырып. Білім беру мазмұны мен

оқыту технологиялары ............................................................................. 23

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны.................................... 23

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары ............................................ 28

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі ................................................... 76

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі ............... 76

3.2 Білімді бағалау өлшемдері ................................................................. 81

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 94

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер................ 94 4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері .......102


5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі .................................112

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті .112

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби

дайындығы ........................................................................................................123

Ұғымдық сөздер ...........................................................................................141

Қосымша ақпараттар ...............................................................................143

АЛҒЫ СӨЗ


«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып – білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі педагог Ш. Амонашвили айтқандай мұғалімнің шеберлігі мен білімділігі, рухани дүниесінің байлығы, мейірімінің шексіздігі баланың нағыз адам болып қалыптасуының негізі болмақ.

Жоба жетекшісі Серғазы Нұрсұлтан

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны


Жоспары:

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

1.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Ұғымдық сөздер: тәрбие, тәрбие үрдісі, іс-әрекет, мінезқұлық, мектеп, отбасы, диалектика, ішкі қайшылық, сыртқы қайшылық, мектептегі тәрбие жүйесі, әдіс-тәсілдер, тәрбие формасы, мадақтау және жазалау әдістері.

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы


Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, мектептегі білім беру саласының түбегейлі өзгеріске түсуі оқушылардың тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді қажетсінеді. Осыған орай қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты ізгілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

Тәрбие дегеніміз―тұлғаның алдына мақсат қою арқылы іске асатын іс-әрекет. Тұлғаның тәрбиелігінің іс-әрекет, мінез-құлық және тұлғаның өзіне деген қатынасы, яғни өзінөзі бағалауы арқылы айқындауға болады.

О қушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарын және ұстанымдарын нақты айқындау педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыруға негіз болып табылады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта-



ның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта жүйелі түрде бір мақсатқа негізделген тәрбие беру үдерісі негізінде жүзеге асырылса біз қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастыруға қол жеткіземіз. Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.

Тәрбие үдерісінің диалектикасы. Тәрбие үдерісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Тәрбие үдерісінің негізі өмірде кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады.



Дамудың ішкі қайшылығының бірі – жеке тұлғаның даму үдерісінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамның білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекеті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге қимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үдерісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсініспеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т.б. теріс әсерін тигізеді.

Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы.

Мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы – сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта, мектептен тыс уақытта, қоғамдық ұйымдарда және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.

Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден, жүйенің қалыптасуынан, екіншіден, әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.


Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады.



Тәрбие беру - алдыңғы ұрпақтың әлі қоғамдық өмірге дайын емес кіші ұрпаққа беретін ықпалы. Тәрбие берудің мақсаты баладан жалпы саяси ұйымдастырылған қоғам мен оның болашақта өмір сүретін арнайы ортасының талап ететін белгілі бір физикалық, интеллектуалдық және адамгершіліктік сапалар жинағын құру және дамыту.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік үдерістің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.



қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үдерістеріне, нарықтық қатынастарға;

жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяр;

белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икемді;

жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті

жеке басының құнын бағалай білетін

адал, ұлттық санасы оянған, басқада ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Тәрбие формасы– тәрбиешінің арнайы тәрбиелік істерді ұйымдастыруы. Тәрбие үдерісі рухани қарым-қатынас барысындағы тәрбиелік істер тізбегінен құралады. Сабақ, экскурсия, кештер, таза ауада және мектепте ұйымдастырылатын ойындар, табиғат аясындағы серуен, сынып жиналысы, ұзақ мерзімді жорықтар, жазғы экспедиция осының бәрінде мұғалім мақсатты түрде тәрбие үдерісін іске асырса ғана, ол тәрбие формасына айналады.

Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері бар:



- қоғамдық құбылыс. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты, тәрбиенің мақсаты жаңа жағдайға байланысты толығып отырады

- біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді

- ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзінөзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткізуге болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және сырттай ықпал жасалады

- көпжақты процесс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге даярлау барлық қоғам азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бірыңғай бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы


1.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Сендіру

Тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К. Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н.К. Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді.

Жағымды

үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі

Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады», - дейді.

Жаттықтыру әдісі

Жек бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. А.С. Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттілік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады.




Мадақтау және жазалау әдістері

Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды.

Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі

Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі – баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері

Әңгімелеу – оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу барысында қолданылады.