Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 521
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ
1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер
4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері
5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті
5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы
2 .3 Блум таксономиясы
Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) – америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы. 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».
Таксономия (грекше. Táxis - орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos - заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.
Білу
-
Соңғы жазғы демалыс немесе мектептегі бір күн туралы ең қызықты естелікті сипаттау. -
Үздік ____ жетуге көмектесе алатын басты 5 қасиетті тізімдеп жазып, оны сыныптастарымен талқылау. -
Evernote немесе Pinterest сияқты құралдарды пайдаланып, _____ табуға болатын үздік 5 сайтты белгілеу. -
Мектеп жобасында пайдалануға болатын «көпшілікке арналған» немесе «тегін» 10 онлайн ресурс табу. -
Әлеуметтік желіде топ мүшелеріне арнап парақша ашып, оған барлығын қосу. -
Мәтіннен түйінді сөздер мен сөз тіркестерін анықтап белгілеу және олардың мәтін үшін маңызын талқылау. -
Сабақта қарапайым сөздер мен суреттерді қайталау жаттығуларын енгізу үшін флешкарталарды пайдалану. -
Күнде қолданатын сайт немесе әлеуметтік желіден 5 видео, пост не сурет іріктеп алып, әрқайсысы туралы қысқаша айтып беру. -
Қызықтыратын және көбірек білгісі келетін тақырыптардың 10 тармақтан тұратын тізімін жасау.
Түсіну
1.Бір шараны немесе пәнге қатысты тұжырымды ең көп дегенде 140 таңбамен қорыту үшін Твиттерді пайдалану.
-
YouTube арнасынан ұнататын 5 видео тауып, оның авторына сындарлы пікір қалдыру. -
Қағаз нұсқада немесе онлайн күнделік ашып, күн сайынғы маңызды мәселелер туралы жазып отыру. -
Соңғы жаңа мақаланың не блогтың үзіндісін не басты ойын қысқа сөйлемдермен қайта тұжырымдау. -
Өзі таңдаған тақырып бойынша мақаланың нобайын жазу. -
Біреуге ол адам бұған дейін көрмеген және естімеген бір нәрсе туралы түсіндіру. -
3 елдің оқушыларының күнделікті істерін салыстырып, нәтижесін қағазға түсіру. -
_____ қаласы 5 не 10 жылдан кейін қандай болатынын болжау. -
Хоббиі туралы таныстырылым көрсету.
Қолдану
-
Тарихи оқиғаны не әңгіменің желісін елестетіп, кейін бұны сыныппен талқылау. -
_____ қадамдарының барлығын қамти отырып, эскиз не диаграмма жасау. -
Google Maps не Google Earth пайдаланып өте танымал немесе қызықты жерлердің орналасқан жерін тексеру. -
Google Doc сияқты онлайн бағдарламаны пайдаланып, топ құжатын бірлесіп редакциялау. -
Жобаға көмектесу үшін тартылған жергілікті кәсіби шебер маманмен Skype арқылы сұхбат алып, оны видеоға жазып алу. -
YouTube-та сыныптың арнасын жасап, оған оқушылар әзірлеген видеоларды жүктеу. -
Адамдарға қызықты болатын заттар мен жобаға негіз болатын идеялармен бөлісу үшін Pinterest парақшасын жасау. -
Біреумен бірлесіп, бір-бірінің жұмысын тексеріп, редакциялау туралы ұсыныс айту. -
Түсінбеген сыныптастарына үйреніп жатқан мәселені немесе тақырыпты түсіндіру. -
Кітаптағы, ойындағы сүйікті үзіндіні көрсету үшін құммен сурет салу -
_____ алғаш көргенде қандай әсер алғанын әсерлі түрде айтып беру.
Талдау
-
Топтың келесі жобасының бағыттары мен элементтерін көрсететін тұжырымдамалық карта құру. -
Мектепте болатын үлкен шараға мектеп қоғамдастығын тарту үшін тартымды жарнама дайындау. -
Қолдауды қажет ететін жергілікті тұрғындарға арналған мектеп қаржыландыратын шара жоспарлау. -
Топқа бірігіп, жеке адам дайындаған жазбаша жұмыстың шынайы әрі сындарлы бағасын беру. 5. _____ тақырыбына бағытталған бірнеше ресурс көздерінен коллаж жасау.
-
_____ туралы оқушылардың ойларын жинап, талдау үшін онлайн сауалнама өткізу. -
_____ үшін қолданылатын әдісті ыдыратып, әр сатыны егжей-тегжейлі түсіндіру. -
_____ 5 түрін салыстыратын және олардың әрқайсысы-ның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсететін есеп жазу. -
Сыныптасымен бірлесіп дедукциялық ойлауды дамытатын сұрақтарға жауап беруге жаттығу. -
Кесте немесе Google кесте сияқты онлайн құралдарды қолданып, алдағы жобаларға арналған зерттеулерді санаттауға жаттығу -
Зерттеу жобасына арналған құжаттар мен веб-парақшалардың арасында байланыс жасау
Бағамдау
-
Қарсылас таңдап, өз ұстанымын растайтын дәлел келтіре отырып, пікір білдіру. -
Алғаш рет көрген кино не оқыған кітабына сын жазу. -
_____ арналған нанымды дәлел жазу не ауызша хабарлау. -
Сыныпта дебат өткізіп, қарсыластар арасында модератор болу. -
_____ тақырыбындағы 5 ресурс көзін таңдап, оларды негіздеу. Нәтижені жазу. -
Мектеп мақаласына білдірілген пікірлер мен комментарийлерді жинақтау және модерациялау. -
_____ жетілдіру жолдары туралы мектеп әкімшілігіне ұсыным әзірлеу. -
_____ барысында не үйренгені туралы жазбаша немесе ауызша рефлексиялау. -
Топтың басқа мүшелері айтқан ұсыныстарды жіктеу. -
Оқушылардың 3 _____ (неге?) көзқарасы туралы сауалнама жүргізіп, нәтижесін жариялау. -
Бір жылдан кейін _______ қандай болатыны туралы топшылау.
Жасау
-
Сүйікті тақырыбында блог жасап, оны жариялау. Оны апта сайын зерттеп, уақыт бөлу. -
Мектептегі жаңа _____ жоспарын жасау үшін бірнеше до-сымен бірлесу. -
_____ пәні бойынша оқушылардың деректі фильмін түсіру. -
Мектеп сайтының жаңа дизайнын әзірлеу немесе сайт болмаса, оны жасау. -
_____ жаңа әдісін ойлап шығару және оны жасау үдерісінің сызбасын салу. -
_____ түрлендіру және бұл өзгерістің іске асуына септігін тигізген үдерістерді құжаттау. -
Оқушыларға қызықты болатын тақырып туралы под-каст жазу және орналастыру. -
Мектептің апталық газетін жасау және жариялау. -
Топ мүшелерімен бірлесіп, _____ туралы сценарийді сахналау. -
Өзі таңдаған пән бойынша видео-блог эпизодтарын түсіру және оларды YouTube арнасына жүктеу. -
Өзі жақсы меңгерген мектеп пәні бойынша басқа оқушыларға көмектесу үшін онлайн вики парақ құру. -
Мектептің келесі ойынын не басқа көпшілік шарасын түсіретін команда құрамында жұмыс істеу.
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ
МАЗМҰНЫ | Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту. |
Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | «Кім ... ? Не ... ? Қалай ... ? Қашан ...? Қайда ... ? Қанша ... ?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар. |
Үйренушілерге берілетін тапсырмалар | Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау |
Таным мен ойлау деңгейі | Төменгi |