Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 519

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін

Тест тапсырмалары


1. Дарынды және талантты оқушыларды ынталандырып және әлеуетін дамытудағы тиімді тәсілдер

  1. сыйақы және зияткерлік тапсырмалар беру

  2. марапаттау және әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету

  3. экстернат және зияткерлік тапсырмалар беру

  4. оқшаулау және жоғарғы ынтаның болуы

Е) грант және академиялық қабілеттің болуы

2. Дарынды және талантты балалардың анықтау өлшемдерінің ішіндегі «өз білімін жетілдіру» өлшеміне сәйкес келетін сипаттама

  1. ерте жастан сөйлей, оқи, жаза алады

  2. мақсатты өзі үшін белгілеп, оған ұмтылады

  3. олар өздерінің оқуларын реттей алады

  4. идея ұсынып, дәлелдермен айғақтайды

  5. топты идеяларды қабылдауға иландырады

3. Дарынды және талантты балаларды анықтауда жоспарлауға көп уақыт жұмсап, бірақ жоспарды тез жүзеге асыра алуымен ерекшеленетін оқушының өлшемі

  1. ойлау қабілетінің жылдамдығы

  2. өз білімін жетілдіру

  3. икемділік

  4. есте сақтау және білім

  5. мәселені шешу

4. Дарынды және талантты оқушылардың «Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын» деген сипаттамасының санаты

  1. жеке оқуы

  2. қоғамдық көшбасшылық

  3. ынталандыру

  4. креативті ойлау

  5. табандылық

5. Ж. Брунердің «Көпіршелер тұрғызу» метафорасы бойынша оқушының дамуындағы ересек адамның рөлі

  1. оқушының оқуының дамуын бағалауы

  2. кез келген әрекетіне жауап беруі, бағалауы

  3. баланың оқу әрекеттерін бақылауы

  4. оқу әрекеттерін бақылауы, жауап беруі

  5. оқудың дамуында түрлі деңгейдегі қолдауы

6. Оқушылардын білім, дағдыларын дамытуға мұғалімнің қолайлы жағдай қалыптастыруы

  1. әлеуметтік әрекеттестік

  2. оқыту ортасын күту

  3. өздігінен реттелетін оқу

  4. көпіршелер тұрғызу

  5. табысқа итермелеу

7. Шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы

  1. сабақтың құрылымы

  2. бақтың міндеттері

  3. сабақтың мазмұны

  4. сабақтың мақсаты

  5. сабақтың жоспары

8. Ата - анасынан ұрпақтарына қандай да бір белгілер мен ерекшеліктердің берілуі

  1. әлеуметтік орта

  2. тұқым қуалаушылық

  3. жеке тұлғаның дамуы

  4. тәрбие

  5. табиғи орта


9. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының мазмұнына енетін моральдық қалыптастыру бағыттары:

  1. Отанға, еңбекке

  2. Қызметтік міндеттерге қатынас

C)Мерзімсіз баспасөз басылымдарына қатынас

  1. Азаматтардың жеке мүліктеріне қатынас

  2. Балаларды сыйлай біліп әрқайсысының дамуына қа-жетті жағдай жасауы қажет

10. Идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейтін әңгіме түрі

  1. рефлексивтік әңгіме

  2. әңгіме-дебат

  3. зерттеушілік әңгіме

  4. реттелген әңгіме

  5. кумулятивтік әңгіме

11. Тұлғаның біліктілік дәрежесін анықтау мақсатында бағалау

  1. оқудағы қиындықтарды анықтау

  2. стандартты бақылау және орындау

  3. уәж түріндегі кері байланыс

  4. оқыту стилін бақылау

  5. болжау және сұрыптау

12. Д. Фриманнын дарынды, талантты балаларды тексеру парағы бойыніпа «мәселені шешу» өлшемнің сипаттамасы

  1. жоспарлауға көп уақыт жұмсағанымен, оны тез жүзеге асырады

  2. оқыту үдерісінің қалай жүретінін біледі, өздерінің оқуын реттейді

  3. қызығушылығын арттыру үшін күрделі тапсырмаларға ұмтылады

  4. ақпаратты есте сақтап қана қоймай, оны пайдалана алады

  5. ақпаратты толықтырып, қайшылықтарын анықтайды

Әдебиеттер:

  1. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 б.

  3. Нарыкбаева Л.М. Работа учителя с одарёнными детьми: Учебное пособие по спецкурсу. Алматы: Изд. Дом КазГЮУ, 2003. – 248 б.

