Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 526

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін


Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал етеді. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен оқудың арасында байланыс бар. Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен метатанымдық білімге байланысты. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

  • жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;

  • жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;

  • мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

  • белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

  • нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу мақсатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;

  • жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей немесе жанама түрде);

  • жауапты түзете алады;

  • оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;

  • оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады.

Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің өзгеретіндігіне әкеледі:

  • Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.

  • Ерікті жауаптардың саны.

  • Оқушылар сұрақтарының жиілігі.

  • Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.

  • «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.

  • Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі. Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі).

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау
нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу.

Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын рефлексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды.

Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл – өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзінөзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді.



Тест тапсырмалары


1. Мұғалімнің сабаққа дайындығынын бірінші кезеңі

  1. жоспарланған сабаққа материал жинақтау

  2. жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру

  3. сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау

  4. әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру

  5. әрбір жеке сабақтың жоспарын құрастыру

2. Мұғалімнің сабакқа дайындығының екінші кезеңі:

  1. күнтізбелік жоспар жасау

  2. әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру

  3. сабақты талдау

  4. оқу бағдарламасы бойынша тақырыптық жоспар құру

  5. сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау

3. Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесінің жай тәжірибеден артықшылығы

  1. логикасы, әдісі, тәсілі жағынан ерекше тиімді нәтиже береді

  2. оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға мүмкін-

дік береді

  1. оқушыларды әлеуметтендіреді

  2. сабақты тез арада талдауға болады

  3. мұғалімнің моральдық-этикалық сапаларын қалып-тастырады

4. Мұғалім іс-әрекетінің нәтижелілігі

  1. мақсаттылығымен анықталады

  2. жаңалығымен анықталады

  3. тиімділігімен анықталады

  4. саналылығымен анықталады

  5. бағыттылығымен анықталады

5. Л. Шулъман құзырлы мұғалімге тән үш белгіні көрсеткен. Соның бірі болып табылатын оқытудың тәжірибелік дағдыларының сипаттамасы

  1. балаға білім беруге қатысты нақты қалыптасқан түсіні-гі мен ұстанымдарының болуы

  2. оқушылардың білімін бағалау, ынталандыру, сабақты жоспарлау әдістемелерін меңгеруі

  3. тәжірибені түсініп, дамыту үшін зерттеулер нәтиже-лерін калай қолдану керектігін білуі

  4. жеке тұлға ретінде оқушы жайлы тұғырлы теориялық-базаға негізделген білімнің болуы

  5. ұстаз мамандығының этикалық және моральдық кұн-дылықтарын ұстануы

6. Мұғалімнің оқытушылық әрекеті және оның басқаруымен оқушының танымдық іс-әрекеті

  1. өздігінен білім алу

  2. білім

  3. ілім

  4. оқыту

  5. тәрбие

7. Мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіретін педагогикалық инновацияның критерийі

  1. бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану

мүмкіндігі

  1. оптималдық

  2. нәтижелілік

  3. шығармашылық

  4. жаңашылдық

8. М. Чиксентмихайдың «Өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы төмен оқушыға жоғары міндет қоюдың нәтижесі

  1. зерігу

  2. түсіну

  3. ағын

  4. игеру

  5. алаңдау


9. Интернет қолдануда мұғалімнің ең маңызды міндеті

  1. сыныптастармен ақпараттарды бөлісуге үйрету

  2. подкастілерді қолдануға үйрету

  3. ресми сайттарды қолдану

  4. wiki-беттерін редакциялауға үйрету

  5. жеке деректерді құпияда сақтауға үйрету

10. Әрбір жарты жыл бойынша жасалатын жоспар:

  1. күнтізбелік

  2. сабақ жоспары

  3. мерзімдік жоспар

  4. күнделікті жоспар

  5. перспективтік жоспар

11. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы ерте символдық белсенділік сенімді өлшемінің сипаттамасы

  1. олар ерте жасынан бастап сөйлей, оқи және жаза бастайды

  2. жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады

  3. басқаларға қарағанда ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған

  4. қызығушылығын арттыру үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады

  5. олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады

12. Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруіне, өз идеяларын дамытуына көмектесетін сұрақ тәсілі

  1. сынақтан өткізу

  2. түрткі сұрақ

  3. өткір сұрақ

  4. кесімді сұрақ

  5. басқаға бағыттау

13. Оқушыны толығырақ жауап беруге итермелеп, өткен материалды ойға салу кезінде қолданылатын сұрақ қою тәсілі

  1. сынақтан өткізу

  2. түрткі болу

  3. балама жауап

  4. басқаға бағыттау

  5. бастама жасау

14. Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асырудың эмоционалдық мақсаты

  1. жұмыстың баламалы амалдары туралы идеялар ұсыну

  2. тәжірибемен және идеялармен алмасу

  3. мәселені бірлесіп шешудің амалын табу

  4. маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

  5. күрделі тапсырмалар үшін қолайлы ортаны қамта-масыз ету

15. Оқытудағы тәжірибе үлгісі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен «көрсету» аспектілері арасындағы сәйкестік

  1. болжамдарды тексеру үшін деректерді жинау

  2. ықтимал әсерлерді имитациялау

  3. әртүрлі жұмыстарды салыстыру

  4. оқушылардың жұмыстармен айырбастауы

  5. елшеулерді қалай жүргізу керектігін көрсету

16. Толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетін және тапсырманы орындау барысында бағдар беретін сұрақ

  1. түрткі болу

  2. сынақтан өткізу

  3. басқаға бағыттау

  4. түсіндірме

  5. жетекші

17. Оқу нәтижелерінің бес түрі анықталған. Оқушыға қатысты сыртқы фактор ретінде қарастырылатын оқу нәтижесі