Жауаптары

1D 2B 3C 4E 5E 6E 7E 8B 9A 10E 11B 12E

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі


Жоспары:

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дай-

ындығы

Ұғымдық сөздер: кәсіби біліктілік, коммуникативтік қабілеттілік, рефлексия, табысты оқыту, сабақ

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті


М ұғалім-оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық са-

паларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі. С.Б. Елканов оның іс-әрекетін үш топқа бөліп көрсетеді:

  • Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль).

  • Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.

  • Педагогикалық технологияны игеру.

Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы теориялық дайын-

дықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру (проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т.б.) және практикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қарым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері).

Л.М. Митина зерттеулерінде мұғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттерін тізіп көрсеткен: сыпайылық, ойлампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен өз-өзіне ие болу, мінез-құлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логикалық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, табандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды артын ойлағыштық, принципшілдік, өз бетіншелік, өзіне сын көзбен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, өзін өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологиялық портретін құрайды. Осы портретттің өзегі, желісі өзіндік тұлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап ету деңгейі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.


А.К. Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті – мұғалімнің өзін көрнекі елестетуге мүмкіндік береді:



Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъекттілік қасиеттерді, оларды модулды көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз).

А.К. Маркова бойынша мұғалімнің кәсіби құзырлылығын модулды көрсету



Үшіншіден, А.К. Маркованың кәсіби құзырлылықты оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті – іскерліктерде түсіндіруге келісі авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.



Қазіргі кездегі жаңа типтегі мектеп оқытушыларын даярлау үшін, педагогикалық институттар ұстаздарының өздері жаңа қабілеттер мен сапаға ие болулары керек. Олар:

Кәсіби қабілеттілік

ғылыми-пәндік аядағы терең білімді және кең зияткерлі, стандартсыз шығармашылықпен ойлайтын, жаңашылдық стратегиясы мен тактикасын, шығармашылық міндеттерді

шешу әдістерін білу және қолдану

Педагогикалық қабілеттілік

зерделік іс-әрекеттердің педагогикалық және психологиялық, медикалықбиологиялық жақтарын білу, оқыту мен білім беру технологиясы мен құралдарын, әдістерін және формаларын пайдалану

Коммуникативтік қабілеттілік

дамыған ауызша және жазбаша әдеби тілді; адамдар арасындағы қарым-қатынастардың тиімді әдіст ері мен тәсілдерін, қазіргі технологияларын және шет тілін игеру

Әлеуметтікэкономикалық

қабілеттілік

қазіргі өркениет пен қоғамның функцио-

налдылығының жаһандық үдеріске сәйкес дамуын, және де саясат, социология, экономика, менеджмент және құқық туралы білімдердің негіздерін білу

Рухани-имандылық сапасы

ұлттық және жалпы адамзаттық тұр-

ғылардан руханилықтың, мәдениеттің, имандылықтың және басқа құндылықтардың тұрақты жүйесін жақсы түсіну, соларға сәйкес қалыптасу


Оқытудың табысты болуы құзырлы мұғалімге тән белгілер (бас, қол, жүрек) болғанда ғана іске асады. Мұғалімнің жұмысын сапаға жеткізер үш көмекшіні Шульман өз кестесінде белгілеп, нақтылап атап жазған. Біріншіден, «кәсіби түсінік» болуы міндетті, себебі жеке тұлғаны дамытуда оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім бере алуы қажет. Оқушыны өзің ойлаған деңгейге жеткізудегі зерттеудің тиімді жолын біліп, көре алу. Екіншіден, «оқытудың тәжірибелік дағдылары» іске асыру жолындағы өзгерістер мен түрлі идеяларды қолдану (әдіс-тәсілдер, ынталандыру, жоспарлау мен бағалау, қолайлы орта қалыптастыру). Үшіншіден, «кәсіби-өнегелілік тұтастық» (этиканы сақтайтын, шыншыл, төзімді, батыл, мейірім, құрметке ие болу керек) балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар болуы шарт деп көрсетілген. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.

Кәсіби құзырлылық:

  • мұғалімнің біліктілігін арттыру;

  • қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну;

  • жоғарғы деңгейге ұмтылу мен ізденіс;

  • жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі;

  • қолдана білу;

  • адами құндылықтарға сай бола отырып, бала бойына сіңіре білу.

Оқытудың сындарлы теориясына негізделген бағдарлама мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Шульман бойынша «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады

Шульман ілімі

Мұғалімнің көмекшілері

Құзырлы мұғалімге тән белгілер

Бас

Кәсіби түсінік



Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/ жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Жүрек

Кәсіби-өнегелілік тұтастық



Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі.

Қол

Оқытудың тәжірибелік дағдылары



Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.